Құрлықтағы географиялық белдеулер
Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі
бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады. Зоналық
заңдылық – табиғат кешенінің барлық компоненттеріне тән құбылыс.
Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және
солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының
тұтастығымен ерекшеленеді. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың
әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық,
тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер.
Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп
жатады. Өтпелі белдеулерге суб (латынша – кіші, таяу) деген сөз қосылып
айтылады.
Субэкваторлық – экваторлық пен тропиктік белдеулердің; субполярлық
(субарктикалық, субантарктикалық) – қоңыржай мен полярлық белдеулердің
аралығын бөледі.
Экваторлық белдеу. Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады.
Белдеудің климат жағдапйлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл
жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді.
Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25-30°С. Жауын –
шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000-3000 мм-ден , тауларда 10 000
мм-ге дейін). Белдеудің көп жерін экваторлық (тропиктік) ұдайы ылғалды,
мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.
Орман қалың өсетін алуан түрлі мәңгі жасыл өсімдіктерден тұрады. Ең
биік ағаштар 50-60 м-ге дейін барады. Ағаш діңдерінін аралықтарында аз
ғана саңылауды шырмалып, өрмелеп өсетін лианалар алады. Жуандығы адам
білегіндей ғана кейбір лианалардың ұзындығы 300 м-ге дейін барады. Ағаш
діңі мен бұтақтарын эпифиттер (грекше эпифит - өсімдікке жабысқан) басып
жатады. Олар қоректі ауадан алады не ағаштың сөлін сорып күнелтеді.
Экваторлық ұдайы ылғалды ормандарда түрлі пальма, діңі қатты темір ағаш,
жемісі тамаққа пайдаланылатын нан ағашы, шоколад ағашы өседі.
Азия мен Африканың экваторлық ормандарында пілдер, мүйізтұмсықтар
сақталған. Жыртқыштардан жолбарыс, қабылан, ягуралар бар. Африкадағы Конго
өзені алқабында бойы 2 метрге жететін ең ірі маймыл горилла, Оңтүстік
Америкадағы Амазонка өзені жайылмасында ұзындығы 10 м-ге дейін баратын
дүние жүзіндегі ең ірі жылан – анаконда кездеседі. Су бетіндегі
қолтырауындар, бегемоттар, тапирлер жүреді.
Субэкваторлық белдеу. Экваторлық ауаны қыста тропиктік ауа ауыстыратын
өңірде жыл екі маусымға, яғни жаңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына
бөлінеді.Белдеудің құрғақ маусым 2-3 айға ғана созылатын аудандарда
ауыспалы ылғалды ормандар өседі. Бұл ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды
ормандарға қарағанда ағаштар біраз аласарып, араларбы ашылады. Соған
байланысты онда бұта және шөп өсімдігі көріне бастайды.
Құрғақ кезең 5-6 айға созылатын жерлер саванналы болпы келеді (саванна
Оңтүстік Америака үндістернің тілінен алынған сөз). Саванна деп әр жерінде
жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін, көбінесе шөп басқан алқапты
айтады.
Саваннаның өсімдігі ұзаққа созылатын құрғақшылыққа бейімделген.
Шөптері жапырағы қатқыл, жіңішке, тікенекті астық тұқымдастардан тұрады.
Олардың биік болып өсетені соншалық, кей жерлерде арасынан атты адам
өкрінбейді. Ағаштары акласа, тікенекті. Діңдері су жинауға ыңғайлы жуан
болып келеді (баобаб, шөлмек ағаш,т.б.).
Өсімдіктің бітік өсуі сан алуан жануарлардың тіршілігіне қолайлы.
Әсіресе Африка саванналары жануарларға аса бай. Мұнда неше түрлі киік,
зебр, жираф, піл үйір – үйірмен жүреді. Шөп қоректі жануарларды арыстан,
қабылан, гепард жыртқыштарды аулайды. Олардан. Қалған өлекселер қорқауларға
артығымен жетіп қалады.
Тропиктік белдеу. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың 20-30°
ендіктер аралығын трогпиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және
батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан.
Африкадағы атақты Сахара шөлі осы зонаға кіреді.
Тропиктік шөл зонасының климаты өте ыстық әрі құрғақ. Ауаның
температурасы 58°С-қа дейін көтеріледі, ал топырақ беті 90°С-қа дейін
қызады. Жауын – шашын барлық жерінде 100 мм-ге жетпейді. Өсімдік өте сирек,
кей жерлерде мүлде өспейді. Әсіресе сазды және тасты шөлдер сұрықсыз болып
келеді. Аздаған өсімдіктері ежелгі өзен арналарын, жартастардың жарықтарың,
тас қорымдардың шеттерін сағалайды.
Шөлге жақсы бейімделдген өсімдіктерден Сахараның оазистерінде құрма
пальмасы, Солтүстік Америка шөлдерінде кактус өседі.
Шөлдерде әр түрлі жыландар, кесірткелер, бунақденелер көп болады.
Материктердің шығыс бөліктерінде жапырақ тастайтын ылғалды тропиктик
ормандар мен құрғақ тропиктік ормандар таралған.
Материктердің шығыс бөліктерінде жапырақ тастайтын ылғалды тропиктік

Ылғалды ормандар жауын – шашыны мол, бірақ ылғалды және құрғақ
маусымдар алмасып келетін жерлерде өседі.Құрғақ ормандарда ағаш сирейді.
Аустралияның шығысындағы эвкалипт ормандары ерекше көзге түседі.
Эвкалипт ағашының биіктігі 100 м-ге дейін жетеді. Қаығы қалың отқа тез жана
қоймайды. Өсуге кедергі келтірмеуі үшін ағаш жыл сайын қабығын тастайды.
Соншама зәулім биікке су жеткізу оңай емес. Суды аз буландыру үшін
жапырақтары Күнге қырын қарап тұрады. Сидам өсетіндіктен, эвкалипттен онша
көлеңке түспейді. Эвкалипт ағашының бұтақтарында қалталы аю – коала
тіршілік етеді.
Климат одан әрі құрғай түскен жағдайда орманның орнын тропиктік
саванналар алады.
Субтропиктік белдеу. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларда 30-40°
ендіктерде, тропиктік белдеу мен қоңыржай белдеудің арасында орналасқан.
Ол тропиктік белдеуден температураның маусым бойынша үлкен мөлшерде
өзгеруімен ерекшеленеді. Дегенмен барлық айлардың орташа температурасы оң
болып келеді (4°С-тан 20°С-қа дейін). Сондықтан өсімдік жыл бойы тоқтаусыз
өседі. Белдеудегі барлық материктердің климаты батыс, шығыс және ішкі
бөліктерінде бір-бірінен елеулі түрде өзгешенеді. Мұхитқа жақын батыс
бөліктерде жазы құрғақ, қысы ылғалды субтропиктік ққұрғақ континенттік
климат; ал шығысында жауын – шашын жазда мол жауатын муссондар климаты
қалыптасқан.
Ауыспалы ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы Еуразияның шығысында кең
тарлған, сонымен бірге Солтүстік Американың оңтүстік шығысында және
Бразилияда сақталған. Бұл ормандар қысы құрғақ, жазы жаңбырлы муссондық
климатпен байланысты.
Жылы субтропиктік климат мәңгі жасыл, әсем гүлді магнолия, лавр,
шамшат, емен ағаштарының өсуіне қолайлы. Ағаштардың шырмап жатқан
лианалардың, ағаш діңі мен бұтағына жабысып өскен папоротниктерлің көптігі
жөнінен олар экваторлық мәңгі жасыл ормандарға ұқсайды. Бұл ормандар
субтропиктік қызыл және сары топырақта өседі. Қатқыл жапырақты мәңгі
жасыл ормандар мен бұталар жазы құрғақ Жерорта теңіздік климат жағдайына
бейімделген өсімдік түрлерінен тұрады. Олар құрғақшылық кезеңнің өзінде де
жапырағын тастамай, бүкіл жыл бойы мәңгі жасыл қалпын сақтайды. Жапырағы
шағын, өте қатты, жылтыр келетіндіктен, өсімдік суды аз буландырады.
Субтропиктік белдеу ормандарының табиғаты адамның шаруашылық әрекетінен
қатты өзгерген. Қазіргі кезде табиғи ормандар оталып, олардың орнын цитрус
егістері, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz