Қамауға алуды заң талаптарына сәйкес заңды және негізді болуын қатаң көрсету



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қылмысты саралаудың түсінігі мәні және түрлері

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен
өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды
жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді.
Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу
шараларын қажеттігін туындатады.
Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір
күштеу шарасына жүгінуге әкеледі.
Мемлекеттегі күштеу шарасы –заңда көзделген жағдайда еріксіз түрде
қолданылатын адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық қағидасынан
ауытқу.
Бұлтартпау шарасы–бұл мемлекет тарапынан еріксіз түрде тұлғалардың
теріс әрекеті үшін қолданылатын шара .Бұлтартпау шарасы –айыпкерге
–(сезіктіге) қатысты анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан
жасырынады, не істі сотта обьективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды
немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті
негіздер болған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі
шегінде бұлтартпау шараларын бірін қолданады.Бұлтартпау шарасының бір түрі
ретінде қамауға алу-қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады
және басқа бұлтартпау шарасы әлсіз болған кезде қолданылыды.
Қылмыстық процесс ғылымы саласында бұлтартпау шарасы институты диплом
жұмысы ретінде алынуы , тек теориялық жағынан ғана емес,практикалық
тұрғыдан өзектілігі басым.
Дипломдық жұмыстың мынадай мақсаттары басты назарда болады-
бұлтартпау шарасынының ұғымын,мәнін ашу:
бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде-қамауға алудың теориялық және
практикалық орнын айқындау:
қамауға алудың қолданылу тәртібін, адам мен азаматтардың жеке басына
қол сұқпаушылықкепілдемесін басшылыққа ала отырып заңсыз қамауға алуды
болдыртпау:
алдын ала тергеу кезіндегі тергеушінің қамауға алуға байланысты шешімін
прокурордың қадағалауын жүзеге асыру.
Зерттеу жұмысының теориялық базасына – И.С.Ахпанов, Б.К.Төлеубекова,
Т.Е.Сәрсенбаев, В.В.Смирнов, И.И.Петрухин сиқты қылмыстық процесс саласында
танымал ғалымдардың көзқарастары негіз болды.
Сондай-ақ дипломдық жұмыс жазу барысында Қарағанды облысы Жаңаарқа
Ауданық ішкі істер бөлімінің материалдары қолданылып,қамауға алу-бұлтартпау
шарасының түрі ретінде тәжірибедегі қолданысына талдау жасауға талпыныс
жасалды.
Бұл қылмыстық іс жүргізу кодексінде, арнайы заңдарда көрініс тапқан.
Қамауға ұсталғандарға кепілдік ретінде мына төмендегілерді көрсетуге
болады:
1. Қамауға алуды заң талаптарына сәйкес заңды және негізді болуын қатаң
көрсету;
2. Жеке тұлғаланың жеке басына қол сұқпаушылықты шектеген кездегі
міндетті түрде заңда көзделген мерзімді белгілеу; (2 ай).
3. Азаматтарды қамауға алған кезде процессуалдық тәртіпте қамтамасыз
ету;
4. Айыпталушы (сезіктіге) қатысты кінәсіздік презумпциясын қарастыру
және дәлелдеуде шектен шықпау.
Өз кезегінде жеке тұлғаның жеке басына қолсұқпаушылық құқығы мынадай
кепілдіктерді береді:
- Қамауға алудың заңдылығы және негізділігі:
- Қамауға алынған адамның түсіндірмесін, жауабын, көрсетіндісін
тыңдамай жатып, қамауға алуды жүргізбеу;
- Қамауға алынғандардың құқықтарын қамтамасыз ету;
- Қамауға алынғандарға қатысты дене және рухани адами ар – намысын
кемсітпеу, төмендетпеу;
- Қамауға алынғандарды бұлтартпау шарасының мерзімі аяқталған кезде,
жойған не өзгерткен кезде мерзімін анықтау;
- Қамауға алуды прокурорлық қадағалау, соттық бақылауды жүргізу .
Жеке тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық құқығының басты кепілдемесі –
лауазымды тұлғалардың, азаматтарды заңсыз және негізсіз қамауға алуды
болдыртпауға жауапкершілікте болуы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 бабындағы 2 тармағында жеке
басқа қол сұқпаушылық құқығының кепілдігінің мағынасы, мәні мынада:
Азамат – заңда көзделген негіз болған кезде ғана күштеу (мәжбүрлеу)
шараларына тартылады.Жеке басқа қол сұқпаушылық туралы айтқан кезде,
алдымен біз күштеу шаралары: жеке тұлғаның жеке қауіпсіздігі, өмірі,
денсаулығы, денеге қол сұқпау, жүріп тұру бостандығы және өзінің
субъективті құқығын пайдалана алуын айтамыз.
Қоғамда құқық бұзушылықтың болуы, мемлекеттік – мәжбүрлеу шараларын
қолдануға қажеттілік, қылмыс жасаған тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасы, бұл
тек құқықтық тәртіп үшін қажеттілік емес, заңдылықты қамтамасыз ету үшін,
ең аяғы жеке тұлғаның мүддесін қорғау үшін қажет. Сондықтан тұлғаның жеке
басына қол сұқпаушылық құқығын шектеу тұлғалардың мүддесін қорғаумен
байланысты.
Сонымен, тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық құқығының мәні мынада:
азамат тарапына қандай да бір мәжбүрлеу шарасын қолдануға тыйым салынады,
бірақ бұндай шара ерекше жағдайда, заңда қатаң түрде көзделген ретте
мемлекеттік органдар, лауазымды адамдармен жүзеге асырылады. Мемлекеттегі
қандай да болмасын күштеу шарасы – заңда көзделген рұқсат етілген еріксіз –
тұлғаға жеке басына қол сұқпаушылық қағидасына ауытқу.
Күштеу – бұл еріксіз түрде тұлғалардың теріс әрекеті үшін қолданылатын
шара. Бұл құқықпен реттелген. Тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылығы
қылмыстық процесс кезінде мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында
болатын қатынас:
- Анықтау, тергеу, сот, прокуратура органдарының айыпталушының жеке
басын шектеумен байланысты қатынасы. Сезіктіге, айыпталушыға қатысты
бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алуды қолдану. Бұлар арнайы
процедураны, нысанды қамтиды.
Қамауға алу – қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады және
басқа бұлтартпау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
Қылмыскерді ұстау
Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі мен негіздері
Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың түсінігі, міндеттері және оның шегі
Алдын-ала тергеудің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатындағы прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру
Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау
Қылмыстық құқық теориясында пайда болған жаза түсінігін анықтау
Анықтау және алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау
Кінәсіздік презумпциясы және алдын ала тергеудегі дәлелдеу міндеті
Пәндер