Кластерлік технологиялардың қызмет етуі мен теориялық негізі



Жоспар:

Кіріспе:

I Бөлім Кластерлік технологиялардың қызмет етуі мен теориялық негізі.
1.1 Кластерлік технология түсінігі, қалыптасу принциптері.
1.2 Қазақстанда қалыптасқан кластерлік жүйенің
негізгі бағыттары.
1.3 Қазақстандағы агроөнеркәсіп кластерінің қалыптасу ерекшелігі және оны мемлекеттік реттеу.

II Бөлім БҚО.ғы «Ақ қайнар» Акционерлік қоғамында кластерлік жүйенің қалыптасуының қазіргі жағдайы.
2.1 «Ақ қайнар» Акционерлік қоғамының қызметінің ұйымдық.құқықтық қалыптасуы.
2.2 «Ақ қайнар» Акционерлік қоғамының экономикалық ахуалы.
2.3 «Ақ қайнар» Акционерлік қоғамындағы кластерлік жүйе негізінде
өнім өндіру

III Бөлім Экономиканы дамытуда кластерлік жүйені жетілдіру жолдары

3.1 Агроөнеркәсіптерде кластерлік жүйені жетілдіру
3.2 Кластерлік жүйені дамытудың ұйымдық механизмі және оны мемлекеттік қолдау
I Бөлім Кластерлік технологиялардың қызмет етуі мен теориялық негізі.

1.1 Кластерлік технология түсінігі, қалыптасу принциптері.

Қазақстан бүгінде дүниежүзіндегі ең жақсы дамыған елдердің қатарына қосылуға батыл бағыт ұстап отырғандығы белгілі.Әрине ол үшін ел экономикасы әлемдік деңгейдегі бәсекеге сай болуы керек.Осындай жағдайлардан барып, бүгінде қоғамымызда «кластер» деген ұғым пайда болып, өмірімізге еніп отыр. «Кластер» деген сөздің төркіні ағылшынша «cluster» , яғни шоғырлану деген мағынаны, былайша айтқанда бір үлгідегі нысандардың шоғырлануы сияқты ауқымды ұғымды білдіреді.
Жалпы кластер дегенді санамен салмақтаған адам, оның анық-қанығына көз жеткізбей қоймас.Бұл өмір талабы және бүгінгі қолданыстарды ерекше үлгіде дамыту жағдайынан туындап отырған мәселе.Ғылыми түсініктемеде кластер – қосымша құнды құру процесі негізінде өзара байланыста жұмыс істейтін өнім жеткізушілер мен өндірушілер, тұтынушылар мен өнеркәсіп инфрақұрылымдары, ғылыми зерттеу институттары мен маман даярлаушы оқу орындарының өзара қарым-қатынасы.
Белгілі американдық ғалым Майкл Портер өзінің «Халықаралық бәсекелестік» атты кітабында компьютер ғасырының белгісін білдіретін «кластер» (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген түсінік енгізді.Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатын сияқты экономикада да ойдағыдай бәсекелесуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсас нұсқадағы құрамалар пайда болады. Бәсекелестік артықшылығы серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай-ақ , тарылуы да, жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе:
I Бөлім Кластерлік технологиялардың қызмет етуі мен теориялық негізі.

1. Кластерлік технология түсінігі, қалыптасу принциптері.
2. Қазақстанда қалыптасқан кластерлік жүйенің
негізгі бағыттары.
3. Қазақстандағы агроөнеркәсіп кластерінің қалыптасу ерекшелігі және
оны мемлекеттік реттеу.

II Бөлім БҚО-ғы Ақ қайнар Акционерлік қоғамында кластерлік жүйенің
қалыптасуының қазіргі жағдайы.
2.1 Ақ қайнар Акционерлік қоғамының қызметінің ұйымдық-құқықтық
қалыптасуы.
2.2 Ақ қайнар Акционерлік қоғамының экономикалық ахуалы.
2.3 Ақ қайнар Акционерлік қоғамындағы кластерлік жүйе негізінде
өнім өндіру

III Бөлім Экономиканы дамытуда кластерлік жүйені жетілдіру жолдары

3.1 Агроөнеркәсіптерде кластерлік жүйені жетілдіру
3.2 Кластерлік жүйені дамытудың ұйымдық механизмі және оны мемлекеттік
қолдау

I Бөлім Кластерлік технологиялардың қызмет етуі мен теориялық
негізі.

1.1 Кластерлік технология түсінігі, қалыптасу принциптері.

Қазақстан бүгінде дүниежүзіндегі ең жақсы дамыған елдердің
қатарына қосылуға батыл бағыт ұстап отырғандығы белгілі.Әрине ол үшін ел
экономикасы әлемдік деңгейдегі бәсекеге сай болуы керек.Осындай
жағдайлардан барып, бүгінде қоғамымызда кластер деген ұғым пайда
болып, өмірімізге еніп отыр. Кластер деген сөздің төркіні ағылшынша
cluster , яғни шоғырлану деген мағынаны, былайша айтқанда бір үлгідегі
нысандардың шоғырлануы сияқты ауқымды ұғымды білдіреді.
Жалпы кластер дегенді санамен салмақтаған адам, оның анық-
қанығына көз жеткізбей қоймас.Бұл өмір талабы және бүгінгі қолданыстарды
ерекше үлгіде дамыту жағдайынан туындап отырған мәселе.Ғылыми
түсініктемеде кластер – қосымша құнды құру процесі негізінде өзара
байланыста жұмыс істейтін өнім жеткізушілер мен өндірушілер, тұтынушылар
мен өнеркәсіп инфрақұрылымдары, ғылыми зерттеу институттары мен маман
даярлаушы оқу орындарының өзара қарым-қатынасы.
Белгілі американдық ғалым Майкл Портер өзінің Халықаралық
бәсекелестік атты кітабында компьютер ғасырының белгісін білдіретін
кластер (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген түсінік енгізді.Электрондық
есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатын сияқты экономикада да
ойдағыдай бәсекелесуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда
бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсас нұсқадағы құрамалар пайда
болады. Бәсекелестік артықшылығы серпілісінің көрінісі ретінде кластер
дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай-ақ
, тарылуы да, жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін.
М.Портер ұлттық деңгейде бәсекелестік түрлерін қоғамның
экономикалық дамып жетілуіне қарап анықтайды. Егер бәсекелестік жағдайын
табиғи ресурстар, тек құндық факторлар және сол сияқтылар айқындаса, онда
іс басқа, ал инвестициялық мүдделер шешуші жағдайға айналса-ол бір басқа,
ал енді қозғаушы күш ретінде жаңалыққа, жаңалық енгізуге деген ынталылық
болса, онда іс тіпті бір басқа.Кластерлер бәсекелестік қабілеттілікті
арттырудың құралы екенін ескере отырып, біздер өз еліміздегі бәсеке
жағдайларын анықтаудың әдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екенін
ұмытпауға, осы тұрғыдан келіп, қайда және қандай кластерлер құруымыз,
қалыптастыруымыз керек екенін анықтауға тиіспіз.
Тағы да бір біз басшылыққа алуға тиіс М.портердің әдістемелік
ұстамы- ол экономикалық өркендеу көзін не фирма деңгейінде, не елді тұтас
алғандағы деңгейден іздеу дұрыс емес деп санайды.Жіңішкерек амал, ұстаныс
іздеу қажет.Нақтырақ айтқанда: неліктен дәл осы елде тиісті сала
халықаралық бәсекелестікте табысқа қолы жетті? Басқаша айтқанда, неге осы
елге негізделген фирмалар өз саласындағы ең жақсы шетелдік фирмаларға
қарағанда бәсекелестік артықшылықтарды жасай алады және оны қолдан
шығармайды?
Мәселен, неліктен Германия типографиялық жабдықтардың, әсем
автомобильдердің және химиялық реактивтердің және толып жатқан жетекші
өндірушілердің базасына айналғанын қалай түсіндіруге болады ? Немесе
неліктен Швейцарияда фармацептикалық өнеркәсіптің, шоколад өндірудің
әлемдік жетекшілері шоғырланған? Неге, ауыр жүк машиналарын және тау-кен
өнеркәсібі үшін жабдықтар шығару жөніндегі жетекші фирмалар Швецияны база
жасаған? Неге, итальяндықтар керамикалық плиткалар, шаңғы ботинкалары,
орайтын жабдықтар мен автоматтандырылған өндірістік жүйелер бойынша өте
күшті болып келеді? Неге, Жапония тұрмысқа қажет электроника, робот,
фото, көшірмелік қондырғылар саласында бірінші орынды мықтап ұстауда?
Атап айтқанда , сол елдің фирмалары өз саласында
бәсекелестік артықшылықты қалай жасай алатынының және ұстап тұра
алатынының себептерін түсіне білу жеке фирманың саясатын жасау кезінде
ғана емес, сонымен бірге, жалпы ұлттық экономикалық міндеттерге жету үшін
қажетті дұрыс амал.
Бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика
бойынша біркелкі таралмаған, бір-біріне бағынышты салалардан тұратын
кластерлерге (шоғырларға) байланыстырылған.Мысалы, Италияда экспорттың 40
пайызға жуығы азық-түлікпен, сәнді киім жасаумен немесе тұрғын үйді
көркейтумен байланысты салалар кластерінің үлесіне келеді. Швецияда барлық
экспорттың 50 пайызынан астамын тасымалдаумен, металлургия және ағаш
өңдеумен байланысты салалар кластерлері өнімдерінің экспорты құрайды.
Данияда үй үшін тауарлар өндіретін және денсаулық
сақтаумен (фармацевтика, витаминдер, медициналық жабдықтар және т.б.)
байланысты бәсекеге қабілетті салалардың кластерлері бар. Швеция целлюлоза
мен қағаз өндіруде ғана бәсекеге қабілетті болып қоймайды, сондай-ақ,
ағаш өңдейтін жабдықтар, металл қорытатын қазандар, конвейерлік жүйелер,
бақылаушы өлшеуіш құралдар, целлюлоза мен қағаз өндіру үшін қажет
жабдықтар, қағаз кептіретін жабдықтар шығаруда да бәсекеге қабілетті.
Ірірек елдерде кластерлердің саны көбірек болып келеді,
олардың бар екендері әрқашан айқын көрінеді.Германияда жоғарыда атап
көрсетілген ірі кластерлерден басқа да кластерлер бар және ол кластерлер
келесі салалардан көрінеді: химия өндірісінде, металлургияда, көлікте және
баспада. Осы салалардың әрқайсысында да ақырғы негізгі өнімді даярлау үшін
қажет жабдықтарды өндіруде ел табысқа жеткен.
Кластерлердің пайда болу себептері ұлттық артықшылықтардың
себепшілерімен тікелей байланысты және олардың жүйелік сипатының
көрінісі болып табылады. Бір бәсекеге қабілетті сала өзара нығайтушы
қатынастар процесінде екінші салалық бәсекеге қабілеттілігін жасауға
көмектеседі. Мұндай сала көбінесе өзі тауарлар мен қызметтің аса талапшыл
сатып алушы болып келеді. Ондай саланың елде бар болуы жабдықтаушы саланың
бәсекеге қабілеттілігінің өсуін анықтаушы маңызды факторлар болып
табылады.Бәсекеге қабілетті жабдықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті
тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік туғызады. Олар екіншілерін
технологиялармен қамтамасыз етеді, ортақ өндірістік факторлардың дамуын
ынталандырады, жаңа өндірушілерді туындатады.Кластер қалыптасқан кезде
оның құрамындағы барлық өндірістер бір-біріне өзара қолдау көрсете
бастайды. Тиімділік, пайда байланысының барлық бағыттары бойынша
тарайды.Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің басқа салаларына
тарайды, соның арқасында қосылған құн тізбесін өсіре түседі.
Салалардың толып жатқан кластерлерінің болуы- ішкі
бәсекелестер тобы бар жерде факторларды тудыру процесін тездетеді.Өзара
байланысты салалар кластерінің барлық фирмаларды маманданған, бірақ та
біртектес технологияларға, ақпаратқа, инфрақұрылымға , адам ресурстарына
инвестициялар жасайды, бұл өз кезегінде жаңа фирмалардың жаппай пайда
болуына әкеп соғады.Кластер тұтас алғанда ірі капитал жұмсауға және
мамандануға мүмкіндік тудырады.
Бәсекеге қабілетті салалар кластерді оның жеке бөліктерінің
жай ғана қосындысынан үлкен болып шығады. Оның ұлғаю тенденциясы бар,
өйткені, бір бәсекеге қабілетті сала басқасын туындатады.Мұндай өсудің
бағыты кластерлердің құрамына бағынышты және олар әр елде әртүрлі.
Әртүрлі елдерде , ал елдердің ішінде- әртүрлі салаларда
кластерлердің сипатында және қызметтің тиімділігінде қатты айырмашылықтар
байқалады. Қай жерде ұлттық ерекшеліктер кластер ішінде өзара алмасуға
мүмкіндік тудырса, елдің маңызды артықшылыққа қолы сол жерде жетеді.
Ақпараттың жеңілірек қозғалысына сондай-ақ көлденең
және тік байланыстардың фирмалардың мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік
беретін жағдайлар кластерлер арасында өзара алмасуға мүмкіндік тудыратын
тетіктер болып табылады.
Ақпарат қозғалысын жеңілдететін факторлар:
• Бірге оқу немесе әскерде бірге қызмет атқару негізінде қалыптасқан
жеке қарым-қатынас;
• Ғылыми қоғамдастықтарда немесе кәсіби ассоцацияларда пайда болатын
байланыстар;
• Жағрапиялық жақындастықтан туған байланыс;
• Салалық ассоцациялар, қызмет көрсетуші кластерлер;
• Ұзақ мерзімді және баянды өзара қарым-қатынасқа сенім сияқты мінез-
құлық ережесі;
• Мақсаттардың сай келуін және кластер ішіндегі сиысушылықты анықтайтын
факторлар;
• Фирмалар арасындағы семьялық және семья төңірегіндегі байланыстар;
• өнеркәсіп топ ішіндегі жалпы меншік;
• акционерлік меншіктегі үлестік қатысу;
• фирма директорлары арасындағы қарым-қатынастар;
• ұлттық патриотизм;
Кластерлердің пайда болуының тәсілдеріндегі ұлттық
айырмашылықтар фирмалардың сол елге тән үлгілерінің әртүрлілігіне
байланысты.Италияда көптеген бәсекеге қабілетті салалар үшін қозғаушы күш
тұтынушылар мен дайын ақырғы өнімге қойылатын талаптың жоғары деңгейі
болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында қалыптасқан кластерлік жүйенің
негізгі бағыттары.

Қазіргі кездегі Қазақстан өнеркәсібі шикізаттық сипатта болып
отыр, экспорттық тауарлар құрамында бәсекеге қабілетті дайын тауарлар
жоқ, экспорт арқылы негізінен материалдық өнімдер, өңделмеген немесе шала
өңделген қара және түсті металдар ғана сатылады.Қазақстанда өндірілетін
мұнай мен газдың, қара және түсті металдардың меншік иелері шетелдік
компаниялар болып табылады, мемлекеттің шетелдік және отандық акционерлік
компанияларда акция пакеті жоқ, тек қана мұнай өндірудегі аз-мұз қатысынан
басқа қомақты түрде қолға ұстары тағы жоқ.
Негізгі капиталға деген инвестициялар, көбінесе, кен өндіру
өнеркәсібіне келіп түседі, ақырғы дайын өнім шығару үшін өңдеуші
өнеркәсіпке инвестиция салушылар әзірге байқалмайды.
Өңдеуші өнеркісіп салалары айтарлықтай дамымағандықтан, сондай-
ақ, олардың қолданбалы ғылыммен байланысы жеткілікті түрде жолға
қойылмағандықтан, Қазақстанда өнеркәсіпті дамытудың инновациялық
факторының әзірге экономикаға тигізетін әсері азын-аулақ қана дәрежеде.
Осындай жағдайларда кластерлерді әзірлеуге қатысушылар –тік
және көлденең бағыттарда , табиғи факторларды да, инвестициялық және
инновациялық факторларды да естен шығармай кластерлерді құру және дамыту
жөніндегі әлемдік тәжірибені жан-жақты , өте мұқият ескерулері қажет.
Сонымен бірге , Қазақстан экономикасының басты ерекшелігімен санасуға
тура келеді, өйткені, бүгінде Қазақстанда өндірілетін басты өнімдерінің
бәрі де шетелдік компаниялардың меншігінде, ал олар болса барлық шикі
мұнайды құбырлар арқылы сыртқа шығаруға, өндірілген барлық қара және түсті
металдарды, атап айтқанда , темір кені, ферроқорытпа, қара металдың жалпақ
илектері, тазартылған және тазартылмаған мыс, өңделмеген мырыш, қорғасын
және басқа түрдегі өнім түрінде шетелдерге жөнелтуге ғана ынталы.
Осындай жағдайда құрылатын кластерлердің құрамында әртүрлі
ұйымдар және мекемелермен қатар Қазақстанның Үкіметтік құрылымдары мен
ғылыми күштер де болуға тиіс және олар кластерге қатысушыларға елеулі
түрде өз ықпалын жүогізетіндей ықпалда болулары керек. Бұл жерде Даму
Банкі, Инвестициялық және Инновациялық қорлар сияқты даму институттары
деп аталатындардың қатысуымен ғана шектелуге болмайды.Мұның алғашқы
кластерлерді құру барысында-ақ таяу арада өмірдің өзі көрсететін болады.
Қазақстан таяу болашақта кластерлер үшін құрылыс алаңына
айналады деген үміт бар. Қазақстанда кластерлер экономиканың барлық
салаларында – агроөнеркәсіптік, ағаш өңдеу, отын-энергетикалық,
металлургиялық, химиялық, жалпы машина жасау, құрылыс, көлік,
телекоммуникациялық кешендерде құрылуы және дамуы мүмкін.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені ұлттық агроөнеркәсіп
кешенінің ақырғы дайын өнімдеріне жататындар: азық-түлік өнімдері, киім,
темекі бұйымдары.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде келесідей кластерлер
дамуы мүмкін: астық өңдеу жөніндегі, сүт өңдеу жөніндегі, ет өңдеу
жөніндегі кластерлер. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі болып
саналатын тоқыма өнеркәсібінде мақтаны өңдейтін және жүнді өңдейтін
кластерлер өркендеуі мүмкін. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені шеңберінде
тігін бұйымдарының кластері және тері мен аяқ киім өндіру жөніндегі
кластер құрудың мүмкіндігін қарастыруға болады.
Қазіргі кездегі республикада дәнді дақылдарды өңдеу жөніндегі 1922
кәсіпорын (ұн тартатын комбинаттар) бар. Ұн өндіру жөніндегі қуаттарды
пайдалану коэфициенті -38,7 пайыз. Негізгі қорлардың тозу деңгейі 26,1
пайыз.Бірінші суретте астықты тереңірек өңдеудің, жаңа өнімдерді (құрғақ
және тоңазытылған ұлпа, кондитерлік өнеркәсіп және басқа салалар үшін
жартылай фабрикаттар, диеталық тамақтардың өнімдері және т.б.) игерудің
қажеттігі көрсетілген.Жаңа өндірістер ауыл шаруашылық шикізатты толығырақ
пайдалану, өндірістік қуаттарды пайдалану деңгейін көтеру мақсатында және
сондай-ақ ұзақ мерзімге сақталатын астықтан жасалатын өнімдердің әртүрлі
ассортиментімен халықты қамтамасыз ету үшін орналастыратын болуға тиіс.
Кластердің инновациялық құрылымын дамыту маңызды міндет болып
табылады. (Сурет 1)
Бұл кластердің өңірлік мамандануын немесе қызмет істейтін аймағы
республиканың тауарлы астық өндіретін облыстарына, атап айтқанда, Солтүстік
Қазақстан облыстарына таралады. Астық кластерлері ірі қалаларға жақын
орналасқан елді мекендерге де дамуы мүмкін, оларда астық өңделгенге
табыстылығы төмен өнімдер (дән негізіндегі құрғақ тағамдар, ұннан жасалған
және кондитерлік бұйымдар, диеталық тамақтануға арналған өнімдер және т.б.)
өндіру жөніндегі кәсіпорындар орналасуы саналы түрде шартты нәрсе.
Сүт өндіру жөніндегі кластер бойынша статистикалық деректер мен
2000-2002 жылдарғы салааралық балансқа сәйкес ілеспелі өндірістердің
қазіргі жағдайы энергетика салаларымен өзара байланысының күшеюімен
сипатталады.
Кластердегі өнімдер арасындағы байланыстар серпіні Шығыс
Қазақстан облысында, Оңтүстік (Алматы облысы мен Алматы қаласы) және
Солтүстік (Қостанай, Ақмола облыстары) облыстарда күшейе түсуде, оларда ірі
қараның едәуір саны шоғырланған және олар сүт өндіру мен өңдеуге
маманданған. (Сурет 2.)
Келтірілген суреттен сүтті өңдеуді тереңдете түсудің сүт
өнімдерінің жаңа түрлерін игерудің (ауылшаруашылық шикізатын толығырақ
пайдалану, өндірістік қуаттарды пайдаланудың деңгейіне көтеру, халыққа
ұзақ мерзімге сақталатын сүт өнімдерімен қамтамасыз ету және т.б.
мақсатында жаңа өндірістерді орналастырудың) күн талабына сай екендігін
көруге болады. Кластерді қалыптастыруды оңтайландыру сүт өнімдерінің
импортын азайтуға жағдай тудыратын болады. Инновациялық инфрақұрылымды
құру маңызды міндет болып табылады.

Өңірлік мамандану немесе осы кластердің қызмет ететін аймағы
Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарына және Алматы қаласына, Қостанай, Ақмола
облыстарына (сүт өндіру, ірімшік, сүт консервілерін өндіру және т.б.)
сондай-ақ ауыл шаруашылық шикізаты және сүт өнімін тұтынушыға тез
жеткізетін мүмкіншілігі бар ірі қалаларға жақын орналасқан елді
мекендерге қатысты болмақ.
Статистикалық деректер мен 2000-2002 жылғы салааралық балансқа
сәйкес осы кластер бойынша ілеспелі өндірістердің қазіргі жағдайы
ресурстар бойынша отын-энергетика кешенімен және материалдар бойынша
металлургиямен өзара байланысының күшеюімен сипатталады.
Кластердегі өнімаралық серпіні Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік
(Алматы облысы және Алматы қаласы) және Солтүстік (Қостанай, Ақмола
облыстары) Қазақстан облыстарында күшейеді, оларда мүйізді ірі қара мен
құстың едәуір саны шоғырланған және олар ет өндіру мен өңдеуге
маманданған. (Сурет3)
Үшінші суреттен республикада еттің тауарлық ресурсының
жалпы көлемінде етті өнеркәсіптік өңдеудің үлесін көтерудің, етті өңдеуді
тереңдетудің, ет өнімінің жаңа түрлерін игерудің (ауыл шаруашылық
шикізатын толығырақ пайдалану мақсатында жаңа өндірістерді орналастыру,
ұзақ мерзімге сақталатын ет өнімдерінің өндірістерін құрудың)
көкейтестілігін көресіз.Қазіргі заманғы қоймаларды және инновациялық
инфрақұрылымды құру маңызды міндет болып табылады.
Осы кластердің өңірлік мамандануы немесе қызмет істейтін аймағы
Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарына, Алматы қаласына, Қостанай ,Ақмола
облыстарына (жаңа, салқындатылған немесе мұздатылған тұтас күйіндегі етті
өндіру және етті өлшеп орау), сондай-ақ, ауылшаруашылық шикізат пен ет
өнімін тұтынушыға тез жеткізуге мүмкіншілігі бар ірі қалалар маңындағы
елді мекендерге қатысты.
Қазақстанда белгілі жағдайларда жүзім, мақта, жүн, тері өңдеу
жөніндегі кластерлерді құруға да және дамытуға да болады.Ол үшін
елімізде шикізат мол, бұрынғы кезде осы өнімдерді өңдеп, олардан дайын
өнім өндіретін кәсіпорындар болғаны да белгілі.Мәселен, жүзім шаруашылығын
алып қарасақ, 1990 жылы Қазақстанда жүзім егісінің көлемі-24,9 мың гектар
еді, 2003 жылы одан 10,4 мың гектар қалды.Бұл да аз емес және болашақта
егістік көлемін кеңейтуге болады.1990 жылы Қазақстанда 138,7 мың тонна
жүзім жиналды, 2003 жылы-28,0 мың тонна, 1 гектардан алынған түсім,
тиісінше 80,5 және 29,1 центнер. Бұдан қазіргі кезде жүзім шаруашылығының
құлдырап тұрғаны айқын көрінеді.Алайда, жүзімнен түрлі-түрлі дайын
өнімдер өндіруге болатынын және оларға сұраныс табылатынын ескерсек, бұл
салада шикізат өндіру тез арада өсіп шыға келетіні анық. Мәселенің түйіні
осы салада кластер құруға ынталы министрліктің, ғылыми-зерттеу
мекемелерінің , салаға инвестиция жұмсаушы қаржы көздері, солардың
ынтымақтастығы, бірлестігі болуына байланысты. Жүзімнен шырын, шарап,
балалардың арнайы тағамы, медициналық препараттар, тағы басқа дайын
өнімдер шығаруға болатыны белгілі.Елде шампан өндіретін ірі кәсіпорын бар.
Қазақстан экономикасында мақта шаруашылығы елеулі орын алатыны
белгілі.Мәселен, 2003 жылы Қазақстан басқа елдерге 124,1 мың тонна мақта
талшығын 140,3 млн долларға экспортқа шығарды. Экспорттың жалпы сомасының
1,1 пайызын ғана құрағанына қарамастан мақта талшығы Қазақстан
ауылшаруашылығы экспортқа шығаратын екі өнімнің бірі. 140,3 млн доллар аз
ақша емес. Әттеген- айы сол, мақтаны біз негізінен мақта талшығы күйінде
экспортқа шығарамыз. 2003 жылы экспортқа 1,9 мың тонна ғана мақта
маталары-3,7 млн долларға шығарылды. Ал дайын өнім шығару деген атымен
жоқ. 2003 жылы 403 мың тонна шитті мақта өндіріп, 124,1 мың тонна мақта
талшығын экспортқа шығарды.Мақтадан дайын өнім шығарар болсақ, жаңа жұмыс
орындары пайда болады, жұмыссыздық азаяды, жұмысшылар жалақы алып, табыс
табады, дайын өнім өндіру ішкі жалпы өнімнің, экспорттың көлемін
арттырады, басқа да жетістіктерге жеткізеді. (Сурет 4)
Суреттен көрініп тұрғандай , мақта өңдеу жөніндегі кластердің
құрамына мақтаны өңдеу мен маталар өндіру, медициналық және техникалық
мақта және басқа да тауарлар шығару үшін шикізат ретінде мақтаны кешенді
өңдеу енеді. Кластерді құру үшін осы салаға қатысты ғылым саласын және
қолданбалы ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді,
нақты кәсіпорындарында осы сала бойынша жаңа технологияны енгізу
жөніндегі экономикалық және маркетингтік зерттеулерді дамытудың арнайы
бағдарламасын жүзеге асыру қажет.
Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал
ауданында 9 мақта зауыты бар. Сондай-ақ, салынып жатқан кәсіпорындар да
баршылық, олар:
1. Шымкентте қуаты жылына 30 мың тонна мақта өңдейтін зауытты Шампиев
АҚ және Атакент салып жатыр. Оның тауарлы өнімінің жылдық сомасы 10
млн доллар болмақ.
2. Шымкентте Әсем ЖШС пен Атакент медициналық мақта шығаратын цех
салынуда.Ол біткен соң жылына 1000 тонна өнім (құны 3 млн доллар
тұратын) шығармақ.
3. НИМЭКС корпорация ЖШС қуаты 80 мың тонна мақта өңдеуге жететін
мақта зауытын салуда. Келешекте осы зауыт мақта майы мен мақтадан
иірген жіп шығармақшы.
4. Қазақстан мақтасы корпорациясы Жетісай қаласында қуаты жылына
35 мың тонна мақта өңдеуге жететін мақта зауытын салуда.
5. INADA NEXTILE Қазақстан-Қытай кәсіпорны Қоңырат селосында жылдық
қуаты 6 мың тонна зауыт салуда.
Бүгінде жұмыс істеп тұрған тоқыма өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары
Алматыдағы АММК тоқыма компаниясы мен Шымкенттегі Эластик галантереялық
фабрикасы. Тігін кәсіпорындарын келешекте Алматы қаласында дамыту тиімді
сияқты. Бұл облыс әкімдері мен Алматы қаласы әкімі бірігіп шешетін мәселе
деп санаймыз.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің кластер арқылы қарқынды
дамитын келесі саласы жүн өңдеумен байланысты. Шығыс Қазақстан, Қостанай,
Алматы облыстарында жүн жуатын және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары
қайта дами бастады, Алматы, Өскемен, Семей қалаларында жүннен жасалатын
тігін және тоқыма бұйымдарын өндіру көлемі ұлғайып келеді. Әскерилер мен
Ішкі істер қызметкерлері үшін тауар өндірудің (ең алдымен шұғадан
жасалатын) көлемі де өсуде. (Сурет 5)
Суреттен көруге болатындай көңіл аударарлық жәйттің бірі- ол жаңа
өндірістерді(ланолин, киізден жасалатын қысқы демалыс үшін арнайы аяқкиім
өндіру т.б.) орналастыру, костюмдік маталар, жүн өнеркәсібі үшін машиналар
мен жабдықтар өндіру сияқты өндірістерді құру арқылы қосылған қосылған
құнды арттыру болып табылады. Сондай-ақ бұл кластерді құрған кездегі ең
басты және маңызды міндеттерге инновациялық инфрақұрылымдарды жасау,
көтерме сауда фирмаларын құру жатады.
Ауыл шаруашылығымен байланысты құруға болатын кластердің бір
түрі тері өңдеу және аяқ киім шығару жөніндегі кластер болмақ. Солтүстік
Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан , Қостанай облыстарында, Семей қаласында
былғары-тері өнеркәсібінің кәсіпорындары өз қуаттарын арттыра түсуде,
ал Алматы, Қаскелең, Қызылорда және Жамбыл қалаларында аяқкиім
өндірісінің көлемі өсе бастады.
Қазақстанда жиһаз өндіру жөніндегі кластер құрудың
мүмкіндігі де, экономикалық тиімділігі де үлкен.Жиһаз халық тұтынатын
тауарлардың ең маңыздыларының бірі, оның үлесіне халық сатып алып ұзақ
мерзімге пайдаланатын тауарлардың жалпы сомасының 40%-ы келеді.
Реформа жылдары 1999 жылға дейін ағаш өңдеу және жиһаз
өнеркәсібі қатты күйзеліске ұшырап, құлдырап кетті, 1990 жылмен
салыстырғанда тауарлы өнім көлемі 6 есеге қысқарды. Ағаш дайындау 1991
жылғы 2,5 млн текшеметрден 1999 жылы 885 мың текшеметрге дейін немесе 2,8
есеге азайды.
Қазіргі кездегі жиһаз өндірісі кең түрлегі және әралуан
ассортименттегі, жоғары сапада жасалған және бағасы бәсекеге лайық болуы
үшін оның өндірісі оңтайлы шоғырлануы, оның мамандану және бірлесу
процестері тереңденуі қажет. Бір жағынан жиһаз үшін керекті құрамдас
бөліктерді шығару жөніндегі арнайы жабдықтарды пайдалануға негізделген
маманданған өндірісті дамыту қажет.
Екіншіден, оңай және тез қайта құратын станоктар мен
механикаландыру құралдарын, икемді технологияны пайдаланатын, көбіне өте
қажетті құрамдас бөліктер мен жинақтаушы бөлшектерді сатып алатын жиһаз
кәсіпорындарының жүйесін дамыту қажет.
Қазақстан экономикасында отын-энергетика кешені жетекші орын
алады.Оның үлесіне негізгі құралдардың 36 %-ы, өнеркәсіптік-өндірістік
қызметкерлердің 29%-ы келеді және оның өнімі ІЖӨ-де 39-44 пайыз аралығында
болып келеді. Саланың түпкі өнімі жылу энергиясы, электр энергиясы, қатты
және сұйық отындар.
Отын энергетикалық кешенде кластерді дамыту жөнінде екі басымдықты
өңірді атауға болады- бұлар Батыс Қазақстан мен Павлодар –Екібастұз өңірі.
Батыс Қазақстанда мемлекетаралық кластерлер дамуы мүмкін, олар мұнай
мен газды өндіру және өңдеу жөніндегі трансұлттық корпорациялармен
байланысты болмақ. Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбе қалалары бойынша нақты
кластерлер облыстық әкімдіктермен бірлесе отырып анықталуға тиіс. Олар,
ең алдымен жұмыс істеп тұрған өндірістердің базасында анықталған жөн.
Мәселен, Атырау қаласында мұнай өңдеу зауытының базасында. Ақтау
қаласындада алдағы уақытта мұнай өңдейтін зауыт салынуы мүмкін және ол
полистрол шығаратын зауытты шикізатпен қамтамасыз ететін болады.
Басымдықты кластерлердің үшінші тобы мұнай-химия өндірісін
дамытумен байланысты.Мұндай кластерлерді ұйымдастыру ішкі және сыртқы
рыноктарда сұраныс табатын өнімдерді, соның ішінде этилен, полиэтилен,
полистрол, поливинилді өндірумен байланысты.
Электр энергетикалық кластердің негізін электр станциялары және
жылу энергиясын беретін аудандық ірі қазандар құрайды.Аталған кластердің
құрамына электр және жылу энергияларын өндірушілерден басқа жүйелік
құрылысты, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын жүзеге асырушы, жабдықтар,
құбырлар мен ток өткізбейтін материалдар өндіретін кәсіпорындар кіруге
тиіс.
Атырау облысында мұнай-химия кластері құрылса, ол мұнай
өнімдерін, мұнай коксін, мұнай битумын, табиғи және сұйытылған газды,
грануленген күкіртті,т.б. түпкі өнімдерді шығаратын болады.
Осы облыста мұнай-химия кластері құрылса, ол полиэтиленді
құбырлар, полипропилен пластмассасын, пластмассадан жасалған бұйымдар:
құбырлар, түтіктер, тақталар, табақтар, пленкалар, қаптар,
сөмкелер,есіктер, терезелер, есіктің қораптары, терезе рамалары, терезе
қақпағы, терезе жапқыштар және басқаларын шығаратын болады.(Сурет 6)
Суретте көрсетілгендей, мұнай-химия өнімдерін шығаратын дербес
кәсіпорындардан басқа кластер құрамында үкімет органдарының өкілдері,
ғылыми мекемелер, оқу орындары менеджмент және маркетинг орталығы болуға
тиіс. Атырау қаласында қазіргі кезде полипропилен пластмассасын
шығаратын Полипропилен зауыты ЖШС, полиэтилен құбырларының зауыты,
пластмассадан бұйымдар жасап шығаратын бірнеше ЖШС жұмыс істейді.
Қазақстанның тау-кен- металлургиялық кешені металлургиялық шикізат
өндіретін, оны байытатын және шойын, болат, қара және катодтық мыс,
қорғасын мен мырыштан кесек бұйымдар түрінде өнім шығаратын 99 кәсіпорыннан
тұрады. Қазақстанның қара металлургиясына оның өнімін қайта өңдеудің
қысқа циклі тән, өнімнің негізгі көлемі(97%) қайта өңдеудің 2-3 деңгейімен
шектеледі. Басқадай сипатына оның ішкі рынокке түпкі өнім шығаруға
бейімделгені, сала инвесторларының Қазақстанның индустриалдық-инновациялық
даму стратегиясына мүдделі еместігі жатады.
Қазіргі кездегі қара металлургиялық өнімдерден бәсекеге
қабілеттілері темір мен болаттан жасалған илек. Бұл саланың ірі бөлігі
ферроқорытпа өндірісі болып табылады. Оның құрамына Дон ТБК АҚ, Ақсу
ферроқорытпа зауыты, Феррохром АҚ кіреді. Бұл өнімді шығаруда
кәсіпорындар арнайы кокске зәру.Домна коксі бұған жарамайды.Қара
металлургия саласында құрылып дамытылмақ кластері келесі суреттен көрінеді.
(Сурет7)
Қай елде болмасын машина жасау саласы мемлекеттің өндірістік әлеуетінің
стратегиялық жағдайын анықтайтыны, сондай-ақ отын-энергетикалық және
агроөнеркәсіптік кешендердің, көлік пен байланыстың, жеңіл өнеркәсіп пен
тұтыну рыногының өнеркәсібінің қызметін қамтамасыз ететіні белгілі.
Машина жасайтын кәсіпорындар шикізат, энергия, материалдар,
жинақтаушы бөлшектер мен тетіктер беретін бір-бірімен байланысты, аралас
қралас жұмыс істейтін кәсіпорындарға бағынышты. Машина жасау экономиканың
барлық салаларын байланыстырып отырады деседе болғандай. Бұл саланың дұрыс
жұмыс істеуі ел экономикасының жағдайына бағынышты болса, сондай-ақ,
мемлекет экономикасының жағдайының дұрыс болуы, өз кезегінде, машина
жасаудағы жағдайға бағынышты.Машина жасау кешенінің үлесіне өнеркәсіптік-
өндірістік негізгі қорлардың 5 пайыздан азырағы, өнеркәсіп өнімінің жалпы
көлемінің 4 пайыздан азырағы келеді. Көптеген кәсіпорындардың өндірістік
қуатының 10-15 пайызы ғана пайдаланылады, кейінгі 8-9 жыл ішінде машина
жасау кәсіпорындарының саны 2 еседен астамға қысқарды.Машина жасау
кәсіпорындарының жалпы санында машина жасау өнімінің түпкі түрлерін
өндірушілер 5,4 пайызын құрайды, машина жасау өнімдерінің үлесіне
экспорттыжалпы көлемінің 3 пайыздайы, ал импорттың 41 пайызы келеді.

3. Қазақстандағы агроөнеркәсіп кластерінің қалыптасу
ерекшелігі және оны мемлекеттік реттеу.

Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы
және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту,
саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады.
Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы Қазақстан
халқына жолдауында Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев: Ауыл дегеніміз –
сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің,
әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси – моральдық
және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды
қарауымызды талап етеді,- деп атап көрсетті.Көптеген жылдар бойы өнімді
еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлық салада
терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы , сөзсіз, осы
салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу.
Аграрлық салада экономикалық реформаны жүзеге асыру , ең
алдымен, басқару жүйесін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Мемлекеттік
реттеу шараларын жүзеге асыру ісінде мемлекеттің және шаруашылық
қожаларының функцияларын айқын ажыратудың мәні зор. Мемлекеттік басқару
органдарының функцияларын төмендегідей етіп қарастыруға болар еді:
• Мемлекеттік саясат бағдарламалары мен ауыл шаруашылығының өркендеу
жоспарларын , нормативтік заң актілерін жасап дайындау;
• Мемлекеттік азық-түлік қорын қалыптастыру;
• Түбегейлі ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру;
• Ғылыми – техникалық жетістіктерді енгізу;
• Халықаралық экономикалық байланысты реттеу;
• Инспекциялық бақылау;
• Жер қорын, өнімді стандарттау жүйесін бақару;
• Ветеринарлық бақылау;
Жалпы аграрлық қатынастарды басқару жүйесіндегі міндет олардың стихиялы
түрде дамуына, тәртіпсіздік жайлаған, басқаруға келмейтін жағдайға жетуіне
жол бермеу болып табылады.
Мемлекеттік реттеу нарықтық жағдайда өтімді болуы үшін оның нақтылы
теориялық- әдістемелік қағидаларын анықтау қажет. Ол ең алдымен жекелеген
топтарды ғана қолдау емес, ел арасында тұрмыстық, ұлттық және басқа да
белгілері бойынша жік салу емес, қайта қоғаммен бар халықтың басын
біріктіру, елде саяси-әлеуметтік келісім орнату мақсатын көздеуі керек.
Әсіресе әлеуметтік процестерді мемлекеттік реттеу барша халықтың
өндіруші және әлеуметтік топтарын қолдауға бағытталып отырады да, бұл
Қазақстанның экономикалық өркендеуіне де тиімді үлес қосады.
Бірақ экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің қажеттігін түсіну бір
басқа да, шаруашылық жүргізудің макро және микродеңгейіндегі жағдайларға
байланысты оның әдістемелер жүйесін таңдап алу бір басқа.
Осындай алға қойылған міндеттерді орындау үшін атқарушы органдар анық
жасалынған актілер мен шешімдер негізінде мемлекеттік реттеудің маңызды
қағидаларын жүйелі түрде іске асырады.Бұл, мысалға нарыққа өту жағдайындағы
аграрлық саясат туралы, ауыл шаруашылығын нарыққа бейімдеу туралы немесе
жерді пайдалану туралы заң болуы мүмкін. Негізгі қағида – аграрлық
протекционизм бола алады. Тіпті нарықтық қатынастары мен агроөнеркәсіп
кешені әбден дамыған елдер де осы қағиданы ұстанады.
Аграрлық пртекционизм қағидасының ішкі және сыртқы экономикалық
аспектілері бар: біріншісі – ауыл шаруашылығының басқа салаларымен өзара
қарым-қатынасына байланысты; екіншісі – ауыл шаруашылық өнімдерінің
экспорты мен импортына қатысты. Өнім өткізудің дағдарысы жағдайында ауыл
шаруашылық өнімдерін шетелден сатып алу өзіміздегі осы өнімді
өндірушілерінің қаражат жағдайына теріс әсер етеді.
Мемлекеттік реттеудің келесі қағидасы экономикалық және әлеуметтік
мақсаттардың үйлесімділігі болып табылады. Тек қана экономикалық
міндеттерді орындауға бағытталған және содан ғана туындайтын реттеу алдын
ала сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Мемлекеттік реттеудің шаралары халықтың
қалыптасқан шаруашылық жүргізу психологиясын, әдет-ғұрыптарын, әлеуметтік
және ұлттық ерекшеліктерін ескергенде ғана табысты болмақ.Бұл қағиданы
жүзеге асырғанда тауар өндірушілерді әлеуметтік инфрақұрылымға
жұмсалатын шығындардан босату стратегиясы мен тактикасы аса маңызды.
Өтпелі экономикаға дағдарыс пен тұрақсыздық, сондай-ақ басқарудың
әртүрлі элементтерінің қатар жүруі тән. Мұндай жағдайда басқарудың
әкімшілік және экономикалық механизмдері үйлесімділік табуға тиіс.
Реттеудің директивті әдістері мемлекеттік сектордың кәсіпорындарына,
сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждықтарды қамтамасыз ету қажет болғанда және
аса тығыз жағдайларда қолданылады. Нарыққа өту қарқынына қарай
индикативтілік қағидасы басымды болуы қажет.
Бағдарламалық реттеу қағидасы тиісті мөлшерде мемлекеттің
аграрлық секторға әсер етуін жүзеге асыру формасын білдіреді. Нарықтық
экономикадағы бағдарламалар, біріншіден, бәсеке механизмдеріне әсер ету
әдісі болып табылады және нарықты қалыптастыру үшін экономикалық,
әлеуметтік, материалдық-техникалық жағдайларды қарастыра отырып, басқару
жүйесіне әсер ету функциясын атқара алады; екіншіден, реттеудің мүдделері,
механизмдері мен құралдарының үйлесу әдісі ретінде жасалады.
Бұл қағидаларды жүзеге асыру кезінде басқа да талаптарды, атап
айтқанда реттеу механизмдерінің бірін-бірі толықтыратындығын ескеру
қажет. Өйткені кез келген механизмнің өз ерекшелігі бар және олар
экономиканың көптеген проблемаларына әр бағытта әсер ете алады. Бірақта,
бағдарламаларда қатысудың міндеттілігі мен өз еркінділігінің үйлесімдік
қағидасы қатаң ескерілуі тиіс.Егер нарықты экономикаға осындай
бағдарламаларға ерікті түрде қатысу тән болса, өтпелі экономика жағдайына
міндеттілік қағидасы тән және ол кеңінен қолданылуы керек.
Жалпы алғанда, мемлекетік реттеу жүйесінің төмендегідей
функцияларын атап өтуге болады. Олар мыналар: бағыт мақсаттарды ғылыми
негіздеу және оларға жетудің негізгі тактикалық жолдарын таңдау; аса
маңызды макропропорцияларды теңгеру және қоғамдық еңбек бөлінісінің
қарама-қайшы өзара байланыстарын сәйкестендіру;
өндірістік дамудың қозғаушы және ынталандырушы күштері мен тетіктерін
жетілдіре пайдалану. Осылайша, экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік
реттеу – нарықтық құрылымның экономикалық әдістерінің басымдылығымен
құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан экономикасы қарама-қайшылығы мол бір жүйеден екінші
жүйеге өту сатысының күрделі кезеңдерін бастан кешіруде. Осы тұста
нарықтық құрылымдардың пайда болуына қарамастан экономикалық дағдарыстың
жойылмауының негізгі себептерін басты назарға ала отырып, келесідей
тұжырымдар жасауға болады:
1. Республикамыздың агроөнеркәсіп кластері – экономиканың аса маңызды
саласы болғандықтан экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл
өнеркәсібін дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету
мұндағы жағдайдың жақсаруына тікелей байланысты.
2. Аграрлық сектордың өндірістік-әлеуметтік ерекшелігіне қарай онда
нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және түзету енгізусіз таза
күйінде пайдалану өндірістік потенциалды қолдану тиімділігінің
төмендеуін және әлеуметтік мәселелердің шиеленісуін тудырады. Осы
тұста мемлекеттік реттеу функциясынан бас тартып, шеттетіліп,
биліктің жоғарғы тармақтарында нарықтық қиялдың тарауына жол
бермей, қайта мемлекеттік реттеу механизмдерін батыл іске қосу
қажет.Өйткені, біріншіден, бірде-бір дамыған елде нарық өз еркіне
жіберілген емес, ол мемлекеттің іс-әрекетімен түзетіліп,
толықтырылып отырады; мемлекеттік реттеу – қазіргі үлгідегі нарықтық
жүйенің ажырағысыз бөлігі; екіншіден, мемлекеттің белсенді
әрекетінсіз терең экономикалық дағдарыстардан шығу мүмкін емес;
үшіншіден, республикамызда нарықтық жүйе өзінің қалыптасуының ең
бастауында тұр.
3. Меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлерін өзгерту бәсекелес
нарықтық орта құрудың алғы шарты ретінде мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында инновациялық стратегия
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Қазақстан Республикасында кластерлерді құрастырудың экономикалық тиімділігі
Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Экономикалық дамудың негізгі факторлары
Пәндер