МОСКВА, БҰХАРА


МОСКВА
Москва, Мәскеу - Ресей Федерациясының астанасы. Ресейдің еуропалық бөлігінің орталығында, Москва өзенінің жағасында орналасқан. Жер аумағының аумағы 1000 км 2 . Климаты қоңыржай континенттік. Орташа температурасы қаңтарда -10, 2 0 С, шілдеде 18, 1 0 С, жылдық жауын - шашын мөлшері 6000 мм-ге жуық. Москва - дүние жүзіндегі ең ірі қалалардың бірі. Халқы 8, 6 млн (1998) . Москва - 13-14 ғасырларда Владимирь Суздаль Ұлы князьдіктерінің, 15 ғасырдың соңғы ширегінен 1712 жылға дейін бір орталыққа бағынқан орыс мемлекетінің, 1918 жылдың наурызынан - 1922 жылдың желтоқсанына дейін РКФСР-дің, 1922 жылдың желтоқсаннан - 1992 жылға дейін КСРО-ның астанасы болды. Москва аумағындағы алғашқы қоныстар б. з. б. 2- тайпасчымығжылдықта пайда болды. 10-11 ғасырларда мұнда шығыс славянтайпасы - вятичтер қалашығы орналасты. Москва жөніндегі алғашқы дерек Ипатьев жылнамасында кездеседі. 1147 жылы сәуірдегі жазбада князь Юрий Долгорукийдің Черников - Северск князі Святослав Ольговичті өз мекеніне, «Московқа» кеңес өткізу үшін шақырғаны баяндалады. Осы жыл (1147) Москваның іргесі қаланған мерзім болып есептеледі. Москваның өсуіне, жетекші рол атқаруына оның тұрған жері (орыс халқының қалыптасуына ықпал еткен орталық, сауда жолдарының торабы) себеп болды. 15-16 ғасырларда Москва саудамен, қолөнермен айналысатын ірі қалаға айналып, біртендеп бүкіл орыс жерінің мәдени орталығы бола бастады. Кремль, Покров соборы (Василий Блаженный), т. б. салынды. Москвада орыстың кітап басу өнері дами бастады. 1607-12 жылдары поляк - литван интервенттері Москваны басып алды. Оларға қарсы К. Минин мен Д. Пожарский бастаған азаттық күрес орыс халқының жеңісімен аяқталды. Бірте - бірте Москваны бүкіл ресейлік нарықтық орталыққа айналып, Еуропа, Азия көпестерінің назарын аударды. 1678 жылы славян-грек-латын академиясы ашылды. Москва тұрғындары И. Болотников бастаған шаруалар соғысына, 17 ғасырдағы көтерілістерге (1648 жыл «Тұз бүлігі», 1662 жыл - «Мыс бүлігі», 1682 жыл «Хованщина») белсене қатысты. 1712 жыл Петр І астананы Санк-Петербургке көшіргеннен кейін де Москва ірі экономикалық - мәдени орталық болып қала берді, Ресейдің «екінші астанасының» рөлін атқарды. Москвада 1702 жылы Ресейлік тұңғыш театр, 1703 жыл газет («Ведомости»), 1755 жыл университет ашылды. Москва 19 ғасыр мен 20 ғасырдың бас кезінде Ресейдегі революциялық күрестің басты орталықтарының бірі болды. 1918 жылы 12 наурызда Кеңес үкіметінің астанасы Петроградтан Москваға көшірілді. Москва Кеңес экономикасының орталығына айналып, қала халқы жедел өсті. 1935 жылы 10 шілдеде Кеңес үкіметі Москваны көркейтудің бас жоспарын қабылдау жөнінде арнайы қаулы шығарды, сол жылы метро пайдалануға берілді. 1941 жылы Москва түбінде неміс - фашист әскерлеріне алғаш күйрете соққы берілді. 1945 жылы 24 маусымда Москвадағы Қызыл алаңда жеңіс шеруі болып өтті. 1947 жылы Москваның 800 жылдық, 1997 жылы 850 жылдық мерейтойлары атап өтілді. Москвадағы Кремльдің іргетасы 11ғасырдан қалана бастап, дүниежүзілік сәулет өнерінің қайталанбас ескерткішіне айналды. Кремльде 20 мұнара бар, олар негізінен 1485-1495 жылдары салынды. Спасск мұнарасына 1625 жыл Кремль куранттары, 1937 жылы Спасск, Троицк, Никольск, Боровицк мұнараларына асыл минералдардан бесжұлдыздар орнатылды. Москвадағы негізгі алаң - Қызыл алаң. Жылнамалардағы жазу бойынша Қызыл алаң 15 ғасырдың соңына қарай сауда алаңы ретінде пайда болған (16 ғасырда Троцк алаңы, ал 17 ғасырдан Қызыл алаң) . Қызыл алаңда В. И. Лениннің мазары, Белгісіз жауынгердің зираты, Мәңгі алау орналасқан. 1980 жылы жазда Москвада 22- Олимпиялық ойындар өтті. Москвадан 11 бағытқа темір жол тарайды, мұнда үлкен өзен порты орналасқан. Внуково, Домодедова, Быково, Шереметьево әуежайлары жұмыс істейді. 80-нан аса жоғары оқу орны мен 70-ке жуық түрлі мұражайлар бар. 19-20 ғасырларда Москва мен қазақ елі арасында кең көлемді мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынастар орнады. Әр жылдары Ғ. Мұтарбаев, Т. Рысқұлов, М. Әуезов, т. б. қазақ халқының айтулы азаматтары Москвада тұрып жұмыс істеді. Қазақ өнері мен ғылымының көрнекті өкілдері Москвада оқып, білім алды. 1936 жылы Москвада қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі өткізілді. Москва ғалымдары мен өнер қайраткерлері («Мосфильм» киностудиясының қызметкерлері) соғыс жылдары Алматыда тұрып, еңбектенді. 1942 жылы эвакуациямен келген «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары Алматы көркемфильмдер киностудиясымен қосылып, 1944 жылға дейін біріккен Орталық киностудия (ЦОКС) деген атпен жұмыс істеді. С. Эйзенштейн, Ю. Я. Райзман, Г. Л. Рошаль, В. И. Пудовкин, Д. Вертов сынды кеңес кино өнерінің майталмандары қазақ шеберлерімен шығармашылық бірлікте болды.
Қазіргі таңда қалада 8, 5 мыңнан аса (1989) қазақтар тұрады. Москвада қазақ елшілігі, Москва қазақтарының ұлттық орталығы жұмыс істейді. Москва Астана мен Алматы қалаларымен экономикалық, мәдени тығыз байланыстар орнатқан. Қаладағы жоғары оқу орындарында көптеген қазақ жастары білім алуда.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Ильин М. А. «Москва» Москва, 1970
- «Все столицы мира» Москва, 2001
- «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы» том 6
БҰХАРА
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz