Орта ғасырлардағы қазақ мәдениеті
Жоспар
І Кіріспе
Орта ғасырлардағы қазақ мәдениеті
ІІ Негізгі бөлім
1. Ұлы Жібек жолы
2. Алтын Орда дәуіріндегі мәдениеті
ІІІ Қорытынды
Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне
тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары,
әлемдсгі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің
солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы
мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ
топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік
өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік
ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала
көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті
талдауды номадалык, (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Әрбір
ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет
етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның
өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық
сипаты. Мысалы, ата қоныс ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің
тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға
болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады.
Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп
есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар
мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың
қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға
мұра ретінде қалдырылған.
;
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары
қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке
үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында қытай қорғаны тұрған
жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны)
білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық
мәселе әдептіліктік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей
байланыстырылды
Қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының
бірі оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты.
“Қазақтың ата тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, - деп
жазады М.Орынбеков, - олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге сезімдік
тұрғыдан жақын болуы ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастауларын
түсінуінен өз көрінісін тапты”.
Мұсылмандық діннің еуроазиялық Далада таралуына байланысты көшпелі
халықтардың ғарыш туралы түсінігі де өзгерістерге ұшыралы. Бұрынғы ескі
мұра жоғалып кетпей, ислам космогониясымен синкреттік түрде тұтасты.
Әлем мен Нұр ұғымдары қазақтың төл мәдениетінде Дүниені дұрыс түсіну
арқылы нақтыланады. Дүние дегеніміз заттар мен құбылыстардың біріктірілген
жинағы емес. Бұл дүние – біртұтас, яғни ол адаммен іштей қосылған.
Түрік халықтарының мәдениетінде Аспанмен қатар оның шырақтары да
құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған.
Қазақ халқының ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы материалдық мәдениеті көшпелі
тайпалар мәдениетінің дәстүрлі жалғасы болып табылады.
Қазақ хандары Керей, Жәнібек және олардың ізбасарлары Түркістан,
Сауран сияқты қалаларды мәдени, экономика орталықтары ретінде ұстап тұруға
күш салады. Хақназар хан XVI ғасырдың 70-жылдарында Яссыны өзіне қаратты.
Есімхан оны астанасы етіп, мәдени, саяси өмірді шоғырландырды. Түркістан
маңында бау-бақ өсіру, суармалы егіншілік дамыды. Қала сауда-айырбастық
ошағына айналды. Мұны Қазақ ордасына келген орыс елшілерінің жазбасы да
қуаттайды. "...Тәуке ханда астық, бидай, арпа да, тары да көп шығады, ал
астықтан күздік және жаздық бидай егеді" - деп хабарлайды В.Кобяков.
Қазақтардың тұрғын үйлері. Қазақ халқының тұрғын үйі - киіз үй
материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Ол қысқы және жазғы болып
бөлінді, үлкендігі және құрылысы жөнінен бір-бірінен айырмашылығы болды.
Киіз үй - ағаш және киізден дайындалатын, ағаш керегелерден,
шаңырақтан, уықтардан тұратын жиналмалы тұрғын үй. Киіз үйдің үлкен-
кішілігі қанаттарының (керегелер) санына байланысты болады. 12 қанаттан
тұратын киіз үйдің ауданы 100-120 шаршы метрге тең болған. 12-15-18 қанатты
киіз үйлерді XII ғасырдан бастап пайдаланған. Әрбір кереге 36 сағанақтан
тұрған. Керегелер тор көз, жел көз болып екіге бөлінген. Оңтүстікке қарап
ашылатын есік "сықырлауық" деп аталған. Керегелер сырты тоқылған шимен
жабылған. Сырты киіз "туырлықпен", одан жоғары орналасқан уықтардын, үсті
"үлеспен", шаңырақ үсті киіз "түндікпен" жабылған. Аталған киіз бөліктер әр
түрлі түсті "белдеулермен" бекітілген. Киіз үйдің іші кілемнен, киізден,
тоқыма әдісімен дайындалған басқұрлармен, баулармен бекітілген. Өздерінің
қолданылуына қарай киіз үйлер үшке бөлінген. Қонақ қабылдауға арналған
салтанаттық киіз үйлер ауданының үлкенділігімен, әдемілігімен ерекшеленген.
Салтанаттық киіз үйлер кемінде 12 қанаттан тұратын болған, үстін жібекпен,
ақ киізбен көмкерген. Өте әдемілігімен тойға арналған киіз үйлер - отаулар
ерекшеленген. Күнделікті тұрмысқа арналған киіз үйлердің аудандары да шағын
болған. Оларды көшіп-қонған кезде бір түйеге артып жүре беретін болған.
Сонымен қатар қазақтар тұрғын үй үшін күркені және күймені пайдаланған.
Киіз үйдің ортасына тамақ дайындау үшін және салқын кезде үй жылыту
мақсатымен ошақты орналастырған. Есікке қарама-қарсы қонақтар мен құрметті
адамдар үшін төр болған. Есіктің екі жағы босаға деп аталған, оң жақ
босағада ыдыс-аяқ, құрал-сайман, сол жақ босағада ат әбзелдері сақталған.
Босағадан оң жақта үй-иелерінің кереуеті орналасып, ол шымылдықпен
бөлінген. Киіз үйдің ішкі жасауы әр түрлі ағаш, тері дүниелерден,
кілемдерден, шиден, киізден тоқылған заттар мен нәрселерден түрған. Киізден
дайындалған текеметтер, сырмақтар, түкті кілемдер түрлі-түстілігімен, ою-
өрнегімен, әдемілігімсн көздің жауын алатын болған. Қабырғаға ілінетін ою-
өрнекпен, тігіспен әдіптелген киіз-кілем түскиіз деп аталған.
Ыдыс-аяқ және ас-су құралдары ілінетін аяқ-қаптарда, екі қалталы
қоржындарда, киіз жәшіктерде (шабданда) сақталған. Ағаш заттар - жүк
аяқтар, ас салатын кебежелер, көркем оюлармен әдеміленген.
Жықпалы, тікпелі байырғы киіз үй қазақтардың ең қолайлы баспанасына
айналды. Киіз үй жабыннан және оның сүйегінен (ағашынан) құралады. Жабынына
- туырлық, үздік, түндік, есік аталатын киізі жатты. Сүйегіне шаңырақ, уық,
кереге, сықырлауық (есік) делінетін ағаш қаңқасы жатты. Кереге түйенің шикі
таспасынан жасалған "кереге көгі" деп аталатын таспамен ұстатылады.
Керегесінің санына қарай киіз үй алты, сегіз, он, он екі қанатты деп, сырт
көрінісіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz