Мақал - мәтелдердің тәрбиелік пәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік пәні

Мақал-мәтелдер-бірнеше ғасырлар бойы атадан балаға мирас ретінде
беріліп келе жатқан халық даналығы. Кез келген халық мақал-мәтелдерді үнемі
естеріне сақтаған, даяр тұрған мұра ретінде ұстап, өзінің күнделікті
тұрмысында, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде пайдалануға, сол арқылы өз
ойларын, танымдарын құнарлы да тұшымды, көрікті жеткізуге тырысады.
ММ-дер - халықтың белгілі бір өмір тәжірибесінен жинақталған, айқын ойды
үлгі-өнеге, өсиет ретінде көркем бейнелеп, жеткізетін халықтың көне де бай
рухани қазынасы. Ел аузында Ер қазынасы - ескі сөз, ел қазынасы - ескі
сөз, тіл қазынасы — ескі сөз деген мақал бар. Бұл мақал әшейін әлдеқалай
айтыла салған сөз емес, өмір жүзінде ел аузындағы ескі де мәнді сөздер (1;4
б.).
ММ-дер халықтың атам заманда өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын
болашағымен жалғастыратын алтын арқау; олар рухани, мәдени салт-дәстүрді
жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде
сақталуының бірден бір кепілі. Бұл қазына байлықтан айрылған этникалық
қауым өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымның болшағы да
жоқ (2;7 б.).
Олардың қалыптасу тарихы тым ерте басталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп,
халықтың өткен өмірі, дүниетанымы, әдет-ғұрып, салт-санасы өзгеріп, білімі,
мәдениеті артқан сайын өзіне терең де мазмұнды, дұрыс идеялық мағынаны
талап ете бастайды. Соған орай ММ-дердің тақырыптары да молыға түседі (3;20
б.).
ММ-дердің тарихи категория екендігі Қазақ әдебиеті тарихы атты еңбекте
де айқын көрсетілген: Қазақ ММ-дерінде қазақ елінің басынан кешкен тарихи
кезеңдердің із-сүрлеуі айқын көрінеді. Арғы көне заманнан бергі күні
бүгінге шейінгі еліміздің тарихи даму жолында кездескен үлкенді-кішілі
оқиғалардың бәріне де белгілі мөлшерде ММ қазынасы өзінше енші қосқандығы
байқалады (4;283 б.). Бұл ойды Ә.Диваевтың : ММ-дер халық творчествосының
ең көне түрі. Сонымен қатар олар көне заманда туған күйі қатып-семіп қалған
емес, дәуір өзгерген сайын молайып, толығып отырған, халық тұрмысындағы
әрбір елеулі кезең, жаугершілік, шапқыншылық болсын, той-думан болсын,
шаруашылыққа байланысты жағдайлар, қуаныш-реніш, мұң-шер, азап пен рахатты
сәттер түрлі айтушылардың өңдеулерінен өтіп қалыптасқан, мақалға айналған,
— деген пікірі (5;13 б.) құптай түседі. Әрі ММ-дердің заман дамуына орай
өзгеретіндігін және көбейіп отыратындығын айтады.
Ұйғыр тілінде де ММ-дер азды-көпті зерттелген. ММ-дердің ертеден келе
жатқан, халық бейнесін шынайы көрсететін халық қазынасы екендігін Таһир
Қасымның мына сөзі де дәлелдей түседі: Мақал-тәмсилләр кәң әмгәкчи хәлқниң
узақ тарихий, ижтимаий тәжрибилири, маддий вә мәнивий турмуш тәжрибилириниң
әң ихчам йәкүнидур. Уни әмгәкчи хәлқниң қолға кәлтүргән мувәппиқийәтлири вә
мәғлубийәт савақлирини өз ичигә алған һәқиқий тарих дийишкиму болиду. Чүнки
у әмәлийәтниң. синақтин өткән йәкүни болуп,инсанлар турмуши билән зич
мунасивәтлик. Мақал-тәмсилләр узақ заманлардин бери жәмийәтниң
тәрәққиятиға, инсанлар тәпәккуриниң өзгиришигә әгишип бейип, толуқлинип
кәлгән болсиму, униңдики тарихий изчиллиқ һазирқи заман мақал-тәмсиллириниң
һаман қәдимки даналар сөзиниң мәһсули яки давами икәнликини испатлайду.
Қазақша аудармасы: ММ-дер еңбекші халықтың ұзақ тарихи, сондай-ақ қоғамдық
тәжірибелерінің, заттық және рухани тіршіліктегі алған сабақтарының ең
қысқа тұжырымы. Онда халықтың қол жеткен жетістіктері мен жағымсыз жақтары
бейнеленген шынайы тарих деп айту керек. Себебі, ол сан ғасырлар бойы
адамзат өміріндегі барлық шындықтың сыналып, содан тұжырымдалған өмір
түйіні. ММ-дер ұзақ замандардан бергі қоғамның дамуына, адамзаттың сана-
сезімінің өзгерісіне байланысты жетіліп, толығып келген болса да ММ-дегі
тарихи іздер осы заманға дейін келген даналар сөзінің жалғасы екендігін
сипаттайды (6;79 б.).
Қазақ-ағылшын ММ-дерін салыстыра зерттеген Р.Жүсіпова да өзінің зерттеу
еңбегінде жоғарыдағы ойды былай жалғастырады: ММ-дер - сөздік құрамның
халық өміріндегі әр қилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық
құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды
жеткізетін, қысқа әрі нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі, -
деп жалғастырады (7; 7 б.).
ММ-дер - кез келген ұлт мәдениетін, өмірін танытатын тұғыр. Ол өз
тамырын тереңге жайып, ата-бабаларымыздың өмірімен және болашағымен астасып
жатады.
Қазақ тіл білімінде қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге ММ-
дер де өте кеңінен зерттелген. Әсіресе, қазақ мақалдары мен мәтелдерін
жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымы мен
мәдениеттің дамуына үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радловтардың
еңбектері ерекше (8). Сондай-ақ жалпы ММ-дер, олардың айырмасын, жан-жақты
қырларын бүгінгі қазақ ғалымдары Р.Сәрсенбаев (9), Ө.Айтбаев (10),
С.Сәтенова (11), Ғ.Тұрабаева және т.б. (12) ғылыми жұмыстарына арқау етті.
Қазақ халқының мұрасы осы ММ-дердің өзіне ғана тән ерекшеліктері жайлы,
халықтың мінезіне, табиғатына лайық туындап отырғанын көптеген зерттеушілер
кезінде көрсетіп, айтып кеткен еді. Ә.Диваев та Тарту атты еңбегінде
қазақ мақалдарының көбі өзінің дәлдігі, өткірлігі жөнінен суретшінің қыл
қаламына ілігуге сұранып тұрғандай. Өйткені онда қазақтың көшпенді де еркін
өмірін қамтитын тірі келбеті тұр, — деп олардағы халық тіршілігі
бейнеленетінін нақты суреттейді (5;12 б.). Ал Х.Досмұхамедұлы: Қазақтың
мақал мен мәтелдері ағыл-тегіл көптігімен және өткірлігімен ерекшеленеді.
Азды-көпті шешен сөйлейтін кез келген қазақ өз сөзінде ММ-дерге жүгінуге
тырысады, ал билер мен ел ішіндегі ділмарлардың сөздері халықтық ММ-дерге
тұнып тұрады (13;128 б.), — десе, М.Әлімбаев: ММ-дер - халық әдебиетінің
қоғамдық құбылыстарды кең қамтып, өмірдегі әр қилы қарым-қатынастарды
әсерлі, көркем бейнелейтін тақырыбы идеялық мазмұнға бай, ең бір мол
саласы. ММ дегеніміз - халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшамды
түрде, ұтымды, өткір етіп айтып беретін кестелі сөз, - деп ойын дәйектейді
(14;13 б.). Келтірілген тұжырымдардың қай-қайсысы болмасын қазақ ММ-дерінің
көшпенді тіршілікке қатыстығын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЛПЫ МАҚАЛ - МӘТЕЛ ТУРАЛЫ
Мақал - мәтелдердің оқытылуы
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы экологиялық білім берудің пәнаралық сипаты
Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Мақал - сөз анасы
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі
Бастауыш сыныпта жұмбақтар мен мақал - мәтелдерді оқыту
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
Пәндер