Қымбат металдар және олардың құймалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қымбат металдар және олардың құймалары

Табиғатта кездесетін алтын, күміс,платина, палладий, осмий, иридий,
рутений және родий өздерінің химиялық тұрақтылығымен және әдемі сыртқы
түрімен қымбат металдар деп аталған.

Алтын және олардың құймалары. Тіс протездерін жасау үшін таза алтын
қолданбайды, өйткені ол бұл күйінде өте жұмсақ. Тіс протездеріне қойылатын
талаптарға байланысты алтынға күміс, мыс, платина, кадмий, палладий сияқты
металдар қосып механикалық қасиеттерін жоғарылатады. Қаттылығына
байланысты алтын құймаларына жұмсақ, орташа қатты, қатты және өте қатты деп
бөледі. Қатты және өте қатты құймаларды 700 С қыздырып , 10 минуттың
ішінде, суытатын болса, олар жұмсарады. Алтын құймалардың мықтылығын
арттыру үшін қыздырып өңдеп, 450 С ден 250 С аралығында 30 минут ішінде
суыту керек. Алтын құймаларын құйған кездегі көлемінің кішіреиюі 1-1,2% .

Тіс протездері үшін мына таңбалар алтын құймалары қолданады: 900, 750,
583.

916 таңбалы құйманың түсі ақышыл- сары, өңдеуге жеңіл. Ол көпір тектес
протездер, қаптама , микропротез, жартылай қаптама және әшекейге орындық
жасау үшін қолданылады. Бұл құйманың кемшілігі қаттылығының
жеткіліксіздігінде.

900 таңбалы ауыз қуысында коррозияға тұрақты, 916 құймаға қарағанда
қатты, түсі, қызғылт. Иленгіштігіне байланысты қалыптпғандағы және
аппаратқа салып жұқартқандағы қатаюын қып- қызыл етіп қыздырып өңдеп
жұмсартады.

Алтын қалыпқа салып қалыптағанда қорғасын жастықтарынан және тез
балқығыш құймадан: қоғасынның, висмуттың,қалайының және де т,б.
металдардың жаңқалары (бөліктері) қалып қояды. Олар алтынды құйғанда кезде
балқып онымен қосылысқа түседі. Сондықтан алтынды қыздырар алдында тұз
қышқылына немесе азот қышқылына салып тазартып алады. Қыдырған кезде
алтынның сыртқы қабаты тотығады.

Бұл тотықты тазалау үшін де тұз қышқылын қолданады. 750 таңбалы
құйманың құрамына кадмий мен платина кіреді. Кадмииді 50-10% етіп қосатын
болса құйманың балқу температурасы төмендейді. Сондықтан бұлндай дәнекер
ретінде қолдануға болады.

Күміс- палладий құймалары 70- шы жылдардан бастап күміс палладий
құймалары қолданыла бастады. В.Н. Копейкиннің дерегі бойынша бұл
құймалар қасиеті жағынан алтынның құймаларына жақын.

Құймалардың түсі ақ. А мен Б құймасына қарағанда жұмсақтау. Б
құймасының серпімділігі жоғары. Балқу температурасы 1100-1200 С . С.Д.Н.
Цитриннің ұсынған құймасының құрамында күміс 75%, паллпдий-10%, алтын – 15%
. құйманың түсі сарығыш-алтындай балқу температурасы -1105% С, бриннельдің
көрсеткіші бойынша қаттылығы 30.

Құйманың құрамында палладийдің мөлшері көбейсе онда балқу
температурасы да көтерліп, қаттылығы және жыртылуға мықтылығы өседі. Күміс
құйманың негізі болып қаттылығын жоғарлатады, ал алтын болса құйылу сапасын
жақсартып, құймаға алтынның түсін береді. Бұндай құймаларды алтын
дәнекерлерімен дәнекерлейлі.

Алтын, платина және палладий қорытпалары.

Бұл металдарға жоғары технологтялық қасиеттер, коррозияға тұрақтылық,
төзімділік, токсикалық әсерінің болмайтындығы тән болады. Басқа металға
салыстырғанда, бағалы металдарда идиосинкрозия құбылысы аз болады.

Таза алтын ( Au) – жұмсақ метал. Алтнның мықтылығы мен қаттылығы
көтеру үшін құрамына металл лигатураларын ( мыс, күміс, платина) қосады.

Қортпаның құамындағы алтынның пайыз мөлшеріне байланысты құйма
әртүрлі болады. Таза алтын метрлік сынақ жүйесі бойынша 1000 (проба) деп
есептеледі.

Ресейде 1927 жылға дейін алтын сынақ жұйесі болған. Бұл өлшем
жүйесіне байланысты алтынның ең жоғарғы сынамасы 96 алтынға тең. Осымен
қатар ағылшын карат системасы да белгілі,бұл система бойынша ең жоғарғы
сынама 24 каратқа тең.

Алтынның 900- сынамасы тіс сауаттары (қаптамалары) мен көпір тәрізді
протездерін жасауда қолданылады. Алтынның бұл қорытпасы диск түрінде,
диаметірлері 18,20, 23, 25мм және салмағы 5г мөлшеіндегі блок түрінде
болады. Бұл қорытпаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мыс және оның қорытпалары. Алюминий және оның қорытпалары жайлы ақпарат
Металдардың сипаттамасы жән жіктелуі
Металдардың жалпы химиялық қасиеттері
Конструкциялық материалдардың түрлері
Мыс және оның қорытпалары. Алюминий және оның қорытпалары
Ортопедиялық стоматология клиникасында қолданылатын материалдар
Платиналық металдар
Ванадий
Металл және Бейметалл
Металдар жайлы
Пәндер