Саяси партиялардың жіктелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институтциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.

Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М. Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі. Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-дің Христиандық - демократиялық одағы, Жапония либералдық - демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, мұндайларға АҚШ - тың республикалық және демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы т. т.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады:

  1. Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама) . Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелеріненпартияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП.
  2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т. б. Оларды тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ - тағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат «Мен демократиялық партияның мүшесімін» демейді, «Мен демократтар үшін дауыс беремін» дейді.
  3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады:
  1. Сайлауға дайындалу
  2. Парламентке бақылау жасау.

Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін - өзі басқару органы) жіктер жасайды. Премьер - министрдің кандидатурасы мен үкімен құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.

  1. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға «Жасылдар» партиясы, балаларды, малдарды, жануарлардықорғау партиялары, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады.

Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық болып бөлінеді. Билеуші партиялардың қолдарына мемлекеттік билік тигендік оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, олар басқа партиялардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ қалған партиялар өз мүдделерін басқа жолмен қорғайды. Олар бұл мақсатта өздерінің конститутциялық құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Белгілі бір қоғамдық пікір тудырып билеуші партияға сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси партияларды оппозициялық деп атайды. Олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қоғамның даму бағдарламасын жасайды, басқа мемлекеттермен қарым - қатынастарға өздерінің көзқарастарын білдіреді. Жалпы оларға қарсыластық қасиет тән келеді.

Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің де мәні зор. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады.

Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық, бірпартиялық болып топтастырылады.

Көппартиялық деп мемлекеттің билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және оданда артық партия қатысады. Бұл - адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б. Чичерин айтқандай, көппартиялықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары - онда саяси мәселелер жан - жақты қаралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Партияны тәртіпке шақырады. Билік басына кездейсоқ емес нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік тудырады. Ұнамсыз жағына жататындар - өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды. Бар ойы қарсы партияны жеңуге арналып, ол жолда алдау - арбау, өсек - өтірік сияқты жат қылықтар мен тәсілдер пайдаланылып жатады. Дегенмен, қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып танылады. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.

Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқада кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен - өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Ол Министрлер Кабинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Себебі, ол үкіметті заң бойынша көрсетілген мерзімі біткенше қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Ол мемлекет басшысын сайлауға жіберілген қаржыны да үнемдейді. Өйткені ол орынға сайлауда жеңіске жеткен партияның серкесі ие болады. Бипартиялық көппартиялықтағы сияқты өзінің жіберген қателіктерін бірге билеген басқа партияларға аудара сала алмайды. Бұған мысал ретінде АҚШ - тағы республикалық және демократиялық, Ұлыбританияда - консерваторлар мен лейбористер, Германияда - христиандық демократтар мен социал - демократтар жатады. Саяси күреске басқа да партиялар араласады. Бірақ, әдетте, олар шешуші рөл атқармайды және жеңіске жетерлік мүмкіндіктеріде жоқ. Дегенмен, мұндай жүйенің өміршеңдігін аты аталған елдердің өмірі дәлелдеп отыр.

Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады . Ондай партия бұрын КСРО - да болды, қазір Қытай, КХДР, Кубада бар.

Демек, партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солардың ішінде ең тәуірі, тиімдісі қайсысы деген сұрақ тууы мүмкін. Бұған бірыңғай кесіп жауап беру, бір үлгіні ұсыну дұрыстыққа жатпайды. Әйтсе де партиялық бірлестіктердің тиімділігіне жалпы өлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар халықтың әлеуметтік мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп, қамтамасыз етуге тырысуы ләзім. Партия арқылы шешімдер қабылдағанда азаматтардың барынша мол қажеттіктерін қамту. Үкімет бағытын сын көзбен түзету және басқарушы топтың жұмысына демократиялық бақылау жасау және т. с. с.

Саяси партиялардың ішінде фракциялар (латынның «бөлшектену», «бөлектену» деген сөзінен) болуы мүмкін. Бұл сөз екі мағынада қолданылады:

  1. Бір партияның парламентте, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда өздерінің саяси нұсқау, мақсаттарын ұйымшылдықпен жүргізу үшін құрған ұйымы;
  2. Бір партияның ішінде өзіндік бағыты, құрылысы, тәртібі бар, бірақ сол партияның қатарынан шықпаған мүшелердің бөлігі. Мұндай жағдай азшылықтың құқы бұрмаланған кезде дүниеге келуі мүмкін. Әдетте, ол өтпелі кезеңдерде пайда болады және ұзаққа созылмайды.

Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция (латынның «бірлестік» деген сөзінен) құруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Оның мынандай түрлері болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялардың жіктелуі және олигархизациялануы
Сайлаушылар партиясы
Саяси партия
Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар жайлы ақпарат
Саяси партиялар туралы мәлімет
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері
Қазіргі кезеңнің саяси институттары
Саяси партия ұғымы туралы
Саяси партиялардың пайда болуы, түсінігі және типтері
Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық партиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz