Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І Несие туралы ұғым

ІІ Несиенің формасы

ІІІ Несие беру шарттары

IV Несиенің элементтері

Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан
екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде
несиеге байланысты қатынас туындайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие – бұл
банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әртүрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда –
бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқарады:
• Қайта бөлу;
• Айналыс шығындарын үнемдеу;
• Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
• Капиталдың шоғырлануын жеделдету;
• Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында
толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп
атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануын туады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ
одан пайда табу.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті
сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
-қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
-коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен
салыстырғанда төмен болады;
-қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде
рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына
қосылады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
І Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1.Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
-банктерге;
- қаржы несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнекәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
-саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
-жабдықтау – сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
-жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
-қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
-ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
-негізгі қорларға жұмсалатын;
-айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
-кепілхатпен,
- кепілдемемен;
-кепілдікпен;
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
-сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай
күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің
жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1- санатты
күмәнді, 2- санаты күмәнді, 3- санатты күмәнді, 4- санатты күмәнді, 5-
санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар
шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларына сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие- бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несие.
3. Овердравт несиесі – клиенттінің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
6. Банкаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің мәні және оның қажеттілігі
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және несиелеуді жүзеге асыратын мекемелер
Несие беру, қайтару және пайыздарды есептеу есебі
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Несие. Несие формалары мен түрлері
Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
НЕСИЕ ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы
Несие ақшалары: олардың негізгі түрлері және айналыс заңдылықтары
Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау туралы
Пәндер