Арал аймағының экологиялық жағдайының әлеуметтік әсері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География факультеті

Тақырыбы: Қазақстанның өзен және көлдерінің гидроэкологиясы

Орындаған: 050609 география
2курс 1топ студенті
Агманова А.А
Қабылдаған: Таиров А.З

Алматы, 2011 жыл

Жоспар

Кіріспе

І.Негізгі бөлім

1.1 Арал теңізі жайлы алғашқы деректер

1.2 Сырдария мен Амудария өзендерінің су қорын
пайдалану

1.3 Арал аймағының экологиялық жағдайының
әлеуметтік әсері

ІІ.Қорытынды

Арал теңізінің экологиялық жағдайын жақсартуға арналған
шараларға жүйелік талдау

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Кіріспе

Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны
баршаға аян. Соның ішінде Қазақстанның үлес салмағы аз емес. Еліміздегі
экологиялық жағдайдың күн өткен сайын құлдырауы, бүкіл республика
жұртшылығын қатты алаңдатуда. Арал теңізінің экологиялық жағдайы, бұл бүкіл
дүние жүзінің алдына қойған үлкен бір мәселесі болып отыр. Адамдардың
ақыл – ойының үздік жетістігі осылайша көрініс тауып, ғылыми – техникалық
прогрестердің озық тәжірибесі жүзеге асқан бұл өлкеде, тағыда сол
адамдардың өзімшілдігі, бір жақты тайыз ойлаушылдығы мен қомағайлығы
салдарынан бір ұрпақтың көз алдында Арал сияқты үлкен теңіздің жойылып,
Сырдария суы мен айнала төңірегінің уланып, тұрғындарға зор қасірет
шектіруде.
Сол себептен мен, мемлекетімізді алаңдатып отырған Арал тағдырының
жағдайы не болар екен деген үмітпен осы жұмысты қолға алдым. Бұл жұмысты
алудағы басты мақсатым, сол өңірде мекен етіп жатқан қандас бауырларымның
жағдайымен жақыннан танысу, оларға көмек көрсету, шешу проблемаларын
алдарыңызға ұсыну болатын. Екі жылдан бері осы жұмысты қолға алып, зерттеп
келемін.
Бүгінгі таңдағы Арал теңізі, әсіресе, оның қазақстандық бөлігінде аса
бір ауыр экологиялық жағдай қалыптасқанын көзбен көре отырып, ол жөнінде
жан – жүрегің сыздамай әңгіме қозғау мүмкін емес. Арал өңірінің табиғатын
қайта қалпына келтіру жөнінде азды – көпті шаралар жүргізіліп те жатыр. Бір
өкініштісі сол шаралардың түпкі нәтижесі аса бір ауыз толтырып айтарлықтай
емес. Міне, сондықтан неғұрлым ұтымды әрі шұғыл шаралар қажет. Олай
болмаған күнде енді бір 10 – 15 жылдардан кейін теңіздің қазіргі деңгейін
қалпына келтірудің өзі қиынға түседі.
Арал теңізі таяу жылдарға дейін өзінің көлемі жағынан тұйық теңіздердің
ішінде елімізде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алып келді. Ол көп
уақыттар бойы өзіне келіп құятын қуатты қос өзен – Сырдария мен Амударияның
арқасында айдыншалхары төмендеп, көрмеген теңіз атанып келді.
Тянь – Шань және Памир тауларынан бастау алатын осынау екі өзен суының
еліміздің территориясындағы жалпы мөлшері 100 текше километр шамасында
болатын. 1961 жылға дейін аталған өзендердің теңізге келіп құятын суының
орташа мөлшері – 58 текше метр еді. Айдынының аумағы 66 шаршы километр,
теңіз өз деңгейінен көп жылдар бойы 53 метрлік белгіден түсірген емес.
Атмосфералық ылғал мен теңіз суының булануын бойына бірдей сіңірген өзен
ағасы – бұл маңайдағы көптеген кішігірім көлдердің ұзақ жылдар бойы
сақталуына қолайлы жағдай жасады. Сөйтіп мұндай көлдер қойнауында Ар алуан
жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің де өсіп - өрбуіне мүмкіншілік бар еді.
Ол кезде теңіз тұздылығы небәрі 10 промиль шамасында болды. Міне, осының
бәрі теңіз төңірегіндегі аймақтарға, оның экологиясына, Арал бассейнінің
әлеуметтік – экономикалық даму жағдайларына оңды ықпал етті. Әйтсе де,
содан бері бұл өңірде қаншама өзгерістер болды.
Небәрі 25 жылдың, яғни, адам ғұмырының үштен бір бөлігіндей ғана
мерзімде теңіз бейнесі адам танымастай күйге түсті.
1962 жылдан бастап Амудария мен Сырдария өзендері ағысы бәсеңсіп, кейін
мүлде тоқтатылуы себепті, теңіз деңгейінің төмендеуін тездетті.
Қазір оның деңгейі 12,7 метрге төмендеді, теңіздің қазақстандық
бөлігіндегі айдыны жағалаудан 50 – 100 шақырымға қашықтап кетті. Бұрынғы
біршама ауқымды жерді алып жатқан тайыз судың түбі көрініп, қазірдің өзінде
– ақ 25 шаршы километр айдынның суы 2 есе азайып, тұздылығы 2,5 есе
көбейді. Турасына көшсек, біртұтас теңіздің өзі – Аралдың солтүстік –
шығысында жатқан Кіші өзен және оның қалған бөлігіндегі Үлкен өзен болып
екіге бөлінді. Ол ма, теңіз өзінің Ау бастағы балық шаруашылығы және
транспорттық мәнінен мүлдем айырылды (1 сурет).

1 сурет

Теңіз деп Аралды айту қиын сияқты...

Тартылып бара жатқан теңіздің түбіндегі тұз шөгіндісі мүлде ұлғайып
барады. Осылайша сол тонна – тонна тұз атмосфераға көтеріліп, төңіректі
түгел зақымдауда. Кейбір космостан түсірілген мәліметтерге сүйенсек, тап
осындай тұз тозаңының аэрозолдары Аралдан 300-400 км қашықтыққа дейін
ұшып барады екен 1.
Арал айдынының өзендер суының азаюы бұл өңірдің ауа райына да кері
ықпал етті. Арал өңірі территориясының климаты құрғақ, шөлді аймаққа айналу
процесі жүріп жатқаны анық көрінеді. Осы өңірдегі табиғи жағдайлардың
нашарлауы нәтижесінде шаруашылықтар көп мөлшерде зиян шеккен. Мысалы,
Сырдария өзеніне суармалы жерлерден келіп құятын тазартылмаған, тұрмыстық
және өндірістік қажеттерге пайдаланылған шайынды судың тұздылығы мен
ластану дәрежесі артып отыр. Осындай себептерге байланысты Қазақстан мен
Өзбекстан шекарасындағы Шардара су қоймасы суының минералдануы 1,8 гл
жетті. Өзен суының құрамынан улы химикаттар мен тыңайтқыштардың зиянды
қосындылары табылды, олардың Ар түрлі ауруларды қоздыратыны анықталды.
Осының салдарынан Арал өңірінде, әсіресе, Қызылорда облысындағы елді –
мекендер тұрғындарының жер бетіндегі су көздерін ауыз су ретінде
пайдалануы кері әсер етуде – жергілікті халықтың, әсіресе жас балалар мен
әйелдер арасындағы ауру- сырқау жиілей түсті.
Арал бассейннің соның ішінде оның Қазақстан бөлігінде экологиялық
жағдайдың ауырлап кеткені соншалық, енді оның әлеуметтік – экономикалық
салдары да айқын көріне бастады. Ең бастысы адамдарды еңбекпен қамтамасыз
етудің өзі күрделі проблемаға айналды, нәтижесінде байырғы тұрғындардың
басқа жерлерге қоныс аударуы басталды. Соңғы бес жыл ішінде Қызылорда
облысынан 42 мың адам біржола қоныс аударған (2 сурет).

2
сурет

Арал тағдыры – адам тағдыры...

Арал теңізі деңгейі төмендеуінің қазіргі жағдайы және оның алдағы
уақыттардағы экологиялық, әлеуметтік – экономикалық салдары бассейннің
табиғи потенциалының сақталуына кері әсер етуі сөзсіз. Бұл Арал өңірі
аудандарының экономикасы мен өндіргіш күштерін дамыту барысында бірқатар
қосымша қиындықтар туғызады. Бірақ осының бәрі кенеттен пайда болған жоқ.
Ол жайында әлдеқашан белгілі болғанды. Қаншама дабыл қағылды, тіпті
бірқатар ғалымдар сонау 1970 жылдардың орта шенінен бастап – ақ Арал
теңізінің құрып бара жатқаны жөнінде өз болжамдарын алға тартып, соны егжей-
тегжейлі талдап түсіндіріп те берді. Сол тұста осы өңірде пайда бола
бастаған табиғи және әлеуметтік – экономикалық қолайсыз өзгерістердің
алдын алу мақсатын көздеген қаншама ойлы ұсыныстар айтылды. Амал не, әр
жылдары қылаң берген ойлы ұсыныстар мен ақыл кеңестердің ешбірі жүзеге
асқан жоқ.
II. Негізгі бөлім

1.1. Арал теңізі жайлы алғашқы деректер

Ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерде мәлім болған. Ежелгі
гректер мен римдіктер Арал теңізі жайлы білген, оны Каспийдің Скифтік
шығанағы деп атаған 2.
Ерте дүниенің үлкен ғалымы Клавдий Птоломей де, Арал теңізі жайлы
деректер қалдырған. Ол Сагди тауларынан ағып, Каспий теңізіне құятын Окс
пен Яксарт өзендерінің аралығында жатқан Оксиан көлін атайды 3 .
Арал теңізі туралы IX және X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн
Хордадбек, Ибн – Рустен, Масуди, Ибн – Хаукальдің келтірген мәліметтері
аса құнды. Бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының
пішіні туралы мағлұмат алуға болады. Ибн – Хордадбек Китаби – ал- масалик
вал- мамлик (Саяхаттар мен мемлекеттер кітабы) атты еңбегінде Амударияны
Жейхун, Арал теңізін Курдер көлі деп атайды. Ибн- Рустеннің Амудария мен
Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша,
Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (фарсах – 6км), теңіздің батыс жағалауында
жоталары Сиякух деп аталады. Оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман
өскен 4 .
Тарихи деректерге сүйенсек, Арал теңізінің деңгейі өткен мыңжылдықта
әлдеқайда жоғары болатын. Бұл жөнінде мәліметтер В.В. Бартольд пен
Л.С. Берг еңбектерінде көп келтірілген.
XVIII ғасырдан бастап, Қазақстан жеріне арнаулы орыс экспедициялары
келе бастайды. Осы кезден бастап Арал жайлы деректерде нақтылық пайда
болды. Солардың бірі – 1740-1741 жылдар Сырдария мен Арал маңын зерттеуге
жіберілген арнаулы экспедиция. Экспедицияға қатысқандардың бірі – Иван
Муравин. Арал маңындағы рельеф формаларына сипаттама берген. Ол тұңғыш рет
Арал теңізінің Шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы съемка жасау
нәтижесінде картаға түсірген 5 .
XVIII ғасырдың соңғы ширегінде Арал маңына келген орыс зерттеуші-
лерінің бірі - Мендияр Бекчурин (1740 - 1821). Ғылымға Арал маңындағы
құмдарды зерттей отырып, құмды жалдар, құмды төбелер атты ұғымдарды
енгізді. Бекчуриннің саяхат кезінде жазған еңбегі Журнал деп аталады.
Мұнда Аралға құятын Сырдария, Амудария, Жаңадария жайлы, олардың
жағалауындағы өсімдіктер, жануарлар жөнінде құнды мәліметтер бар. Бекчурин
осы маңнан жабайы жылқы - тарпандарды, киіктерді көргенін айтады. Қазір
тарпандар жойылып кеткен.
Аралға 1848 – 1849 жылдары А.И.Бутаков экспедициясы келді. Бутаковты
кейіннен Арал теңізінің Магелланы деп атап кетті. Экспедиция құрамында
Поспелов, Макшеев, айдауда жүрген атақта ақын Т.Г.Шевченко болды. Зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде, Аралдың гидрогеографиялық сипаттамасы жасалды,
картографиялық материалдар, физикалық география, геология, геоботаника
мәліметтері жинақталды. Құмсуат мүйісіндегі морфологиялық бақылаулар
негізінде, А.И.Бутаков теңіз деңгейінің ауытқуларының жағалық
террасалардың қалыптасуына әсерін дәлелдеді. Арал экспедициясы
аяқталғаннан соң, А.И.Бутаков пен К.Е.Поспелов гидрогеографиялық карта
құрастырды, ол 1850 жылы басылып шықты.
А.И.Бутаков 1855 жылы Сырдарияның төменгі ағасын, 1858-1859 жылдары
Амударияның сағасын зерттеді. Өзінің соңғы жұмысында А.И.Бутаков Арал
теңізі жағалауларының геологиялық және морфологиялық ерекшеліктерін
сипаттады. А.И.Бутаковтың мәліметтері кейіннен Л.С.Берг және басқа
ғалымдардың зерттеулері арқылы дәлелденді. Осыған сәйкес Аралдың деңгейі
XVIII ғасырда ең жоғары болды, кейіннен төмендей келе, 1825 жылы ең
төменгі деңгейге жетті, сонан соң қайта жоғарылай бастады, деген пікірлер
қалыптаса бастады. А.И.Бутаков Арал теңізі түбінің сипатын, тұрақты
ағыстардың бағыттары мен жылдамдықтарын зерттеді. Ғалым Сырдарияның
төменгі ағысына жақын жолбарыс бар екенін, сексеуілдің қалың болып
өсетінін айтады. Аралды зерттегені және оның картасын құрастырғаны үшін
А.Бутаков Орыс географиялық қоғамының Демидов сыйлығына ие болды 6 .
XX ғасырдың басында Ресейде капитализмнің күшті дамуына байланысты
шикізат қорының аудандары қажет болды. Осыған байланысты Арал теңізін
зерттеу қайта жандандырылды. Бұл кезеңдегі зерттеулер 1897 жылы басталды.

Л.С.Бергтің Арал экспедициясы (1900 – 1903) географиялық-
гидрологиялық жағдайын зерттеді. Аралдың жағаларында геологиялық және
геоморфологиялық бақылаулар, ихтиологиялық зерттеулер жүргізілді. Осы
жинаған мәліметтерінің негізінде ғалымның Арал теңізі атты аса құнды
монографиясы жарық көрді. Бұл монография шын мәнісінде тек географиялық
монография ғана емес, сонымен қатар, ол теңіздің өзін, әрі бүкіл Орта
Азияны барлық жағынан түгел қамтитын сан – салалы монографиялардың
тоғысқан жинағы болып табылады. Л.С.Бергке дейін теңіздің гидрологиялық
ерекшеліктері зерттелмеген-ді, тереңдігінің картасы жасалмаған ды, теңіз
жағаларының пішіні мен геологиясы, оның өсімдіктері мен жануарлары
жөніндегі мағлұматтар да мардымсыз еді. Міне, осылардың бәрін Л.С.Берг
анықтады 7 .
Сонымен қатар, ғалым ғылымда тұңғыш рет Арал теңізінде сейш құбылысы
болатынын анықтады. Ол сейш атмосфералық қысым мен жел күшінің жедел
өзгеруінен пайда болатын құбылыс деп есептеді. Зерттеуші Аралда Сейштің
тым ұзақ уақыт бойы сақталып тұратынын атап көрсетті.
Қорыта келсек, соңғы жылдары Арал теңізінің проблемаларына байланысты
туып отырған міндеттерді шешуге 30 –дан астам ғылыми және жобалау
мекемелері мен ұйымдары қатынасты. Дегенмен, көптеген ғылыми мәселелер
шешілмеген күйінде қалып отыр.

1. Жоғарыда келтірілген ұзақ уақытты қамтитын тарихи – географиялық
зерттеулерде Арал теңізінің қалыптасуы жайлы нақтылы материалдар
келтірілген. Осы материалдар Орта Азия табиғатының тұтастығын дәлелдейді.
Сондықтан шөл зонасында орналасқан, сол территорияның ерекшеліктерін
анықтайтын Арал теңізінің бүкіл Орта Азия табиғатын қалыптастырудағы
маңызы ерекше.
2. Ширек ғасыр ішінде бір ұрпақтың көз алдында жер бетінен аумағы
6 млн.га созылған, тереңдігі 69 метр теңіздің жоғалып кетуі адам
сенбестей жағдай. Суды пайдалану бүгінгі қалыпта қала берсе, бірнеше
жылда теңіз толық құриды деген болжамдар бар.
1962 жылы Аралдың көлемі 66 мың км болса, қазіргі кезде 40 мың км ғана.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай жағалаудың 2 млн.га жері бұл күнде
тіршіліксіз құмды сортаңды шөлге айналды. Сөйтіп адамзат өз қолынан сулы
өңірді, құмды өңірге айналдырды.
3. Арал апатына не себеп болды деген заңды сұрақтар туады. Бұл
біріншіден, Аралға құятын Сырдария мен Амудария суларының теңізге
жетпей ысырап болуынан. Екіншіден, теңіздің тарихи дамуы барысында
судың деңгейі біресе төмендеп, біресе жоғарылап отырған. Соңғы жиырма
жыл – осы циклға сәйкес теңіз деңгейінің төмендеген мезгілі. Бірақ бұл
анықтаушы фактор емес. Бұл жерде басты рольді адамның шаруашылық
әрекетінің зиянды жақтары атқарып отыр.
4. Арал тағдыры теңізде орналасқан Барсакелмес қорығымен тығыз
байланысты. Бұл қорық 1939 жылы құрылған. Аралдың флорасында жоғары
сатыдағы өсімдіктердің 160 түрі бар. Жануарлар дүниесіне келетін
болсақ, сүтқоректілердің – 12 түрі, құстардың – 211 түрі мекендейді.
1953 жылы Аралға Балхыздан, яғни Түркмен жерінен әкелінген құландар
жерсіндірілді. Егер осы мәліметтерді Аралдың экологиялық дағдарысымен
ұштастырсақ, қорықтың ертеңіне не болады деген заңды мәселе туады...
5. Арал теңізінің деңгейі Сырдария мен Амудария гидротехникалық
құрылыстарының салынуына байланысты төмендеуі мүмкін екенін зерттеуші В.И
Лымарев болжаған болатын. Қазіргі кезде Арал тағдыры адам тағдыры деген
қанатты сөз кең тарауда. Бұл сөзде үлкен экономикалық, әлеуметтік мән
жатыр. Мұның өзі Аралды құтқару үшін зерттеу жұмыстарын өрістету
нәтижесінде тығырықтан шығар жолдар іздеу мәселесін алға қойып отыр.

1.2. Сырдария мен Амудария өзендерінің су қорын пайдалану

Орта Азияда басқада құрғақшылық аймақтарға тән – су шаруашылығы оның
ішінде суармалы егіншілік жүйесі, аймақтың табиғи су қорының өзгеруіне және
өте күрделі Әсерін тигізуші негізгі дәлелдеме болып табылады. Қазіргі кезде
Сырдария мен Амудария өзендерінің басына соғылған су қоймалары (1 кесте)
және қолдан соғылған үлкен суару жүйелері арқылы олардың су қорын Орта
Азияның аймақтарына тарату, табиғат жағдайын қалыптастыру, жер асты және
жер бетіндегі су ағындарына күрделі өзгерістер енгізіп отыр. Бұл
аймақтардағы су шаруашылығындағы қолданып жүрген шаралар, су қорына
күрделі өзгерістер енгізіп, табиғи құбылыстардың эволюциялық заңдылықтарға
қарама – қайшы дамуына және оның аймақтық тепе – теңдігінің сақталуына
әсерін тигізді.

Арал теңізі аймағындағы суды пайдалану
көрсеткішінің өзгеруі

1 кесте
Жылдар
№ Көрсеткіштер
1965 1970 1975 1980 1985 1990
1 Судың пайдалану көлемі 72.7 87.9 103.5 111.7 106.0 -
км3, оның ішінде:
Сырдария аймағында 36.4 40.2 45.8 51.7 46.4 -
Амудария аймағында 36.3 47.7 57.7 60.0 59.6 -
Суармалы егістікке 79.6 91.1 102.9 - -
пайдаланылатын су 63.2
көлемі км3, оның
ішінде:
Сырдария аймағында 33.82 44.2 52.6 57 - -
Амудария аймағында 9.4 35.4 38.5 45.9 - -
2 Қайтарылмай 63.2 63.9 76.7 81.1 84.9 12.4
пайдаланылған су көлемі
км3, оның ішінде:
Сырдария аймағында 33.1 24.0 47.9 31.7 31.8 51.4
Амудария аймағында 30.1 39.9 28.8 49.4 53.1 74.0
Суармалы егістікке 46.3 59.9 69.7 77.4 - 114.0
пайдаланылатын су
көлемі км3, оның
ішінде:
Сырдария аймағында 17.6 22.3 25.0 3.00 - 45.4
Амудария аймағында 28.7 37.6 44.7 47.7 69.0 68.6
3 Суармалы егістік жердің 3.82 4.41 5.13 6.15 6.48 7.58
ауданы млн га, оның
ішінде:
Сырдария аймағында 1.90 2.10 2.40 2.95 3.14 3.26
Амудария аймағында 1.92 2.31 2.73 3.20 3.34 4.32
4 Меншікті алған судың 16,54 14,49 15,54 13,54 - -
көлемі мың м3 га , оның
ішінде:
Сырдария аймағында 14,79 10,42 10,42 10,44 - 13,9
Амудария аймағында 14,54 16,98 16,37 14,81 - 16,0
5 Суару жүйесінің суды 0,52 0,55 0,58 0,60 - -
тиімді пайдалану
коэффициенті, оның
ішінде:
Сырдария аймағында 0,53 0,56 0,60 0,63 - -
Амудария аймағында 0,50 0,53 0,55 0,56 - -
6 Қайтарма судың көлемі 18,2 25,9 24,7 29,9 30,9 20,6
км3, оның ішінде:
Сырдария аймағында 11,3 15,0 14,55 16,0 16,7 10,1
Амудария аймағында 6,9 10,9 10,2 13,9 14,2 10,5
7 Арал теңізінің деңгейі,52,8 51,4 50,4 47,2 43,6 38,0
м.абс

Қазіргі кезде Сырдария мен Амудария өзендерінің суару мүмкіншілігін
толық артығымен пайдаланды деуге де болады. Себебі, жалпы суармалы егістік
жерге пайдаланылатын су қорының жылдық сомасы 90 км3, оның ішінде Сырдария
өзені бойынша - 40-45 км3 , ал Амудария өзені бойынша - 39-40 км3.
Бұған Сырдария өзені бойында орналасқан су шаруашылық аудандарының 1965 –
1995 жыл аралығындағы су қорын пайдаланудың өндірістік мәліметтері дәлел
бола алады. (кесте 2)

Сырдария өзенінің аймағындағы
суды пайдалану жағдайы.

2 кесте

Көрсеткіштер 1965 1970 1975 1980 1985 1990 1995
Шардара су қоймасының жоғарғы аймағы
Жалпы су пайдалану 30.10 35.3 32.18 - - - -
көлемі, км3, оның
ішінде:
суармалы егістікке 29,4 34,6 31,5 - - - -
өндіріс қажетіне 0,70 0,70 0,68 0,68 - 0,68 -
Суармалы егістік 1825 1919 2073 2736 - 2696 -
ауданы, мың га
Жалпы меншікті суды 16,1 18,0 15,2 16,4 - 16,6 -
пайдалану көлемі,
мың м3 га
Шардара су қоймасының төменгі аймағы
Жалпы су пайдалану 3,62 6,87 3,83 4,20 4,32 5,51 4,01
көлемі, км3, оның
ішінде:
суармалы егістікке 3,51 6,76 3,72 4,09 4,21 5,4 3,9
өндіріс қажетіне 0,11 0,11 0,11 0,11 0,11 0,11 0,11
Суармалы егістік 103 157 227 304 317 563 517
ауданы, мың га
Жалпы меншікті суды 34,1 43,0 36,4 35,1 - 20,0 17,0
пайдалану көлемі,
мың м3 га

Осы кестеде көрсетілген мәліметтерге талдау жасасақ, 1973 жылы
Сырдария өзенінің суын егіншілікке пайдалану дәрежесі кей кездерде 47,5 км3
жеткен. Ал, жалпы тарихқа көз жүгіртсек, Сырдария өзенінің су қоры, ең көп
болды дегеннің өзінде 45,4 км3 – тан аспаған. Бұның өзі қазіргі кездегі
Сырдария өзені бойындағы судың жетіспеушілігін және су қорының өндіріске
қажетті шамасын қайтарма сулармен толықтыруға мәжбүр болатындығын атап
айтуға болады.
Қазіргі кезде Сырдария өзенінің су қорын өндірістің әр түрлі
салаларына пайдалану дәрежесіне талдау жасайтын болсақ, оның 96 – 98%
суармалы егістік жүйесіне пайдаланылады. Осы уақыттарда Сырдария өзенінің
бойындағы суармалы егістіктің ауданы, 1965 жылдарға қарағанда 2 өсіп,
жалпы су қорын пайдалану дәрежесі 45 км3 өсті.
Суармалы егістік жерінің ауданының және оған пайдаланылатын су
қорының өсуі, Сырдария өзені аймағында су қорының жалпы шығыны және
қайтарма сулардың көлемі, оны өндіріске пайдалану секілді күрделі
мәселелерді шешуге мәжбүр етеді. Осы сұрақтардың толық шешілуі, су
шаруашылығының Сырдария өзені аймағында өзінің меншікті су қорының толық
пайдалану және оның негізінде өндірістің барлық саласының дамуын қамтамасыз
ету мәселесін шешу керек болады.
Егер де жалпы Сырдария және Амудария өзендерінің көп жылдық су қорының
пайда болу дәрежесіне талдау жасасақ, оның күрделі өзгеріске түспейтінін
көруге болады. Сондықтан осы 2 өзеннің арнасынан Арал теңізіне құйылатын су
қорының шамасы (3 кесте ) негізінен олардың суын өндірістің әр түрлі
саласына шексіз және негізсіз пайдалануының салдарынан болып отыр. Кейбір
жылдары Сырдария өз арнасынан Арал теңізіне түсетін судың тіпті болмауы,
осы кездегі мемлекеттік саяси - әлеуметтік қағидалардың, аймақтық жалпы
экологиялық жағдайларға мән бермеуінен деп қарастыруға болады.

Сырдария және Амудария өзендерінің
Арал теңізіне құйылатын судың көлемі, км3

3 кесте

Сырдария өзені Амудария өзені
Жылдар Өзеннің Су шығыны Теңізге Өзеннің суСу шығыны Теңізге
су ағыны құйылатын ағыны құйылатын
су су
1960 43,4 8,9 15,6 42,1 4,2 37,9
1965 38,0 6,3 10,3 25,4 0,2 25,2
1970 57,5 6,2 30,6 32,5 3,8 28,7
1975 21,7 1,9 0,9 11,4 1,4 10,0
1980 38,5 2,5 0,6 11,0 0,1 10,9
1985 - 0,5 0,0 2,2 2,4 0,0
1990 - - 2,49 - - -
1995 - - 3,70 - - -

1.3 Арал аймағының экологиялық жағдайының әлеуметтік әсері.

Арал теңізі маңындағы экологиялық жағдай одан әрі нашарлай түсуде. 1997
жылдың тамыз айында жасалынып алған ғарыштық суреттерден алынған мәліметтер
бойынша Үлкен Аралдағы су деңгейі шамамен алғанда 35,0 абс шамасында
болды, ал ол болса 1988 жылы жасалған болжамдағы су деңгейінен бірқатар
төмен болып отыр(1 сурет). Лазарев және Возрождения атты бұрынға аралдар
маңдарында қосымша таяз сулы ауданның көп бөлігі жалаңаштанып қалды. Енді
бүгінгі күні Үлкен Аралдың терең сулы батыс бөлігі таяз сулы шығыс
бөлігімен тек қана оңтүстік бөлігінде орналасқан Жолбарыс Құйрығы мүйісі
мен солтүстігіндегі Ұзынқайыр мүйісі маңдарындағы екі тар бұғаздар арқылы
ғана байланысады. Барсакелмес аралы түбекке айналған қазіргі кезде бұрынғы
Арал теңізі түбінің жалаңаштанған көп бөлігін ала отырып, Қасқа құлан
мүйісімен жалғасып кетті. 1997 жылдың қыркүйек айының соңында Үлкен
Аралдан жергілікті тұрғындардың күшімен салынған Көкарал бөгетімен бөлінген
Кіші Аралдың деңгейі аспаппен өлшегенде су деңгейінің 40,32 м абс белгіде
байқалды.

2 сурет

1988 жыл, тамыз 1998 жыл, шілде

Енді осы сәттен бастап Кіші Аралдың су деңгейі бірте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал дағдарысының себеп салдары
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
Арал теңізінің зерттелу тарихы, экологиялық жағдайлары
Арал теңізі зерттелу тарихы, географиясы және игеру мәселелері
Экологиялық қауіпті аудандардағы халықтың денсаулық жағдайы
Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның тұрақты дамуы.
Арал теңізінің зерттелуі. Арал теңізінің экологиялық мәселелері
Пәндер