Компьютердің жұмысы операциялық жүйе арқылы басқарылады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ.
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ атындағы
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
Оқытушы : Салимова Г. Е
Студент: Нүсіпова А. Д
Мамандығы: Экология
Тобы: 108
АЛМАТЫ-2007ж
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
Алғашқы тақырыптарда компьютердің жұмысы операциялық жүйе арқылы басқарылатыны ал пайдаланушының машинада түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған программаларды пайдалануы тиіс екенш ескертілген болатын.
Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнайы дайындалған программалар жеткілікті. Олар негізінен мынадай класстарға бөлінеді:
- жүйелік программалар
- қолданбалы программалар
Қолданбалы программа- белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы. Практикада түрлі мәліметтерді өңдеуге арнап пайдаланушының өзі құратын программалардың түрлері өте көп. Бір мақсатта пайдаланатын программа жиынтығын қолданбалы программалар дестесі деп атайды.
Жүйелік программаның түрлері:
- операциялық жүйе
- утилиттер
- сервистік программа
Операциялық жүйе- компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындалуы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруға жеңілдік келтіруші жүйелік программа. Оның негізгі қызметі- программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғыларымен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосу, оны орындау, т. б. Яғни ОЖ -машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіде сақталып қойылады. Сондықтан ОЖ -ны дискілік операциялық жүйе деп те атайды.
Процессордың түріне қарай, DOS -тың түрлі нұсқасы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған.
Басқа операциялық жүйелер сияқты6 MS DOS жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады: BIOS, BIO, SYS, DOS. COM, COMMAND. COM .
BIOS- операциялық жүйенің ТЕСҚ-ға жазылып қойылған бөлімі. Оның орындайтын іс-әрекеттері:
- компьютер электр желісіне қосылған соң автоматты түрде оның ішкі құрылғыларының жұмыс істеуге дайындығын тексеру;
- одан әрі, жүйелік болатын иілгіш не қатты магниттік дискіден операциялық жүенің жүктеуші деп аталатын программасын жадқа енгізу;
- жүйелік үзілісті ұйымдастыру;
... жалғасыBIOS- тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар.
BIOS. SYS-BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын орындайды.
DOS. COM -ның жұмысы-пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендру, дискіде тиеулі программаны жою және т. б. Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады.
COMMAND. COM -ның негізгі жұмысы-пайдаланушының негізгі программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу. Ол ішкі не резиденттік деп аталатын мынадай командаларды да орындайды: DIR, CLS, COPY, DELETE, CD , MD, RD, DATE, TIME, VER және т. б.
MS DOS -пен жұмыс істейтін компьютер іске қосылған кезде монитор экранының төменгі жағында операциялық жүйенің шақыруы деп аталатын С:/> не осы сияқты белгілеме көрінеді. Пайдаланушы компьютерге беретін командасын шақыру белгісінен соң командалық жолда теріп алып, енгізу пернесін басуы керек.
1985 жылы MICROSOFT WINDOWS фирмасы алғашқы рет MS DOS’-қа қосымша пайдаланатын MICROSOFT WINDOWS 1. 0 атаулы жүйелік программаны, ал соңғы кезде оның кеңейтілген түрлері дайындап шықты. Соңғы кездерде шыққан мүмкіндігі мол Windows95, Windows 98, Windows 2000-MS DOS сияқты жеке операциялық жүйелер.
Утилиттер -программалау ортасында белгілі бер қызмет атқаруға пайдаланатын қосымша программалар. Мұндай программалар берілгендер қорын басқарушы жүйелерде, түрлі программалау тілдерінде жиі кездеседі. Мәліметтерді жиі қысатын, компьютерді вирусқа тексеретін, мүмкін болса, оларды жоятын программалар да утилиттер.
Сервистік программалар- адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Жүйелік программалар мен қолданбалы программалар бірігіп компьютерді программалық қамтамасыз ету не жабдықтау программалары деп аталады.
Windows жүйесімен жұмыс істейтін компьютерді тоқ көзінен ажырату үшін алдымен оны MS Windows жүйесімен жұмыс істеу режимінен шығарып алу міндетті.
BASIC, TURBO -Бейсик, Турбо Паскаль программалау тілдерінің жүйелік программалары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz