Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік- педагогикалық технологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік-
педагогикалық технологиясы

Топ: Б(о)-15к

Орындаған: Тағайбек Сабира

Тексерген: аға оқытушы Черниязова А.Ж.

Петропавл 2017 жыл

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Оқушыларда "Салауатты өмір салтын'' қалыптастырудың педагогикалық
негіздері

2. Мектепте "Салауатты өмір салтын'' қалыптастыру жолдары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік
сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін
игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың
денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған
елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы
да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал
денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында
Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс
тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған
деп атап көрсеткен.

Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты
болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы
айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді( П.С.Брегг) – дегендей,
оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің
барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене
мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта
жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау
бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл
күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай
тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің
мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді.
Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру –
тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне
айрықша мән береміз.

Олай болса Салауатты өмір салты деп нені айтамыз?

Ол үшін салауаттылық пен өмір салты деген ұғымдардың мәнісін анықтап
алған жөн.

Салауаттылық, яғни деннің саулығы –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау
ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік
саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. Дененің саулығы –
адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене
мүшелерінің қалыпты жағдайы.

Өмір салты – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін;
тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін,
өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас
ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, өмір салты – деннің саулылығына
нәтижелі ықпал ететін салауатты өмір сүру ұғымын білдіреді.

Қазіргі ғылым салауатты өмір салтын:

-ең жақсы үйлесімді тәртіп;

-иммунитетті және денені шынықтыру;

-дұрыс тамақтану;

-орнықты өмір сүру әдеті ;

-зиянды әдеттің болмауы (ауру қалса да - әдет қалмайды);

-жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.

Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы
болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен
жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып
табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың
саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған
бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім
саласына, ұстанымға

қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру күрделі, жүйелі үрдіс. Сондықтан оны
жүзеге асыру

төмендегідей мәселелерді шешілуін талап етеді:

- Құқықтық ортамен қамтамасыз ету;

- Ақпарат рөлін арттыру;

- Салауаттанудан білім беру рөлін күшейту, білім беру ұйымдарында салауатты
өмір салтын

қалыптастыру жөніндегі оқу-әдістемелік орталық құру;

- Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолданбалы зерттеулердің рөлін
арттыру.

Мектептерде салауатты өмір салтын қалыптастыру төмендегідей мүмкіндіктер
тудырады:

1) балалар мен жастар денсаулығын нығайту;

2) гигиеналық сауаттылықты арттыру;

3) денсаулықты сақтау әдістері мен қағидаларын қалыптастыру;

4) салауатты өмір салтының негіздері мен түрлерін танып білу;

5) психопрофилактика және психогигиенаның әдістерін қолдану;

6) өз денсаулығын сақтауға жауапкершілікті арттыру;

7) оқушылардың дене қимылдары белсенділігін күшейту;

8) түрлі жұқпалы және тәндік созылмалы аурулардың пайда болуынан
сақтандыру;

9) ауырсындыратын әуестіктерге - темекі тартуға, алкоголь, есірткі заттарды
пайдалануға

жиіркенішпен қарауға үйрету.

Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:

- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен
жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін
барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;

- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып,
сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға
бағытталған іс – шараларды жүргізу.

Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты:
тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас
ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының
уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;

Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру,
өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиненалық
мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Меніңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан
салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:

- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе
спортпен шұғылдану;

- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;

- дұрыс жыныстық тәрбие алу;

- зиянды әдеттерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары
мынаны көздейді:

- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;

- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;

- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана

сүйену;

- Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының

әсерін білу;

- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты

туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;

- Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз

қалыптастырып үнемі пайдалану;

- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін

дайындау.

Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу
барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты
тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде
сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей
байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа
барар жол үстіндегі талапкерлер.

Қазақстан Республикасының Білім заңында мектеп оқушылары бойында
адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу
және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет
екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі
сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік,
мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие
беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.

Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай
маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын
қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген
аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен
жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді. Қазіргі кезде,
жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым
шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара
жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен.
Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде
жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады.
Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады,
екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық
қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын
қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам
жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ
құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында
өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары
Орта мектепте биология курсында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Салауатты өмір сүру сапасы
Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Пәндер