Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны.
2. Міндеттері.
3. Қағидаттары мен әдістері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен
әдістері.

Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы
жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және
әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың
үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық
кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс
өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік
қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол,
бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элеменнтері турасында,
ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша
қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында
жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді
ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты
жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын
ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті)
анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді
жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын
қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп
дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық
жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар
экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде
қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды
бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы
ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).
Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады,
нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске
асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін
әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу,
құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
бағытталған прцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты
құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды
және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері
мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары
мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы
жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болп табылады. Әрбір жоспарда
белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит
жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен
айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі
мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің
резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар
арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және
басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық
құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды
түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге
жетудің қажетілігін білдіреді) сипаталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелермен пайдаланылады:
а) автоматтық өткен жылдың деректері келесі жылға
көшіріледі.инфляция кезінде деректер инфляцияның коеффиценттеріне
көбейтіледі.бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және,
әдеттегідей,уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып,өткен жылдардың
санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі
тиіс бұл әдіс нақтылы қажетіліктерді есепке алады және оларды
мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы
ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға
бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны
жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада
айрбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді
өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды
тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен
өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны,
бағаны, құн заңын, сүраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің
механизімі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс
пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың
элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды
жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың
күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру
және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса
маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың
органдары, мекемелер және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырылады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдйында қаржылық жоспарлау
шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші
көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде
жүргізіледі.
Қаржылық болжау – мемлекеттік мүмкіндік болатын қаржы жағдайын
алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу
(дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл ) және ұзақ мерзімді (10
жылдан астам ) болуы мүмкін. Қаржалақ болжау қаржы жоспарларыни жасау
стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған
қаржы саясатынның тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты –
болжаған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын,
оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады.
Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен
жетілдірудің түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық құралдары мен әдістері
Қаржының мәні. Қаржыландырудың көздері
Қаржылық жоспарлау
Қаржыны жоспарлаумен болжау әдістері
Қаржыны жоспарлау мен болжау әдістері
Қаржылық жоспарлау жайлы
Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
Қаржылық жоспарлау мен болжау
Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамда - рының көрсеткіштері жатыр
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары
Пәндер