Мектепке дейінгі мекемеде баланың тілін дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі мекемеде баланың тілін дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты
мен міндеттері.
Тілді үйрету әдісінің түсінігі. Ана тілін үйренудің заңдылығы,
жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің даму процесінде ішкі
сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық
еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті – сөздің дыбысын артикулдеу,
интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс
комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни
оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық
элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4)
араласу, тану, сөзді және адамның мінез – құлқын тәртіптеу процесінде
сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау
қабілеті.
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай
жасаса, онда баланың тілі неғұрлым безірек байиды және оның психикасы жан –
жақты дамиды. Лингвистикалық – дидактикалық принцптерге құрылған тіл
үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты
болып табылады.
Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен
орындалатын үйренуші мен үйретущінің іс - әрекетін айтады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер
тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі,
әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.
Еліктеу әдісі
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, бірақ әр
түрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескеннен гөрі біршама
қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп
сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді,
сөйлеу қимылын үйренуге(дауыстың артикуляциясы мен модуляциясы) және
мағынасын түсінуге тырысады ( затты, қимылды және т.б көрсететін дыбыс
комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық
норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу (
сақауланбау, шолжаңдамау) аса маңызды.
Бұл әдісті қолдануды сәби шағынан бастап, кейінгі шақратда ( тек
балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгенде де) жалғастырып
отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс- әрекеттерді атқару кезінде,
айталық, баланы шомылдыру кезіндегі бавламен қатынас процесінде еріксіз
түрде болу мүмкін.
Сюжетті драммалық- рольдік, режиссерлік ойын процесінде тіл дамыту
үшін қолайлы жағдай ерекше көп болады.
Режиссерлік ойында бала өзі роль алмай оны осы оқиғаға қатысатын
ойыншықтарға бөліп береді; сюжеттерді – балалар бақшасы, аэродром, зоопарк,
парад, ұрыс және с.с балаға оның өмірлік тәжірибесін ескере отырып,
тәрбиеші айтып береді.
Еліктеу әдісі бұдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез-
келген ойын үстінде пайдаланылады.
Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан екінші орынға
ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап көреді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептерде компьютерлік техниканы тиімді қолдану негізінде оларға компьютерлік сауаттылық элементтерін меңгеру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Мектепке дейінгі балалардың мектепке даярлығын анықтау ерекшеліктері
ТАБИҒАТТАНУДЫ ОҚЫТУДА ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Өлеңді оқытудың тиімді жолдары
Пәндер