Қылмыстық құқықтың түсінігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыстық құқықтың түсінігі

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен
бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға
бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен
жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық
қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты
қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады.
Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары,
міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық
жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот
органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті
орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды
реттейтін бұл функцияларын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық
жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым
салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын
жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық
функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық
құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат
келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке
келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді
ұстауда әрбір азамат заңда белгіленге тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл
мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз
қажет. Қылмыстық құқық — бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және
пән болып табылады. Осы ұғымдардың бәрінін жиынтығы қосылып қылмыстық құқық
курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құкық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық
теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласынада тән
екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін
белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын
өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып
табылады.
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған
қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны
тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық
базасы — Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық
құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық
құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына
қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың
жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі
ұғым — қылмыс пен жазаны анықтайды.
Бұл нормалар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.
Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің
қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін
тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді; Мұндай нормалар
қылмыстық кұқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынадай өзіндік ерекшелік
белгілерімен көрініс табады:
Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық
қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құқықтық
қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және
қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық
қолдану және құқық қорғау органдары болады.
Белгілі бір әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып,
оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық
іс-әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға
тартатын нормаларды белгілеу — мемлекеттің құзыреті. Осы тұрғыдағы қоғамдық
қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыс пен жаза
туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың
негізі және одан босату қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстың заңның
кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын
мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы
ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза
тағайындаудың немесе қылмыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның жүйесi мен мiндеттерi
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстың ұғымы
Қылмыстық құқық ғылымы
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Қылмыстық құқық түсінігі
Қылмыс құқықтың пәні,түсінігі,міндеттері мен принциптері
Пәндер