Міржақып Дулатовтың өмірбаяны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Міржақып Дулатовтың өмірбаяны
1.1. Шығармашылығы
1.2. Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты...
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының
капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет
аймағы болды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының
айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани
жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында
қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде
Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған Қазағым менің,елім менің атты
мақаласында былай деп ашына жазған еді.
... Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай
правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп
бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер
(патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан
мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті
неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды
Қазақ ауылының басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-
өміршілдік аппаратымен біте қайнасып кеткен байшонжарлар өкілдерінің
қолындаболды.
Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік – экономикалық және саяси хал-
ахуал,негізінен,аграрлық,ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің
шиеленісуімен ерекшеленеді.Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық
және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталды.
Басқа сөзбен айтқанда, ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары
бірінші орыс ревалюциясы жылдарында империяда,оның ішінде Қазақстанда да,
қалыптасқан қоғамдық-саяси хал-ахуал жағдайында орталықтың(центристік)
позицияда болуға тырысты. Өз бастамаларын халыққа түсіндіріп,оларды жүзеге
асыру үшін әрекет жасау барысында ұлттық интеллигенция жетекшілері екі
жақтан – сол және оң бағыттардағы саяси күштерден сынға ұшырап, қарсылыққа
кездесті.Солшыл бағыттағы саяси күштер (социал – демократтар мен социалист-
революционерлер) қазақ интелигенттердің орталықтық позициялары ревалюциямен
халыққа қарсыпозиция депайыптады.Ал,оңшыл бағыттағы саяси
күштер(монархистер мен оларды жоқтаушылар) қазақ интеллигенттерін
солшылдарды қостаушылар және біртұтас империялық мемлекеттің негізін
шайқалтуға бағытталған саясат жүргізушілер деп байбалам салды.
Қазақ зиялылары жалпыдемократиялық мәндегі ұлттық тең
құқылық,халықтың мәдениетін көтеру,әйел теңдігін қамтамасыз
ету,отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты
маңызды мәселелерде өз шығармаларының өзекті тақырыптарына
айналдырды.Жалпыдемократиялық мазмұндағы талаптілектердің өзі халық
арасында обьективті,табиғи түрде отарлық езгіге қарсы саяси хал-ахуалды
қалыптастыруға қызмет етті. Осындай өмірлік сұраныстан туған және оған
жауап берген санаулы дүниелердің бірі 1909 жылы Уфа қаласында жарық көрген
Міржақып Дулатовтың Оян,қазағы еді.Кітапқа эпиграф ретінде алынған:
Көзіңді аш,оян қазақ,көтербасты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті,дін нашарлап,хал һарам бол.
Қазағым,енді жату жарамасты.-
деген шұмақ Оян,қазақтың айтайын деген басты идеясын дәл берді. Сол кезде
Ахмет Байтұрсынов қаламынан туған,біріқ оның 1911 жылы Орынборда жарық
көрген Маса жинағына цензура енгізбей тастаған мына жолдар да жоғарыда
келтірілген Міржақып өлеңімен сабақтас;
Қазағым,елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып.
Қазақты сынау мен ояту үрдісін үлкен ұлттық мәселе ретінде ХІХ
ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында ұлы Абай негіздеген еді.ХХ
ғасыр басында оны Міржақып Дулатов пен Ахмет Байтұрсынов жалғастырды.
Міржақыптың Оян,қазағындаХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық , қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер көркем сөзбен шыншыл
кестеленген. Патшалық Россияның отарына айналған ел мен жердіңтағдыры,оқу-
ағарту мен дін жағдайы, жетімдер мен жесірлер халі,ауылдағысайлау ісі
сияқты мәселелер – Оян,қазаққа тақырып болған мәселелер. Сонымен бірге
Міржақып қазақ жастарына оқып,білім алуға, өркениетті елдерденүлгі алуға
шақырады. Міржақыптың өз сөзімен баяндасаң, ол халқының өткенін сайрап, өз
өмір сүрген сол кезеңнің кемшілігін зарлап айтты. Оян, қазақ ең алдымен
патша үкіметінің отарлық саясатын әшкерлеумен құнды. Патшалық отарлаушылар,
дейді М.Дулатов, ең алдымен қазақтың жерін тартып алды. Әйтеуір ата –
бабам мұсылман деген дүрмекті қоятынкезең келді дей отырып, Міржақып
Дулатов Қазақтың көп жерінде мешітіжоқ,жоғына себеп болған миссонер поп
депбасып айтты. М.Дулатов қазақтың езілген, адасқан,тығырыққа кез келген
халін барынша дәл көрсетті. Осылай болудың басты себептері патша үкіметінің
саясатына (жерге,дінге,әкімшілік сайлау жүйесіне тікелей қатынасы бар)
байланысты деп түсінді, алайда ол басты айып жаңа дәуірге (Россияның отары
ретінде метрополиямен бірге капиталистік қатынастарға ене бастаған дәуірге)
ыңғайласа алмаған халықтың өзінде деп санады.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ
интеллигенттерінің басым көпшілігі тек қана бір кәсіби мамандықтың тізгінін
ұстаумен шектелмейді, әмбебап мамандар ретінде қызмет етті, олар оқу-ағарту
ісімен де, қазақ тілінде басылымдар шығару қамқарекетімен де, жан-жақты
шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. Осылардың барлығына ортақ қасиет,
ортақ ерекшелік олардың қазақ қауымының қоғамдық-саяси сұраныстарына
мүмкіндігінше толық жауап беруге ат салысуы еді.
Зиялылардың саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси
қызметке араласуына бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады.
Осы жылдары қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің белгілі
өкілдерінің көпшілігі (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев,
Ж.Досмұхамедов, Б.Қаратаев, М.Дулатов, т.б.) бірінші орыс революциясы
ықпалымен елде орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен
қарады, ал содан кейін барып сол кезде империяның орталықтарында пайда
болған саяси ұйымдардың қайсысынан үлгі алу мәселесін шешуге тырысты.
Солардың алғашқы көрінісін бірі 1905 жылдың соңында Орал
қаласында өткен Ә.Бөкейханов, Ж.Сейдалин, М.Дулатов, Б.сыртанов, Б.Қаратаев
сияқты қазақ өкілдерінің Бес облыстық дегегаттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мiржақып Дулатұлының ағартушылық көзқарастары хақында. Дулатовтың өмірбаяны
КЕҢ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі
Бастауыш мектептің дамуында М.Дулатовтың педагогикалық көзқарастары мен ғылыми ізденістерінің алатын орны
М. Дулатовтың өмірбаяны
Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі
Ақындар айтысы жайлы
Ғұламаның Оян, казақ
Пәндер