Монополистік бәсеке нарығы
Нарықтың пайда болуы
Нарық, айырбас, айналым категориялары өте тығыз байланысты және
күнделікті тұрмыста көп кездеседі. Қоғамдық еңбек бөлінісі қызмет пен еңбек
өнімдерінің айырбасталуына мүмкіндік туғызады. Бұған байланысты айырбас
барлық экономикалық дәуірге кіретін экономикалық категория болып табылады.
Айырбастың ең көп тараған формасы - бартер.
Бартер - бір тауардың екінші тауарға ақшасыз айырбасталуы (Т-Т). "Айырбас"
пен "тауар айналымы" арасында айырмашылық бар. Тауар айналымы - жанама
түрде ақша мен тауар айырбасы (Т-А-Т). Олай болса, тауар айналымы ақша
айналымымен байланыста болады.
Алайда, көптеген жыл көлемінде тауар айналымы кездейсоқ күбылыс деп
үйғарылды. Тек ол қазіргі жалпылық сипатқа ие болған кезде ғана нарық
жүйесінің дәлелін қарастыруға болады. Бүл 6-7 мың жыл бүрын болған. Алғашқы
кезеңдері нарық деп - адамдар тауарлар мен қызметтердің айырбасын
жүргізетін жерді атаған.
Тауар өндірісі қоғамдық еңбек бөлінісінің кеңінен дамуына байланысты.
Нарық әркелкі, сондықтан оны әр түрлі жақтарынан оқьп үйренуге болады.
Нарықты сату - сатып алу көзқарасы жағынан қарастырсақ, ол ұсыныс пен
сұраныс және өндіруші мен тұтынушы арасындағы өзара арақатынас сферасы
деуге болады. Ал экономиканы ұйымдастыру жағынан қарастырсақ, ол
экономиканы қалыптастырудың қоғамдық формасы болып табылады. Нарық
қатысушылардың позициясы жағынан оны шаруашылық субъектілері арасындағы
қоғамдық байланыс деп айтуға болады.
Нарық - экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің
барлық салаларында өндіру, тұтыну, бөлу, айырбастау, сату-сатып-алу арқылы
жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды Қызмет атқарады:
• Біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни "не,
Қалай, кім үшін өндіру керек?" мәселелері шешіледі;
• Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады.
Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып алушы болып
табылады. Ол өміріне қажетті немесе өндірісіне қажетті тауарды сатып алады
да, осы нарықта өзі өндірген өнімді немесе мүлікті, не болмаса жұмыс күшін
сатады;
• Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқыңдауға
болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар қоғамға
қажетті өнімді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды. Егер шығын
деңгейі жоғары болса, онда өнімді сатып ала алмайды және өнім алдағы
уақытта өндірілмейді. Дәлірек айтқанда,нарыққа шығындарын жаба алатын және
бағалары қолайлы тағайындалған тауарлар шығады;
• Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі - бағаны белгілеу. Баға сұраныс
пен ұсынысқа қарай ауытқып отырады. Егер тауардың қандай да бір көлемі
сүранысты жоғарылататын болса, онда баға төмендейді, оған сәйкес өндіріс
пен ұсыныс та төмендейді. Керісінше, жоғары баға өндірісті
кеңейтеді. Бұл өсулер тепе - тең баға қалыптасқанша жалғаса береді;
• Бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциалдайды. Бәсеке кезінде
шығыны нарықтық бағадан төмен фирма өмір сүре алады. Бұл кезде фирма пайда
таба алады. Егер жүмсаған шығындар нарықтық бағадан асьщ кететін болса,
ол бос шығындалуға алып келеді. Өндірушілердің дифференциясы тиімді
фирмалардың дамуына, ал тиімсіздерінің жойылуына алып келеді.
Нарықтың инфрақұрылымы: мәні және негізгі элементтері
Нарықтың сипаттамасы оның құрылымының, әрекет етуші тұлғаларының және
олардың қызығушылық объектілерінің зерттеуінсіз толық болмайтын еді.
Нарықтың әрекет етуші түлғалары немесе субъектілері үй шаруашылығы,
фирмалар және мемлекет болып табылады.
Үй шаруашылығы - бұл бір немесе бірнеше тұлғаның құрамындағы
экономикалық бірлік. Ол:
• өз бетінше шешім кабылдайды;
• қандай да бір өндіріс факторының иеленушісі болып табылады және
өзінің мүлкін, капиталын, жұмыс күшін сата алады немесе жалға бере алады;
Фирма - бұл экономикалық бірлік. Ол:
• сату мақсатымен өнім дайындау үшін өндіріс факторларын пайдаланады:
• пайданы максимизациялауға ұмтылады;
• өз бетінше шешім қабылдайды.
Мемлекет қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққа және шаруашылық
субъектілеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін саяси және заңды билікті
жүзеге асыратын үкіметтік мекемелермен ұсынылған.
Үй шаруашылықтары, фирмалар және мемлекет нарык объектілерін сату
және сатып алу, пайдалану, иелену туралы экономикалық қатынастарға кіреді.
Нарықтық шаруашылықтың объектілері: тауарлар мен қызметтер, өндіріс
факторлары (еңбек, жер, өндіріс факторлары), ақша, құнды қағаздар
субсидиялар, әлеуметтік төлемдер т.б. болып табылады. Нарықтың нақты
құрылымы бар.
Нарық құрылымы - бұл нарықты бөлек элементтерінің ішкі құрылысы.
Нарықтың құрылымын әр түрлі критерийлермен жіктейді. Олардың ішіндегі
маңыздылары келесілер болып табылады:
• экономикалық міндеттеріне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы,
өндіріс құралдары нарығы, еңбек нарығы, инвестициялар, құнды қағаздар,
қаржы нарығы;
• географиялық орналасуына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық
және әлемдік нарықтар;
• бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық, олигополиялық,
еркін және аралас нарықтар; саласы бойынша: автомобиль, бидай нарығы;
• сату түріне байланысты: көтерме, бөлшек сауда нарығы.
Қазіргі нарық инфрақұрылымсыз, яғни көмекші салалар мен ұйымдарсыз
мүмкін емес. Нарық инфрақұрылымы - бұл нарық қатынастарының сәтті жұмыс
істеуін қамтамасыз ететіп коммерциялық және мемлекеттік фирмалар мен
мекемелердін жиынтығы. Нарық инфрақұрылымыныц үш түрін ажырату қабылданған:
тауар, қаржы және еңбек нарығы.
Тауар нарығының инфрақұрылымы биржалық емес сипаттағы делдал
фирмалары, жәрмеңкелермен, аукциондармен, көтерме және бөлшек сауда
кәсіпорындарымен, тауар биржаларымен ұсынылған.
Қаржы нарығының инфрақүрылымы озіне валюта және қор биржаларын,
банктерді, сақтандыру компанияларын және қорларды қосады. Еңбек нарығының
инфрақұрылымы өзіне енбек биржасын еңбекпен камту қызметі мен кадрларды
даярлау мен жұмыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz