Қоршаған ортаның экологиялық проблемалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше
маңызға ие болып отыр.Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген
елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып
, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы , жер бетінен өсімдік және
жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай – ақ табиғи
ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр.Кейбір елдерде ,әсіресе
дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық , адамдардың
денсаулығы бұзыла бастады.Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне
ерекше көңіл бөлуге , табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен
жақсырақ айналысуға , сондай- авқ оның ресурстарын тиімді пайдалануға
итермелейді.Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру ,ормандарды қалпына
келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту ,
топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу
төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.
Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі.Ондағы өзгерістер баяу,
байқаусыз өтеді,өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері
ұзаққа созылады.Адамның зиянды істері бірден байқалмайды,тек ұзақ жылдардан
соң , бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі
кешігіңкірегенде,кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.
Өткен кезеңдердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай ,табиғатқа
ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең
орны томас зиянға ұшыратарын алдын ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет
екенін естен шығармаған жөн.Табиғатқа ұқыптылықпен қарамаудың ащы мысалдары
өте көп және лоардың зиянды жақтары баршаға белгілі.
Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация
процесінің күшеюіне алып келеді. Қазақстан Республикасы да дүниежүзілік
урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас
кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде
қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары 45
жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды.
Болжам бойынша, қалалар саны жақын арада көп өзгере қоймайды. Ал қаладағы
тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығыздығы әсіресе Алматы,
Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200- ден аса адамнан
келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себеп болды. Дүние жүзінде
1850 жылы халқының саны миллионнан астам 4 қала болса, 1920 жылы олардың
саны 25-ке өсті.1950 жылы қаланың саны 90-ға, 1960 жылы 140-қа, 1970 жылы
160-қа жетті.
Қазақстан Республикасы 2717 мың шаршы км аумақты иемденіп
жатыр.Қазақстанда- 14 облыс, 84 қала және 210-дай қала типтес елді
мекендер бар. Осы облыстардағы қалалардың орналасуы және олардың сандық
сипаттамасы, Ж .Әділовтың дерегі 5.5 кестеде келтірілген. Берілген
мәліметтерден байқалғандай, 1970 жылға дейін қала халқының саны өсіп келген
(қалада 50%, ауылдық жерлерде 50%). Одан бері қарай, қала халқы екпіндеп
өспегенімен, баяулап арта отырып, 1989 жылы қала– ауыл халқының ара
салмағы 57 және 43 % болған.
Жеке қалалар мен олардың тұрғындары өсіп ғана қоймай, қазіргі
қалалар бір- бірімен қосылып, аумағы үлкен, халқы аса зор аймақтар пайда
болуда. Оларды- мегаполис (қосылып кеткен ) деп атайды. Бірінші мегаполис
ретінде, АҚШ-тың Атлант мұхиты жағалауындағы Босваш мегаполисін айтуға
болады. Оның ұзындығы 850 км, халық саны 35 миллион.Тынық мұхит жағасында
ұзындығы 120 км, ені 60 км Лос- Анджелес- Сан-Франсиско мегаполисі бар.
Үлкен Токио (Токио мен Иокогама қалалары) мегаполисінде 25 миллионнан астам
адам тұрады. Ресей мемлекетінде де - Москва, Владимир, төменгі Новгород
қалалары бір- біріне қарай “жылжып”, аралары жақындап келеді.
Сонымен ірі қалалар маңайындағы кіші қалаларды, елді мекендерді
өздерінің құрамына қосып, қоршаған ортаны одан әрі нашарлатуда, қала
тұрғындары, ауыл адамдарымен салыстырғанда екі есе көп науқастанатыны да
сондықтан.
Алдын ала болжамдар бойынша, алдымыздағы ғасыр сонына қарай халықтың
¾ бөлігі өнеркәсіп орындары шоғырландырылған қалалар мен қала типтес
орталықтарда, ал дамып келе жатқан елдерде, олардың жартысына жуығы
қалаларды мекендейтін болады. 1 млн- ға жуық халқы бар қала, сөткесіне
өте үлкен су қорын, азық, жанар жағар май қорларын пайдалану
нәтижесінде, көптеген газ, сұйық және қатты күйіндегі қалдықтар қоршаған
ортаға келіп қосылады. Соңғы кездері, үлкен қарқынмен дамыған мұнай
өндіру, өңдеу кәсіпорындарының да табиғи қоршаған ортаның экологиялық
климатын өзгертуде, ауаны ластауда алар орны ерекше. Ол– экологиялық
пәнді, ілімді білмеудің, оны елемеудің салдары Табиғат өзіне жасалған
қиянатты ешқашанда кешірмейді.Оны дер кезінде тоқтатпаса, есесі үлкен
шығындармен, орны толмас өкінішпен қайтатаны анық.
Өндіріс орындары қалада шоғырланғандықтан қоршаған ортаны
ластаушылардың басты көзі сол екендігін Ж. Әділов өз еңбегінде былай
сипаттайды: Алуан түрлі өнеркәсіп салалары, өндіріс күшінің басым бөлігі
қалада шоғырланғандықтан, онда халық көп, әрі тығыз орналасады. Сөйтіп олар
әлеуметтік– экономикалық және экономикалық қарама – қайшылықтың негізгі
буынына айналды, бір жағынан, қалалар айналадағы табиғи ортаны ластайтын
басты көз, екінші жағынан, ол- ластанудан неғұрлым көп зиян шегетін және
ондағы қоршаған ортаны сауықтыруды қажет ететін әлеуметтік–экономикалық
объект. Сондықтан, қаланың көбею процесінде, яғни қалалар пайда болғанда
және дамығанда бірінші кезекте қоршаған орта факторларын реттеуді ескеру
қажет.
Қазіргі өнеркәсіп қалалары өте күрделі әлеуметтік– экономикалық және
экологиялық жүйе болып саналады. Оларда, өндірістік және өндірістік емес
салалардың, көліктің, тұрмыстың, мәдениеттің тұтас организмі тығыз
байланысқан. ”Тұтас организм ретінде, - деп жазды В. М. Розин, - қала
жекелеген жүйе тармақтарының: өндіріс тұрғын, көлік, тұрмыс, мәдениет
салаларының бірігуі ғана емес, біріңғай ортасы.”
Қаланы адамдарды қоршаған ортаның басты формасы ретінде қарастыру,
әлемдік және аймақтық модельдермен салыстырғанда, қаланың экологиялық блок
модельдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайды. Қалаларда бірінші кезекте
қоғамның сонымен, қоса әлеуметтік және табиғи ресурстың басты рөлі ретінде,
тікелей адамдар проблемасы қойылады. Сондықтан да мұнда экологиялық функция
ең әуелі әлеуметтік тұрғыда және олардың өмір сүруін қамтамасыз етуде, әрі
қала ортасының дамуына орай өркендетуге бағытталады.
Тыныс-тіршіліктің әлеуметтік бағытына, әсіресе дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының жарғысына сәйкс қалада адамдардың денсаулығына,
олардың рухани өсуіне, мәдениетті демалуына зор көңіл бөлінеді. Ол үшін
қаладағы қоршаған ортаның тазалығы үнемі басты назарда болады.
Географтар мен қала салушылардың жұмыстарында, қаланы қоршаған орта
тұтастай үш негізгі компонент ретінде қарастырылады .
1. табиғи орта(экожүйе):
Ландшафт; Климат, атмосфера, жер бетіндегі және жер астындағы
сулар,геологиялық орта; Биогендік элементтер , топырақ, биоценоз.
2. Антропогенді жасанды орта. Қала атырабын қолдан ұйымдастыру: инженерлік
және көліктік инфрақұрылымдар, салынған құрылыстар, көгалдар, энергия мен
материалдардың , соның ішінде ластайтын заттармен танысып оларды белгілі
бір жүйелерге топтаудың қажеттілігі жоғары .
Адамның адамдық қасиетке ие болып, кемелденуі жұрттың арасында өмір
сүріп, бірге еңбек етіп қарым- қатынас жасауында. Халық санының аз немесе
көп болуы, оның орналасуы ,тығыздығы ,өсу қарқынының жылдам не баяу болуы
сол елдің немесе қоғамның қоршаған ортаға көзқарасының дамуын
тездетеді,не баяулатуға себепші болады.Алайда мұны , халық саны қоғамды
дамытуда шешуші рөл атқарады деп тікелей түсінуге тағы болмайды.Халықтың
орналасуы тығыздығы және өсу қарқыны өте жоғары бола тұрып,кейбір
мемлекеттердің саяси , экономикалық және экологиялық дамуы жағынан саны
аз,әрі сирек қоныстанған елдерден артта қалған реттері тврихта кездесіп
отырады. Мысалы, Швеция халқының орналасу тығыздығы АҚШ – қа қарағанда 26
есе жоғары екен. Ал экономикалық ,саяси және экологийлық дамуы жағынан бұл
елдердің қайсысы ілгері кетіп , жай – күйін білдіретін мәселе еңбек
ресурстары төңірегінде ,еңбекке жарайтын күш мөлшері туралы, халыққа білім
беру ,іскерлік қабілеті мен мамандығын ұдайы арттырып отыру хақында болмақ.
Жан- жақты сауаты бар, көзі ашық,өз ісін жетік меңгерген маман табиғи
ортаны бүлдірмейді.ондай адамдар өзі және ұрпағы өмір сүріп отырған табиғи
ортаға қастандық жасауы мүмкін емес.
Ірі өнеркәсіп пен қалалар, т.б. құрылыстар кешені көбінесе суы мол,
адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін ормандар қырқылып құнарлы
жерлер пайдаланылады. Осының бәрі қоршаған ортаға өзімен бірге өндіріс
қалдықтары мен түрлі тұтыну қалдықтарын көбейтіп үлкен проблема туғызады.
Қалдықтарды біз көбіне қоқсықтар дейміз. Ал әрбір отбасындағы бір адам
тәулігіне 1,2- 1,4 қоқыс шығарады.
Нағыз тұрмыстық қалдықтарға қағаз, тамақ, шыны, металл, тоқыма
бұйымдары, пластмасса, резина өнімдерінің қалдықтары, т.б. жатады. Осы
қалдықтарды біз күнделікті шығарып отырамыз.
Ал өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі
әрі қауіпті болып келеді. Олар су, дала, орман , т.б. кешендерді ластап,
айнала қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы және
адамдар ауруға шалдығуы мүмкін.
Қалалар жағдайында қалдықтарды қайта өңдеп, тұрмыста пайдалану
жұмыстары жүргізіледі .Көбіне металл қалдықтар балқытылып, қайтадан
жаратуға келсе ,пластмассадан жасаған бұйымдарды жоюға тура келеді.
Қалдықтардың көбін құрылыс материалдарын шығаруға, шикізат өндіруге
жұмсайды. Ал кейбіреулерінен кәдімгі тыңайтқыштар алынады. Органикалық
қалдықтар құрамында қоректік элементтер азот, фосфор, кальций, магний,
калий көп болады.
Өндіріс және тұрмыс қалдықтарын залалсыздандыру халықаралық
проблема. Ең бастысы зиянды заттарды пайдалы заттарға айналдыру .Ол үшін
үлкен қалаларда қалдықтарды өңдейтін зауыт салынуы керек . Алғашқы осындай
зауыт 1981 ГФР – де ашылған. Оның қуаттылығы – тәулігіне 300 т,ал жылына 75
мың т қоқыс өңдейді.
Қазақстанда қалдықтарды өңдеу проблемасы әлі шешілмей келеді.Көптеген
қалаларымыз (Қарағанды, Екібастұз, Жезқазған) өнеркәсіп шоғырланған
жерлерге салынған. Өнеркәсіп қалдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны
өңдеу баяу жүргізілуде. Осының бәрі желмен, сумен ауаға топыраққа тарап,
қоршаған ортаны ластап жатыр.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарлды жоюға бола ма. Өркениетті
дамыған елдерде бұл проблема жақсы жолға қойылған. Мысалы, Жапонияда
қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы жүйесі бойынша жұмыс істейтін
зауыттар бар. Олар қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиямен жұмыс
істейді. Өңдеудің соңғы өнімі - құрылыс материалдары немесе тыңайтқыш Міне,
осындай деңгейге жету барлық мемлекеттердің алдағы жоспары.Біздің
республикамызда бұл бағытта біраз жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Алматы
қаласында біраз зауыттар өндірістік қалдықтарын шлакты белоктар, құрылыс
материалдары және жол төсемдерін жасауда. Қазақстан Республикасының
табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министірлігінің және заңдары
еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту барысында жасалынып жатқан игі
істердің бастамасы деп білеміз.
Экологиялық проблемаларды шешу жолдары
Қазіргі кезенде адам мен оны қоршаған орта арасындағы
қарымөқатынастың күрделене түскені белгілі. Жер шарындағы халық санының
жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа
жүргізілетін ықпалын күшейтті. Әсіресе хх ғасырдың екінші жартысынан
бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне
керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды жер
қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. ”Табиғатқа бағынбаймыз,
оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз” деген көзқарас
қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері
табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел су тасқыны,
жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми –
техникалық өрлеумен тікелей байланысты
Адамзаттың өмір сүру жағдайларының жақсаруы, ғылыми– техникалық
өрлеу табиғат пен қоғам арасындағы “алмасусыз” іске асу мүмкін емес.
Бұл “алмасу” сөз жоқ табиғатқа зиян келтіреді. Ал, бұл өз кезегінде адамның
денсаулығына, жер бетіндегі тіршілік дүниесіне келетін зиянға ұласады.
Мәселе – осы зиянды болдырмау , мүмкіндігінше азайта білуде , табиғаттың
өз тіршілігін сақтап, қалпына келтіруіне жағдай жасауда болып отыр.
Экология туралы ғылымның көмегі де осы жерге керек.
Бізде материалдық өндіріске баға берудің екі өлшемі (әлеуметтік,
эконмикалық) қалыптасқан. Ал, қазіргі өмір осы өлшемге экологияны да
қосуды қажет етіп отыр. Әрбір салынатын өндіріс орнын
әлеуметтік,экономикалық жағынан дәлелдеумен қатар, оның экологиялық
жағдайларын қоса ескеріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Экология ғылымының дамуы
Жалпы экологияға кіріспе
Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалында қоршаған орта сапасын жақсартуға арналған іс - шаралар.
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жағдайлары
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы. Жалпы ережелер
Пәндер