Қазіргі - заман мәдениеттің дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі – заман мәдениеттің дамуы

БҮгінгі әлемдегі мәселелердің ішінде Қазақстанға да қатысы бар мына
бір көкейкесті проблема бой көрсетіп тұр. Мәселе адамзатты тұщы сумен
қамтамасыз ету туралы. Халықаралық сарапшылардың соңы болжамдары бойынша,
ХХІ ғасырдың аяғына қарай әлемде ауыз су энергетикалық және шикізат
ресурстары сияқты ең құнды ресурсқа айналады. Өйткені, Жер шарындағы су
қорларының 97,5 пайызы ащы су да, тек 2,5 пайызы ғана тұщы су, ал оның өзі
іс жүзінде мұзарттар мен жер асты қойнауларында шоғырланған. Ал адамзатқа
қолжетімді өзендерде, көлдерде, су қоймаларындағы сулар жер үстіндегі судың
0,007 пайызын ғана құрайды. Мамандардың пікірі бойынша, 2015 жылға қарай
Орта және Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия және Солтүстік Қытай үшін ауыз суды
бөлу негізгі мәселеге айналады. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, болжамалы
болашақта бұл мәселе шетін сипат алып, әртүрлі шиеленістердің көзі болып,
таяу арада адамзат үшін аса өзекті мәселеге айналады.
Бүгінде жаңа әлемнің қоғамдық-саяси өмірінің саяси, әскери,
экономикалық, мәдени және экологиялық салаларында өзіндік ерекше ахуал
қалыптасты. Және олар бір-бірімен өзара тығыз қатынастар жүйесінде. Міне,
дәл осы фактор қазіргі әлем келбетінің ерекшелігін бейнелейді әрі оның
дамуын ынталандырады. Сондықтан, қазіргі жаңарған әлемді капитализм
дамуының экспансионистік логикасымен, америкалық бұқаралық мәдениеттің
әлемге жаппай таралуымен немесе әскери экспансиямен түсіндіру біржақты,
жеңіл әрі тар өрісті болып табылады. Қазіргі кезеңдегі әлем дамуының жаңа
кезеңін тану және білу үшін осы заманғы жаһандық, әлемдік құбылыстардың жай-
күйі, олардың өзара қимыл бірлігі мен байланыстарының динамикасын тереңнен
пайымдау қажет.
ХХ ғасырдың аяқталуымен саяси басқару мен дүниежүзілік саяси ұйымның
негізгі нысаны болған империялардың орнына халықаралық реттеу мен
басқарудың көпсалалы, тарам-тарам аймақтық және әлемдік жүйелерімен бірге
олармен көп салалы байланыстағы ұлттық мемлекеттердің де қалыптасқан жүйесі
келді. Егер бұдан бұрынғы тарихи дәуірлерде дүниеде барлық, немесе көпшілік
батыс елдерінің гегемониясы орын алса, бүгінгі дәуірде дара әлеуетті
гегемон қалды. Ол – АҚШ. Бүкіл адамзат қауіпсіздігі үшін қолайсыздау,
біржақты, бір полярлық құбылыс болса да, бұл ахуалмен халықаралық
қауымдастық тұтастай алғанда санасуға мәжбүр болып отыр. Атағы әлемге
мәшһүр З.Бжезинский өзінің бірнеше еңбегінде бұл идеяны нақты дәлелдеп,
бүкіл әлемді иландырып-ақ келеді. Ол өзінің кейінгі “Таңдау. Жаһандық
үстемдік немесе әлемдік жетекшілік” (2005 ж.) атты жаңа зерттеуінде қазіргі
әлемде бұрынғы ұлы державалар – Ұлыбритания, Германия, Франция әлсіз, Ресей
ендігі жерде империялық мемлекет емес, ол үшін уақыттың басты талабы –
әлеуметтік-экономикалық оңалу деп есептейді. Ғалым Жапонияның экономикалық
дамуы бәсеңдеді, халқы қартаюда, ал Қытай бүгінгі жоғары экономикалық даму
қарқынын сақтаған күнде де әрі кеткенде аймақтық держава дәрежесіне ғана
жетеді деп түйеді. Сондықтан да ол алдағы жиырма жылдықта америкалық күш-
қуат жаһандық тұрақтылықтың мызғымас тірегі болып табылады деген қорытынды
жасайды. Оған қарсы, осы объективті жағдайды мойындамайтын кейбір елдердің
ура-патриоттары және Иран, Венесуэла, Куба, Солтүстік Корея тәрізді бірер
елдердің басшылары ғана.
Қазіргі әлемдегі жағдайдың тағы бір қыры – қоғамдық қатынастардың
барлық салаларындағы үдерістердің қатаң бәсеке жағдайында өтуі. Өйткені,
әлемдік саясаттың инфрақұрылымдары мен институттары қызмет пен іс-
қимылдардың жаңа тетіктерін қалыптастырып, ол өз кезегінде халықаралық
байланыстар жүйесінде Еуропалық Комиссия дәліздеріндегі күңкіл сөздерден,
Бүкіләлемдік сауда ұйымы сарапшыларының пікірталасынан бастап “үлкен
сегіздіктің” саммиттеріне балама, үкіметтік емес ұйымдар мен Халықаралық
еңбек ұйымының (ХЕҰ) жыл сайынғы жиналыстарына дейінгі аралықта әлемдік
тартыстар мен текетірестер де орын алуда.
Дүние жүзі ғалымдарының қазіргі әлем туралы пікірталастарының бел
ортасында осы заманғы мемлекеттік биліктің орны мен рөлі, болашақ тағдыры,
даму үрдістері туралы мәселе тұр. Бұл мәселе төңірегіндегі пікірлердің бір
парасы көптеген дамыған елдерде мемлекет пен оның билік институттарының
қайта өрлеуімен сипатталады десе, енді бір тобы қазіргі кездегі мелекеттік
билік төңірегіндегі оның “өрісінің тарылуы”, “әлсіреуі”, “жоғалуы” немесе
“көмескіленуі” деген бағамдарды қолданады.
Жаһандану жағдайында әлемде осы уақытқа дейін мойындалған, танылған,
көптеген жас мемлекеттер әлі де ұмтылып отырған мемлекеттік-ұлттық
егемендік мәселесінің өзі терең дағдарысқа түсіп, оған үлкен қатер төніп
отырғанына әлем оқымыстылары, саясаткерлер, дипломаттар алаңдаушылық
білдіруде. Олар жаһандану үдерісін тек әлемдік игілік, жатымды үдеріс деп
біржақты бағалаудан бас тарта бастады.
“Әсіре жаһаншылар” деп аталатын ғалымдар тобының көзқарасы бойынша
дәстүрлі ұлттық мемлекеттер табиғи бола алмайды да, олар тіпті дүниежүзілік
экономиканың коммерцияық бірлігі де болып жарытып кірікпейді. Экономикалық
жаһандану, сайып келгенде, өндірістің, сауданың, қаржы саласының
трансұлттық желілерін құру арқылы экономиканың “ұлтсыздануына” әкеледі деп
дәлелдемек болады. Бұл “шекарасыз” экономикада ұлттық үкіметтерге әлемдік
капиталға қызмет ететін “жалғастырушы белдік” немесе басқарудың жергілікті,
аумақтық және халықаралық тетіктері арасындағы байланыстарды қамтамасыз
ететін делдалдық институттың орнына ғана ие болады деп дәлелдеуге күш
салуда. Олардың пайымдауынша, ұлттық экономика әлемдік экономиканың
тармақтары ғана болып отырғандықтан, ұлттық мемлекеттердің өкілеттігі мен
легитимдігінің өзі күмәнді болып табылады. Ұлттық мемлекеттер өз
шекарасының ішінде болып жатқан үдерістерді бақылауға және азаматтардың
қажеттерін өз беттерімен қанағаттандыруға қабілетсіз. Осы факторлардың
нәтижесінде ұлттық мемлекеттер күн өткен сайын экономикалық үдерістерді
басқарудың өтпелі ұйымының бір түрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениеті
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғасыр)
Массалық, элитарлық мәдениеттің қазіргі мәдениеттегі көрінісі
XIX ғасырының мәдениеті
Мәдениеттану: пәндік ерекшеліктері, құрылымы, негізгі ұғымдары және әлеуметтік қызмет
Мәдениет әлемінің ортасында адамзаттың орны
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Пәндер