Көркем әдебиет тілінің стилі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Көркем сурет факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ресми іс қағаздар тілі- қазақ әдеби тілінің бір тармағы

Тексерген:
Орындаған: Батырбекова А.

Мамандығы: Графика
Оқу тобы: 24-3

Алматы 2006
Ресми іс қағаздар тілі- қазақ әдеби тілінің бір тармағы
Ресми іс қағаздар тілі- әдеби тілдің стильдік тармақтарының бірі
болғандықтан әдеби тіл деген мәселеге де тоқтала кеткенді жөн көрдік. Әдеби
тіл- жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр
алуан тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ең жоғары формасы болып
есептеледі. Қоғамның, мемлекеттің дамуымен байланысты, сол мемлекет тілінің
байлығы, мәдениеті артып, қолданылу аясы да кеңейе түседі. Мемлекет тілі-
көркем әдебиеттің, ғылымның, іс- қағаздардың, өнер- білімнің, баспасөздің
тілі. Тілдің қалыпқа түсуі, дамуы халықтың жазба мәдениетімен тікелей
байланысты. Жазба мәдениет арқылы тіл байлықтары екшеленіп, құрылысы да
жүйелі қалыпқа түсіп дамиды. Яғни халықтың жазба мәдениетінің болуы тілдің
әдеби қалыпқа түсуінің негізгі шарттарының бірі.
Әдеби тілдің негізгі белгілерінің бірі – бірізділік. Бұл бірізділік тілдің
орфографиясында да, грамматикасында да, терминологиясында да сақталуға
тиіс. Яғни тілдегі сөздердің бір ізге түскен айтылу нормасы, жазылу
нормасы, қолданылу нормасы болу керек.
Жазба әдеби тіл қоғамның мемлекеттің ресми тілі болғандықтан оның қызметі
де, қолданылу аясы да барынша кең болады. Тіл мемлекетте жүргізілетін іс
қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-
білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет
атқарады. Осыған орай тілдің түрлі стильдік тармақары пайда болады. Қазіргі
қазақ әдеби тілінің мынадай стильдік тармақтары бар
1) Ресми іс қағаздар тілінің стилі;
2) Публицистикалық стиль;
3) Ғылыми – көпшілік әдебиет стилі;
4) Көркем әдебиет стилі;
5) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі;
Әдеби тіл халықтың ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланыста болады. Себебі
әдеби тіл халық тілі байлығының негізәнде толығып, кемелденіп отырады да,
халық тілі де өз есебінде әдеби тілдің ықпалы арқылы көркемденіп, дамып
отырады. Кез-келген қоғамдағы мәдениетті адам әдеби тілде сөйлеуге
тырысады. Дамыған, өркениетті мемлекетте бұл – жалпыхалықтық дәстүрге
айналады. Осының нәтижесінде қоғамда әдеби тілдің жазба түрі және сөйлеу
түрі пайда болады.
Тілді дамытып жүйеге салуда, сөздерді ұтымды пайдаланып, тіл шеберлігінің
жаңа үлгілерін тудыруда, тіл мәдениетін дамытуда жеке адамдардың, сөз
өнері шеберлерінің ерекше әсері, рөлі болғанымен әдеби тілді жеке адамдар
жасамайды. Сөз өнері шеберлері белгілі бір кезеңдегі әдеби тілді жаңа
сатыға көтеруге ықпал еткенімен қазақ әдеби тілі қазақ жерін мекендеген
халықтың тіл байлығын шебер, ұтымды пайдалана білуі, дамытуы, қалыпқа
түсіруі негізінде жасалды.
Қазақтың халық болып құралған шағы 15 ғасыр екені тарихтан белгілі. Бірақ
бұдан қазақ әдеби тілі де сол кезде қалыптасты деген ұғым тумауы керек. 15
ғасырға дейін түркі халықтарына ортақ жазба ескерткіштер де, әдеби тіл де
болған. Бірақ күллі қоғамға қызмет ететін, қоғамда қарым – қатынас жасаудың
жоғары формасы болып табылатын қазақ әдеби тілі бірден қалыптаса қойған
жоқ.
Ресми, іс қағаздар тілінің стилі. Ресми, іс қағаздар стилі кейде кеңсе
стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те айтыла береді. Ресми, іс
қағаздар тілінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі
жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені іс қағаздары да, ресми құжаттар да
ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет
жұмыстарын жүргізумен байланысты. Қазақ елін Алтын Орда хандығы, бертінде
қазақ хандары билеген кездерде әр түрлі жарлық, шарт, қатынас қағаздар
болды. Бірақ олардың тілі, құрылысы қазақ тілінің ерекшеліктеріне
негізделмей, Орта Азия халықтарына ортақ әдеби тілге негізделген болатын.
Ресми, іс қағаздарының түрлері қазір екі тілде (орыс, қазақ) пайдаланылады.
Дегенмен ресми, іс қағаздарының түрлері қазір көбінесе орыс тілінде
жазылады. Олардың ішінде жарлық, заң, жарғы т.б. мемлекеттік құжаттар орыс
тілінен қазақшаға аударылып, газетке басылып отырады. Сондықтан қазақ
тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс
тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет,
қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол
жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс
жариялау т.б. Мұндай сөз орамдары іс қағаздары мен ресми құжаттарда дайын
тілдік единица ретінде жұмсалып, ол қағаз үлгілеріне кеңселік сипат береді.
Көптеген сөздер белгілі бір стильге телулі болады да, қолданылу жағынан
шекткліп отырады. Мысалы, тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама
берілді, қаулы етеді, жарлық етеді, түсініктеме сияқты сөздер мен сөз
тіркестері ресми, іс қағаздар стиліне тән.
Ресми іс қағаздарына кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына
қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат,
жолдас, телефон стациясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда
– клиент, ауруханада – науқас, санаториде – демалушы, тынығушы, транспортта
– жолаушы т.б. болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стиль нормалары туралы түсінік
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
Стиль мен шығармашылық ерекшелік
Әдеби тілдің нормалары
Жалпы тіл ғылымындағы стилистика ғылымының ғылыми – теориялық негіздері (зерттеушілік әдісті қолдану)
Құжат ұғымы және мазмұны
Қазақ тілі - қазақ тілінің ұлттық тілі
Стилистика ғылымы
Ресми іс қағаздары мен стиль түрлері
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Пәндер