Педагогикалық тәжірибенің зерттеу әдісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
II. Негізгі бөлім

2.1. Педагогикалық зерттеу
әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... . 4
2.2. Педагогикалық тәжірибенің зеттеу
әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
2.3. Мектеп құжаттар мен оқушылардың шығармашылық өнімдерін
зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
2.4. Педагогиканың әлеуметтік зерттеу
әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.5. Педагогиканың бақылау және әңгімелесу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 16

Кіріспе

Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің
көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика
үлкен прогреске ие. Бір кезендерде педагогика үстірт философиялық-
әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық
идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана
туындап келді. Ал XIII ғ. бастап педагогиканың толық қанды ғылымға
айналуына теориялық ізденулерді практикалық тәрбие істерімен байланыста
жүргізген ғалымдардың белсенді үлесі болды. Бұл тәрбиелік ой мен істі
біріктіріп, ғылыми тұжырымдар жасағандардың ішінде бүгінге дейін танымал
Я.А.Коменский, Г.Песталоцци, А.Дистерберг, К.Д.Ушинский, Л.Толстой,
П.П.Блонский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий сынды педагог-ғалымдар болды.
XIX ғ. оқыту және тәрбие теориясының бұдан былай тереңдеуіне ықпал
жасаған эксперименталдық зерттеулер еді.
Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір
жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу,
мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу,
озат педагогикалық, тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау
(сұрақ анкета жүргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау), математикалық
статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу
және т.б. әдістер.
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды
(гипогезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері
белгіленеді. Гипотеза - бұл шынайылылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық
негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылым жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін
қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер
тобына еңбеген білім заңдылықтары, оларың құрылымы мен механизмдері,
мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және
практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.

2.1. Иедагогикалық зерттеу әдісі

Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса,
соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген
тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, әдістер,
бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау модель орындалған ғылыми
істерін теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа
ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу
типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда
болу уақытына да тәуелді келеді. Зерттеу ізденістерінің логикасы мен
қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық
гипотетикалық эксперменталды-теориялық немесе теориялық прогностикалық
жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы
алынады, шынайы оқу-білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс
мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми
проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі - зерттеудің
алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп
бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу
гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәні: зерттеу объектті
жөніндегі деректік болжамдармен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі
арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық
деңгейінен оның теориялық (эксперименталдық-теориялық) деңгейіне өтудің
дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніңдегі
функциональдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар
қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының
нәтижесінде тұтасгай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы
алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму
мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы
текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті - осы сан қилы
талаптардың обьектив шешіміне негіз болу.

2.2. Педагогикалық тәжірибенің зеттеу әдісі.

Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір
жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу,
мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу,
озат педагогикалық, тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау
(сұрақ анкета жүргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау), математикалық
статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу
және т.б. әдістер.
Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу
мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті. Бұл
сипаттағы эксперименттер әртүрлі: жетіскен білім деңгейін анықтау, дамытып
қайта жасау, бақылау эксперименттері.
Жетіскен білім деңгейін анықтау экспериментті-зерттеу жұмыстарының
бастапқы сатысы болып, зерттелуі тиіс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен
танысуға негіз болады. Мысалға, егер оқу жұмысы барысындағы шәкірттердің
өзін бақылауы зерттелінуі қажет болса, осы эксперимент арқылы және басқа
әдістерді (әңгімелесу, анкета) қолдана отырып, ғалым- оқушылардың өзіндік
бақылау әдістерін қаншалықты білетінін анықтайды. Нәтижеде оқушылардың өз
оқу жұмысына өзіндік бақылауының мүмкіндіктері жөнінде қорытынды жасайды.
Егер зерттеуші бұл проблеманың мектеп ісінде кері сипатқа ие болғанын
анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту, қайта жасау
экспериментіне кіріседі, яғни алдын-ала түзілген жоспар бойынша
оқушылардың білім игеру тәжірибесінде өзіндік бақылаудың тиімді тәсілдерін
ендіреді. Егер иәтиже ұнамды болып шықса, алынған көрсеткіштер теориялық
талдауда әдістің мектеп жұмысында қолданылуы жөнінде қорытындылар жасалады.
Бұл проблема жөнінде зерттеу барысы кезеңі аталған эксперимент бойынша
көрсеткіштер мен қорытындыларды жалпы мектеп тәжірибесінде тексеру. Бұл
міндет экспериментінің жәрдемімен шешіледі. Бұл мектепте сыналған әдіс
басқа мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесінде пайдалануға ұсынылады.
Озат педагогикалық тәжірибені үйрену және жинақтау. Бұл әдіс оқыту мен
тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан озат мектептер мен мұғалімдердің
тәрбиесін үйрену және оны теориялық пайымдауға негізделген. Көп жағдайларда
мұғалімдер күнделікті сабақ тәжірибесімен эмпирикалық түрде маңызды
педагогикалық жаңалықтарға жетіп отырады, бірақ олардың бұл пайдалы істері
педагогикада танылмай, тиісті зерттеуден жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана
болып, көпшілі қалып кете береді. Яғни, жеке мектеп тұрмысындағы
педагогикалық практика теориялық ой -пікірмен әдістемелік қорытыңдысына
жетпейді.
Оқыту - тәрбиелеудің озат тәжірибесі теориялық пайымдау мен талдауға
түссе ғана педагогикалық ғылым жүйесінде орнығуға мүмкіндік алады.

2.3. Мектеп құжаттар мен оқушылардың шығармашылық өнімдерін
зерттеу әдістері

Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды),
қолданбалы және болжам-жобалау (разработки) деңгейіңдегі болып үш топқа
бөлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және
практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе
болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.
Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестік кейбір тараптарын
тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға
бағдарланған істер. Болжам жоба - бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға
негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды
практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Калаған педагогика зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге
орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына - зерттелуге тиіс проблема,
тақырып, нысан және оның дені (предмет). Мақсат, міндеттер мен болжамдар,
қорғалуы тиіс идеялар кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы
негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық және
практакалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және іс-
әрекеттік (орыңдау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі
негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен
міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны
бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде -
зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге алдыңғы деректерді
жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің теориясы
және – практикасын бұдан былайда дамыту үшін тиісті проблемалардың
қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын
түсіңдіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет
мәселелердің жауабын береді. педаготакалық ғылымға қойылатын қосымшаның
әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі
қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен
нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейтестілік
ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да
қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың
мүмкінідігі арасыңдағы айырмашылық деңгейіне сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де
қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс
нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде,
қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде
ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым
құрал-жабдықтарын пайдалана отырып негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап
беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат қайта
түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң зерттеу нысанын таңдау кезегі
келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы
немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы
мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды
қамтып, проблемдік ситуацияларды туыңдатқан жағдайлардың баршасы нысан
есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі – нысан. Зерттеу дені
(предмет) - нысан бөлшегі, біртарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет
еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-
қасиеттері, қырлары мен сырлары.

2.4. Педагогиканың әлеуметтік зерттеу әдісі

Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері. Жоғарыда қарастырылған
әдістер біршама құндылылығы мен қатар жалғыз-ақ елеулі кемшілікке ие: ғалым
ол әдістерді қолдана, отырып, тар өрісті деректерді ғана дамытуы мүмкін,
яғни зерттеу қорытыңдысы болмашы сандағы мектептер мен оқушыларға
байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда кейбір мәселелердің шешімі
ауқымды зерттеуді талап етеді. Бұл ретте педагогтар әлеуметтік зерттеу
әдістерін (анкета жүргізу, рейтингтік бағалау) алға тартады. Мұнымен
қойылған мәселені жылдам әрі көп сандағы оқушыларға сұрақ қойып анықтауға
болады.
Педагогикадағы әдістер тізбегі аталғандармен шектелмейді. Олардың түрі
мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеуші - ғалымдар мен
озат мұғалімдердің ынта-ықылас ізденуіне байланысты, әдістердің жаман,
жақсысы болмайды, олардың әрбірі өз орнында құнды.
Өкінішке орай, сталиндік жеке басқа табыну мен брежневтік тоқырау
жылдары педагогика ғылымының ролі төмендеп, оның қызметі мектеп пен білім
мәселелері бойынша жоғарыдан түскен "даналық" көрсетпелерге түсіндірме
беріп, олардың "тек дұрыс" екенін негіздеумен болды. Бұл теориялық ой-
пікірдің дамуына, үлкен кедергі болып, шығармашылық ой ұмтылысын тұсаулап
тастады.
Қазіргі кезеңде, егеменді ел-Қазақстан Республикасы аясында педагогика
ғылымында догматизм мен жеке пікір үстемдігіне тойтарыс беріліп, шын
мәніндегі жаңашыл педагогикалық зерттеулерге қажетті жағдайлар жасалып,
халыққа білім беру саласының бүтіндей қайта түзілуіне, біздің қоғамымыздың
демократиялануына, ғылыми техникалық даму талаптарына сай жаңа сапалық
деңгейге көтерілуіне тиімді жолдар ашылуда.
Қандай ғылым болмасын, дами отырып, өз теориясын байыта түседі, жаңа
мазмұнымен толығады, осыдан өз ішіндегі зерттеу бағыттарына орай жіктеле
бастайды. Бұл жағдай педагогиканы да айналып өткен емес. Қазіргі кезде
Педагогика түсінігі педагогикалық ғылымдардың біртұтас жүйесін танытады.
Өз алдына дербестік сипатқа ие болған педагогика салаларынан төмендегілерді
атауға болады:
1. Жалпы педагогика (тәрбие білім беру және оқытудың жалпы
заңдылықтарын зерттейді.
2. Сәбилер және мектеп алды педагогикасы.
3. Мектеп педагогикасы.
4. Сурдотифло және олигофренопедагогика саңырау зағип және ақылы кем
балалардың тәрбиесін зерттейді.
5.Жеке пән әдістері.
6. Педагогика тарихы.
Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да жоқ емес, олардан:
мектептану, отбасы тәрбиесі педагогикасы, басқару педагогикасы, ішкі істер
органдарының педагогикасы және т.б. Дербес педагогикалық пән ретінде әскери
педагогика, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіби-техиикалық білім беру
педагогикасы және тағы басқа жедел қарқынмен дамуда.
Педагогиканың дамуы мен оның мән-мағынасына зер сала отырып, оның ғылым
ретінде де көрініс беретін ерекше өзіндік сипатына көніл аудармай болмайды.
К.Д.Ушинскидің "педагогика" түсінігі педагогикалық ғылымдардың біртұтас
жүйесін танытады. Өз алдына дербестік сипатқа ие болған педагогика
салаларына төмендегілерді атауға болады:
ол териялық жағынан, біріншіден, өз зерттеулерінің нәтижелерін,
қорытындыларын пайдаланады, екіншіден, адам жөніндегі ғылымдардың теориялық
идеяларын біріктіріп өз теориясын дамытуда негізге алады. Сонымен қатар
педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған
практикалық іс-әрекеті, яғни қажетті болған ептіліктер, дағдылар мен
қабілеттер жүйесін қамтиды. Бұл тараптан ол тәрбиелік шеберлік ұштасып
жатады. Педагогиканың міне осы ғылымдық әрі өнерлік ерекше сипатына кейбір
үстірт ойлайтын адамдар, оны аса қажет теориялық құндылық деп бағаламай
тәрбие ісіндегі ептіліктер мен икемділіктерге бұра салады. К. Д. Ушинский
"Тәрбие ісі біршама жеңілдеу көрінеді. Тәрбыете шыдамдылық керек екені
баршаға аян, кейбіреулер ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақттау
Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі
Мектептегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны, ұйымдастыруы
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау
Қазақ тілін оқытуда жобалап оқыту технологиясын қолдану
Зоонимдердің тіл білімінде зерттелу жайы
Рейтинг және өзін-өзі бағалау әдісі туралы
Қазіргі замануи педагогикалық-психологиялық зерттеудің әдістері
ГЛОСАРИЙ. Оқу-тәрбие процесін технологияландыру
Озат педагогикалық тәжірибе. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет
Пәндер