Жанама салық тауар бағасы арқылы алынатын салықтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тексерген: Хамидуллина Ж.

Орындаған: Есеп және аудит мамандығының

топ студенті Есқалиева Қ.

Атырау-2006

Жоспар:

1. Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні
2. Салықтардың түрлері
3. Қосымша құнға салық

1.Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады.
Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің
кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі
болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың
кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі.
Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау
шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер
етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше
бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды
пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады.
Экономикалық мазмұны жағынан салықтар дегеніміз –мемлекеттік бюджетке
заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті
төлемдері. Табыстардың әр түрлі нысандарының салық көздері мыналар болып
табылады: пайда, процент, жалақы, дивиденд, рента, т.б.
Салық салудың мынадай негізгі принциптері бар:а) азаматтар салықты
мемлекеттен алатын игіліктерге пропорционалды төлеу керек; б) салықтар
табыстың мөлшерінен, салық төлеушілердің тұрмыс халінің дәрежесінен тәуелді
болуы керек.
Салықтар шаруашылық субъектілердің, жеке тұлғалардың, мемлекет пен екі
арадағы мемлекет арқылы жүзеге асырылады.
Салықтың экономикалық мәні мынада:
Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстардың
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстың белгілі бір
мөлшері мемлекет үлесіне жинақтап жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын
көрсетеді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болған және мемлекет
бірге өмір сүріп дамуының негізі болған. Мемлекет құрылымының өзгеруі,
өркендеуі қашанда болса салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен
қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін
белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.Салықтар мемлекеттің тұрақты
қаржы көздері болып табылады.
Салықтың мәнін толық түсіну үшін оның атқаратын қызметтерін қарастырайық:
1. реттеушілік
2. фискалдық
3. қайта бөлу.
1. Реттеушілік қызметі –салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызметі арқылы
салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтың реттеуін
жүзеге асырады.Салықтың реттеуінің ең басты мақсаты өндірістің
дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық
жеңілдіктері, салық салу әдістері, салықты реттеу тетіктері және тағы
да басқалары.
2. Фискалдық немесе бюджеттік қызмет –бұл қызметі арқылы мемлекеттік
бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтың қоғамдық міндеті артады.
Себебі салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып,
әлеуметтік, әскери қорғаныс және тағы басқа шараларын іске асыруын
қамтамасыз етеді.
3. Қайта бөлу қызметі –арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі
мемлекет пайызына өтеді. Бұл қызметтің көлемі ішкі жалпы өнімдегі
салықтың алатын үлесі арқылы анықталады.
Қазақстан Республикасы салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы,
әділдігі, салық жүйесінің бір тұтастылығы және салық заңдарнының
жариялалылығы принциптеріне енеді.
Салық жүйесі дегеніміз –мемлекет тарапынан алынатын барлық салықтар мен
басқа да міндетті төлемнің, олардың құрылымы мен есептеу әдістерінің салық
салу салаларындағы өкілетті органдар жүйесімен олардың өкілеттілігі мен
тиісті нормалардың жиынтығы. Салық жүйесі мемлекеттік қаржы көздерін
жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құруға,
өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске
асуына мүмкіндік туғызады. ҚР-ның 1991 ж.25 желтоқсанында қабылданған ҚР-
ның салық жүйесі туралы заңы тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құраудың
ең алғашқы бастамасы болған. Осы заң бойынша салық төлемдері мен салық
қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері республикалық және жергілікті
басқару органдарының салыққа байланысты қызметтік құқықтары мен міндеттері
айқын бектіледі.
Қабылданған заңға сәйкес 1992 ж.1 қаңтарынан ҚР-да 13 жалпы мемлекеттік
салықтар, 11 міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар, 18
жергілікті салықтар енгізілген. Салық салымының көптігі айналымының
анықталуындағы қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері
салық тсавкаларының бір салалық түрі бойынша бірнеше тұрі болуы мүмкін.
2001 жылы шілде айынан бастап ҚР-да жаңа салық кодексі қабылданды. Бұл
салық жүйесі бойынша салықтардың саны тоғызға дейін қысқартылды және кейбір
салықтың түрлері бойынша ставаклары төмендетілді.
Сонымен бірге салықтар экономиканы жанама түрде реттейтін маңызды
құралдардың бірі болып табылады. Осы мақсатта салықтар көбінесе дағдарыстық
құбылыстарды тезірек жоюға, нарық конъюктурасын әсер етуге, экономиканы
тұрақтандыруға пайдаланылады.

2. Нарықтың экономикалық қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі
бағыты мен мақсаты салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне
мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. Салық жүйесі бірнеше
компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүесінің тиімді қызмет
атқарылуына салық механизмінің тигізетін ықпалы зор.
Қандай да болмасын механизм тетіктер мен элементтерден тұрады. Сондай-ақ
салық механизмінде өзіндік элементтер бар. Олар: салық субъектісі, салық
объектісі, салық базасы, салық кезеңі, салық жеңілдіктері, салық төлемдері
және тағы басқалары.
Жалпы салық түрлерін былайша жіктеуге болады:
1. салық салу объектісі бойынша салықтар тікелей және жанама болып екіге
бөлінеді. Тікелей салық заңды және жеке тұлғалардың табыстары мен
мүліктеріне тікелей нақты белгіленетін табыстар.Жанама салық тауар
бағасы арқылы алынатын салықтар. Ол негізінен көпшілік тұтынушылардан
алынады. Тікелей және жанама салықтардың бұрыңғы КСРО-ның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фискалдық монополиялық жанама салықтар
Қазақстанның Республикалық бюджетіндегі жанама салықтар қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес Республикалық бюджетіндегі жанама салықтардың қалыптасуы мен басқаруының өзекті мәселелер
БАҒА ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ НАРЫКТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЛЫҚ САЛУ КУРСОВАЯ
Жанама салықтардың топталуы
Жанама салықтарды салудың шетелдік тәжірибесі
Импроттық айналым салығы салынатын тауарлар
Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі
КЕДЕН ІСІНДЕГІ САЛЫҚ ПЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың қалыптасуы мен дамуының алғы шарттары
Пәндер