Қасым хан (1511-1518 ж. ж. билік құрған)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қасым хан
(1511-1518 ж.ж. билік құрған)

Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ
хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы.
Шешесі Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі
Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі.

Қасым әуелгі кезінде Бұрындық ханның атты әскерін басқарады. Ол осылай
жүріп, қан майдандағы ерлігімен, ел басқаруға қосар ақылымен, көрші елмен
байланыста қиыннан жол табар саясаткерлігімен, жұртты соңынан ертіп әкетер
шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмай, ел бірлігіне
жарықшақ түсірмей, Бұрындық ханның дегеніне көніп, оған қалтқысыз бағынады.
Сол кездің куәгері, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: Ол (Қасым) әкесінің
үлгісі бойынша барлық жағдайда Бұрындыққа бағынды, соған тәуелді болды деп
жазады. Бірақ Қасымның тәуелділігі Бұрындықтың ел басқарудағы
қабілетсіздігіне араша түсе алмайды. Ақыры ол хандығын тастап, Самарқандағы
қызына кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым
билікті өз қолына алады.

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі.
Ол қауіпті көршісі Мұхаммед Шайбаниді талқандап, оның мемлекетінің құлауына
себепші болады. Моғолстанның ханы Сұлтан Саид ханмен достық қатынас
орнатады. Сондай ақ ол таяу көршілерімен ғана емес, сырт елдермен, мысалы,
Мәскеу мемлекетімен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қатынас орнатып,
орыстың сол кездегі кінәзі ІІІ Василиймен байланыста болған.

Қасым ханның ел басқарудағы кемеңгерлігіне, қол астындағы халқының
қамын ойлар даналығына тәніт болған көрші елдердің тынымсыз қақтығыстан
мезі болған ру-тайпа көсемдері әр кезеңде ақырын жылысып, мұның қарамағына
еніп жатқан. Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери
күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік
сүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік
сүйгіштігімен Қасым хан халықтар араснда ерекше әйгілі болды деп жазады
Әлихан Бөкейханов.

Керей хан мен Жәнібек хан тарихта Қазақ хандығының іргесін қалап,
шаңырағын көтеруімен ерекшеленсе, Қасым хан сол хандықты нығайтып, халқын
көбейтіп, жерін кеңейтіп, даңқын алысқа жаюымен, Қасым ханның қасқа жолы
деген атпен халық жадында сақталған қазақтың тұңғыш конституциялық
құжатының негізін жасауымен әйгілі болған ұлы хан.

Ол қартайып барып, Сарайшық қаласында өз ажалынан 1518 жыл (кей
деректе 152324 ж.) қайтыс болады. Тарихшы А.П.Чулошников Қасымханның
Сарайшықтағы мазарының ХVII ғасырдың басында құламай аман тұрғанын жазады.

Шамамен 1445 жылы дүниеге келген, 1518 жылы қайтыс болған Қасым хан
мен Қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы. Анасы Жағанбегім –
Мұхаммед Шайбани ханның кенже інісі Махмұд сұлтанның апасы.

Қасым ханның мемлекетті басқару әдістері, ішкі және сыртқы саясаты
туралы мәліметтер өте аз. Қасым хан есімі бірінші рет Мұхаммед Шайбани
жөніндегі жазбаларда аталады. Ол мәліметтерде Қасым ханды атақты сұлтандар
мен батырлардың бірі, Бұрындық ханның атты әскерінің басшысы деп атайды.
Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң,
Қасым хан билікті өз қолына алды.

Қасым хан билік құрған кезеңде де қазақтар мен Шайбани әулеті
арасындағы Сырдарияға жақын қалалар үшін қақтығыстар мен шайқастар болып
жатты. 1510 жылы қыста Шайбани ханның әскерлері Ұлытау баурайындағы Қасым
хан ұлысына шабуыл жасайды. Қасым хан олардың бетін қайтара алмайтынын
түсініп, шегінеді, біраз уақыттан соң күтпеген жерден шабуыл жасап, өз
қарсыласын жеңеді.

1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы
Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси
ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы
батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында
Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік
бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір
мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-
шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-
батыста Жайық өзеніне дейін жететін.

Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.
Сондықтан да ол халықаралық саясаттан тыс қала алмайтын. Қасым хан
заманында Қазақ хандығы еуропалық аренада әйгілілік пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қасым ханның қасқа жолы
Қасым хандығы
Бұрындық хан мен Қасым хан тұсындағы Қазақ Хандығы
Бұрындық және Қасым хандар билеген кезеңдегі қазақ хандығы.
Шейбани ханмен қақтығыс
Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы
Қазақ хандары жайында мәліметтер
VI – VIII Қазақ Хандығы
Қасым хан өмірі
Пәндер