Қытай - көне мәдениеттің елі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжі

Тақырыбы: Қытай

Орындаған: Нұртанова
Тобы: ПВ – 28
Қабылдаған: Балғабаева Д.

Шымкент 2008 ж.
БІЗ ҚЫТАЙДЫ ОҚЫП ҮЙРЕНЕМІЗ
Аумағы, шекаралары, жағдайы: әйгілілігі мен құрамы туралы түсінік. Қытай
Халық Республикасы - жер көлемі жағынан дүниедегі үшінші мемлекет. Ол
батыстан шығысқа қарай 5,7 мың км-ге, солтүстіктен оңтустікке қарай 3,7 мың
км-ге созылып жатыр. Қытайдың құрлықтағы шекарасы (21,5 мың км)
теңіздегісінен (15 мың км) ұзын. Бірақ та құрлықтағы шекараларының көбі аяқ
жете қоймайтын табиғи кедергілермен қоршалған. Сыртқы экономикалық байланыс
үшін негізінен Желтомға, Шығыс-Қытай мен Онтүстік-Қытай теңіздеріне
шығатын қақпалар пайдаланылады. Алыс түкпірдегі аудандардың теңізге
шығуына Янцзы өзен жолы қызмет етеді.
Әкімшілік-аумақтық ерекшелігі жағынан Қытай 23 пропинцияға (Тайванды қоса
есептегенде) бөлінеді. Олардың кейбіреуінің халқы шетелдік Еуропаның ең ірі
деген елдерінің халқынан асып түседі және Қытайда бес автономиялық аудан,
орталыққа тура бағынатын төрт қала (Шанхай, Пекин, Тяньцзин, Чун-цин) бар.
1949 жылы Қытайда халық революциясы жеңіске жетті, мемлекет ҚХР деп
аталғаннан кейін талқандалған гоминдан үкіметінің қалдығы Тайваньға қашып
барып, аралды Қытай Республикасы деп жариялады. Алайда, Қытай оны өзінің
бір провинциясы деп есептеп, ҚХР Тайваньның бейбіт жолмен бірігуі
бағытындағы саясат жүргізеді.
1997 жылы Ұлыбритания Азиядағы соңғы иелігін — үлкен емес, бірақ сауда-
экономикалық, қаржылық жағынан саяси маңызы зор Гонконг аумағын 99 жыл
жалға пайдаланудан кейін Қытайдың өзіне қайтарды. Сянган (қытай-лықтар
Гонконг деп атайды) өзінің ерекше статусы 50 жыл бойы сақталатын ҚХР-дың
құрамындағы Арнаулы экімшілік аудан болып жарияланды.
1999 жылдың аяғында елдің оңтүстігіңдегі тағы бір шағын аймақ, бұрыш
португалдық отарлық империяның соңғы тұяғы - Аомынь да Қытайдың құрамына
өтті.
Халқы: саны, өсу қарқыны этникалық құрамы, орналасуы. Міне, екі мың жыл
бойы Қытай жер шарындағы ең халқы көп ел атанып келеді. Жэнь шань, жэнь
хай дейтін қытай нақылы тегін айтылмаған. Бұл Тау да адам, теңіз де адам
дегенді білдіреді.
1949 жылы ҚХР болып өзгергеннен бері Қытай халқының саны екі есе өсті,
1990 жылғы бүкіл қытайлық халық санағы бойынша саны 1 млрд 134 млн адамды
құрады. Сендер Қытайда демографиялық саясат белсенді түрде жүргізілетінін
білесіңдер. Осындай қатаң шаралар жүргізілгеніне қарамастан, оның халқы
2000 ж. 1,3 млрд-қа жақындады. Бұл қытайдың қоғамдық өмірінің барлық жағына
зиянын тигізіп отыр. Қытайда 600 млн-нан астам адам еңбекке жарамды, оның
25 бөлігін жастар құрайды.
Этникалық құрамы жағынан Қытай халқының көпшілігін қытайлықтар (атаудың
өзі - хань немесе ханцы) құрайды. Олар елдің бүкіл шығыс бөлігіне
қоныстанған. Қытай тілінде жеті негізгі диалект бар, Пекин, кантон және
басқа диалектілердің арасында үлкен алшақтық бар, мәселен, солтүстік пен
оңтүстік провинциялары бір-бірімен сөйлескенде, олар зорға түсініседі.
Өзара түсінісу үшін әр түрлі диалектіде сөйлейтін қытайлықтарға қолайлы
болып табылатын бірыңғай иероглифтік жазуды пайдаланады. Бұдан басқа,
халықтық үкімет жылдарында пекин диалектісі негізге алынған путунхуа
(жалпыға түсінікті тіл) деп аталған бірыңғай ұлттық тілдің жобасы
жасалған болатын. Бірақ елдегі сауатсыздар саны әлі де 250 млн-нан асады.
Аз ұлттарлық үлесі бүкіл Қытай халқымен салыстырғанда тым аз (6%)
болғанымен, оны бәрібір көп ұлтты елдердің қатарына жатқызады. Оның бірінші
себебі — Қытай емес халықтар мен этникалық топтардың жалпы саны 60-қа
жақындайды және олар үш түрлі тілдік топқа топтасады. Екінші себебі —
олардың жалпы саны 80 млн-нан асады. Үшінші себебі — олар елдің бүкіл жер
аумағының жартысынан астамына қоныстанған.
Аймақтың басқа елдеріндегі сияқты Қытай халқының орналасуы да біркелкі
емес: тұрғындардың 90% дерлігі елдегі жердің 13 бөлігіне шоғырланған.
Урбанизация деңгейі бойынша Қытай осы жақын уақытқа дейін бұл процесс нашар
жүрген елдердің қатарына қосылды. Бірақ қаланың күрт жандануы оны орнынан
қозғап жіберді. Бүгінде үлкен қалалар (500), миллионер-қалалар (50),
тұрғындары шектен тыс көп (370 млн) қалалар деген сияқты қалаға
қоныстанғандардың жалпы саны бойынша Қытай дүние жүзінде бірінші орын
алады. Алайда, ол ауыл саны бойынша да дүниежүзілік біріншілікке ие болып
отыр: мұнда шамамен 700 мын ауыл бар.
Қытай — көне мәдениеттің елі. Атақты ғажайып бақ ансамбльдері, будда
храмдары, ұзындығы 4 мың км-дей болатын Ұлы Қытай қорғаны тәрізді си-рек
кездесетін құрылыстар Қытай халқының материалдық мәдениетінің ескерткіштері
болып табылады. Бүгінге дейін сақталған рухани мәдениетін дәстүрлі ошақтары
- өзіндік өзгешеліктері бар Қытай театрлары, бейнелеу өнері, музыка,
аспаздық, у-шу гимнастикасы, ай календары, Қытай мектебінде оқушылардың
білімі көбінесе 100 баллдық өлшеммен бағаланады. Қытайдың философия,
астрономия, география, медицина ғылымдары өте ерте замандардан бері өмір
сүріп келеді.
Шаруашылығы: жетістіктері мен проблемалары. Қазіргі Қытай дүниежүзілік
шаруашылықта аса маңызды орынға ие болып отырған өте қуатты индустриалық-
аграрлық, ел. Өздерін білетіндей, Қытай көмір және темір кендерін өндіру,
болат қорыту, мақта-мата тоқу, теледидар, радиоқабылдағыш шығару салалары
бойынша дүние жүзінде бірінші орын, электр қуатын, химиялық тыңайтқыштар,
синтетикалық материалдар және т.б. өндіруден екінші орын алады.
Электроникалық әуе-ғарыштық және басқа ғылым тікелей қатысатын өндіріс
салалары едәуір өсті. Алайда көптеген кәсіпорыңдардың құрал-жабдықтары
қатты көнерді, ауылдардың жартысына жуығы электрленбеген, ауыл
шаруашылығында әлі де қол еңбегі басым.
Қытайдың бет-бейнесін көбінесе едәуір мөлшерде отаңдық ресурстарына
сүйенген ауыр өнеркәсібі айқындап береді.
Қытайдың жылу-энергетикалық кешенінің негізін көмір өнеркәсібі қамтамасыз
етеді. Көмір өндіру көптеген алыптарға шашырап орналасқан; олардың аса
ірілері (мысалы, Датун) елдің солтүстік бөлігінде. Мұнай өңдеу де бытыраңқы
жағдайда, бірақ басты орынға (Дапин) өнімнің 13 бөлігі тиесілі. Электр
қуатын өндірудің 45-і ЖЭС-ке (жылу электр станциясы) арқа сүйейді, бұл да
жер аумақтары бойынша шашырап орналасқан. Қытайда іске асырылып жатқан ірі
бағдарламалардың бірі - су электр қуатын дамыту; СЭС-тің басты
сарқырамалары Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің жоғарғы ағысында салынып жатыр.
Алғашқы АЭС салынды. Дәстүрде жоқ қуат түрлері — геотермальды және ағынды
қуаттар пайдаланыла бастады.
Металлургиялық кешеннін негізін сендер көз алдарыңа келтіре алатын көмір
өндіру орындары мен темір кеніне немесе солардың тасымалына арқа сүйейтін
толық циклдегі ірі комбинаттар құрайды.
Мысал. Қытайдың солтүстік-шығысындағы аса ірі Аньшан металлургия
комбинаты жергілікті кокстенген көмір мен темір кенін пайдаланады. Мұнда
жылына 7—8 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саһа кеңістігі
Қазақстан және Әлемдiк өркениет
Әлемдік өркениеттегі қазақ мәдениетінің орны
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Орхон - Енисей ескерткіштерінің зерттелуі
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Мәдениет ғылымының қалыптасып, дамуы
Ежелгі және қазіргі моңғолдар: ортақтығы мен ерекшелігі
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Пәндер