Қазақстанның отын - энергетикалық қорлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның отын – энергетикалық қорлары

Қазақстанның отын – энергетикалық қорлары өте мол, қазақстанда мұнай,
табиғи газ, көмір, ағаш отын, шымтезек және жанатын тақтатастың мол қоры
бар.
Көмір. Қазақстан жерінде көмірдің мол кендері орналасқан. Қазірдің өзінде
төрт жүзден астам кен орындары ашылып, олардың есептелген көмір қоры 162
млрд. т-дан асып отыр.
Кеңес дәуірі тұсында Қазақстанда жүздеген көмір кендері ашылды, олардың
көпшілігі Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Семей және Шығыс Қазақстан
сияқты ауыр өнеркәсібі дамыған облыстардың жерлерінде орналасқан.
Республикамыздың негізгі көмір орталығы — Қарағанды. Кен орнының басты
ерекшелігі — онда металлургия, химия өндірісіне қажетті кокс көмірінің
едәуір қоры бар.

Карағанды бассейнінің алып жатқан аумағы мың шаршы километр, ал оның
көмір қоры 52 млрд. т-дан асады. Кен орнында қырықтан астам бүгінгі күннің
техникасымен жабдықталған шахталар жұмыс істейді. Олар тәулігіне мыңдаған
тонна кокс және энергетикалық көмір түрлерін өндіреді. Қарағанды көмірімен
Қазақстаң Магниткасы, Магнитогорск, Орск-Халиловск металлургия
комбинаттары, Ақтөбе ферробалқу заводы, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту
комбинаттары, Орал, Орта Азия мен Қазақстанның көптеген жылу электр
станциялары жұмыс істейді.
Еліміздің энергетикалық отын қорларын сөз еткенде, біз ең алдымен
Екібастұз көмір бассейнін атаймыз. Оның алып жатқан, аумағы аса үлкен
болмағанымен (120 км2), көмір қоры жағынан ол Франция мен Бельгия сияқты
елдердің көмір қорынан әлдеқайда көп. Мұнда көмір қабаттары жер бетіне
жақын орналасып, қалыңдығы 100—120 м-ге дейін жетеді, ал жалпы көмір
қоры 10 млрд. т шамасында. Сондықтан да Екібастұзда өндірілетін
энергетикалық көмір ашық тәсілмен (карьер) алынады, оның әрбір тоннасының
құны шахталарда ендірілетін көмірден екі-үш есе арзан.
Қазақстан Республиканың басқа да жерлерінде көптеген көмір қабаттары
кездеседі. Алда тұрған келелі міндеттердің бірі — жалпы халық
шаруашылығының тиімділігін арттыру және қоршаған орта тазалығын белгілі
деңгейде сақтау үшін жергілікті жерлердің отын қорларын пайдалану.
Жанатын тақтатас. Құрамында елу проценттен асатын әр түрлі минералды
қосылыстар кездесетін, жылулық-қасиеті қоңыр көмірден әлдеқайда төмен
жанатын тақтатас да отын қорларының қатарына жатады. Ол жер қойнауында мол
тараған және дүние жүзінің көптеген аймақтарында жергілікті отын ретінде
кеңінен қолданылуда.
Жанатын тақтатастар да жер қойнауында көмір сияқты органикалық
қалдықтардың ұзақ жылдар бойы шөгуінен пайда болған. Табиғатта шірінді және
сапропельді тақтатастар жиі қездеседі. Шірінді тақтатастардың құрамы
негізінен өсімдік қалдықтарынан тұратын болса, сапропель су айдындарында
тіршілік ететін планктондар мен бентос сияқты организмдердің қалдықта-рынан
пайда болады.
Ғалымдар дүние жүзінде 700 млрд. т-ға жуық, ал Тәуелсіз Мемлекеттер
жерінде 150—170 млрд. т жанатын тақтатастардың қоры бар деп мөлшерлеуде.
Тақтатас Қазақстанда да ертеден жергілікті отын ретінде пайдаланылып
келеді. Мысалы, Орал өңіріндегі Чернозатон, Тоқсай және Новосеменовка
кендерінен алынатын тақтатас көп жылдардан бері пайдаланылуда. Бұл кен
орындарындағы тақтатастың сапасы төмен (күл қалдығы 22—60% аралығында,
қызулығы 2500 кал мөлшерінде).
Жергілікті отын мұқтаждығын, мысалы, Кендірлі тақтатас кен орны толығымен
қамтамасыз етіп отыр. Ондағы тақтатас қабаттары жер бетіне жақын
орналасқан, жылулық қасиеті жақсы және ашық карьер әдісін пайдалану арқылы
өндіріледі. Оның сапасы жоғары, одан құрғақ айдау технологиясы арқылы орта
есеппен 19% бензин, 9% лигроин, 27% дизель жанармайын, әр түрлі реагенттер,
майлар, асфальт және басқа да заттар ажыратып алуға болады.
Жалпы Қазақстан жерінде тақтатастың мол қоры бар 25-тен астам кен
орындары табылып отыр. Олар келешекте республикамыздың энергетикалық
қорларын тиімді пайдалануда елеулі орын алатын болады, сонымен бірге, олар
химия өнеркәсібін дамытуға қажетті шикізат та бола алады.
Шымтезек. Адамдар шымтезекті отын ретінде ерте кезде-ақ пай-даланған.
Оның құрамы барлык кен орындарында бірдей емес. Шымтезек кендері негізінен
көлдер мен су қоймаларындағы сулар тартылғаннан кейін, оларда мол жиналған
өсімдік қалдықтарының құрғауынан пайда болады. Бұл, әрине, ұзақ уақыт
жүретін күрделі табиғи процесс. Ғылыми болжамдарға қарағанда, қалыңдығы бір
метр шымтезек кені кемінде 30—50 жылда түзіледі. Шымтезектің кептірілген
түрлерінде орта есеппен 60% көміртек, 6% сутек, 32% оттек және 2% азот,
болады. Оның жылу бергіштігі ағашқа қарағанда жоғары көмірге қарағанда
төмен болғанымен, құрамында күкірттің болмауы және күл қалдықтарының аздығы
оларды энергетикалық ірі өндіріс орталықтарыңда, сондай-ақ ауылдық жерлерде
тұрғын үйлерді жылытуға тиімді арзан отын ретінде пайдалалуға мол
мүмкіндігін туғызады.
Қазақстанда шымтезек Қостанай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан
облыстарының жазық далаларында көп кездеседі. Қостанай өңірінде кездесетін
шымтезек сапасы жоғары, жанғанда 3500—4200 кал-ға дейін жылу бөледі. Осы
аймақтың ең ірі шымтезек кендері Тобыл мен Тоғызақ өзендерінің
алқаптарындағы Қайыңдыкөл, Шәкірай, Өтегенкөл, Шайтомар, Аюкел, Ащы-өзек
атты жерлерде және Меңдіқара ауданының көлтомарларында орналасқан. Іле
Алатауының жазықтарынан да, Ақтөбе облысынан да шымтезектің қорлары табылып
отыр.
Өкінішке орай, Қазақстанда шымтезек кендерін халық шаруашылығы
салаларында, әсіресе, жергілікті жерлерде жылу мен электр-энергияларын
өндіруге пайдалану мәселелері орынды шешілмей отыр. Табиғаттың ең арзан
энергетикалық қоры,— шымтезекті халық шаруашылығында тиімді пайдалану
мәселелері дұрыс шешілуі қажет.
Ағаш отын. Адамзат мыңдаған жылдар бұрын ең алдымен жылу көзі ретінде
ағаш отынды пайдаланған. Тек XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, дүние
жүзінің көптеген елдерінде оның отын балансындағы ролі кеми бастады. Оның
себебі, біріншіден, жер бетіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отын – энергетикалық кешен
Қазақстанның отын-энергетикалық қорыньң жағдайы мен болашағы
Қазақстанның істейтін және болашақтық кен орындар қорларының сипаттамасы және көмір шығару көлемдері
Мұнай газ өңдіру кәсіпорнындағы өндірістің қаржылық ресурстары
Отын энергетикалық кешені
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Қазіргі экономикалық дамудағы табиғи ресурстардың рөлі
Қазақстандағы энергия ресурстары
XXI ғасыр басындағы Қазақстан-АҚШ өзара ынтымақтастығына энергетикалық әлеуеттің ықпалы және мәні
Табиғат қорларының кешенді пайдалануы
Пәндер