Қасымның қаламы нұрлы ақын



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
Ақынның өмірі

ІІ Негізгі бөлім
А) Ақынның творчествасы
Б) Қасымның қаламы нұрлы ақын.

ІІІ Қорытынды.

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы
ауданында 1911 жылы туды. Ата-анадан жастай жетім қалған Қасым Семейге
барып интернатқа орналасады. Ол 1927 жылдан бастап Семейдегі мал дәрігерлік
техникумында оқиды. 1930 жылы Қасым Алматыға келіп, Лениншіл жас
газетінде қызмет істейді. Біраз уақыт ленинградтың орман шаруашылығы
институтында оқыды. Бірақ денсаулығына және оқи бастаған мамандықтары ұнай
қоймауына байланысты оқу орындарын тамамдамаған.
Ақынның бірсыпыра өлеңдері Оралдың облыстық Екпінді құрылыс
газетінде жарияланған. 1938 жылы Қ. Аманжоловтың Өмір сыры атты тұңғыш
өлеңдер жинағы шығады. Бұған оның ақындық сапарының алғашқы жылдарындағы
жырлары енеді. Бұлардың кейбіреулері жалынды, жатық жазылғанымен, жалпы
алғанда, жинақтағы өлеңдер сол тұстағы өзге көп өлеңдерден ерекшелене
қоймайтын. 1938 жылы майда Жамбыл творчествосының 75 жылдығында Қасым
өзінің Жамбыл тойында деген поэмасын окып берді. 1939 жылы Қасым
Көкшетауды, Баянауыл жақты аралайды, Бурабайда болады, Біржанды, Балуан
Шолакты көрген Ысқак, Смайыл деген қарттармен әңгімелесіп, өлең мен әннің
думаны Біржан салдың, халық балуаны және өнерпазы Балуан Шолактың
өмірбаяндарын сұрап қанады.
1939—-1941 жылдары Қасым творчествосында елеулі өзгеріс басталады. Бұл
жылдары ол Ленин және дүние, Нар тәуекел, Дауыл, Көкшетау,
Орамал, Заула, заула, Түрксиб, Сұлтанмахмұт туралы баллада, Ғашық
едім қайтейін, Сонет, Жолдас маршал өлеңдерін жазды. Осы кез — акынның
Маяковскийден батыл үйренген кезі. 1941 жылы ақын бір топ өлеңін Бар
дауыспен деген атпен кітап қылып шығарады. Кітаптың аты — автордың
Маяковскийге бас иетініне, оны өзіне ұстаз тұтатынына жанды айғақ. Бұл
кезде ақында тұр, өлеңнің ырғағы, үнділігі жағынан іздену көп. Ақын
қаламынан лирикалық өлеңдермен жарыса, Құпия қыз, Бикеш (алғашқы аты
Азғынбаев) поэмалары туады.
Қасым Аманжолов Ұлы Отан соғысы майданына аттанар алдында Мазасыз
музыка, Армиясы Лениннің, Бейсекештің бес ұлы, Қоштасу атты лепті
сезімге толы патриоттық өлеңдерін жазады. Ақын әскери қызметті 1941 —1943
жылдары Қиыр Шығыста атқарған еді. 1943—1945 жылдары ол канды манданда
жауынгер болады. Қасым майданда аратұра үгітші болады, декламаторлық
жасайды, сауыққойлар концертіне қатынасады.
Жауынгерлік үлкен міндетін жан аямай-ақ атқарған Қасым майданда
абыройлы болады, партия мүшелігіне өтеді. Ақын таланты майданда қанаттанып,
творчестволық жағынан күрт көтеріле өседі.
Ақын көп өлеңін майдан өмірін және майдангерлерді суреттеуге арнайды.
Олардың қатарында Қанқұйлы жау, Отан соғысы туралы жыр, Үстімде сұр
шинелім, Май майданда, Подполковник Альпинге, Маратбек, Жеңіс
даусы, Сен фашиссің, мен қазақпын, Қызғалдақ секілді жақсы өлеңдер
бар. Байқал, Орал, Ертіс, Сарыарқа, Сібір секілді өлеңдерін Отан
жерінің тұлғалы орындарына арнайды.
Майданда, арпалысты күресте жүріді ақын дағдылы от басын, көңілдес
достарын ыйтуға сағынады. Ол бейбіт өмірді, тыныштықты, көңілдес жандарымен
кеңесіп, кейде өлен жайлы пікір шерткен сағаттарын есіне алады. Өмір
туралы, бүгінгі мен болашақ жайлы толғанғандары бар. Сондай жан
толқындарының жемісі болып ақынның Достар, қайда жүрсіңдер?, Елге хат,
Ғалиге, Сәбитке, Есмағамбетке, Қапанға, Еркін ініме, Абайға
секілді өлеңдері туады.
1944 жылы акынның Абдолла деген (кейін Ақын өлімі туралы аңыз деп
аталды) атақты поэмасы жарияланады. Бұл поэма әдебиетімізде жаңа белес
болды. Майданнан Қасым үш жүйе үлкен жеңіспен қайтты. Бірінші, ол советтік
ұлы армия құрамында қанкұйлы фашистерді талқандау күресінің жуан ортасында
болып, жеңіске жетті; екінші, бұрын бейбіт жағданда көп уақытын әдеби
әдемілік іздеуге сарп етіп жүрген ақын майданның алғашкы күнінен бастап
жорықтың жүгірісінде, окоптың түбінде аялдаған жерде қағазды тізесіне қойып
отырып жазды. Кейде сөйлемді бастап үлгіріп, аяқтай алмай жүгіріп кетіп,
соңын біраз уақыттан немесе біраз күннен кейін тамамдаған күндері болды.
Қасым оған мойыған жоқ. Ұрыс майданының қатал өмірі әр майдангерді,
солардың қатарында Қасымды да көп қиындыққа ұшыратты, творчестволық
қолайсыз жағдайға қойды. Алайда өмірдің бетімен қалқымай, кені-қазынасы
терең қабаттарына шүйгуді арман еткен акынды өлім мен өмір жағаласқан,
көзқарасы, тарихи ұстаған бағыттары қарама-қарсы екі әлем, жекпе-жекке
түскен үлкен майдан творчестволық үлкен ұмтылысқа жетеледі. Үшінші жеңісі,
Қасым ғажайыбы — майданда жұрттың бәрі ақын солып кетті. Майданнан қайтқан
талайлардың өлеңге толы қалың-қалың дәптерлерін көрдік. Оның себебі: өлім
мен өмірдіқ арпалысы адамнын сезімін, ой-санасын, киялын ұштады. Сондай
жағдайға отты ақын Қасым Аманжолов та ұшырады. Творчестволық
толғанысты жаны жақтыратын ақын сол қаһарлы күндерде өлеңнін талайын —
асыл қазыналарын —тудырды.
Сәл ғана саябырда тауып ракат,
От үрлеп сұр окопта отыр солдат...
Кім білер сол солдат мен екенімді,
Алтын от алдымдағы — дос жазған хат.
Осындай сезімдер кеудесін керген жауынгер ақынның халыққа айтары көп
болған, ол көп айтқан, еселеп айтқан, келістіріп айтқан, тау бұзғандай
кесек пікірлерді терең шыңыраулардан қопара шығарып айтқан!..
Акын өлеңдері шыншыл да сыршыл. Қасым Ғалиге жауабында:
Ажалдық мен бе кенер дегенінен
Кедермін, күтші достар, мен еліме.
Біреулер жанарымнан жанымды ұғып, Біреулер қарар
ескі шинеліме,—
дейді.
Майданнан қайтқан бетінде Қасым журнал редакциясында істеді, жаңа
шығармалар жариялады. Мәселен, 1946 жылы ол 26 өлең жазады, Бикеш,
Қытай қызы позмаларын жөндейді, Боран поэмасын (боранмен техника
адамдары туралы) жазуға кіріседі. Бұл жылы жазғандарының ішінен Достар,
Туған жер, Бөбегімін Лениннің, Құрбыма, Сауыншы жеңгейдің жыры,
Май келді, Домбыра, Дариға, сол қыз, Астык пен бастық, Ақындар
бес жылдығы, Күйім тасып барады, күйім тасып, Экспромт атты өлеңдері
дарындылығымен ерекше көзге түседі. Бірақ 1947 жылдан бастап Қасым ауруға
шалдығады. Ауру айықпай, ақынның денсаулығы біртіндеп кеми береді.
1947. жылы акын он шақты өлең жазады, Біздің дастан поэмасын бастайды,
Лермонтовтың Маскарадын, Твардовскийдің
Василий Теркинін аударады.
1948. жылы Қасым қаламы құнарлы болып 31 өлең жазады,
Дауыл жинағын шығарады. Оқушы және әдеби жұртшылық
жинақты жоғары бағалап, жылы қарсы алады. Социалистік
Қазақстан газетінде Ә. Тәжібаевтың жинақты жоғары бағалайтын Дауылды
жырлар деген мақаласы жарияланады.
Ақынның өлеңдері 1946 жылы Гроза деген атпен, 1949 жылы Стихи деген
атпен жеке кітап болып орысша басылды. Осы жылдарда ақын Пушкиннің
Чаадаевқа, Еркіндік өлеңдерін, Полтава поэмасын, Лермонтовтың
Тұтқын, Ақын ажалы, Қанжар, Теректің сыйы, Желкен өлеңдерін
аударған.
Бұл тұста акын сатираға біраз бет бұрды. 1949—1950 жылдары қырық шақты
өлең жазған. Олардың қатарында Трумэнге, Аденауэр, Бактерия королы,
Дүние сыймас бомбаға, Дүние дұшпандарына атты сатиралық өлеңдері бар.
Бұл кезде Қасым бейбіт өмірді өркендеткен өз еліміз туралы Қуанышқа,
Бақытқа, Отыз үш жыл, Қазақстан коммунистеріне, Аралым, айдын
шалкарым, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым Аманжолов (1911 – 1955 ж.)
Ұлттық поэзиядағы Ұлы Отан соғысы тақырыбы (Қ.Аманжолов, С.Мәуленов туындылары бойынша)
Ғали Орманов туралы
Сол Қасым, сол тағдырды қанымен түсінген Қасым
Есмағамбет Ысмайыловтың шығармашылық мұрасы
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов туралы
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
Қaсым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы
Қасым Аманжолов
Пәндер