Қатты аяз, қарлы боран және дауыл



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қатты аяз, қарлы боран және дауыл

Желдің табиғи жету нәтижесінде жер беті қабатына түскен қар желдің
әсерінен, қозғалады. Түскен қар түйіршігі қар жамылғысын ұру нәтижесінде
жаңа көптеген бөліктердің қозғалысына әсерін тигізеді. Желдің күшейіп, қар
қиыршықтарын, бір ауданнан келесі бір ауданға ұйытқыта ұшыра соғуын қарлы
боран деп атайды.
Жер қыртысының жоғарғы қабатының желдің әсерінен қармен үрленуі қарлы
боранның бір түрі дефляция болып есептеледі.
Ағылшын тілді еледерде дефляция сөзінің орнына жел эрозиясы термині
қолданылады. Бұл термин осы жердің отандық мамандарының еңбектерінен
алынған.
Дефляция латын сөзі “deflare” – ұшыру немесе сөзбе – сөз құбылыс
мағынасын береді. Эрозия сөзі де латын тілінен шыққан erodere – шіріту, шаю
мағынасын білдіреді.
Қарлы борандар қардың жауу, күшті жел және қардың үрлеу нәтижесінен
болады. Қарлы боранның ұзақ уақытқа тасымалдануы қардың артық қорына,
дефляция мүмкіндігіне, желдің күші және ұзақтығына байланысты. Қарлы
борандар, қарды бір ауданнан келесі бір ауданға тасымалдап, оны тығыздау
арқылы қар жамылғысындағы су ресурстарының біркелкі таралмауына және
топырақтың біркелкі қатпауына себепші болады. Қар қиыршықтары
горизантальды бағытта ұшып, көріну қашықтығын азайтады. Қарлы боранның
нәтижесінде қар басушылық әсерінен автамобиль, темір жол қатынастарының
және самалеттердің ұшып қонуы қиындап, қауіпті жағдайлар туады. Күшті
борандар телеграфты және телефонды байланысты үзіп, жұмыс істеуіне кедергі
туғызады. Сондай – ақ егістікке көктемде еріп, ылғалға айналатын қарды,
сай салаға суырып әкетеді. Ұзаққа созылған қарлы боран отардағы малға да
қауіпті.
Жел жылдамдығы айтарлықтай күшті және дефляцияланатын материалдар
жеткілікті болса, қарлы боран қардың түсуі кезінде немесе ол құбылыс
болмаған кезде де байқала береді. Қарлы боранның тасымалдануының уақыттық
ұзақтығы дефляцияға қабілетті қардың артық қорына және желдің күші мен
ұзақтығына байланысты болады.
Қар белгілі бір кедергінің айналасына жиналып, қардың көп мөлшері
жинақталады. Кей кезде төселме беттің бірлік ауданына келетін қалыпты
тығыздықтағы жауын-шашындар басым болады. Бұл жерде рельефтің әртүрлі
формасына байланысты қардың аккумуляциясы болады.
Үлкен дефляция аумағына қар жамылғысы жел әсерінен сыпырылып, грунт
пен мұздың беттігінен толық жалаңаштанады.
Алаңдардың екі түрін ажыратамыз: қардың таралу процесі немесе алаңның
дефляциясының басымдығы және қардың жиналу процесі немесе алаңдағы
аккумуляцияның басымдығы.
Осы екі алаңның арасында қардың көшу алаңы немесе қардың тасымалдану
процесі жатады. Яғни қар тасымалдану процесі дефляция мен аккумуляция
процестерінің аралығын қамтиды.
Жұмыста қарлы боранға байланысты мынадай терминдер қолданылады: жаяу
бұрқасын, төмен қарлы боран, салт қарлы боран, жалпы қарлы боран, қарлы
дауыл, боран, бұрқасын, қатты боран және т.б.
Бұл терминдердің көпшілігі жергілікті жерлердің диалектикасына
байланысты қолданылады.
Терминдерді тағайындау үшін келесі жағдайлаға тоқталуымыз керек:
а) қар жел арқылы тасымалданып уақыт бойынша өзгереді және өз формасын
ұзақ сақтамайды. Қарлы боранды оның бөлшектерінің формалары мен басқа да
қасиеттеріне байланысты бөлу терминдердің көбеюіне әкеледі.
б) тәжерибе бойынша қар төселме беттің үстіне араласады және әлсіз жел
кезіндегі қарлы боран (жаяу бұрқасын), және күшті жел кезіндегі (боран)
араласудың биіктігі мен ұзақтығы бойынша бекітіледі.
в) желдің күшіне тәуелсіз дефляцияға қатысатын қардың үлкен бөлігі
жерге жақын қабатта тасымалданады. Жерден алыс биіктікте жел әсерінен
атмосферадан жерге түскен және әлі жерге жетпеген, яғни дефляцияға
қатыспаған қар тасымалданады.
Бұл жағдайлардан тыс қар бөлшектерінің атмосферадағы және төселме
беткейдегі қозғалысы келесі терминдермен шектеледі:
1) Жәй қар жауу – қардың атмосферадан әлсіз жаууы;
2) Жоғарғы қарлы боран – жел кезіндегі қардың жаууы, яғни қар
бөлшектерінің төселме бетпен салыстырмалы ауа ағынымен бірге қозғала түсуі.
Қарлы боранның бұл түрі жер бетіне жеткен соң, салт қарлы боранға жатпайды
және жер бетінде қозғалыссыз жатып дефляция процесіне қатысады.
3) дефляциялық немесе төменгі қарлы боран – төселме беткейге түскен
жаңа немесе ескі қардың жел әсерінен тасымалдануы. Біз жиі дефляциялық
қарлы боранды жәй қарлы боран деп атаймыз.
Жоғарғы қарлы боран шекаралық қабатта дефляциясыз да жүре береді. Ол
үшін қар бөлшектері жер бетіне жеткеннен кейін қозғалысын тоқтату керек
және температура жоғары болып, түскен қар ылғал болу қажет.
Жәй қар жауу мен салт қарлы боранның арасындағы шекараны анықтау
керек.
Егер төселме беткейден салыстырмалы биіктікте жел жылдамдығы 3 мс –
тан аз болса, онда ол жәй қар жауу болып саналады. Ал егер кедір-бұдырлы
шоқылардан 100 есе асатын биіктіктегі төселме беттің тегіс қар жамылғысына
түсетін қарға сәйкес желдің жылдамдығы 3 мс – тан жоғары болса, онда ол
салт қарлы боран деп саналады. Бірақ, дефляция салт қарлы боран мен
ураганды желде болмайды, мысалы, тығыз және биік өсімдікті алқап пен
қатпаған теңіздерге қардың жаууы.
Жалпы қарлы боран кезіндегі қардың жаууы және дефляция бір – біріне
сәйкес келеді. Олай болса, жел бағытына перпендикуляр қойылған тік
жазықтықта қар бөлшектерінің үлкен массасы бір мезгілде келесі 4
категорияға сәйкес тасымалданады:
1) Әлі жер бетіне жетпеген қар бөлшегі атмосфералық қар бүршігі деп
аталады.
2) Жер бетіне жеткен және дефляцияға қатысатын қар бөлшектері жаңа
жауған қар бөлшектері деп аталады.
3) Беткейдің ескі қарлы бөліндісінен үзілген қар бүршігі мен бөлшегі
беткейлік қар бүршігі немесе беткейлік қар бөлшегі деп аталады.
4) Топырақ бөлшектері, шаң, шлак, және т.б. қосылады.
Қарлы боран құбылыстарының желдің күші мен көріну қашықтығына байланысты
таралуын зерттеген Э. Д. Злотницкий өзінің терминологиясын құрды:
1) Қарлы дауыл, яғни күшті жел кезіндегі қардың жаууы.
2) Қарлы боран – қардың түсуі байқалмайды, бірақ күшті жел.
3) Жаяу бұрқасын – қардың түсуі жоқ, желдің күші орташа.
Ал 1935 жылы В. Ф. Толстов қарлы боран құбылыстарына келесідей
классификация жасады:
1) Қар жауу. Жел жылдамдығы 0-5 мс;
2) Жаяу бұрқасын. Жел жылдамдығы 5-10 мс. Қардың түсуі жоқ, қар
түтіндейді.
3) Төменгі қарлы боран. Жел жылдамдығы 5-10 мс. Қар жаяу бұрқасынға
қарағанда үлкен биіктікке көтеріледі.
4) Салт қарлы боран. Жел жылдамдығы 5-10 мс. Аспан көрінбейді. Қар
жаууымен бірге, жер бетінлегі қар өте биікке дейін жетеді.
5) Боран. Жел жылдамдығы 10-20 мс.
6) Дауыл (ураган). Жел жылдамдығы 20 мс жоғары.
Сонымен бірге, Б. Н. Веденисов қарлы боран құбылысын қардың жағдайына,
ауа температурасына және ылғалдылығына байланысты келесі түрде жіктеді:
1) Қардың жаууы. Жел жоқ.
2) Жаяу бұрқасын. Қар жаумайды, ал жел байқалады.
3) Қарлы боран. Жел мен қардың түсуі.
4) Боран. Күшті жел. Ауа температурасы минус 15-тен минус 20 0С. Құмның
құрамына ұқсас құрғақ қар.
5) Бұрқасын (вьюга). Қарлы шаңды боран.
6) Қатты боран (пурга). Ауа температурасы минус 12 - ден минус 15 0С
төмен, ауа ылғалдылығы өте жоғары.
Дәл осындай терминологияны Л. М. Дановский да қайталады, бірақ оған тағы
екі жаңа атау қосты:
1) Салт қарлы боран. Ол үлкен биіктікте үлкен қар мөлшерінің
тасымалдануымен қарапайым қарлы бораннан ерекшеленеді.
2) Қарлы дауыл. Ол желдің жылдамдығы 29 мс-тан жоғары жағдайда
қалыптасады [7].
Қарлы боран кезіндегі тасымалданған қардың қарқындылығы – бірлік
уақытта атмосфераның жерге жақын қабатынан жел бағытына перпендикулярлы ені
1 см және биіктігі 200 см болатын тасымалданған қар саны. Бақылаулар
бойынша жер бетінен 2 м жоғары биіктіктегі қардың тасымалдануының мәні
жерге жақын ауа қабатына қарағанда шамалы ғана.
Мәліметтер көрсеткендей, қарлы боран немесе бұрқасын кезіндегі қар
массасының 90 %-нен жоғары бөлігі кесте 2 көрсетілгендей қар жамылғысының 2
м биіктігіне дейінгі арақашықтықта тасымалданады.

Кесте 2
Вертикальды кеңістіктегі 2 м биіктікте қардың (жалпы көлемінен
пайызбен)

Қабат, см Жаяу бұрқасын Жаяу бұрқасын жәнеҚарлы боран
төменгі қарлы
боран
100-200 0,3 1,3 5,0
50-100 0,3 2,0 4,8
30-50 0,9 1,6 4,6
20-30 1,2 1,8 4,0
10-20 6,1 5,9 8,5
0-10 91,2 87,4 73,1

Қарлы боран өлшеуші көмегімен (cурет 3,4) арнайы өлшенген қардың
тасымалдануын және әртүрлі беттерден бөлінген қарларды анықтағанда, жел
әсерінен тасымалданған қар мен жел жылдамдығының арасында айтарлықтай
байланыс бар. Қарлы боран кезінде тасымалданатын қардың қарқындылығын
анықтауға тек И. Д. Капанева өз еңбегін арнаған (1969). Автор бұл еңбегінде
СССР-дің Европалық аудандарында және Сібір территориясындағы қардың
тасымалдану қарқындылығын көрсеткен. Ол Сібір территориясын 3 зонаға
бөлген: солтүстік (С), орталық (Ор) және оңтүстік(О) (кесте 3).

Сурет 3. Қар жамылғысына орналастырылған қарлы боранды өлшеуіш

Сурет 4. Биіктіктегі қарлы боранды өлшеуішті қондыру

Әр аймақтағы қардың тасымалдау қарқындылығы 3 кестеде берілген (кесте 3).

Қардың тасымалдау қарқындылығы
Кесте 3

Айлар СССР-дің Европа Батыс Сібір Шығыс Сібір
аймағы

С Ор О С Ор О С Ор О 11 3,7 1,6 1,5 6,1 3,0 1,9 1,8
0,2 0,2 12 2,4 1,5 1,9 6,1 2,4 1,5 1,2 0,2 0,2 1 2,6 2,1
1,9 5,0 2,4 1,3 1,3 0,2 0,2 2 2,4 2,1 2,2 4,6 2,9 1,3 1,3
0,2 0,2 3 2,1 1,9 1,5 4,3 2,4 1,4 0,9 0,2 0,2
Кестеден көріп отырғанымыздай, КСРО территориясында қарқынды қардың
көрсеткіші солтүстігінде, ал оңтүстік зонасында Шығыс Сібірден басқа
жерлерінде оның мәні азаяды. Ал Шығыс Сібірдің оңтүстігі мен орталығында
қарлы боранның қарқындылығы бірдей.
Кейбір солтүстік аудандар қар тасымалдануының айтарлықтай
қарқындылығымен ерекшеленеді, мысалы, Анадырьда (3,10 м3 пог.м сағ) және
Петропавловск – Камчатскийда (2,55 м3 пог.м сағ). Бірақ жабық
территорияларда қарлы боранның қарқындылығы төмен. Мысалы, Кола станциясы
барлық жағынан дерлік қоршалған болғандықтан, ондағы қарлы боранның
қарқындылығы небары 0,39 м3 пог.м сағ құрайды, ал мұндағы жалпы қарлы
боранның мөлшері 0,42 м3 пог.м сағ тең. Мәліметтер бойынша, бұл зоналардың
ашық орындарында қардың тасымалдануы желдің барлық бағытында бірдей.
Мысалы, Ресейдің Европа бөлігіндегі Сыксывкар станциясында қардың
тасымалдануы желдің оңтүстік – батыс, оңтүстік, батыс, солтүстік – батыс,
солтүстік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауа-райы: болжам мен болмыс
Қар көшкіні - көшкіннің бір түрі
Қорадағы ешкілер мазасызданса ауа райы қолайсыз болудың белгісі
Прозалық шығармалардағы табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер
Ауа температурасының режимі
Төрт түлік пірлерінің пайда болуы
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу
Қыс маусымы
Ауа алабының ластануы
Қарлы боран.боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері
Пәндер