Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Отбасы тәрбиесін жетілдіруде оның мектеппен ынтымақтастығын жетілдіру
жолдарын көрсетіңіз
Жоспар
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Отбасындағы балалар тәрбиесі
2. Отбасы мен мектептің ынтымақтастығының түрлері
3. Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың демократиялық стилі үлкендер
жағынан дұрыс бағытта қолданылса, қарым-қатынастың әлеуметтік-моральдық
деңгейінің ерекше түрі - құрбы-құрдастық және достық қатынас маңызды роль
атқаратындығын ескеріліп, оған қолдау көрсетілсе, онда отбасында
тұлғааралық қатынасты дұрыс қабылдау орын алады.
1. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық
ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу
әдістемелерін жинақтау.
3. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың ерекшеліктерін
айқындау экспериментін жүргізу.
4. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық
көрсеткіштерін коррекциялау жаттығуларын пайдалану.
5. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық
аспектілері бойынша жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық
ұсыныстар жасау.
Отбасы тұлғааралық қарым-қатынас қалыптасуына берілген теориялар,
пікірлер мен тұжырымдар (А.Г. Харчев, Б.Г. Ананьев, В.В. Драгунова, И.С.
Кон, Э.Берн және т.б.), психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғааралық
қатынас қалыптасуы жайлы Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, З.Г.
Ананьев, Д.Б. Эльконин т.б. ғалымдардың еңбектерінде қалыптасқан психикалық
даму теориялары, жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген В.В Драгунова,
И.С. Кон, В.В. Столин қағидалары, Э.Берннің трансактілік талдауы,
С.М.Жақыповтың, Қ.Б.Жарықбаевтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет
тұжырымдары, жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты
Қазақстандық зерттеулердің теориялық негізі мен мәнділігін (С.М. Жақыпов,
Қ.Б.Жарықбаев, В.К.Шабельников, Ж.Ы.Намазбаева) құрайды.
Отбасы құндылығы және сапалары эмоционалды, когнитивті және мінез-
құлықтық деңгейде ерекшеліктері көрсетілген. Алынған мәліметтер: отбасында
тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері,
отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас процесіне психокоррекциялық жұмыстар
жүргізу жолдары жүйелі түрде талданған.

1.ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ

Отбасы –неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар
өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта
байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал
етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде
маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға
ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие
институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында

Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған
жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисина
ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған
мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында
бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-
мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік
берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда
болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік
құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет
пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға
негізделеді.
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып
табылады: Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында
байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік
түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958)
отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық
және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын
қарастырады:шаруашылық-экономикалық , генеративті тәрбиелік, мәдени,
репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды
қызметтеріне шаруашылық –тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің
демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға
қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел
адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре
білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді деген тақырыптарда
С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
З.И.Файнбург отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік
қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы туралы
Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және
А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
Айдарбеков Қ.А. отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде
жасөспірімдердің өзіндік санасының диологиялық құрылымдардың дамуы атты
зерттеу жұмысында жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана дамуының
ерекшеліктерін және бүкіл тұлға дамуының ауытқу өзгешеліктерін тудыратын
факторларды зерттеуге арналған.
Өткізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша жасөспірімдердің дамуы
кезіндегі орталық тұлғалық жаңа құрылымы өзіндік санасының диалогиялық
құрылымдары екені туралы болжам өзінің растаулығын алып қойылған. Дәл осы
жасөспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңақұрамының талдауы жастағы
тапсырмаларды өнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды
механизмдерінің деңгейіне жеткізілген.Ішкі жанұяның құндылықтарды өсіп
келе жатқан буынға берілуіне,дамуына және сақтандыруға бағытталған,және
отбасында белгіленген оның мүшелерінің арасындағы коммуникативтікпен
эмоционалдық қарым-қатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін,
отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-әрекет жасөспірімдерде өзіндік
санасының диологиялық құрылымдар дамуының негізгі көзі болып келеді.
Психологиялық ілімдер жүйесіндегі басты орынды таным үрдісі алады.
Адамдардың қарым-қатынас жасау кезінде бір-бірін тану мәселелері бойынша
ғылыми пікірталасты үйымдастырушы және оның бастамашысы А.А.Бодалев болған
еді. Оның тікелей басшылық етуімен 1970,1973 жылдары ленинград қаласында
Адамдарарасындағы қатынастар дамуы мен қарым-қатынас формаларының
әлеуметтік-психологиялық және лингвистикалық сипаттамалары және қарым-
қатынас теориялық және қолданбалы психология симпозиумдары өткізілді .
Отандық психологтардың көбісі мысалы: Д.Б. Эльконин, Т.В.Драгунова
жеткіншектік жастың жетекші іс-әрекеті ретінде қарым-қатынасты келтіреді.
Жеткіншек жаста қарым-қатынастың ерекше орнын дәлелдей келе, В.В.Давыдов
өз пікірін ұсынды: жеткіншектік кезең адамда қарым-қатынасты құраушы
тәртіптер мен ережелердің қалыптасу кезеңі.
Ал В.В.Бушельяның пікірі де қызықты мазмұн алады: жеткіншектік кезең
үшін бала-құрдас қатынасы жетекші орын алады,ал ересек бала қатынасы
жетекші орын алмайды (1988). Жеткіншектік жастың өзара қарым-қатынас типін
қолдай отырып, Я.Л.Коломинский және А.Березовин мынадай пікірін ұсынады:
баланың шағын ортасы негізгші екі әлеуметтік-психологиялық астарлы жүйе
бірлігінен тұрады алғашқысында бұл ересек бала қатынасындағы астарлы
жүйе, белгілі – бір кезеңде бұл жүйеге бала-бала қатынасындағы астарлы
жүйе бастапқы жүйе орын алады. Дәл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік
пайда болып, дамуға түрткі алады,ол тұлғааралық қатынастардың негізінде
жатыр. (1977)
И.С.Кон құрдастарымен қарым-қатынасқа сілтей отырып, құрдастарымен
қарым-қатынасты бұлайша түсіндіреді.
-ақпараттардың маңызды каналы;
-бұл ерекше іс-әрекет түрлнрі мен тұлға аралық қатынастар;
-бұл эмоциялық қатынастың ерекше түрі (1980).
Л.Н.Десев (1965) жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген
қатынасына зерттеу жүргізді. Оның анықтауынша,жеткіншек өз құрдасының
бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А.В.Петровский
сонымен қатар мынаны ескертеді, жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр әр
бейім келетін құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп
кезеңіндегідей,тұлға аралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді .
Жеткіншектердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен
сипатталады,қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады.
Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыс пен қақтығыстық жағдайлардан шыға
білмеуі арасында қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Шалғынбаев Т.
Дезадапциялық мінез-құлықы бар жеткіншектердің жеке тұлғалық қасиеттері
мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері және оларды реабилитациялық
жұмыста қолдану атты зерттеу жұмысында .
Шужеваева А.И. пікірінше көптеген қақтығыстар, эмоциялық
қызбалық,шапшаңдық, агрессия мен жағымсыз жақтардың көрінуі,
мйірімсізділік арқылы пайда болатын көптеген қақтығыстар балаларды
келісімге келуге іскелік, жағымды әрі түсіне алатын бола
білуге,құрдастарымен серіктестік қарым-қатынасқа түсе білетін
іскерліктерге арнайы ққыту жағдайында шешілуі мүмкін. Баланың әлеуметтік
дамуы ата-аналармен құрылатын дамушы жағдапймен анықталады. Жас ерекшелік
құрылымдар сенімді кезкпен қалыптаспайды.
Жеткіншектердің мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-
әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы
арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар анықталды:жеткіншектердегі
қалыптасқан ерік күші мінез-құлықтағы ішкі субьективті позициямен
байланысты болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара
қатынас мінез-құлыққа әсер етсе де субьективті көз-қарасқа келгенде
қақтығыс екінші орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көз-қарасы
арқылы сындырмауы деген пікірде Күнсләмова Т.К.

2. ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың
өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі
туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас
орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін,
басқалардың кім және қандай екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді.
Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың
нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы
психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург,
Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі,
олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы
балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий)
қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін
жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар
жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында балаларына қамқорлық
жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп,
отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Қазақстан-2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай
сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары
және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп,
қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып,
бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық
жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы
мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.
Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының
көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән
болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен
күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз
өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен
олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-
қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып
дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі
болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп
ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді
кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не
бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар
арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс,
қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В.
Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) .
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау,
отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын
алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде
толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды
қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек
көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз
еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі
сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған .
Д.Горборино отбасын адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі ретінде
сипаттады [6,17]. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын
орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-
қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы
үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі
ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды .
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде
А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – отбасы - бұл жұбайлар
арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі,
оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады,
ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның
қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады.
Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы
звено - деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде
болып табылады.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала
арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен
қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе
туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету
жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын
іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты
қабылдаудың психологиялық аспектілері деп анықтадық.

3.ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫС

Отбасы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері. Жанұя
тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық
педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымының дамуы барысында жанұя
тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми-теориялық және әдістемелік мазмұнға ие
бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар
балалар тәбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін,
бейімділіктерін, дене-күш және психологиялық даму деңгейін ескеру
керетігіне ерекше көңі л бөлген. Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А.
Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіргі
зерттеушілердің еңбектерінде баланың жанұядағы қарым-қатынасындағы қызмет-
әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен жанұя ара
қатынасы т.б. мәселелері қамтылған.
Отбасының тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-
бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-
әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Жанұядағы
тәрбиенің субъектілері- ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет,
педагогикалық тәсілдер, әдістер Осы элементтерді біріктіретін негіз- іс
әрекет.
Ұйымдастырлған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де
боламайды. Жанұядағы тәрбиенің маңыздылығы ата-ананың басшылғымен,
бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу ойын, эстетикалық, т.б.) балаларды
араластыру.
Баланың жанұя орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы.
Баланың жанұядағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық
процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы
ролін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала
тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың
жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін; ата-анаың тәрбие
құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың
белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Ата-ананың тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін
ұйымдастыруынан көруге болады, онда жанұя тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері
көрініс табады, жанұяның әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн
тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс әрекетінен тұрады: дене және еңбек
қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйқы.
Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психикалық
ерекшеліктеріне және тілек-қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың
бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос
уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері жанұяның тәрбие
мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.Жанұяның бос уақыттағы бірлескен іс-
әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Жанұя мүшелерінің өзара әрекеттестігі
ретінде, түсінісу, сезім әсерлері негізіндегі бір біріне ықпал етуі. Қарым-
қатынас кезінде іс-әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-
ана мен баланың ара қатынасы жанұя өмірінің айқын көрінісі, оның
микроклиматын қалыптастырып, жанұяның даму мүмкіндіктері. Педагогикалық
мәдениеті төмен жанұяларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол
тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады. Педагогикалық процестің
қызметіндегі іс-әрекеттің маңыздылығын, оның жеке тұлғаның өмірлік болашағы
анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелілігі оқушының
белсенділік дәрежесі.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың
арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері
болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына,
балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді.
Жанұядағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен ата-ананың өзнің бұрынғы
жанұясынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-
зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және
педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген
қатынасында орын алады.
Жвнұяның тәрбиесіне негізгі сипаттама. Жанұядағы бала тәрбиесінің
жетілуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген
жағдайларға байланысты. Олардың бірі- оқушы тәрбиесіндегі жанұя мен
мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара қатынас жанұяның
педагогикалық процесігің күйі туралы ақпарат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
ЖАНҰЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынастың қалыптасуын анықтау
Ерлі - зайыпты жұптардың қатынасы психологиялық феномен ретінде
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері
Агрессия және зорлық психологиялық қорғаныстың бір түрі
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер