Ғылыми педагогикалық зерттеулер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Ғылыми – педагогиканың зерттелу әдістері.
2. Зерттеу әдістеріне қысқаша мәлімет.
3. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері.
4. Жалпы педагогикалық зерттеу әдістері.
5. Ғылыми педагоги каның қорытынды кезеңдері.

Ғылыми педагогикалық зерттеулер
Қандайда да болсын ғылымның зерттейтін пәні ғана емес, алға қойып
отырған міндеттерді шешуге көмектесетін зерттеу әдістері де болады.
Педагогикалық зерттеу әдістерін байыту мен дамыту ғылым дамуынын
маңызды факторы болып табылады. Бір кездері зерттеу әдістері философиялық,
әлеуметтік және ойша құрылымның негізінде жасалып, педагогикалық идеялар
атақты ойшылдардың шығармашылық қызметінің нәтижесі ретінде көрінген.
Алайда, теориялық қызметті практикалық іс-тәжірибемен ұштастырып жүргізуді
ғалымдар дамыта түсті.
Жалпы педагогикалық зерттеу әдістерін бірнеше топқа бөледі:
1. Жалпы.
2. Жалпы ғылыми.
3. Арнайы әдістер.
Педагогикалық зерттеу әдістері дегеніміз — жалпы құбылыстарды зерттеу
мен әр түрлі ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған әдіс-тәсілдер мен
операциялардың жиынтығы.
Жалпы әдіс - жалпы және әмбебап сипатқа ие болады. Сондықтан бұл әдіс
әртүрлі ғылым салаларында қолданылады. Ғылыми тұжырымдау процесіне бағыт
бере отырып, кез келген ғылыми зерттеу жұмысында әдіснамалық міндетті
орындайды.
Жалпы әдіс 2-ге бөлінеді:
Жалпы ғылыми. Бұл барлық немесе бірқатар ғылым саласында қолданылатын
әдістер. Оған эксперимент, математикалық әдістер және т.б. жатады. Арнайы
нақты ғылыми.
Жалпы ғылыми әдіс — барлық немесе бір қатар ғылым саласында
қолданылады. Бұған эксперимент және математикалық әдістер жатады.
Ғылыми зертеудің қисынына сәйкес бұл әдістерді нақты ғылыми мәселені
зерттеу барысында қолданылатын реттілік бойынша қарастыру қажет, яғни ең
алдымен әдеби қайнар көздерде:
- мәселенің каншылықты қарастырылғандығын анықтау;
- қиын және шешілмеген мәсслелерді бөліп алу;
- тәжірибе және практика нәтижелерімен танысу;
- өзгерістер енгізу;
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және
археалоглиялық деректерді пайдаланады. Эгнография ғылымы белгілі бір
халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.
Археология — өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын,
мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда оқу мен
тәрбиенің мақсаты, міндеттерін және мазмұнын анықтау үшін педагогика сол
формациядағы халыктардың мәдениеті, дәстүрі мен экономикасы жайындағы
белгілі ғылымн еңбектер мен құжаттарды басшылыққа алады. Әсіресе, мұнда
жинақталған материалдар алғашқы қауымдағы тәрбиенің шығуын және оның кейбір
жақтарын дәлелдеуге көмектеседі.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана
бастады. Кибернетика — грек сөзі, бұл басқару өнері деген мағына
береді. Кибернетика жас ғылым, ол XX ғасырдың 40-жылдарының аяғында
қалыптаса бастады. Кибернетика — күрделі машиналардардағы, тірі
организмдегі және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп
басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибериетиканың негізгі
салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.
Педагогикалық әдебиет беттерінде кибернетикалық педагогика деген ұғым
жиі жазылып жүр. Оның себебі — кибернетика бірте-бірте педагогикалық
құбылыстарға еніп, оларды зерттеуде зор тірекке айнала бастады.
Педагогикалық процесс үнемі кері байланыс арқылы іске асырылады.
Педагогикалық процесті ойдағыдай басқару және жетілдіру үшін кибернетиканың
бағдарламалап оқыту теориясына сүйеніп, мектеп жұмысында оқыту және бақылау
машиналарын, техникалық құралдарды кеңінен пайдалану қажет.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, эерттеу әдістерін жасайды,
Педагогикалық да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді
зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.

Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді
қолдана білу мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес. Ол оқушылардың
қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан
факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия)
қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер
бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса,
эксперименттік нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша
экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі,
педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тәрбиелеу. Сондықтан
педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында
оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін
түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми
педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей
және оқу тәрб ие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау,
әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б.
жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып
жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагог икалык,
құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар
бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі
(сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе
учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техникасы дұрыс
көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу
жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау эерттелетін
педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді.
Сондықтан бақылайдың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне,
қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.
Педагогикалық бакылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы
түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына
қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие
процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың
таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті
және т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланады. Жеке мәселелерді (кейбір
оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-
құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау
нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеулер түрлері
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіндегі ғылыми зерттеулердің рөлі
Педагогикалық зерттеулердің эмпирикалық әдістері
Педагогикалық психология категориялаы мен зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
Диссертация қорғау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер