Көне замандағы таңбалардың сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

Кіріспе
Қазақстанның ұлттық рәміздері мен мөрлерінің маңыздылығы
1.1 Көне замандағы таңбалардың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қазақстанның ұлттық рәміздері мен
мөрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2

Кіріспе
Қазақ халқының ежелгі замандағы озық ойлы қайраткерлері мен білікті
адамдары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ата-бабалар шежіресін — өзінің ұлттық
тарихын жасап қалдырған. Өзінен бастап жеті атасына дейін білу әрбір қазақ
азаматының дәстүрлі борышы болған. Мұны таныту - ата-ана тәрбиесінің
әліппесі еді. Тек ата-анасынан жастай қалған жетімдер ғана мұндай білімнен
мақұрым болатын. Жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары, деген мақал
осыдан қалған. Ал білікті де көшелі ауыл ақсақалдары мен рудың билері ең
кем дегенде өз руының шежіресіне қанық болатын. Шежіреші деген даңқты
атаққа ие болған біліктілер 15—20 атаға дейін тарата білген. Бүкіл бір
жүздің, тіпті жалпы қазақтың үш жүзінің шежіресін таратып, қазақтың жетпіс
жеті атасын тарататын жетік шежірешілер де болған. Бұлар аталарды
таратумен қабат, сол аталардың жасаған дәуірінде халық басынаы өткен ірі
оқиғаларды да ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келген. Қазақтың әрбір ру-
тайпасының, әрбір жүздің өз шежірешісі болған. Бұл шежірешілер қазақтың
байырғы күнтізбесін — ай-күн есептерін де, ғұрып-әдет, салт-сана заңдарын
да жақсы білген. Кейін келе осы ауыздан-ауызға көшіп келген ауыз екі тарих-
шежірелер қауырсын қаламмен жазылып, рубасылар мен билердің, хан-
сұлтандардың қолында сақталатын болған. Жалпы алғанда, қазақ шежірелері 7-
ғасырдан тартып 20-ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды. Бірақ ұзақ заман
бойына ауыздан-ауызға көшіп келгендіктен онда көптеген күңгірттіктер,
жаңсақтықтар, қайшылықтар, дәуір мен жыл мезгілі белгісіз аңыздар, іағы
басқа жамау-жасқаулар да бар.

1.1 Көне замандағы таңбалардың сипаттамасы.
Таңба - пайпалық елтаңба, ол қазір шекара бағандарына салынатын
Мемлекеттік елтаңба тәрізді тайпа жерлері шекараларындағы тастарға қаталып
салынып отырған.
А.Дж. Эмре мен А.Н. Кононов сияқты ғылымдар таңба сөзінің түбірі
там - күйдіру, өртеу, жағу деген етістік деп есептейді. Бұл қисынға
келетін тәрізді. Қырғыз тілінде там тұтану, от алу деген ойларды береді.
Ол қазақ тілінде де тұтан, жан деген сөздердің синонимі. Ел арасында:
Сексеуіл оты тамғанша, сексендегі шал өлер, тамуына таз өлер, қызуына қыз
өлер, - деген сөз бар. Отты тұтату, жағуға катысты пайдаланылатын тамызу,
тамызық сияқты сөздердің де түбірі там. Малға таңба қару әдісімен,
күйдіріп басылады. Бұдан тамға сөзінің мағыналық төркіні там болғанын,
-ға етістікке жалғанғанда есім тудыратын -қа (салыстыр: тұт-қа, жаң-қа)
тәрізді сөз тудырушы жұрнақ екенін байқаймыз. Ал тамғаның таңбаға айналуы
тіл ғылымында кең белгілі метатезалық құбылыс. 2
Таңба - әдетте малға, көбіне жылқының санына күйдіріп басылатын айшық
екенін жоғарыда айттық. Бірақ мәселе оның тек қана айырым белгісі емес
екендігінде жатыр. Ол малдың иесі болып табылатын рудың, тайпаның елдік
нышаны, меншіктік айғақ міндетін атқарады. Ал мөр ретінде билік белгісі
сипатында көрінетіні белгілі. Ел тұтқасын ұстаған, оның мемлекеттік істерін
жүргізіп отырған бедел иесінің биліктік нышаны деп қарасақ та, бір
қауымдастыққа біріккен елдің ортақ меншігінің айырым белгісі деп карасақ
та, ой төркіні тереңде жатқанын аңғару қиын емес. Таңба, мөрлерге бүгінгі
елтаңбаларымыздың тарихи бастауында тұрған мәдени-этникалық мұралар
тұрғысында қарайтынымыз да содан.
Таңбалық нышандар, әдетте, тайпаның, рудың бүтін ел құрамындағы
халықтардың қасиет тұтқан наным-сенімдерімен, арман-аңсарларымен астасып
жатқан киелі белгілерден тұрады. Шәкәрім шежіресінде түркі халықтарының
таңбалары туралы деректер V ғасырлардан белгілі екендігі айтылады. Қазақ
руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Мысалы, тік сыңар сызық
немесе дара әліп - қаңлылардың, тік қос сызық, немесе қос әліп -
қыпшақтардың, көлбеу немесе тік айқасып қиысқан қос сызық немесе айқыш
-керейлердің, бұрыш белгі -наймандардың, дөңгелек -дулаттардың, қос
дөңгелек немесе көз -арғындардың, босаға - қоңыраттардың, садақ -
адайлардың, құлақты дөңгелек - албандардың, қос құлақты дөңгелек -
суандардың, үш құлақты дөңгелек - ботбайлардың, қос құлақты және тік
қосылған сызықтар тіркескен дөңгелек - сиқымдардың ру-тайпалық таңбалары
саналады. 2
Олардың әр түрлі бейне-пішіндері тастағы жазуларда, сан алуан
материалдық мәдениет үлгілерінде, археологиялық қазбалар кезінде табылған
көне мөрлер мен металл ақшаларда жиі ұшырасады.
Бұл белгілер республика территориясынан табылған тас жазуларда да,
қазба жұмыстары кезіңде шыққан түрлі ыдыс-аяқтарда да, құрал-жабдықтар мен
өрнектерде де жиі кездеседі. Таңба белгілер көне ақшаларымызда да көрініс
тапқан. Сонау VI—VIII ғасырларда-ақ ру-ұлыс нышандары айшықталған металл
теңгелер шығарылған. Отырар, Тараз қалаларындағы металл теңгелер шығарған
ұстаханалар туралы деректер өте мол. Отырарда соғылған мыс теңгелердің бір
бетіне садаққа және төрт бұрышқа келетін рулық таңбалар, ал екінші жағында
құйрығын көтеріп алып, оңға қарай қырындап тұрған арыстан бейнесі
бедерленген. Қола теңгелердің бір бетінде төбелері түйіскен ұшбұрыштар мен
соғды тіліңдегі жазу ізі, екінші бетінде алғашқыдан гөрі көркемдеу
кескіңделген арыстан бейнесі айқын аңғарылады. Тараз қаласында соғылған
теңгелерде де соңдай белгілер бар. Бір жағына садақ бейнесі салынса
екінші жағына "аспан тектес түркі қағанының-теңгесі" деген жазу сызылған.
Ел билеушілерінің есімдері жазылған немесе рулық таңбалары түсірілген
мөрлер де аз кездеспейді. 2
Төл рәміздеріміз төңірегінде толғанғаңда көнеден жеткен ұрандарға да
соға кеткен жөн. Жалпы "ұран" сөзі ертеден-ақ қыздыру, жиналу, қайрат
беру мағыналарында қолданылса керек. Рух көтеру, ел басын қосу қажет

болғанда барша жұрт қасиет тұтатын аруақты көсем, атақты батыр,

беделді би бабаның атын атап, ұран салған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пиктографиялық жазулар
Тіл және қоғам
Қазақстандағы петроглифтерді зерттеу
Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер
ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫ МЕН ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСІМДІЛІК
Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер
Латын әліпбиіне көшу қазаққа не береді?
Тас бейнелерінің көпшілігі көне суреттер
Шығыс ғұн ескерткіштері
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Пәндер