Құқық және құқық нормалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Құқық нормалары

Жоспар:

1. Құқық және құқық нормалары
2. Құқық нормаларының мазмұны
3. Құқық нормалары және дара кесімдер
4. Құқықтық нормаларының құрылымы (структурасы)
5. Құқық нормаларының жіктелуі
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Құқық және құқық нормалары

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты
қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар
құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі,
объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы
өмір сүреді, қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан
құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.
Норма сөзі латын тілінен аударғанда үлгі, ереже деген мағынаны
білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет
тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен
субъектілердің мінөз-құлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі.
Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол
сөттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы,
субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт
жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады.
Құқық нормаларының мәтінінде көрсетілген информация ситуацияға түскен
субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он төрт жасқа
дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмлелерді олардың атынан ата-анасы,
асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни,
бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
2. Құқық нормаларында халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке
адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің
құқықтық нормаларында бекітілуі көп болған. Мысалы, коммунизм
идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің Коммунистік партияның
манифесті деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның
өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған. К.Маркс өзінің құдай қосқан
әйелі бола тұрып, отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес
болып, бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді
менікі дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды.
Өкінішке орай сол көздегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана
мұрагерлік берілген. Социалистік идеологияны жазу барысында К.Маркс
Коммунистік партияның манифесінде қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды
талап етті.
3. Құқықтық нормалар қажет болған жағдайларда мемлекеттік күшпен
қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік
органдар құқық нормаларын бұрмалаған немесе орындамаған субъектілерге күш
қолданады, жауапқа тартады.
Құқықтық норма дегеніміз мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды —
айқын және орындалуы, сақталуы, қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз
етілетін мінөз кұлықтың үлгісі.

2. Құқық нормаларының мазмұны
Құқықтық нормалар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың нақтылы
мағынадағы құқықтық жағдайларын, мінөз-құқықтарын бекітеді. Құқықтық
қатынасқа түскен субъектілер құқық нормаларындағы ереже, үлгі талаптарына
сай ғана әрекеттер істеулері тиіс. Формула жүзінде:
Мен солай істеуім керек, құқық нормасы менен соны талап етеді деген
талап іс жүзіне асырылуы тиіс. Осыған байланысты құқықтық нормаларының
мазмұны мынандай ерекшеліктермен айшықталады:
1. Құқықтық нормаларда қайсыбір болмасын заманның, тарихи жағдайлардың
тілек-талаптары мен қажеттілігі бекітіледі. Мысалы, Қазан төңкерісінен
кейін Кеңес өкіметі қабылдаған құқық нормалар өтпелі дәуірдің барлық
талаптарын бекітті (жерді тартьш алу, завод, фабрикаларды тәркілеу,
байларды сайлау құқықтарынан айыру, қалыңмалды, әмеңгерлікті, көп әйел
алушылықты жою).
2. Субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы, айқын мағынада
бекітіледі. Жеке және заңды тұлғалар тек талаптар негізінде құқықтары мен
міндеттерін атқара алады. Құқықтық норма үлгісінен тыс әрекеттер заңсыз деп
танылады.
3. Құқықтық нормалардың мазмұны, түсініктілігі және санаға ұғымдылығы
оны жазған, қабылдаған органдардың сауаттылығына тікелей байланысты болды.
Шашыраңқы, түсініксіз, қайталауы басым, дұрыс дәрежеде аударылмаған
құқықтық нормаларды қолдануда көптеген қиындықтар туындайды. Құқықтық
нормалар математикалық формулалар сияқты нақтылы, айқын және қысқа болулары
шарт. Көпсөзділік, мағынасы түсініксіз нормалар бұрмалауға жол ашады,
заңсыздыққа әкеп соқтырады.
4. Белгілі күштер, партиялар, топтар және таптар лоббизм тетіктерін
пайдалану арқылы өз мүдделерін құқық нормаларында бекітеді.
5. Әр көзде тиімді құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде
қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше,
тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады. Құқық
жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы тиімді
құқық нормаларын қабылдау болып табылады. Құқық нормаларының мазмұнын
аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада танып, зерттегенде ғана оның
барлық сипаты мен тиімділігіне баға беруге болады.

3. Құқық нормалары және дара кесімдер
Құқықтық нормалар басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда
жалпы мазмұнға ие, бәріне бірдей қолданылатын мінөз- құлықты бекітеді.
Осыдан мынандай қорытынды туындайды: Құқықтық нормалар өмірде болған
жағдайларға сан алуан рет қолданылады және ол жеке бір субъектке
бағытталмайды жалпыға бірдей болып табылады. Мемлекеттік органдар өздерінің
құқық бекіткен құзырлары бойынша құқықтық нормаларды қабылдайды. Бірақ,
қабылдаған нормалардың бәрі құқықтық нормалар болып саналмайды. Олардың
шығарған көптеген кесімдері әр түрлі жағдайларға байланысты болған сәттерге
арналып шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентінің бір
адамды орденмен марапаттау туралы шығарған жарлығы, министрдің төменгі
сатыда тұрған бөлім, басқарма бастықтарын тағайындау туралы шығарған
бұйрықтары, облыс әкімінің аппараттағы бөлім басшысын тағайындау туралы
шығарған бұйрықтары және т.б. бұл жерде лауазымды тұлғалардың шығарған
кесімдері өздерінің құзырларына байланысты, бір ғана жағдайларға байланысты
бір ғана жағдайларға қатысы бар, басқа адамдарға ешқандай қатысы жоқ.
Судьяның заң негізінде шығарған шешімдері мен үкімдері де дара кесімдер
қатарына жатады. Дара кесімдер құқық нормалар сияқты нормативтік сипатқа ие
бола алмайды, бір ғана жағдайларға қолданылады, сонымен өзінің қүшін жояды.

4. Құқықтық нормаларының құрылымы (структурасы)
Құқықтық нормалардың өздеріне тән арнайы құрылымы болады. Құқықтық
нормалардың құрылымы танудың теорияға және тәжірибеге мәні өте зор. Оны
меңгеру, білу арқылы заңгерлер құқықты қолдану процесі қызметінде қеңінен
пайдаланады.
Құқықтық норманың құрылымы дегеніміз қисынды мағанамен оның ішкі
мазмұнының элементтерін айқындап көрсету. Құқықтық нормалардың құрылымы
мынандай элементтерден тұрады:
1. Гипотеза (шарт, жағдай)
2. Диспозиция (мінез-құлық)
3. Санкция (жаза)
Гипотеза — өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың
қолданылуы. Негізінде Егер деген мағынамен қамтылады. Гипотеза құрамдық
мағынасына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Жай (жұпыны) гипотеза бір ғана жағдай болғанда құқықтық норманың
дипозициясы іс жүзіне асырылады, немесе қолданылады.
2. Күрделі гипотеза екі немесе бірнеше жағдайлар арқылы диспозиция
қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңының 3-
мынандай күрделі гипотезаңы бекітеді: Республика Президентің, Парламент
Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы
негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізеді. Бапта көрсетілгендей
сайлаудың өтуі үшін бірнеше жағдайлар, шарттар бекітілген.
Дәрежелі кесімділік сипаты бойынша болжамдар абсолюттік-кесімді жене
салыстырмалы кесімді болып бөлінеді.
Абсолюттік-кесімді гипотеза өзінің мәтінінде құқықтық норманы
қолданудың және іс жүзіне асырылуының нақтылы жағдайлары мен шарттарын
көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңының 11-
бабы абсолюттік-кесімді гипотезаға жатады:
Некеге тұруға;
1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-
аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немересінің), ата-анасы бір
және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-
сіңілілердің (аға-қарындастарының);
3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің
салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол
берілмейді.
Немесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-
бабы абсолюттік кесімді нормалар санатына жатады: сот егер :
1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын
ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті
қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса;
2) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
3) арызға қол койған және оны берген адамның арызға қол коюға және оны
беруге өкілеттігі жоқ болса;
4) осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол
мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар
болса;
5) тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру
туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға
дейін дауды сотта шешуге қарсылык білдірсе;
6) өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші
шақыру бойынша сотқа келмесе;
7) өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру
бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
8) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты
қолдамаса;
9) талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі
мәні бойынша қарауды талап етпесе;
10) көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі
бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі
өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе, арызды
қараусыз қалдырады. Осы көрсетілген шартгардың бірі анықталатын болса сот
арызды қараусыз қалдырады, яғни диспозиция өзінің құқықтық күшіне енеді.
Салыстырмалы-кесімді гипотеза құқық нормаларын іс жүзіне асыратын
субъектілерге арнайы шеңбер көлемінде шарттардың бірнеше мүмкіндіктерін
беруді бекітеді. Мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 90-бабы
салыстырмалы-келісімді гипотезаға мысал бола алады, Егер мемлекеттік
тұрғын үй қорындағы түрғын үйде... тұрғын үй сақталатын уақытша болмаған
жалға алушының отбасы мүшелері тұрмайтын болса, жалға алушы сақталған
тұрғын үйге қосымша жалғау шарты бойынша тұрғындарды кіргізуге не тұрғын
үйдің сақтау мерзімінде уақытша тұрғындарды тұрғызуға құқылы. Құқықтық
норма жалға алушыға салыстырмалы кесімді гипотеза арқылы екі мүмкіндік
шартын бекітіп отыр.
Баяндау тәсілі бойынша гипотезалар абстрактілі және казустік болып екі
түрге бөлінеді. Абстрактілік гипотезада дара, жеке жағдайлар көрсетілмейді,
жалпы мағынамен ғана беріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 73-нормасында: Қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс әрекетінің
(әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не
оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасы бұзылуы пайда болған адамды
сот жазадан босады, ал жазасын өтеп жүрген адамды одан әрі өтеуден
босатады. Нормада психикасы бұзылуы деген ұғым абстрактілік болжамдар
сипатын дәлме-дәл беріп тұр. Себебі, қандай аурулар екені нақтылы,
жекеленіп көрсетілмеген: шезофрения ма, эпилепсия ма, депрессиялық психоз
ба. Абстрактік гипотеза негізінде құқықтық нормалардың көлемін қысқарту
мақсатын көздейді.
Казустық гипотеза деп құқық нормаларында нақтылы, жеке жағдайлардың
барлық сипаттамаларын айқындап белгілеуді айтады. Казустық гипотезаға,
мысалы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 115-бабын жатқызуға
болады. Бұл нормада жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жеке
жағдайлармен нақтылы берілген: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-
қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық,
жеке кұпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы,
шығармаға қолсұқпаушылық құқығы. Бірақ, казустық нормаларды қалыптастыру
барысында кейбір қатынастар немесе кейбір объектілер оның кұрамына,
тізіміне кірмей қалу қаупі бар. Бұл жағдайларда (казус) құқық қолдану
барысында айтарлықтай қиындықтардың тууы мүмкін.
Диспозиция деп құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық
ережелерін айтады.
Диспозиция құқықтық әдебиетте негізінде екі түрге бөлінеді: баяндау
тәсілі бойынша және құрылымы бойынша. Баяндау тәсілі бойынша диспозициялар
жай, суреттемелік, сілтеме, бланкеттік болып бөлінеді.
Жай диспозицияда бір жағдай болғанда құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері
Әлеуметтік және техникалық нормалардың айырмашылығы
Құқық нормаларының құрылымдық мен элементтерінің сипаттамасы
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Әлеуметтік нормалар
Құқық нормаларының теориялық негіздері
Құқықтық норма
Құқықтың ендігі бір белгісі мемлекеттің күшіне сүйенуі
Құқықтық шығармашылық
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Пәндер