Халықтың ұрпақты болу денсаулығына әсер ететін аурулардың деңгейін төмендету



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе

а) Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың маңызы

II.Негізгі бөлім

а) Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын бекемдеу
ә) Осы мәселе төңірегіндегі мемлекет тарапынан ескерілген және тыс қалып
қойған жақтары
б) Стратегиялық міндеттер және іс-қимылдар
в) Әйелдердің денсаулық индексін жоғарлату мақсатында атқарылуы керек
ұсыныстар тізімі

III.Қорытынды

а) Сау ұрпақ – мемлекет болашағы

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен
айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді
тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей
бағытталған.
Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық
елдеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым
нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің
қысқаруына сәйкес адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы
мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты - денсаулығының
мықтылығында. Дені сау адам көңілді жүреді. Дүние жүзілік медицина
ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы
деп түсіндіреді. Медицицна ғылымдарының пайда болуына,оның дамуы мен
қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз, медицина ғылымы адамдардың
денсаулығын сақтауға аурулардың алдын алуға, ауруларды емдеу әдістерін
тауып оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина
ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады.
Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе оның
денсаулығы. Денсаулықты сақтап, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп,оған
пассивті түрде емес активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын
үйрену әрбір адамның басты міндеті. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың
алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық
және медициналық, биологиялық, физиологиялық мәселе. Халықтың дене және
рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа
тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек
көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса
маңызды міндеттерінің бірі. Өткен 2002 жылы-денсаулық жылы деп атаудың өзі
осыны аңғартады. Қазіргі кезде мемлекетіміздің конистутциясына сәйкес
денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп,
Қазақстан республикасының Адам және азамат бөлімінің 29 бабында адам
денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген. Ел басымыздың жолдауындағы
бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын
жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы техналогиялық жүйесін дамытуда
біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқаруды қаржыландыру,үйлестіру
мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің
нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады. Елімізде денсаулық
сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда,
аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіліп отырады. Кейінгі кезде
халықтың денсаулығы өте нашарлап кеткен. Оның ең басты себептерінің бірі
экологиялық басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте қиын жағдай. Қазақстан
Республикасында емдеу профилактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық
жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы
түрде қаржы бөлініп отырады. Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам
алдындағы ашық есептілігі жүйесінде, әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит
жүйесінде енгізген жөн. Орташа өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру, ана
мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету АҚТЖ\ЖКТБ дертіне шалдығудың етек
алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керектігі басты назарда
екендігі айтылады.
Соңғы уақытта әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің
құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл
халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және
өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы
қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы
заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас
кеңінен етек алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының
дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз
денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта
ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі
факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың
кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта
нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және
тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу,
алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.
Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты
болуы үшін мәнді өз күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға
болмайды.”

Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын бекемдеу

МАҚСАТЫ
Халықтың қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын
арттыру үшін ерлердің, әйелдер мен жасөспірімдердің ұрпақ әкелетін
денсаулығын сақтау және нығайту.

ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың
жақсаруының нәтижесінде бірқатар медициналық-демографиялық оң өзгерістер
болды.Бала туудың өсу үрдісі байқалды. 2004 жылы бала туу көрсеткіші 1000
адамға шаққанда 18,1-ді құрады және 2000 жылмен салыстырғанда 1,2 есе
көбейді. Халық санының табиғи түрде өсуі 1,7 есе артты, көрсеткіш 2004
жылы 1000 адамға шаққанда 8,05-ті құрады.Сонымен бірге халық арасындағы
өлім-жітімнің көбеюі байқалады. 2004 жылы көрсеткіш 1000 адамға шаққанда
10,2 оқиғаны құрады (1999 жылы 10,1), соның ішінде әйелдер – 8,5, еркектер
– 11,9. Қайтыс болу себептерінің құрылымында 84%-ы қан айналысы жүйесінің
ауруларына, жазатайым жағдайларға, жарақаттар мен улану жағдайларына, ісік
аурулары мен тыныс жолдарының ауруларына келеді.Нәрестелердің шетінеуі
көрсеткішінің төмендегені байқалады, бірақ Еуропаның елдерімен
салыстырғанда жоғары болып қалуда және 2004 жылдың бас кезіне тірі туған
1000 нәрестеге шаққанда 14,5 оқиғаны құрайды. Аналар арасындағы қайтыс болу
көрсеткішінің 2000 жылғы 60,9-дан 2004 жылғы 100 мың тірі туған нәрестеге
шаққанда 36,9 оқиғаға дейін төмендегені байқалады. Алайда бұл Еуропалық
қоғамдастықтағы орташа деңгейге қарағанда 4 есе жоғары және Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының айқындамасы бойынша шекті деңгейден 3 есе жоғары.
Туберкулез, АҚТҚЖҚТБ, нашақорлық, маскүнемдік сияқты бірқатар
әлеуметтік мәні бар және қатерлі аурулардың көрсеткіштері жоғары болып
қалып отыр.Өршімелі туберкулезбен ауыру әйелдердің арасында 2004 жылы 100
мың адамға шаққанда 130,3, ерлердің арасында 178,8 оқиғаны құрады.
Жыныстық жолмен берілетін аурулар күрделі проблема болып табылады.
Мерезбен ауыру 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 79,3 оқиғаны құрады, соның
ішінде әйелдердің арасында – 78,1, ерлердің арасында – 79,8, гонококк
жұқпасымен ауыру 100 мың адамға шаққанда 76,2 оқиғаны құрады. Наркологиялық
дімкәстікпен бастапқы сырқаттанушылық көбейді. 2000 жылғы 294,9 оқиғамен
салыстырғанда ол 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 404,1 оқиғаны
құрады.Есірткіге тәуелділікпен есепте 50 мыңнан астам адам тұрады.
Есірткіге бой ұрған әйелдер санының арту үрдісі байқалады. Мысалы, егер
2000 жылы есепте 3,8 мың әйел тұрған болса, ал 2004 жылы – 5 мыңнан астам
әйел тұрды.Республикада АҚТҚ жұқпасы бар 4696 адам, соның ішінде – 874 әйел
тіркелген. Олардың арасында 229 жүкті әйел болды, оның 89-ы босанды, 91
нәресте туылды.
Қан аздығымен ауыру өзекті проблема болып отыр. 2004 жылы диспансерлік
есепте тұратын, қан аздығымен ауыратын науқастардың саны 296,8 мың адамды
құрады, олардың ішінде жартысынан астамы (52,4 %) – 14 жасқа дейінгі
балалар.Қан аздығымен және Орталық Азияда кең таралған йод жетіспеу
дерттерімен ауырудың алдын алу және санын азайту үшін қазіргі уақытта елде
ас тұзын йодтандыру және ұнды темір препараттарымен және витаминдермен
байыту жүргізілуде.
Қатерлі ісіктермен сырқаттанудың да өсу үрдісі бар. 2004 жылы 2000
жылмен салыстырғанда оның көрсеткіші ерлер арасында – 4,2 %-ға, әйелдер
арасында – 9,2 %-ға көбейді. 2004 жылдың соңына қарай есепте тұратын
науқастардың саны барлығы 114628 адамды құрады.
Осы аурулардың барлығы еркектер мен әйелдердің ұрпақ әкелу
денсаулығына әсерін тигізеді. Ұрпақты болу, денсаулығын сақтау, отбасын
жоспарлау, контрацептивтер қолдану және т.б. бойынша іске асырылып жатқан
іс-шаралар жағдайдың жақсаруына әзірге елеулі әсер етіп жатқан жоқ. Соңғы
үш жылдың ішінде халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған бірқатар заңдар
қабылданды. Олардың ішінде Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды
жүзеге асыру кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Заңы бар.
Қазіргі кезде ерлердің денсаулығы едәуір өзекті әлеуметтік проблема
болып табылады. Олар үшін еңбекке қабілетті жаста (16-62 жас) қайтыс болу
тән – 100 мың адамға шаққанда 957,23 жағдай, әйелдерде (16-57 жас) бұл
көрсеткіш 3 есе төмен – 313,37. Мұның себебі жүйкеге күш түсу, жүйке тозуы,
ширыққан жұмыс ырғағы, жүрек-қан тамыры аурулары, атеросклероз, өкпе рагы,
ішімдік пен есірткіні пайдалану, жарақаттанудың жоғары деңгейі және
басқалар болып табылады.Ерлердің ұрпақ әкелу денсаулығына жыныстық жолмен
берілетін аурулар, қуық безі мен ұрық арқауының аурулары, белсіздік және
басқалары әсер етеді.
Әйелдердің денсаулығы аса үлкен алаңдаушылық тудырады. Олардың
денсаулығының индексі 20-30 %-ды, жекелеген аймақтарда – 10 %-ды және
одан да төмен көрсеткішті құрайды. Әйелдерде көбінесе гипертония, невроздар
байқалады, олар жыныстық жолмен берілетін аурулардан, бедеуліктен, сүт безі
рагынан, остеопороздан және басқа аурулардан көбірек зардап шегеді.
Әйелдердің 60 %-дан астамы анемиядан зардап шегеді. Аборт аналардың
өлімінің басты себептерінің бірі болып қалып отыр. Аборттан туындаған
асқынулар 2004 жыл ішінде 1826 оқиғаны, аборттан қайтыс болу – 1,2
промиллені құрады. Аборттардың саны 2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда
бала туатын жастағы 1000 әйелге шаққандағы 30,9-дан 30,3-ке дейін шамалы
ғана төмендеді. Аборттардың ең көп саны 19-34 жас тобында (75 %),
жасөспірімдерде (15-18 жас) – 4,9 % тіркелген.
Бала туатын жастағы әйелдердің 38,3 %-ы контрацепцияның қандай да бір
түрлерін қолданады. Контрацепцияның негізгі әдісі жатыр ішіне салынатын
спираль болып қалып отыр – 62,5 %.Некеде тұрғандардың шамамен 16 %-ы
баласыз, бұл үшін ерлер де, әйелдер де тең дәрежеде жауапты. Қазіргі кезде
бедеулікті емдеудің жаңа бағыты ─ ұрпақ әкелетін көмекші технологиялар
жасалған, оларды ел халқының өсіп-өнуін жақсарту үшін дамыту қажет.
Сүт безінің қатерлі ісігімен әйелдердің сырқаттануы 2000 жылғы 100 мың
әйелге шаққандағы 33,9-дан 2004 жылы 38,9-ға дейін көбейді. Олардың үлесіне
әйелдердің ұрпақ әкелу жүйесінің онкологиялық ауруларының жартысынан астамы
келеді.
Жасөспірімдердің денсаулық жағдайына жасалған талдау жасөспірім
қыздардың денсаулық индексінің деңгейі төмен екенін куәландырады, олардың
әрбір екіншісінің дерлік (46,9 %) қандай да бір аурулары бар.
Гинекологиялық патология тексерілген 100 мың қыз балаға шаққанда 1466 қызда
байқалды. Олардың жартысынан астамының ұрпақ әкелу жүйесінде
дисфункционалдық ахуал бар. Жасөспірімдер арасындағы жасынды түсіктің үлес
салмағы 2004 жылғы деректер бойынша 5 %-ды, жасөспірімдердің жүктілігінің
көрсеткіші 1000 қыз балаға шаққанда 22,9-ды құрады. Басты себептері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың денсаулығын сақтау әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты ретінде
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Медициналық - географияның зерттеу әдістері
Медициналық көмектің сапасы
Денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
Экологиялық қауіпті аудандардағы халықтың денсаулық жағдайы
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мейірбикенің ролі
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайды жөндеу мен негативті үрдістерді жоюының мүмкіндік жолдары
Пәндер