Қаратау қорығында экотуризмді дамыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қаратау қорығында экотуризмді дамыту

Туризм саласы дүниежүзінің жалпы ұлттық өнімінің 101 бөлігін
құрайтынына байланысты туризмді дамыту, оның ішінде қала және табиғаттан
тыс жерлерде жүрген адамдарда табиғатқа деген сағыныш кернеп, рухани және
ішкі жандүниесіне қажеттілік тууына байланысты экологиялық туризмді дамыту
қазіргі таңның өзекті мәселелеріне айналып отыр.
Адамдардың табиғаттан нәр алуы, оны өз ортасына насихаттауы, табиғатты
қорғауға ынталандырылуы, сонымен қатар басекеге қабілетті туристік сала
құру арқылы халықтар арасындағы жұмыссыздықты жою тұрақты табыс көзіне
айналдыру.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік
туристік ұйымының деректері бойынша халықаралық инвестицияның 11% астамы
әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризмнің
қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет
көрсетулердің халықаралық сегменттері болып табылады. Халықаралық туризмнің
үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8%, қызмет көрсету
секторы экспортының 7% құрайды. Туристтерден түскен табыс мұнай, мұнай
өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3 орында келеді.
Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтардың бас кезінде де сақталады деп күтілуде.
Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық
сыйымдылығының шегіне іс-жүзінде жеткендіктен туризмнің өсуі туристтер
баратын жаңа аумақтар есебінен дамитын болады. Осыған байланысты
Қазақстанның әлемдік турстік рынокта өзінің лайықты орнын табуға мүмкіндігі
бар. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына
шығуымен байланысты болды. Мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын
өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және
халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік Туристік Ұйым туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық
ұйымдардың зерттеулерінің талдауына сондай-ақ мемлекеттің туризмді дамыту
сайясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық
өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі. Қазіргі туризм-
бұл әлемдік экономикада құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі
бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін
оған барабар шамамен 9 т. тас көмір немесе 15 т. мұнай немесе 2 т. жоғарғы
сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте шикізат сату елдің
энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен
жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша 100 мың турист қалада
орташа есеппен 2 сағат болған кезінде 350000 доллор немесе адам басына 1
сағатта 17,5 доллор жұмсайды. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық
тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту ұзақ мерзімді экономикалық
болашақ. Туризм жалпы алғанда мемлекеттің экономикасына 3 оң нәтиже береді.
Бірінші шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгелерімен
экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды. Екінші
халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Дүниежүзілік Туристік
Ұйым мен Дүние жүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм
өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-
тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде
экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды. Үшінші елдің
инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі. Туризм елдің тұтас аудандарының
экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылықты
жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы,
коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медециналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз
байланысты. Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы
және тәжірибеде іске асырылуы тегіс демалыспен бос уақытты өткізумен,
спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей байланысты қызмет. Мұндай
жағдайда ол өз бетімен білім алудың және халықтар мен олрдың әр түрлі
мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден-бір
факторы болып табылады. Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған
ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті
әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму
бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі. Осы тұжырымдама
туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда
қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық,
ұйымдастырушылдық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.
Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылғы туризмді дамыту Мемлекеттік
бағдарламасы құрылып отыр. Бұл бағдарламаның мақсаты туризм инфрақұрылымын
дамыту,туризм саласына қолдау көрсету, рекреациялық аудандарды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген туризм саласындағы ең
өзекті мәселе Қазақстанды Ортаазиялық туризмнің орталығына айналдыру.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша туризм саласы республикада бәсекеге қабілетт
туристік индустрияны және экономика саласына үлкен үлес қосады. Бүгінгі
күнде Қазақстанда туризмнің барлық саласы бар. Республикада туристік
кластерді дамытуда мына туризм салалары іскерлік,экологиялық, мәдени-
танымдық және экстремальді туризм түрлерін бөліп көрсетуге болады. Туристік
қызметтің негізгі тасымалдаушысы туристік ұйымдар, олардың қазіргі кездегі
саны 846 туристік ұйым және 30 туристік саланы дамытуға арналған жеке
кәсіпорындар. Ең көп туристік фирмалар Алматы, Астана, Қарағанды, Шығыс
Қазақстан облыстарында. Қазақстанда туристік қызметте 3,2 мың адам,оның
ішінде 1,5 мыңы гидтер мен экскурсоводтар жұмыс істеуде. Қазақстан
Республикасының туристік ұйымдары әлемнің 17 елімен жұмыс істейді. Астана,
Алматы, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облысында сапарға шығатын туризм
үлкен көлемде байқалады. Ал ішкі туризм Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақмола
облыстарында дамып келеді. Экологиялық туризмді дамыту факторлары.
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмді дамыту қажеттігі тек қана
экономикалық факторлармен,яғни жаңа жұмыс орнын құру сонымен қатар халықтың
әлеуметтік қажеттігі ол денсаулық сақтау және бос уақытты тиімді пайдалану.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша экологиялық туризм соңғы
10 жылда белгілі және мемлекеттің тұрақты дамуының құралы болып табылады.
Зерттеулердің нәтижесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-экономикалық тиiмдiлiгi (Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
Қазақстандағы экотуризмнің дамуы
Экологиялық туризмнің негізгі міндеті – табиғатты сырттай бақылау
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Туризмнің табиғатқа әсер ету проблемасы
Қаратау қорығынның экотуризмді мүмкіндіктерін жете зерттеу
Экологиялық туризм түсінігі
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Пәндер