Роман жанры туралы түсінік


Жоспар
- Роман жанры туралы түсінік.
- Роман жанрын жіктеудегі принциптер.
- Романның туған кезеңі туралы пікірлер, зерттеулер.
Роман - күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым - қатынастар молынан қамтылған, композициясы күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да, кірігіп отырады, әңгнімемен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаҺармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Роман жанрының басталуы ежелден бері, сондай - ақ орта ғасырлардан, өрбіген деп саналады. Оған дәлел антикалық дәуірдегі Акулейдің «Дафнис және Хлая», Петронидің «Сатирикон» және рыцарлық роман ретінде Эшенбахтық «Тристан мен Изольда» шығармаларында романның кейбір белгілері болғаны айтылады. Осындай туындылар кейінгі кезеңдегі роман жанрының табиғатына жақындайды.
Бірақ ежелгі дәуірдегі аталмыш шығармалардан романға лайық мазмұндық және формалық шарттарды толық табу қиын. Романның нақты көрінуі Қайта өрлеу дәуірінің соңғы кезеңінде байқалады.
Ол кезде роман жекелеген кейіпкерлер өмірін арқау еткен эпос секілді еді. Эпоста көсемдер, әскербасылар, ел басқарушылар туралы немесе басқа да тарихи және аңызға айналған қаһармандар туралы баяндалатын. Ал романда қарапайым адамдардың тағдыры, іс-әрекеті айтылады. Эпоста кейбір тарихи оқиғалар өзек болса, романда автор кейде ойдан шығарылған оқиғаларға арнап қалам тартқан. Сондай-ақ эпос кең халықтық өмірді қамтыса, роман өз кезеңінің, өз уақытының нақты тарихи оқиғаларын сөз еткен. Эпоста көбіне батырлық характерлер берілсе, романда кәдімгі болған жайлар айтылып отырады.
Сөйтіп бұрынғы эпостар көлемді жанрлар немесе шағын комедиялық жанрлар болып келсе, енді орталық жанр - роман әдебиетте өз жаңалығымен пайда болды. Романның көркем табиғаты туралы Гегель және басқалар пікір айтқан.
Роман кейіпкері негізінен қоғам өмірімен байланыста алынады. Сөйтіп, ол кейіпкерлер арқылы жалпы қоғамдық-әлеуметтік өмірдің қыр-сырын, сипатын байқау қиын емес. Мәселен, Сервантестің Бальзактың, Флобердің, Стендальдің, Диккенстің, Толстойдың, Тургеневтің т. б. романдарында кейіпкерлер арқылы заманның, қоғам өмірінің терең қатпарлары ашып көрсетілді. Сондықтан да роман жаңа кезеңінің эпосы секілді. XVII ғасырдың соңына қарай психологиялық проза дамыды. Ал одан бұрын XVI ғасырда мемуарлық әдебиеттің пайда болуы романның қалыптасуына едәуір әсер етті. Оларда жолсапар жағдайлары және басқа да өмірбаяндық оқиғаларға қатысты нәрселер баяндалып отырады. Айталық Д. Дефоның "Робинзон Крузосы" осының айғағы.
XVIII ғасырда роман екі бағытта: бірінші - әлеуметтік, тұрмыстық, екінші - психологиялық бағытта көрінді. XVIII-XIX ғасырларда әдебиеттің роматникалық характері романға басқаша ықпал етті. Дегенмен сол кезде тарихи роман формасы жетіледі. Скотт, Гюго, Гоголь романдары бұған дәлел. Сондай-ақ XIX ғасырда романның классикалық түрлері пайда бола бастады. Стендаль, Лермонтов, Бальзак, Диккенс, Тургенев, Мопассан жер жүзілік аренаға шықты.
Ал XIX ғасырдың екінші жартысында орыс романдары - Толстой мен Достоевскийдің туындылары әдеби творчествоға айырықша әсер етті. Олардың шығармаларында қаһармандар бүкіл азаматтық мәселені көтеретін. Осылайша аталмыш творчество иелері XX ғасыр романдарының дамуына жол ашты. Т. Мани, Р. Роллан, В. Хеменгуэй, Р. Тагор және басқаларға үлгі болды. Орыс романын дамытуға М. Горькийдің еңбегі зор болды. Басқа да жазушылар роман жанрында көптеген шығармалар берді: Шолоховтық "Тынық Доны", Фадеевтің, Леоновтың романдары әлемге белгілі.
Қазақ әдебиетінде роман жанры туып, қалыптасты. М Дулатовтың "Бақытсыз Жамалы", Т. Жомартбаевтың "Қыз керелігі", С. Кебеевтің "Қалың малы" дүниеге келіп романның туу процесі басталады: Бұдан соң Ж. Аймауытовтың "Ақбілек", "Қартқожа" және Б. Майлиннің аяқталмаған "Қызыл жалау", "Азамат Азаматыч" романдары дүниеге келді. М. Әуезовтың, С. Мұқановтың, Ғ Мүсіреповтің, Ғ. Мұстафиннің романдары қазақ әдебиетін одан әрі байытқан ірі де, аса көркем туындылар болды Олардың қатарында халық өмірін кең қамтыған "Абай жолы", "Ботагөз", "Оянған өлке", "Дауылдақ кейін" сияқты шығармалар бар. Жоғарыда аталған көптеген ромавдарды әлеуметтік теңсіздік, тап тартысы, революциялық күрес сипаты суреттеледі.
М. Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясы қазақ романының ең биік деңгейін танытқан туынды еді. Осындай алдыңғы буыннан соң, Ә. Нүрпейісов, I. Есенберлин, Т. Ахтанов, С. Шашкин, С. Шаймерденов секілді романистер әдебиетке келді. Ал роман жанрына қалам тартып жүрген кейінгі толқын өкілдері: С. Жүнісов, Ә. Кекілбаев, Ә. Тарази, М. Мағауин, Д. Досжанов, Қ. Жүмәділов, Қ. Ысқақов есімдері - оқырман қауымға белгілі. Бұл жазулар әсіресе "тарихи тақырыпты кең камтып, халық өмірінің өткен кезеңдері көркем кестеледі.
Роман жанры бүгінде қазақ әдебиетінің жетекші саласына айналып отыр. Қазіргі реалистік романдар халық - ауыз әдебиетінен, фольклордан нәр алғаны белгілі. Ол халық өмірінің айнасы іспетті. Романда суреттелетін жайларда жалпы адамзатқа ортақ гуманистік мәселелердің қамтылуы заңды құбылыс. Бұл орайда суреткердің творчестволық қуаты ерекше роль атқарады. Үлкен суреткер ғана роман жанрының жүгін көтереді.
Роман жанрының бірнеше түрлері бар. Мәселен тарихи роман, деректі роман, мемуарлық роман, публицистикалық роман, детективті роман т. б. Бірақ мәселе мұнымен бітпейді. Әдебиеттің бүгінде кемелденіп, дамуына байланыст романның жоғарыда айтылғандардан басқа да жаңа түрлері пайда болуда.
Қазіргі заман әдебиетінде тарихи роман мен тарихи роман-эпопеяның үлесі барған сайын ұлғайып келеді. Бұл құбылыстың себебі мен мәнін ашуға арнаулы зерттеулер де жазылып жүр. Тарихи роман жанрына мұншама көңіл бөлінуі оның осы күнгі әдебиеттен алып отырған орны мен маңызын сипаттаса керек.
Г. Ленобль өзінің зерттеуінде тарих пен романының арақатынасын кең көлемде, әлемдік әдебиеттен мысал келтіре отырып әңгімелейді. Ол тарихи романның негізін Батыс Европада Вальтер Скотт, орыс әдебиетінің А. С. Пушкин салғанын, бұлардың шығармаларында тарихи фактілердің көркемдік элемент, эстетикалық мәнділік дәрежесіне көтерілгенін атап көрсетеді, романдағы маңызды шарт - тарихилық принципі алғаш рет ХІХ ғасыр әдебиетінде кеңінен жүзеге аса бастағанын айтады. Классикалық тарихи роман жеке адамдарды ғана емес, тұтас тарихи дәуірді де барлық ерекшелігімен-көрсету мәселесін шешкендігін, тарихи фактілерді адамдар өміріне қатысты бейнелеу дәстүрі қалыптасқанын автор нақтылы дәлелдейді.
Советтік тарихи роман, Г. Ленобльдің пайымдауынша, суреттеудің реалистігі, тарихи ерекшелік пен атмосфера сипаттамасының шыншылдығы, тарихи күрестердің адамдар тағдырына әсерін айтушылық принциптерін ұстанады. Халықтың тарихи белсенділігі, тарихи қажеттілік, бұқараның ірі қайраткерлердің істерін кең қамту да тарихи роман шарттары болып саналады. Тарихтың жауапты, ұрымтал тұстарын көрсету, белгілі адамдардың ақиқат тарихи мәнді істерін, тұлғасын ашу принципі тарихи романдар алдына орасан биік міндет жүктейді. Жалпы көркемдік жинақтаудың ортақ заңдылықтарынан тарихи тақырыпты шығарма жырақ кетпейді, мұнда да қаһармандардың сырт келбеті, ішкі субъективтік болмысы өмірдің объективтік ағымымен ажырамас бірлестікке жетуі шарт. Шындық пен қиялдың табиғи үйлестік табу мәселесі де тарихи романдарда аса қажетті қызмет атқарады.
Қазіргі тарихи романдардың тағы бір жалпы ұнамды сипаты- тарихи адамдар өмірінің диалектикасына тереңдеп, дендеп бара алатындығы. Мінез бен жағдайдың, айланысын ақиқат өмірдің өзінен ала білушілік қаһармандар ісіне түрткі болған түп себептерді ашуға қабілеттілік социалистік реализм әдебиетіне тән артықшылық десе де болады.
Советтік тарихи романның тұңғыш нұсқаларын А. М. Горький шығармаларынан табамыз. А, Толстойдың, А. Чапыгиннің, Шолоховтың, Дм. Фурмановтың т. б. романдарында бұрынғы әдебиетте кездеспеген жаңа сипаттар: халықтың тарихтағы шешуші орнын көрсету, ілгерішіл және кертартпа құбылыстардың ара жігін ажыратып тану, нағыз типтік оқиғалар мен кейіпкерлерді екшеп алу принциптері өзінің соны көркемдік шешімін тапты.
Тарихи романның шығу тегін, даму жолын зерттеушілер бұл жанрдың өзіне тән алуан өзгешелігін тауып айтады. Мәселен, А. С. Пушкин творчествосына арнап кітап жазған автордың бірі - С. М. Петров («Исторический роман А. С. Пушкина», 1953) орыстың ұлы ақыны тарихи тақырыпқа баруды әрдайым отаншылдық парызым деп қарағанын, ұлтының өткеніне ілтипат, құрмет деп санағанын ескертеді. Тарихи тақырыпқа бару елдің мәдениет биігіне өрлеп тұрған кезінде ғана мүмкін екенін айта келіп, ол надандық, тағылымы арылмаған халық өз тарихын бағалай алмайтынын тұжырымдайды. Әр елдің бүгінгі ақуалын түсініп білудің бір жолы оның тарихи жолына талдау жасау болмақ. Тарихи оқиғаларға бару жеке өзіндік мақсат емес, қазіргі қажеттіліктерді ұғу мен шешудің де айрықша амалы екенін орыс ғалымы дәлелдеген.
Ол А. С. Пушкиннің орыс тарихындағы күрделі кезең - Пугачев қозғалысы дәуірін суреттеуге баруын патшалық құрылысқа наразылық, елдің азаттығын аңсаудың нышаны деп қарайды. Орыс халқының мәдениетін дамытудың бір шарты - тарихтың сабақтарын үйрету екенін айтады.
Р. Мессер «Советская историческая проза» (Л., 1955) деген монографиясында тарихи романның бірнеше белгілеріне тоқталады. Ол совет жазушыларының өткеннің оқиғалары ішінен азаттық қозғалыстарын суреттеуге ден қоюын жақсы дәстүр деп санайды. Шығарманың халықтығы жайында қызғылықты пікір қозғайды. Тақырыптың тарихи болып саналуының бірінші шарты-суреттелетін оқиғалар мен адамдардың қазіргі кезден белгілі дәрежеде алшақ, алыста болуы деп біледі. Маңызды белгінің тағы бірі деп оқиғалардың, характерлердің, тартыстардың тарихилық дәрежесі мен мәнділігі ашылуын айтады. Халықтың революциялық күрестері мен ұмтылыстарын екшеп алу, сол мәселеге негіздеп бару совет әдебиетін тың табыстарға жеткізгенін ерекше ескертеді. Бұрынғы мен бүгінгінің табиғи жалғастығын тауып көрсете алған шығармалардың ерекше танымал болуы осыдан. Орыс совет тарихи романдарының тәжірибесіне сүйене отырып, Р. Мессер аталған еңбегінде тарихи туындының жетекші қаһармандары төменгі, езілген тап өкілі болуы міндетті емес екенін, халықтың, ұлттың азаттығы, абыройы, даңқы үшін қайрат көрсеткендердің қай-
Тарихи ромашнның түрлі жанрлық салалары: тарихи-революциялық, тарихи-биографиялық, тарихи-тұрмыстық, тарихи-хроникалық шығармалар бой көрсетті. Осы тараптағы принциптік тың ізденулер мен жемістер О. Форштың «Радищев», Ю. Тыняновтың «Кюхля», «Пушкин», А. Чапыгиннің «Разин Степан», С. Злобиннің «Салават Юлаев», Г. Штормның «Болотников туралы повесть», А. Толстойдың «Бірінші Петр», А. Новиков-Прибойдың «Цусима», Сергеев-Ценскийдің «Севастополь шайқасы», Вяч. Шишковтың «Емельян Пугачев», В. Янның «Шыңғыс хан», С. Бородиннің «Дмитрий Донской» т. б. туындылардан көрінді.
Әлем әдебиетінде роман жанрының қаншалықты күрделі орынға шыққанын дәлелдейтін мысал көп. Соның ішінде роман-эпопеяның қалыптасуы мен дамуы зерттеушілер назарын барған сайын көбірек аударып келеді. Бұл жанрдың өзіндік бітімін талдаған А. В. Чичериннің «Возникновение романа-эпопен» деген кітабында орнықты ойлар мол.
Зерттеуші роман-эпопея жаңа реализмнің жетілген дәуірінде туатынын, оның бірінші белгісі қоғам мен адамның шындығын мейлінше кең көрсету екенін айтады. Орыс әдебиетінде роман-эпопеяның биік үлгісін Л. Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы деп таниды, осы шығарманы талдау арқылы жанрдың келбетін айқындауға талаптанады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz