Мәдениеттанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тақырыбы: Мәдениеттану ұғымы және мәні
Орындаған: Мұстапаева М.
Қабылдаған: Еркінбекова А.
Шымкент 2008ж.
Жоспар
1. Мәдениет ұғымы және мәні.
2. Мәдениеттану туралы түсінік.
- Мәдениеттану пәнінің бағыттары.
4. Мәдениеттанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы.
Мәдениет ұғымы және мәні
Мәдениеттану XIX ғасырдың сонғы үшінші ширегінде өзіндік пән ретінде гуманитарлық білімдерде табиғат және мәдениет, әлеуметтілік және табиғилық, жаратылыстылық және мәдениеттілік сияқты қарама қайшылықтардың айқындалуы қалыптасқан кезеңде пайда болды. Мәдениеттанудың білім жүйесі, жалпы мәселелері «философия тарихында», «философия мәдениетінде» қашанда елеулі орын алып, қарастырылып келеді. Мәдениетті зерттеудің бұл терең философиялық дәстүрі басқа да гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің назарына тыс қалған жоқ. Мәдениеттануға осы уақытқа дейін антропология, социология, психология, тарих, тіл білімі, семиотика сияқты әр түрлі пәндер өз үлестерін қосып келеді. Мұның мәдениет туралы ғылымның әр тектілігін туындатып отыр.
Мәдениеттану - гуманитарлық пән, ешкім де оған шүбә келтіре қоймайды. Көпшілік жағдайда мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың негізі ретінде қарастырылып жүр. Дегенмен біртұтас, біріңғай мәдениеттану теориясы әзірге толық қалыптасқан жоқ, сол себептен осы уақытқа дейін мәдениет туралы теория жеке концепциялар түрінде, не сол мәдениеттану мамандарының белгілі бір жүйеге ыңғайланған құрылымдары тұрғысында көрінуде. Мұның өзі мәдениеттану ғылымының елеулі ерекшелігін көрсетеді, мәдениеттануды тек ғана білімдер жүйесі тұрғысында қарастыруға болмайды. Мәдениеттануда рационалды білімдер жүйесімен қатар, рационалдықтан тысқары түсіну жүйесі бар, мұның екеуі де іштей үйлесімді және екеуі бірдей мәдениетті ғылыми-гуманитарлық тұрғыда түсінуде маңызды роль атқарады. Түсінудің толықтығына сүйене отырып толығынан түсіну, мәдениеттанудың ең жоғарғы жетістігі болып табылады.
Мұның өзі, өзге мәдениеттің өмір сүру әлеміне енуге, олармен сұхбаттасу арқылы өз мәдениетін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. Оның ең бір амал-тәсілі мәдениеттанудағы түсіндіру мен түсінудін бірлігі. Рационалды ұғыну жолы арқылы түсіне алатын, өзінің ішкі логикасы, өзіндік мәні бар әрбір мәдениет жүйелі мағыналар тұрғысынан қаралады. Ал мәдениет әр уақытта адамзат субьектісіне бағытталған және ал тікелей нақты байланыссыз өмір сүре алмайды. Мәдениеттанудың да негізгі мақсаты - мәдениеттердің сұхбаттарын жүзеге асыру.
Белгілі бір құбылыстарда мәнді мағына, не адамдардың шығармашылық рухын жүзеге асыру орын алған жағдайда мәдениеттану кез келген пенді, обьектіні зерттей алады. Бұл тұрғыда мәдениеттану комплекстік (құрамды) гуманитарлық ғылым.
Жалпы шыға бастаған мәдениеттану оқулықтарында мәдениеттану туралы көптеген түсініктер бар. Соның ішінен мына бағыттарды атап көрсеткен жөн.
Бірініиіден. Мәдениеттану ерекше бірегей феноменге айналған мәдениет туралы білімдердің жиынтығы. Олай болса мәдениеттану әр дөуірде туындаған киеліліктер мен рәміздерді тізу жиынтығы емес. Бұлай болған жағдайда ол, әлемдік мәдениеттің тарихымен ғана шектелген болар еді.
Екіншіден, мәдениеттану - мәдениет және оның мәні туралы теория. Соған өзінің ерекшеліктері арқылы әрі әмбебап феномен ретінде ғылыми түрде қол жеткізудің обьектісі. Шынтуайтқа келсек, дүние жүзінде өзінің мәдениетінің бағытын жасамаған халық жок. Олай болса көптеген кіші-гірім мәдениеттерден тұратын жалпы бір бағыттағы жағдайдан мәдени-тарихи типтердің бой көрсететінін аңғаруға болады. Ал, мәдениеттану сол жергілікті көптеген мәдениеттердің арғы жағындағы бәріне ортақ жалпы даму жағдайын көрсетуге бағытталган.
Үшіншіден. Мәдениеттану - пәнаралық метатеория. Былайша айтқанда адамдар мен халықтардың психологиясына терең бойлауды қамтамасыз ету арқылы мәдениет тарих қимылының механизмін, адам болмысының асыл құпиясын, шығармашылық жиынтығының шымылдығын аша бастағандығын көрсетеді. Бұл жағдайда идеологиа да, саясат та немесе экономика да емес, дәл алғанда мәдениет ғана дүниенің сырын ашуда, эвристикалық құрал болып табылады.
Сонымен, мәдениеттану пәнін талқылау барысында мәдениет туралы ғылымның әр текті айырмашылығының маңыздылығын ескерген жөн. Мәдениеттануға еш уақытқа деген антропология, тарих, социология, психология, педагогика, тіл білімі, семиотика сияқты пәндер әр түрлі жақтарынан өз үлестерін қосып келеді.
Семиотика (грек тілінде - белгі, нышан) . Мед. Аурудың белгілері туралы ғылым. Табиғи және жасанды тілдерді таңбалар жүйесі ретінде қарайтын, сондай-ақ жалпы таңбалар жүйесін зерттейтін ғылым.
Әрине, олар мәдениет және мәдени құбылыстарды әр тұрғыдан таниды. Ал, мәдениеттану адамзат қоғамының әр кезеңіндегі мәдениетін зерттейтін біртұтас әр түрлі ғылымдар комплексінің белгілеу жиынтығы. Нақты айтсақ теориялық, түсіндірме-сипаттау және көркемсөзді мазмұнға негізделген бөлімдерден құралатын мәдениеттану, гуманитарлық ғылымдардың жинақталған ерекше түрі. Мысалы, мәдениеттану міндетті түрде «мәдениет археологаясына» назар аударады, оның шығу тегін, даму кодын, мәдениет мұрагерлігінің тәсілін, тұрақтылығын ашады. Яғни, мәдениеттің сақталу, жаңару, оның мүлдем өзгеруі арқылы өнер, философия, саясат, экономика салаларындағы жасалу түрлерін қамтиды. Сонымен қатар мәдениеттің жетістіктерін саралші ғана қоймай, олардың құрылымын, іс-әрекетінін. түрін, мәдениетгің біртұтастығын және сондай біртұтастықты жасау жолдарындағы концептуальдык тауқыметтерін қою және шешу жатады.
Мәдениеттану адамдардың ерекше өмір сүру тәсілі тұрғысында өзін тарихи, мәдени-мұрагерлік жағдаят ретінде ашады. Оның пәніне - мәдениеттің шығу тегі (генезисі), міндетті ісі, дамуы жатады, ал негізгі мақсатына - мәдениет «генетикасын» жасау, тарихи-мәдени барысын түсіндіріп ғана қоймай, сонымен қатар оларды болжау, ал болашақта оларды басқару жатады.
Жалпы, мәдениеттанудың ғылыми пән ретіндегі қалыптасуын, оның ерекше білімдер жүйесі ретіндегі түсініктер тұрғысынан қараған жөн. Әрине мәдениеттанудың пәнін, мақсатын, бағдарламасын осылайша түсіну оның ғылыми ауқымына әлеуметтік шығармашылықтың басқа да өрістерінен әр түрлі ақпараттарды қамтуды қажет етеді, бірақ бұл синкретикалық білімдер облысының негізгі зерттейтін алаңы, тарих «субьектісінің» қатардағы іс-әрекеттің образы, өмір салты, ой кескіні болу керек. Бұл айтылғандар, білімдер жүйесі ретінде мәдениет өрістерінің өз-ара байланысын сипаттауға мүмкіндік береді. Оған айғақ ретінде бұрыннан және қазіргі уақытта қалыптасып келе жатқан әлеуметтік мәдениеттану, экологиялық мәдениет, мәдениет философиясы және антропологиялық мәдениет білімдерін келтіруге болады. Сонымен, мәдениеттану - өзіне тән ерекше білімдер жүйесі арқылы сана-сезіммен мәдениетті түсіну, ұғыну деген сөз. Мәдениеттану - адам тұлғасына арнайы бағытталған мәдениет туралы ғылым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz