Алматы қаласында Мемлекеттік Жастар саясаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттің аймақтық саясаты

«2008-2009 жылдарға арналған Жастар және жасөспірімдер» аймақтық мақсатты бағдарламасы» (бұдан әрі- Бағдарлама) Алматы қаласы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаның жалғасы болып табылады, жастардың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуының шарттарын, қоғамдық ұйымдардың қолдауын қамтамасыз етеді. Алматы қаласы республика бойынша жастардың астанасы ретінде саналады. Біздің қаламыздың үштен бір бөлігін 14-29 жас аралығындағы 380505 жастар мен жасөспірімдер құрайды. Қазақстанның ЖОО мен ОАОО негізгі бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Республикалық маңызы бар жастар ұйымы штаб-пәтерлерінің көпшілігі осында орналасқан. Айта кететіні, «Жастар және жасөспірімдер» Бағдарламасы 2001 жылы ел басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды және Қазақстанның басқа да аймақтарында үлгі ретінде ұсынылды.

Бағдарламаның негізгі жетістіктері - жастар саясатының мекендік сипатында, өйткені ондағы негізгі басымдық тұрғылықты жер бойынша жастардың жұмыс істеуі. Бағдарлама аясында жастармен жұмыс жүргізу үшін арнайы орган - Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры құрылды, осы үйлестікпен еліміздің түкпір-түкпірінде осындай құрылымдар құрылды.

Алматы қалалық «Жастар және жасөспірімдер» мақсатты бағдарламасының сәтті жүзеге асуы арқасында осы жылдары Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік қызметтер аула клубтары ретінде құрылды. Бүгінгі таңда Алматы қаласының 6 ауданында 33 аула клубы нәтижелі жұмыс істеуде. Барлығы Бағдарламаның есебінен жөнделіп, жабдықталған. Аула клубтары жұмысына шамамен 4000 балалар мен жасөспірімдер қамтылған. Жас шамасы 7 мен 21 жас аралығындағы жастарды құрайды. Аула клубтарының тәрбиеленушілері барлық аудандық, қалалық, сондай-ақ республикалық мәдени-көпшілік және спорт шараларына қатысады. Алматы қаласының жастар мен жасөспірімдерімен тұрғылықты жері бойынша жұмыс жүргізу мақсатында тәрбиелік-ағартушылық, спорттық, музыкалық және әскери-отансүйгіштік клубтар құрылды.

2003 жылы Алматы қаласында жастардың мәдени-көпшілік, сауықтыру және бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыратын ақпараттық орталық ретінде Жастар Үйі ашылды. Студент жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын бос жұмыс орындары Жәрмеңкесі өтеді. 2005 жылға дейін бос жұмыс орны жәрмеңкесі қорытындысы бойынша әлеуетті жұмыс берушілерге бағыт беретін түйіндеме-сауалнама базасы ұсынылды. 2006 жылы бос жұмыс орын жәрмеңкесін жұмыс берушілер мен ізденушілер үздіксіз байланысы түрінде өткізу мүмкін болды.
«Алматы қаласы студенттерінің құрылыс жасақтары штабы туралы» Алматы қаласы Әкімінің қаулысына сәйкес және жастардың бастамаларының нәтижесінде жыл сайынғы жазғы жұмыс науқанына байланысты ЖОО-нан Студенттердің құрылыс жасақтары (СҚЖ) құрылды. Бастапқы кезеңде құрылыс жасақтары жатақханаларға, оқу орындарына жөндеу жүргізіп, оқу орындары айналасын гүлдендірсе, келесі кезекте СҚЖ мүшелері ірі құрылыс компанияларының қаладағы және қала сыртындағы маңызды құрылыс нысандарында жұмыс істей бастады. СҚЖ қозғалысы жастар арасында танылып, 2005 жылы 4 бағыт бойынша жұмыс атқарды, тек қана құрылыс жасақтары ғана емес, сондай-ақ педагогикалық, медициналық, теміржол жасақтары құрылды.

Бағдарламаның аясында жергілікті атқарушы органдар мен Алматы қалалық ҮЕҰ және жетекші жастар ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнады. Мысалы, қазіргі таңда Алматы қаласының аумағында 140-тан аса жастардың қоғамдық ұйымдары тіркелген, олардың көбісімен Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған республикалық, қалалық мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық шараларды біріге өткізеді. Жыл сайын студент жастардың және қалалық жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Алматы - жастар қаласы», «Салаутты өмір салты», «Жас талап» - студенттер қатарына қабылдау фестивалі», «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар акциясы, есірткіге және шылым шегуге қарсы жасардың шеруі, жастардың сенбілігі, сондай-ақ, қалалық, республикалық және халықаралық КТК ойындары өтеді. Жастар саясаты жөніндегі түрлі жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру үшін тиімді серіктестік орнату - Бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі. Алматы қаласында Мемлекеттік Жастар саясаты Конституцияда және басқа да Қазақстан Республикасының Заңдық актілерінде бекітілген жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуі негізінде жұмыс істеуі керек. Жастардың қызығушылығы мен құқығының қорғалуы, жастар саясатының толыққанды жүзеге асуы, қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениеттің артуы, Мемлекеттің заңды және негізгі идеяларын дамытуға баулу, сондай-ақ, өзін-өзі тану мен қоғамдық өмірде субьект болып қалыптасуын Жастар саясатының тиімді жұмысы деп болжайды.

Бағдарламаның жүйелі жүзеге асуы қаламыздағы жастар саясаты аясында тұрақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

ХХ ғасырдың аяқталуымен саяси басқару мен дүниежүзілік саяси ұйымның негізгі нысаны болған империялардың орнына халықаралық реттеу мен басқарудың көпсалалы, тарам-тарам аймақтық және әлемдік жүйелерімен бірге олармен көп салалы байланыстағы ұлттық мемлекеттердің де қалыптасқан жүйесі келді. Егер бұдан бұрынғы тарихи дәуірлерде дүниеде барлық, немесе көпшілік батыс елдерінің гегемониясы орын алса, бүгінгі дәуірде дара әлеуетті гегемон қалды. Ол - АҚШ. Бүкіл адамзат қауіпсіздігі үшін қолайсыздау, біржақты, бір полярлық құбылыс болса да, бұл ахуалмен халықаралық қауымдастық тұтастай алғанда санасуға мәжбүр болып отыр. Атағы әлемге мәшһүр З. Бжезинский өзінің бірнеше еңбегінде бұл идеяны нақты дәлелдеп, бүкіл әлемді иландырып-ақ келеді. Ол өзінің кейінгі “Таңдау. Жаһандық үстемдік немесе әлемдік жетекшілік” (2005 ж. ) атты жаңа зерттеуінде қазіргі әлемде бұрынғы ұлы державалар - Ұлыбритания, Германия, Франция әлсіз, Ресей ендігі жерде империялық мемлекет емес, ол үшін уақыттың басты талабы - әлеуметтік-экономикалық оңалу деп есептейді. Ғалым Жапонияның экономикалық дамуы бәсеңдеді, халқы қартаюда, ал Қытай бүгінгі жоғары экономикалық даму қарқынын сақтаған күнде де әрі кеткенде аймақтық держава дәрежесіне ғана жетеді деп түйеді. Сондықтан да ол алдағы жиырма жылдықта америкалық күш-қуат жаһандық тұрақтылықтың мызғымас тірегі болып табылады деген қорытынды жасайды. Оған қарсы, осы объективті жағдайды мойындамайтын кейбір елдердің ура-патриоттары және Иран, Венесуэла, Куба, Солтүстік Корея тәрізді бірер елдердің басшылары ғана.

Қазіргі әлемдегі жағдайдың тағы бір қыры - қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы үдерістердің қатаң бәсеке жағдайында өтуі. Өйткені, әлемдік саясаттың инфрақұрылымдары мен институттары қызмет пен іс-қимылдардың жаңа тетіктерін қалыптастырып, ол өз кезегінде халықаралық байланыстар жүйесінде Еуропалық Комиссия дәліздеріндегі күңкіл сөздерден, Бүкіләлемдік сауда ұйымы сарапшыларының пікірталасынан бастап “үлкен сегіздіктің” саммиттеріне балама, үкіметтік емес ұйымдар мен Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жыл сайынғы жиналыстарына дейінгі аралықта әлемдік тартыстар мен текетірестер де орын алуда.

Дүние жүзі ғалымдарының қазіргі әлем туралы пікірталастарының бел ортасында осы заманғы мемлекеттік биліктің орны мен рөлі, болашақ тағдыры, даму үрдістері туралы мәселе тұр. Бұл мәселе төңірегіндегі пікірлердің бір парасы көптеген дамыған елдерде мемлекет пен оның билік институттарының қайта өрлеуімен сипатталады десе, енді бір тобы қазіргі кездегі мелекеттік билік төңірегіндегі оның “өрісінің тарылуы”, “әлсіреуі”, “жоғалуы” немесе “көмескіленуі” деген бағамдарды қолданады.

Жаһандану жағдайында әлемде осы уақытқа дейін мойындалған, танылған, көптеген жас мемлекеттер әлі де ұмтылып отырған мемлекеттік-ұлттық егемендік мәселесінің өзі терең дағдарысқа түсіп, оған үлкен қатер төніп отырғанына әлем оқымыстылары, саясаткерлер, дипломаттар алаңдаушылық білдіруде. Олар жаһандану үдерісін тек әлемдік игілік, жатымды үдеріс деп біржақты бағалаудан бас тарта бастады.

“Әсіре жаһаншылар” деп аталатын ғалымдар тобының көзқарасы бойынша дәстүрлі ұлттық мемлекеттер табиғи бола алмайды да, олар тіпті дүниежүзілік экономиканың коммерцияық бірлігі де болып жарытып кірікпейді. Экономикалық жаһандану, сайып келгенде, өндірістің, сауданың, қаржы саласының трансұлттық желілерін құру арқылы экономиканың “ұлтсыздануына” әкеледі деп дәлелдемек болады. Бұл “шекарасыз” экономикада ұлттық үкіметтерге әлемдік капиталға қызмет ететін “жалғастырушы белдік” немесе басқарудың жергілікті, аумақтық және халықаралық тетіктері арасындағы байланыстарды қамтамасыз ететін делдалдық институттың орнына ғана ие болады деп дәлелдеуге күш салуда. Олардың пайымдауынша, ұлттық экономика әлемдік экономиканың тармақтары ғана болып отырғандықтан, ұлттық мемлекеттердің өкілеттігі мен легитимдігінің өзі күмәнді болып табылады. Ұлттық мемлекеттер өз шекарасының ішінде болып жатқан үдерістерді бақылауға және азаматтардың қажеттерін өз беттерімен қанағаттандыруға қабілетсіз. Осы факторлардың нәтижесінде ұлттық мемлекеттер күн өткен сайын экономикалық үдерістерді басқарудың өтпелі ұйымының бір түрі болып қана қалады деген тұжырымға келеді. Кейбір батыстық оқымыстылар ұлттық мемлекеттер қазіргі заманның сындарына төтеп беруде әлсіздігін таныта түсіп, өзінің мәртебелік құқықтарынан кейбір әлеуетті халықаралық ұйымдардың пайдасына бас тартады дегенді айтады. Қысқасы, мұның барлығы, түптеп келгенде, ұлттық мемлекеттер эволюцияға түсіп, жаһандану жағдайындағы саяси тәртіпке сай келетін саяси ұйым болады, олардың “мемлекет-ұлт” деген табиғаты, сапалық белгісі көмескіленіп, жойыла бастайды деген болжамды негіздемек болады. Формальді түрде халықаралық қатынастардың базалық бірлігі болып табылатын ұлт-мемлекет институты нақты трансформацияға түсіп, мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға болмайтындығы, оның ұлттық егемендік қағидатын бұзатындығы туралы дәстүрлі көзқарас уақыт өткен сайын көмескіленіп, іс жүзінде ыдырауға түсуде. Мұндай көзқарастың институттық факторы болып әмбебап халықаралық ұйымдар, мемлекеттен үстем юрисдикциялар, әртүрлі халықаралық режімдер, әлемдік гуманитарлық құқықтар, адам құқықтарының мемлекеттің тәуелсіздігі қағидаттарынан басымдығы болып табылады.

Жаһандану үдерісінің басты дем берушілерінің бірі - АҚШ-тың Гарвард университетінің профессоры К. Омэ ұлттық мемлекеттің күні өткендігі, олардың саяси тарихының ақыры таянғандығы туралы пікірді ашық айта бастады.

Мұның бәрі Қазақстан мемлекетінің, қазақ халқының ұлттық мүдделеріне де қайшы келетін ұстанымдар. Бұл болжаулар мен көзқарастар өз тәуелсіздігіне енді ғана қол жеткізген ТМД елдерінің де терең ұлттық мүдделеріне қайшы.

Қазіргі заманғы мемлекеттік биліктің мәні мен қызмет ету, көріну тетіктерінің әлсіреуі туралы көптеген пікірлер тым қарабайыр болып табылады. Өйткені, қазіргі заман нарық пен мемлекеттің өзара қарым-қатынастарының бүкіл жүйесін қайта құруды қажет ететіндіктен де дамыған капиталистік мемлекеттер мен олардың әр түрлі институттары бұл үдерістерге терең тартылған, солардың қайнаған ортасында тұр. Қазіргі заманғы жаһандық экономикалық үдерістер әсте мемлекеттік биліктің әлсірегендігін білдірмейді. Ол, керісінше, бұл биліктің іс-қимылының өрісін кеңейтті және қызмет жасау шарттары мен жағдайын өзгертті.

Көші-қон, экология, мәдениет және білім салаларында дамыған капиталистік елдер, олардың бүкіл мемлекеттік басқару мәшинесі белсенді рөл атқарып, саясат саласында аймақтық және әлемдік басқаруды айрықша күшейтуде жетекші орын алуға жанталасуда деуге әбден болады. Бұл үрдістер мемлекеттің әлсірегендігінің немесе жойылуының көрінісі болмаса керек. Мұның барлығы қазіргі әлем елдеріндегі терең жаңару, құрылымдық қайта құру мен өзгерулердің нақты нышандары.

Халықаралық беделді сарапшылардың талдауы бойынша, қазіргі өзгерген және жаңарған әлемде ұлттық мемлекеттердің рөлі төмендейді немесе олар екінші кезекке кетеді деген пікір негізсіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастарға арналған бағдарламалар
Қазақстандағы жастар саясаты
Мемлекеттін наық жағдайы үшін жауапкешілігі
ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Ағымдағы жылдың алты айында
Жастар – Отанға!
Қазақстан Республикасының жастар саясаты
Революция қарсаңындағы саяси күштердің қалыптасуы
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы
Кəсіпорынның қызметкерлерін басқару жəне кадр саясатын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz