ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Құқықтық деп заңдылық қағидаларын іс жүзіне асыруда қоғамдық
қатынастардың жүйелі түрде құқық нормаларымен реттелуін және тиімді
қорғалуын айтады.
Құқықтық тәртіп заңдылықтың ажырамас белігі болып табылады. Құқықтық
тәртіпті нығайту қоғамдық тәртіпті және заңдылықты нығайтуға тікелей әсер
етеді. Керісінше, қоғамда құқықтық тәртіп әлсіресе қоғамдық тәртіп те,
заңдылық та әлсірейді, дағдарыс процесі дамиды. Құқықтық тәртіпті нығайту
негізінде мемлекеттің құқық қорғау функциялары арқылы іс жүзіне асырылады.
Сот, прокуратура, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты органдар
өздерінің құзырымен міндеттеріне байланысты құқықтық тәртіпті нығайту ісіне
үлестерін қосады. Бұл жерде әр мемлекеттік органның функциялары
ведомстволық мүддемен шектелмеуі тиіс. Бірігу, координациялық шаралар
арқылы құқықтық тәртіпті нығайту, олардың басты міндеттерінің бірі.
Құқықтық тәртіпті нығайтуда азаматтық қоғамның үлесі зор. Бұл
мемлекеттік емес қоғамдық қатынастар арқылы жеке адамдар мен ұжымның
мүдделері құқық шеңберінде іс жүзіне асырылады тыйым салмағанның бәріне
рұқсат қағидасы аясаңда құқықты тәртіп нығаяды. Бірақ мемлекет азаматтық
қоғамның барлық институттарының іс-әрекеттерінің Конституцияға сәйкес
болуын бақылайды, заңдарды қатаң сақтауын талап етеді.
Құқықтық мемлекеттің басты мақсаттарының бірі құқықтық тәртіпті
сақтауды әрбір азаматтың ішкі жан дүниесінің, психологиясының қажеттілігіне
айналдыру.
Ол үшін қоғамдық сана деңгейі моральдық құндылықтарды, діни қағидаларды
күнделікті ереже мағанасында қабылдауы тиіс. Ондай талаптардаң мүлт кетуді
бүкіл қоғам айыптаумен қатар, элементарлық тәрбиесіздік деп бағалануы
қажет.
Адам құқының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен
бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам
құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай
дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси-құқықтық идеялары
адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы
зор проблема етіп ұсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең
күшті ажырамас бөлігі. Сондықтан адам құқықтарын қорғаудан, асқақтатудан,
аяққа таптаудан адамзат өркениетінің қандай бағытта дамитынын болжауға
болады.
Құл иеленуші мемлекеттерде адам құқықтары ашық, заң жүзінде теңсіздік
аясында қалыптасып, Құл иеленушілердің құлдар құқықтарын аяққа таптауға,
басып-жанжуға тікелей жол ашты. Құлдар заң нормаларында құқықтың субъектісі
емес, объектісі, яғни зат, мүлік ретінде танылды.
Рим заңгерлері Құл сөйлейтін құрал деген қағиданы өмірдің барлық
саласында қолданды. Теңсіздік, құл болу туа біткен қасиет ретінде танылды.
Феодалдық мемлекеттерде адам құқықтары басқаша көзқараспен бағаланды.
Құл иеленуші мемлекеттердегі адам құқықтарының жағдайларына қарағанда
біршама прогресс болғанымен феодалдардың шаруаларға деген үстемдігі олардың
құқықтарын аяққа таптаулары басқа сипатқа ұласты. Феодализм қалыптастарған
құқық жүйе король, дворян, герцог, князь сияқты аз ғана топтардың
құқықтарын асқақтатты, шаруалар тек сол феодалдардың қол астындағы адамдары
болып саналды. Феодалдық құқық жұдырық құқы, күштілердің ашық түрде
теңсіздікті мойындатуы.
Адам құқықтарының теңдік идеясына көтерілуі буржуазиялық қоғамның
қалыптасуымен тікелей байланысты. Буржуазия идеологтері абсолюттік
монархияда аяққа тапталған адам құқықтарын асқақтатып, теңдік, бостандық
идеясын адам құқықтарының іргетасы ретінде жариялады.
Буржуазиялық қатынастар дамып келе жатқан Англияда 1679 жылы Хабеас
корпус ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz