Қытайдың экономикалық саясаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қытайдың экономикалық саясаты

Жаһандану үстіндегі әлемдік кеңістікте “рыноктың көрінбес қолымен” және
белсенді мемлекеттік реттеу арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне тартылған
елдердің өзара тәуелділігінің, өзара астасуларының күшеюі байқалады. Ұлттық
экономикалардың бір-біріне тартылысында тереңдей де кеңейе түскен сауда
байланыстарына ерекше рөл жүктеледі. Индустриялық және дамушы елдердің
экспорттық-импорттық саясатқа әрқилы қатысуы, соңғыларының тәуелділігі
күшейе түсуі әлемдік экономикадағы күштер орналасуына ықпал етіп келеді.
Салыстырмалы түрде алғанда әлемдік шаруашылық үдерісіне жуырда қосылған
аса ірі мемлекет Қытай болып табылады, ол халықаралық өндіріс пен тауар
айналымына белсене қатысып келеді. Бұл ел көп ретте Шығыс, Оңтүстік-Шығыс,
Орталық Азиядағы макроэкономикалық ахуалды айқындап отыр. Экономикалық өсу
қарқыны бойынша (1999 жылы – 7,1%, 2000 жылы – 8, 2001 жылы – 7,5, 2002
жылы – 8, 2003 жылы – 9,3, 2004 жылы – 9,3, 2005 жылы – 9,9%) ҚХР барлық
елдердің алдында келеді. 2005 жылы ІЖӨ деңгейі бойынша (2,3 трлн. доллар)
ол әлемде 4-ші орында болды. Жалпы өнімді жан басына орташа тұтыну 1,7 мың
долларды құрайды. 2010 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда бұл
көрсеткішті екі есе арттырып, 2,5 мың долларға жеткізу жоспарланып отыр.
Экономика “қызынуы” факторының өсуі ретіндегі жоғары серпінділік Қытай
үкіметін мазалап отырғаны байқалады, сондықтан да 2006 жылы ІЖӨ-нің өсуін
8%-ға дейін шектеу көзделуде. Бұл ретте негізгі қорға салымдарды қысқарту,
кредиттеу шарттарын қатаңдандыру секілді құралдар пайдаланылмақ.
Континенттік Қытайда 1,32 млрд. адам тұрады. Бұл ел аумағы жағынан
әлемде 3-ші орында (9600 мың шаршы шақырым). Жұмыс күшінің саны 750 млн.
адамнан асады, мұның өзі Үндістанға қарағанда 1,7 есе, ЕО елдеріне
қарағанда 2,4 есе көп, соның ішінде Германиядан – 19 есе, Ұлыбританиядан –
25 есе, Франциядан – 28 есе, АҚШ-тан – 5 есе, Жапониядан – 11 есе артық.
ҚХР-дың сыртқы саудасы ұлғайып келеді, оның көлемі 1,42 трлн. долларды
құрады. Бұл елдің үлесіне әлемдік тауар айналымының 7 пайыздайы келеді.
Тауарлар мен қызметтер саудасындағы үлес салмағы – 10,5 пайыз. Бұл тұрғыда
Қытай алдына тек АҚШ пен ГФР-ды ғана салады.
Қытай экономикасының феноменін зерттеген британ және американ ғалымдары
жедел дамып отырған Азиядағы көршілес елдерге қарағанда “Қытайдың
экономикалық қарыштауы сондайлық та сенсациялық емес” деген тұжырымға
келген. Ал енді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы
Х.Гуррианың болжамы бойынша таяудағы 30 жылда бұл ел АҚШ-ты басып озып,
әлемдік экономикада көшбасшыға айналады. Бәсекелестік әлеуеті туралы
мәліметтерге сәйкес Қытай кейбір дамыған және көптеген дамушы мемлекеттерді
артқа тастап, алғашқы отыздықтың ішінде тұр.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының аяғынан басталған экономикалық
реформалардың шаруашылық жүргізудегі бұрынғы қағидаттарды сақтауды
(жоспарлылық, қаржы, кредит, сыртқы сауда салаларын, баға көрсеткіштерін
және жоспарлы тетіктің басқа да жәйттерін мемлекеттік реттеу) олардың
біртіндеп нарықтық қатынастарға қарай өзгеруімен, жеке меншік сектор
ауқымын ұлғайтуымен ұштастыру ұлттық шаруашылықты айтарлықтай жаңартты.
1990 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде ІЖӨ өндірісіндегі мемлекеттік
сектордың үлес салмағы 35%-ға дейін, өнеркәсіпте 54,6%-дан 30%-ға дейін
төмендеді. 1995 жылдан бастап мемлекет бақылайтын компаниялардың саны 300
мыңнан 150 мыңға дейін қысқарды. 1998 жылдан бастап бұл сектордағы жұмыс
күшінің саны 16 млн. адамға азайды. Сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай сыртқы саясатындағы Үндістанның орны
ХХ ғасырдың 90 - жылдарындағы Қытайдың азық - түлік қауіпсіздігі саясаты
Қытай және жаһандану проблемалары
Қытай Халық Республикасы
Қытайдың Қазақстанға байланысты саясатының маңыздылығы
Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Маньчжуриядағы Жапон империализмінің отарлау саясаты
Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі
Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі
Пәндер