Сақтандыру түрлері, оның экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Қаржы кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі
Орындаған: Кусаинова Т.К.
Тобы: Финансы 01-03гр
Ғылыми
жетекші: Адильбаева А.К.
Алматы 2006 жыл
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Сақтандыру туралы жалпы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
2. Сақтандыру түрлері, оның экономикалық мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Қазіргі таңдағы сақтандырудың жаңаша жолдары
... ... ... ... ... ... ... ..13
Қорытынды

... ... ... ... ... ..22
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Кіріспе.
Менің рефератымның тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым, қазіргі кездегі ҚР- ның сақтандырудың
жағдайы мен қызметтері туралы мәліметтерді кеңінен білу. Рефератым үш
бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мен мынадай мәселелерді қарастырдым:
Сақтандырудың экономикалық мәні, оның түрлерін және сақтанушылардың
қандай мүдделері бар екендігіне тоқталдым.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын
сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы
немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи
тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты
қатынастар кешені. Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не
өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Біздің
қоғамымыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің
қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге
ұшырады. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс
процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, материалдық
игіліктерді жасауға ықпал жасай бастады. Соңғы жылдар ішінде
сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құруларға төтеп берді. Осыған
орай отандық сақтандыру нарығын демонополизациялаудың нақты фактісі
болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен
альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір
сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті
жүздеген әртүрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы
сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі
өзгеше жаңа түрлері пайда болып, бұл жерде сақтандыру
жағдайындағы орын алған олқылықтар мен кемшіліктер ескерілген.
Сақтандырушылардың қызметтері мен ұйымдарының тәртібіне қатысты
сауатты жасалған заң шығару актілерінсіз, нарық жоқ. Өйткені заң
сақтандыруды қалыптастырудың, дамытудың негізі болып табылады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына орай, өзге салалармен қатар
сақтандыру да қазіргі Қазақстанның экономикадағы ролі арта түсуде.
Қазіргі кезде сақтандырудың ондаған түрлері бар. Олар: міндетті
әлеуметтік сақтандыру, өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыру,
көлік және мүлік құралдарын сақтандыру, жүктерді сақтандыру және
т.б. Соңғы кезде, еліміздегі сақтандыру ұйымдары шетел
тәжірибелерімен алмасуда.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу
жылдарында сақтандырудың құқықтық негізін қалаған бірнеше заң
актілері қабылданды. Қазақстан Республикасындағы Сақтандыру туралы
бірінші заң 1992 жылы қабылданды.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет
ретінде қалыптасуы мен дамуы қаржы аясында реформалардың едәуір
өріс алуын талап етеді. Бұл үрдісте оның құрамдас бөлігі іспетті
сақтандыру жүйесі маңызды орын алады. Сақтандыру ұйымдарын кеңейтуге
мемлекет те мүдделі. Сонымен, сақтандыру нақты адамдар мен заңды
ұйымдар мүдделерін сақтандыратын жағдайлар салдарынан сақтандыру
қорғанысын қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің түрі.
1 Сақтандыру туралы жалпы түсінік
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша
сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы
адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік экономикалық қызметтің
барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл
өндіріс пен адам өмірінің қауіп – қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс
процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір
тіршілігі мен әл – ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу
үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және
аумақтық аспектілерінде (натуралдық – заттай қосалқы қорларын да
немесе резервтерін де, сондай – ақ ақша ресурстарында кіріктіретін
қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв пен сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты - қоғамдық ұдайы өндірістің
үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс
процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып
келеді:
1 қатынастардың ықтималдық сипаты;
2 қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда
- мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі,
жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ
өзгеше белгілері бар:
- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты,
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы,
- оның іс – қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отыруы,
- сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы.
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы
барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары
меншігінің субьектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет
қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда
сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі
айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге
асыратын арнаулы қаржы кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың
төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек
көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар
мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың
мүліктік мүдделерін қорғау және пайдалану жөніндегі қайта
бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категориялардың
қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік,
жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешілігі қайта бөлу
ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу
шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін
жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы
сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және
сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге
байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың
экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды
ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен
- қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы
жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды
пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша
қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар
байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше оқиғаларды
ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты
жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық
резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорынның ,
ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша
қаражаттар жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен
инфрақұрылымның обьектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе – теңдікті
қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген
зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар
арналымындағы қорларды - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік
қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың
әлеуметтік жағдайын қорғаудың бағыттылығы болады. Бұл
қатынастардың іс - әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың
қажеттігімен байланысты.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана
отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың
баламалығына жете отырып, адамдардың
денсаулығы мен әл –
ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші
субьектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып
табылады. Бұл - жалпы, сақтандыру мен өмірді сақтандыру және
шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес
бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру теориясында жекелей бағалау әдісі,
орташа шама әдісі, проценттер әдісі бар.
Орташа шама әдісі шағын топқа бөлшектенеді, сөйтіп
қатердің
белгілері бойынша мөлшерді анықтау үшін қолданылады, мысалы,
сақтандыру обьектісінің баланстық құнын, өндірістік қуатын,
технологиялық циклдың түрін және т.б.
Проценттер әдісі шикізаттар мен тағы басқалардың
материалдарының жаңа түрлерін, өнеркәсіптегі жаңа өндірісжағдайымен
сол секілді оның технологиясының өзгерістерінде, жаңа көлік жүйесін
игеруде, құрлықтағы, судағы, әуәдегі жол қатынастарының жоғары өткізіп
жіберу әрі тасымалдық мүмкіндігі бар жерлерде қолданылады.
Нарықтық экономикада сақтандыру қатердің мөлшерімен тығыз
байланысты. Қатерді туралау, тарату мен бөлу техникалық тәсілден құрылады,
яғни бұдан іс жүзінде барлық сақтандыру кешенін өткізу ұйымдастырылады.
Қатердің пайда болуы адамдардың еркі мен оқиғаның кездейсоқтығына тәуелді
емес. Бұл күтпеген апат пен бақытсыздық оқиғасына қатысты болады. Адамзат
қатерге тиімді бақылау қойып және де оның қажет емес әсер ықпалын ең аз
мөлшерге дейін жеткізгенде ғана сол тиісті ғылыми білімге, сол дәрежеге
қол жеткізеді. Қатерді бағалау үшін нақты хабар (мәлімет) қолда болуы
қажет.
Теория мен практика жүзінде экологиялық, көліктік, саяси және арнайы
қатерлер деп бөлінеді.
Экологиялық қатер табиғи ортаның ластануымен байланысты, яғни нақты
бір сақтандыру мүддесіне әкеп соғады. Көлік қатерлері автомобиль
көліктерін, өзен, теңіз бен әуе кемелерін сақтандыруға келтіреді, сол
секілді өзен, теңіз, әуә, автомобиль, әрі теміржол көліктерімен тасылатын
жүктерді сақтандырылуына әкеледі.
Саяси (жазалау) қатерлер егемен мемлекет пен оның азаматттарына
қатысты шет ел мемлекеттері тарапынан жасалатын құқыққа қарсы әрекеттеріне,
шараларымен акцияларына байланысты. Бұл қатерлер сақтандырушының зор
жауапкершілігінің ішіне кіреді.
Арнайы қатерлер деп – бұл ерекше құнды жүктерді тасымалдауды
сақтандыру, мысалы, алтын, күміс және басқа қымбат заттар, металдар және
олардан істелген бұйымдар, өнер шығармалары, қолда бар
ақшалар т.б. Осы қатердің мазмұны сақтандыру шартындағы ерекше
жағдайда атап көрсетіледі және де сақтандырушы жауапкершілігінің
көлеміне енгізіледі.Сақтандырушы құрылған сақтандыру қорынан
сақтандыру оқиғасы пайда болған кездегі зардапқа өтем беруге сақтандыру
шарты әрекет етіп тұрған бүкіл кезең бойына қаржы беруге дайын болуға тиіс.
Міне, осылайша теориялық тұрғыдан сақтандырушы сақтандыру ісін жүзеге
асырумен байланысты тек бір ғана өзгеше қатердің қауіп – қатеріне ұшырайды.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қоладнылады, олар: бюджеттік жіне сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын,
яғни бүкіл қоғамдың қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады, жарналардың мөлшері және
оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс,
үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс
пайдаланылады.
Сақтандырудың экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері,
сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету мен сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшылықты
төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкін емес жайттардан сақтануға арналған қоғамның резерв қорлары
жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің
ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан
қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден
бір бөлігі. Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі
коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен
өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі
өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуде түрленеді және мұндай қызметтер
көрсетудің еркін нарығында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы
сақтық
тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге
сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет
көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді,
ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық
қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу
үшін пайдаланылады. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары
қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі тиіс. Өз кегезінде,
бұл табыстардың бір бөлігін тапсытыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін
көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған
ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі
жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардың қашқысы келетін
тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік
қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші
субьектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі
сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді.
Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу,
айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке
мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының
ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты
мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі
мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың
негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі обьективті түрде шектеулі болып
табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану
елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының
негізгі салаларының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық
орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс
технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі
орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз
жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүмкін
сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық
сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына
тікелей қатысты. Сақтандыру табыс түсіру
мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды
инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі болып
табылады.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара
сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Сақтандыру шарты
бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал
екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға
не оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта
белгеленген соманың шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
ҚР- ның Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары
болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
сақтандыру обьектісі бойынша – жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы
емес.
Біздің қоғамыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің
қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп
берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс
процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық
игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бүгінде біздің мемлекетіміз
экономикалық әрі саяси күрделі жағдайда тұр. Сақтандыру ұйымдары аталмыш
қиындықтарды бастан кешіп әрі құбылмалы жағдайға икемделіп, өздері де
өзгерістерге түсуде. Cоңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі
қайта құрылушыларға төтеп берді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығын
демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай
жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары құрыла бастады. Қазіргі
сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен мүмкіншілік бар. Сақтандырудың
бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болды, бұл жерде
сақтандыру жағдайындағы орын алған олқылықтар мен кемшіліктер ескерілген.
Нарықтық қатынастың қалыптасуына орай, өзге салалармен қатар, сақтандырудың
да қазіргі ҚР – ның экономикасындағы ролі арта түсуде. Осы мақсатқа орай
экономикалық инфрақұрылым мен сақтандыру ісінің өзінде инфрақұрылым құру
үшін сақтандыру механизмі енгізілген. Сақтандыру тіпті де оп – оңай іс
емес, керісінше бұл күрделі әрі сан қырлы экономикалық механизм. Біздің
қоғамымыздың экономикалық өмірінде, оның ішінде сақтандыру ісінде нарықтық
қатынасты құру, жетілдіру мен дамыту міндеттері алға қойылуда. Нарықтық
экономика сақтандырудың негізі болып табылады. Осы себепті де нарық пен
сақтандыру қатері өзара байланысты.

Республика нарықтық өзгерістердің кеңейіп, тереңдеуі
сақтандырудың рісін кеңейтіп, ықпалын да арттыруда. Әдетте, мемлекет
халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде, техногендік, экономикалық және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, сақтандыру системасын ұтымды
пайдаланады. Тұрақты әрі сапалы түрде сақтық беру жүйесінің болуы әрбір
дамыған экономиканың айқын белгісі, бұған дәләе іздесек, дүние жұзінің
көптеген елінде кездестіруге болады.
Сақтандыру жүйесінің жағдайы тұрғындар мен шаруашылық
субьектілердің сақтық мәдениетке және олардың сақтануға деген нық сенім
дәрежесіне тәуелді болады. Қазақстанның Сақтандыру жүйесін орнықтыруда
белгілі бір табыстарға қол жеткізілді десек те, қоғамға сақтандырудың рөлі
және оның нарықтық экономикадағы орны мен даму өзгерістері туралы
хабарламаларды әрдайым жеткізіп тұру қажет.
Сақтандыру белгілі бір қауіптен туатын қаржылық
проблемаларды жоюға арналғанын түсіну, жан – дүниеге кәдімгідей тыныштық
береді. Бұл өз автокөлігін, үйін, т.б.с.с. мүліктерін сақтандырған иелер
үшін қалай маңызды болса, дәл солай өнеркәсіп, сауда үшін де қажеттілігі
өте актуалды мәселе. Шынында да, көптеген түрлі қауіптер туындайтын
жағдайда, адам өзінің ақшасын кәсіпкерлікке неліктен жұмсауға тиіс? Ал егер
адамдар түрлі кәсіпкерлікке қаржы жұмсамаса, бұл жұмыс орындарының
қысқаруына, тұтыну тауарлары өндірістің азаюына, импорт көлемінің көбеюіне,
халықтың жалпы тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мінеки. Осы
әсерде, сақтандыру кәсіпкердің кәсіпкерлік іс - әрекеттеріндегі
қауіптерінің қомақты бір бөлігін сақтандырушыға жүктейді. Мұны түсінуге
сондай – ақ сақтандырудың көптеген міндетті түрлерін енгізуге итермелейді.
Мысалы, бұл транспорт иелерінің А:Қ:Ж: , нотариустармен аудиторларды
сақтандыру, ал 2005 ж. 1 шілдесінен бастап жұмыс беруші жұмысшыны еңбек
міндеттеттемелерін атқарудағы өміріне зияндылық туғызатын жағдайдан
азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру енгізілді.
Сақтандырудың тағы бір жағымды жағы, ол кәсіпкерлердің
белсенділігі мен іскерлігін ынталандырып, едәуір өсуіне ықпал жасайды. Бұл
өз тарапынан өндірісті дамытуға капитал жұмсау арқылы асырылады, ал басқа
жағдайда болса бұл қаржының келешектегі болжамды бір шығынды жабу үшін
өтімді резерв ретінде сақтауға тура келеді. Сонымен қатар, орташа және ірі
фирмалар төтенше жағдайға арналған қаржы резервтерін жасауы мүмкін, әрине
ол қаржыны дер кезінде тез алу мүмкіндігі, әрі оны сақтау барысында
есептелетін пайыздық ставканың төмендеуі қажет. Сақтандыру компаниялары
мінеки осы жеңілдіктерді қамтамасыз ете алады.
Сақтандыру компанияларында шоғырланған сақтық қорының
арқасында, әрбір кәсіпкер, өз қожалығында жеке резервтік қор жасауынан
гөрі, одан әлдеқайда келі қаржы жинап, өз кәсібін қажетті деңгейде
сақтықпен қорғай алады. Әрине бұл жерде, сақтық алуға жұмсалатын жарнаны,
кәсіпкерлікке болатын белгілі бір шығын деп есептеу керек. Сонымен қатар,
кәсіпкер өзінің іскерлігін төмендетпей, сақтандыру компаниясымен жасалған
серіктестік келісім арқасында, төніп қалады –ау деген қауіп – қатерге
алаңдамай жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді. Қысқаша айтқанда, кәсіпкер
өндіріс басқару, жүргізу барысында жан дүниесі бір қалыпта тыныштықта жұмыс
істейді.
Сақтық қажеттілігі, шығын ала жүретін қаржы келеңсіздігімен
байланысты. Осы орайда сақтандыру компанияларының кәсіпорынның шығынын
болжып, бақылауға деген қызығушылығы әбденорынды. Бұны жоққа шығарудың
қажеті де жоқ, өйткені мекеменің шығынын болжап, бақылаудан бас тартса,
онда ол сақтандыру компаниясы өзінің сақтық беру кәсібін де тоқтатуна
мәжбүр болады.
Сақтандыру компаниялары өзінің қарамағындағы орасан зор ақша
сомаларын шоғырландырған. Бұл қаржының жиналуы, сақтық жарнаманың төлену
күні мен сақтық талап бойынша төлем жасайтын құн арасындағы мерзім кезінде
орын алады. Мысалы, сақтық жарнамасы қаңтар айында түсірілсе, ол сақтық
талап сол жылдың желтоқсан айына дейін де, тіпті одан кейін де түспеуі
мүмкін. Сақтандырушы ол ақшаны, заңды пайдаланушы ретінде, кез – келген
сақтық төлемдеріне жұмсай алады. Сақтандыру компаниясы ұзақ мерзім бойы
жиналған барлық ақшалардың жарнама төлемақыларын қожалық етеді. Аталған мол
ақша мыңдаған жеке заңды тұлғалар салған сақтық жарнама төлемдерінен
жиналатынын атап өткен жөн.
Сақтандыру жүйесі экономиканың бір саласы болып орын алуы,
амалсыз жиналған қорлардың пайда болуына себепкер болады. Мысалы, өз үйін
сақтандырып отырған кісіде акция, меншікке мүлік сатып алуға, не несиеге
беруге артық ақшасы болмауы мүмкін ғой. Сондай кезде оның сақтық жарнама
ретінде берген ақшасы басқа мыңдаған адамдардың сондай төлемдеріне қосылып
мол қаржының басын құрайды, ол қаржыны сақтандыру компаниясы тиімді
инвестициялық салымдарға аударуына байланысты.
Әрбір сақтандыру компаниясында, оның ішінде әрина АСКО-ның
орны бөлек, сізге сақтықтың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіндіретін
жоғары деңгейлі мамандар баршылық, олар кеңес пен көмегін аямай кез келген
сақтыққа байланысты проблеманы шешіп беруге дайын.
АСКО сақтандыру компаниясы КСОР –дағы ең бірінші мемлекеттік
емес сақтандыру компаниясы. 1988ж. 7 қырқұйекте құрылды, құрамындағы
жүздеген бөлімшелері мен филиалдары бар Кеңес Одағының барлық
республикаларында орналасұан. 1991 ж. Компания Қазақстандағы филиалы өзінің
дербес заңды дәрежесіне ие болды. Қазақстан АСКО компаниясы тұрақты
дербес сақтандыру компаниясы ретінде жұмыс атқарып, халыққа сақтық қызметін
жан –жақты көрсетіп
келуде.
АСКО компаниясы Дос № 9 – 51 және ОС № 9 -51 лицензияларын
төмендегі сақтандыру түрлеріне алған:
1. Автокөлік сақтандыру.
2. Мүлікті сақтандыру.
3. Жүкті сақтандыру.
4. Жазатайым сәтсіз оқиға және аурудан сақтандыру.
5. Автокөлік иегерлерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру.
6. Мүлікке зиян келтірудегі АҚЖ сақтандыру.
7. Денсаулыққа зиян келтірудегі АҚЖ сақтандыру.
8. Қоршаған ортаға зиян келтірудегі АҚЖ сақтандыру.
9. Жұмыс орнында өз міндетін орындау кезінде жарақатталған жұмыскердің
алдында жұмыс берушінің АҚЖ сақтандыру.
Егер кісінің меншігіндегі мүлкіне зақым келген жағдайда не
өмірі мен денсаулығына тиетін зиянды алдын алу мақсатында, олар сол зиянға
байланысты шығынды орнын толтыру үшін, мемлекетке сенбей, өздері алдын –
ала әрекет жасауы керек.
Мемлекеттік бюджетке мұндай шығындарды жоспарланбаған, онда
тек оқу –ағарту, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, денсаулық сақтау т.б.
топтар құрылған. Бүгінде сақтандырудың бірнеше түрі қалыптасқан.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру – азаматтарды еңбек ету
қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, асыраушысынан айрылуына
байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекетұйымдастыратын,
бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды
әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі.
ҚР- ң 2003 ж. 25 сәуіріндегі №405 -2 Міндетті әлеуметтік сақтандыру
туралы заңына сәйкес 2005ж. 1 қаңтарынан бастап Республикада Міндетті
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілді. Аталған Заң ҚР –ның
халықты әлеуметтік қорғау Концепцияда жүйені реформалаудың ең басты
ерекшеліктерінің бірі - әлеуметтік тәуекелділікке ұшыраған жағдайда
әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу болып табылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу әлеуметтік қорғаудың
екінші деңгейі болып табылады және ол әлеуметтік тәуеклділік жағдайына тап
болған, нақтырақ айтқанда, жұмыс істеу қабілетінен айрылған, асыраушысынан
және жұмысынан айрылған жасанда сектор жұмыскерлерінқосымша әлеуметтік
қорғау жүйесін құруға бағытталған. Сонымен қатар, әлеуметтік кепілдіктер
мен еңбек заңымын алған жұмыскерлерді қорғау, өндірістік жарақаттар мен
кәсіптік аурудың әлеуметтік - экономикалық зардаптарының ауыртпалығын
азайту үшін негіз қалыптастыру мақсатында болашақта жұмыскерлердің еңбектік
міндетін орындау барысында өмірі мен денсаулығына келтірілген зардаптары
үшін жұмыс берушінің жауапкершілікке шақыратын міндетті сақтандырудың
үшінші деңгейін енгізу қарастырылған.
Заңға сәйкес әлеуметтік төқлемдер тағайындау құқығын өмір
сүруде тәуекел етушілер, яғни еңбек қабілетін жоғалтқандар, асыраушысынан
және жұмысынан айырылғандарқатарына жатқызған уақытта әлеуметтік аударым
жүргізілген жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесін басқаруға бірқатар мемлекеттік
органдар қатысады. Атап айтқанда, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын
жарнамаларды бақылау міндеті ҚР Қаржы Министрлігіне, оның ішінде жергілікті
жерлердегі салық органдарына жүктеледі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорының активтерін сақтау және есептеуді, инвестиция мәселесін ҚР –ң Ұлттық
Банкі жүзеге асырады, міндетті әлеуметтік аударымдарды аккумулиралаумен
Мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорының өзі айналысады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz