Кесте өрісін басқа кестеге көшіру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе бөлім
Мәліметтер базасы басқару жүйесі
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кесте құру.
2. Кесе өрістерін көшіру, жазба қосу.
3. Кесте аралық байланыс орнату.
4. Кестені импорттау.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мәліметтер базасын арнайы өңдеу әдістерін таңдау

Мәліметтер қоймасын қолдану, ондағы мәліметтерді басқарудың
программалық жабдығының бар болуын қажет етеді. Оны мәліметтер қоймасын
басқару жүйесі (МҚБЖ) деп атайды.
МҚБЖ – бұл АЖ-ны қолданушылардың қолданбалы есептерден мәліметтерге
енуін қамтамасыз ететін, ақпарат массивтеріне кіру-шығу, оны тиеу, жөндеу
үшін қажетті жалпы жүйелік программалар жиынтығы. Мәліметтер қоймасын МҚБЖ-
мен біріктіріп, мәліметтер банкісі (МБн) деп атайды. МБн құрамы –
мәліметтер қоймасы мен МҚБЖ-дан тұрады.

Әрбір МҚБЖ-ның өзіндік тіл жабдығы бар. Олар мәліметтерді
сипаттап жазу үшін, мәліметтерді басқару амалдарын жасап және оларға ену
үшін қажет.
Қазіргі уақытта АЖ-ны ұйымдастыру үшін көп мөлшерде әртүрлі МҚБЖ-ны
қолданып отыр. Әрбір АЖ нақты МҚБЖ-нгы қолданса, экономикада көбінесе
FoxBase, FoxPro, PARADOX, Access, ORACLE және басқада МҚБЖ қолданылады.

Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға
мүмкіндік береді:
• Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
• Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны қою;
• Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
• Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
Кез келген МББЖ-мен жұмыс процесінде мәліметтер базасында файл
жасау басталған жері болып саналады.
Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты
терезенің негізгі бөліктері сәйкес келеді. Бұлар Таблицалар, Сұрау салулар,
Есептер, Парақтар, Макростар мен Модульдер.
Терезе тақырыбы – мәліметтер базасының файл атауы.
Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан
басқа үш бұйрықтық кнопкалар бар: Ашу, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен
кесте жұмысының режимі таңдалады.

Егер Таблица қосымшасы таңдалса, бұл қосымшаның терезесінде осы
МБ-да бар кестелердің тізімі бейнеленеді.
Бар кестені ашу үшін оның атын бұл тізімде ерекшелеп, Ашу кнопкасын
басу керек.
Жаңа кестедегі МБ-ны іске қосу үшін Құру кнопкасын басу қажет.
Бар кестенің макетін түзеу үшін оның тізімдегі атауын ерекшелеп,
Конструктор кнопкасын басу керек.
Жалпы МБ-ның өңдеу әдістері – дайын кестеге өзгерістер енгізу болып
табылады. Ең алдымен, кестелермен жұмыс жасаудан бастаған дұрыс. Себебі осы
құрылған кестелерге өңдеу жүргізіледі. Сонымен қатар кестенге мәліметтерді
енгізу, оны сақтау және тағы басқалары мәліметтерді өңдеу әдістеріне
жататындығын айта кеткен жөн.
Конструктор режиміндегі кесте терезесі суретте көрсетілген. Терезенің
жоғарғы жағында өрістерді, мәліметтер типі мен баяндауларды көрсеткен
өрістердің жай тізімі болып табылатын кестенің жасалатын немесе
жаңғыртылып, жетілдірілетін макеті тұрады.

Өріс бағанында өрістердің атауын тересіз. Егер өріс үшін Қол
қасиеті-белгісі берілмесе, онда өрістің Атауы бір уақытта болашақ кесте
бағанының аты болып шығады. Әрбір өріске арналған тип мәліметтер типін
таңдаудың ашылатын кнопкасымен ашылған тізімнен таңдалады. Бұл кнопка –
басқарудың жасырын элементі. Ол бланк өрісінде шертуден кейін ғана
бейнеленеді.
Бланктің төменгі бөлігінде жоғарғы бөлікте ерекшеленген өріс
қасиетьтерінің тізімі болады. Қасиеттердің кейбірі үнсіз келісім бойынша
берілген. Өрістердің қасиеттері болуы міндетті емес. Оларды қалау-тілек
бойынша баптауға, тіпті қозғамауға да болады.
Енгізілген мәліметтерді жүйе қалай өңдеу керектігін білуі үшін Ай-
күнуақыт өрісі үшін пішімді міндетті түрде көрсету керек. Мысалы, егер Ай-
күннің қысқаша пішімін таңдасақ, жүйе сізден нақ ай-күнді енгізуді күтеді,
ал егер Уақыттың қысқаша пішімін таңдасақ, бұл өрісте СС.ММ(сағаттар мен
минуттар) теруге тура келеді.
Мәнге арналған шарт қасиетінің мәні ретінде верификация ережесін,
яғни мәліметтерді осы өріске енгізінгенде Ақиқат мәнін қабылдауға тиісті
логикалық бейнелеуді көрсетуге болады.
Егер сіздің кестеңіздің алғашқы кілтіне бір өріс кірсе, Өрісті
индексациялау қасиетінде ол үшін мынаны таңдайсыз: Иә, тура келу болмайды,
сосын Түйінді анықтау кнопкасында құралдар панелінде шертіңіз.
Осылайша кестеңіздің бастапқы кілтін анықтайсыз.
Кесте құрылымын жасау аяқталып, бланк жабылады (мұндайда жүйе
кестені сақтауға сұрау береді), сонан соң кестеге атау беріледі, сол сәттен
бастап ол Мәліметтер базасындағы негізгі терезеде басқа кестелермен бірге
қол жеткізуге боларлықтай жол ашылады. Қажет болған жағдайда оны ашуға
болады.
Жасалған кестені Мәліметтер базасы терезесінде оның таңбашасында екі
рет қатарынан шертіп ашады. Жаңа кестенің жазбалары жоқ – кесте құрылымын
сипаттайтын, бағандардың атаулары ғана бар. Кестелерді мәліметтермен
толтыру әдеттегі тәртіппен жүргізіледі. Енгізу меңзері қажетті ұяшыққа
тышқан-тетіктің нұсқағышымен қойылады. Кезекті жазбаға көшу соңғы ұяшықты
толтырғаннан кейін орындалады.
Кестелерді мәліметтермен толтырғаннан кейін сақтап қажеті жоқ –
барлығы нақты уақыт режимінде автоматты түрде сақталады. Нақты уақыт режимі
біз кестемен жұмыс істеген кезде үздіксіз сақтау болатындығын білдіреді.
Алайда, егер кестемен жұмыс істеген кезде оның макетін редакциялау
болып өтеді, МББЖ осы өзгерістерді сақтауды растауды өтінеді.
Кестеге жазба қосу үшін МБ терезесі арқылы кестені ашып, Кірістіру –
Жаңа жазба командасын беру керек.
Кесте соңына бос жол қосылып қойылады. Оған жазбаны енгізіп, ENTER
пернесін басу жеткілікті.
Келесі жолға жазбаны осы әдіс бойынша енгізу мүмкін.
Жазбаны таңдап, оны оң түймемен шерткен кезде жазбамен түрлі
операцияларды орындауға арналған жанама мәзір көрінеді.
Кестеге жаңа өріс қосу үшін оны ашып, Кірістіру – Баған командасын
басу керек. Ашылғане бос өрісті толтыру жолы әдеттегідей.
Кесте өрісін басқа кестеге көшіру
1. Өрісті таңдап, алмастыру буферіне көшіру (Ctrl+C пернелерін басу
немесе Түзету – Көшіру командасын беру).
2. Қабылдайтын кестені ашып, жаңа өріс құру. Оның типі көшірілетін
өрістің типімен бірдей болуы тиіс.
3. Құрылған өрісті таңдау.
4. Буферден кірістіру командасын беру (Ctrl+V не Түзету - Кірістіру).
Ескерту:
• Көшіру үшін өріс тақырыбын тышқанның оң түймесімен басып,
көрінген жанама мәзірді пайдалану да мүмкін.
• Өрістер блогын көшіру тәсілі де бір өрісті көшіру сияқты. Екі
кестенің таңдалған блок өрістерінің типтері бірдей болса
болғаны.
• Өрісті бір кесте ішінде көшіру үшін оны таңдап, Жылжыту және
Қалдыру әдісін пайдалану жеткілікті. Жылжыту алдында
көрсеткішке төртбұрышты белгінің қосылуын күту керек.

Кесте не кесте құрылымын көшіру
МБ терезесінен таңдалған кесте не оның құрылымы әдеттегідей алмастыру
буфері арқылы көшірілуі мүмкін. Оны жанама мәзір арқылы көшіруге де болады.
Бұл кезде орындалуы тиіс әрекеттер:
1. МБ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын оң түймемен
шерту.
2. Көрінген жанама мәзірдің Көшіру пунктін таңдау.
3. МБ терезесінің кесте атаулары орналасқан облысын оң түймемен шерту.
4. Көрінген жанама мәзірдің Кірістіру пунктін таңдау терезесі көрінеді.
Одан әрі, кестені толық көшіру үшін терезесінің Кесте атауы өрісіне
жаңа кесте атауын енгізіп, Құрылым және берілгендер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кестелермен жұмыс. кесте элементтерін таңдау және өшіру.
Access –те жұмыс істеу
«Кино жұлдыздары» мәліметтер қорын құру.
Кесте - деректер қорының негізгі объектісі
Деректер қорын басқару жүйесі
Студенттер контингентін автоматтандыру
Access-тегі мәліметтер базасы
Mіcrosoft Access-те деректер базасын құру және жұмыс жасаудың басты принциптері
Мәліметтер қоры (Ms Access)
Кесте
Пәндер