Қазіргі психологияның міндеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Психология пәні туралы түсінік.
2. Психологияның салалары және басқа ғылымдармен
байланысы.
3. Қазіргі психологияның міндеттері.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Падаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі
болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын,
тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған
емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам
болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен
қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасының
ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықшылығу
уақыт озуымен бірге өрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс,
ғылым,медицина,өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет
психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей, тиімді орындалуы мүмкін
емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері
жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр
түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объект , ал ғылымдардың әрбірі
өзіне тән ерекше көкейтесті мәселелерімен айналысады. Солардың ішінде
қоғамдық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық
факторларды айналып өту тіпті мүмкін емес.
Егемен, тәуелсіз еліміздің алдында тұрған сан-алуан міндеттерді шешуде
психология ғылымының маңызы ерекше. Сонғы онжылдықтарда елімізде
психологиялық зерттеулер саласы біршама дами түсті, әртүрлі еңбектер
жазылып, жаңа ғылыми бағыттар пайда бола бастады.

Психология пәні туралы түсінік.
Психология өте ежелгі де, өте жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына
қарамастан, оның бар болашағы әлі алда. Психологияның дербес ғылыми сала
болып танылғанына енді ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған
психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пәлсапамен
бірге келе жатыр.
ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнінде
қысқа да дәл былай деген: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте
қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанымыз психологияның
фәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзінің
эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл ХІХ ғ. кейінгі
ширегі болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңінде өріс
алды.
Пән атының өзі де грек тілінен аударғанда психология – жан туралы ғылым
(психо –жан, логос – ғылым) дегенді аңғартады. Кең тараған түсініктерге
жүгінсек, алғашқы психологиялық көзқарастар діни ұғымдарға байланысты
дүниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткеніндей, ежелгі грек
философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негізінде бастау
білімдерін жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пікір
бағыттарының жалпы дүние, соның ішінде жан жөніндегі діни-мифологиялық
көзқарастарға қарсы күресінде дамуын тапты.
Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі – барлық психикалық
құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек олардың пайда
болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып
көрсету.
Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан
астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған.
Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің Жан туралы атты
еңбегінде алғаш рет психикалық құбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды.
Аристотельді психологияның негізін салушы деп атауға болады. Екінші жағынан
психологиялық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталдік
түрде зерттеу шын мәнінде ХІХ ғ. Ортасынан бастап, қалыптаса бастады.
Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
Психология объективті шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы,
сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде
психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу
болып табылады.Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және
қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның
қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде
зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерменизм қағидасы болып
табылады. Детерменизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы
сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі. Бұл қағиданың мәні,
біріншіден, барлық психикалық құбылыстар, оның ішінде психика объективтік
шындықты бейнелейтін себептік жағдайларға байланысты болып табылады.
Екіншіден, бұл қағиданың мәні барлық психикалық құбылыстар мидің қызметімен
байланысты қарастырылады. Үшіншіден, қарастырылып отырған қағида психикалық
құбылыстарды зерттеуде бұл құбылыстардың себебін міндетті анықтауды қажет
етеді.
Қазіргі психологияда сана мен іс-әрекет бірлікте қарастырылады. Сана мен
іс-әрекеттің бірлігі қағидасы сонымен қатар ғылымның бастапқы қағидаларының
бірі болып табылады.
Психология ғылым ретінде жай ғана әртүрлі психикалық құбылыстарды
сипаттау емес, сонымен қатар оларды жинақтау, түсіндіру және мәнін, белгілі
заңдылықтарды ашу, соның негізінде психикалық құбылыстардың себептерін
анықтау және болашақта олардың пайда болуын болжау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Психология ғылымының салалары, әдістері
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Саяси психология туралы
Психологияның ғылымдар жүйесіңцегі орыны
Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі
Қазіргі заман психологиясы және міндеттері
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
Пәндер