Нерв системасының вегетативті бөлігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Нерв системасының вегетативті бөлігінің соматикалық бөлігінен айырмашылығы ішкі оргондарды, қан және лимфа тамырларын, жүректі, бездерді невтендіреді. Вегетативті нервтер көлденең жолақты ет тканін де (бұлшық еттер) нервтендіреді. Бірақ олардың жиырырылуына тікелей әсер етпей, зат алмасуын арттырып қызметін ғана күшейтіп оргондарға трофикалық әсер етеді. Вегетативті нерв системасының соматикалық нерв системасы сияқты орталық және шет (перифериялық) бөліктері болады. Орталық бөлігі ми мен жұлында жатады. Шет (перифериялық) бөлігіне нерв түйіндері, нерв талшықтары, нерв өрімдері жатады.

Вегетативті нерв системасының рефлекторлық доғасында нейрондардың орналасу жағдайында ерекшеліктері бар. Себебі, олардың ми мен оргондар арасындағы эфференттік жолы екі нейрондық жол болып табылады. Бірінші нейрон ми мен жұлында (орталық енрв системасында) жатса, екінші эфференттік нейрон нервтендіретін оргондарға жақын немесе оргондар ішіндегі түйіндерде орналасады. Сондықтан да олардың талшықтары (нейриттері) эфференттік жолдың «түйінге дейінгі» (преганглионарлы) және «түйінге дейінгі» (постганглионарлы) жолдарын түзеді.

«Түйінге дейінгі» талшықтар (жолдар) ақ миелин қабықшамен жабылған бірінші нейрондардың нейриттері болып саналады. Олар ми мен жұлында жатқан аралық нейрондар. Олардың нерв ұштары екінші эфференттік нейрон денесіне келіп түйіседі. Ал «түйіннен кейінгі» талшықтар (жолдар) шет түйіндерде жатқан екінші эффекторлы нейрондардың өсінділері (нейриттері) болып саналады. Бұл екі талшықтардың миелинді қабықшасы болмайды. Олардың нерв ұштары тікелей оргондарға жетіп сол оргондарды нервтендіреді.

Нерв системасының вегетативтік бөлігі, физиологиялық, формакологиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне қарай симпатикалық және парасимпатикалық жүйелеріне бөлінеді.

Симпатикалық нервтердің аралық нейрондары жұлынның көкірек және бел сегменттерінің бүйір мүізіне жатады. Осы жұлын сегменттерінен шыққан нерв талшықтары алдыңғы түбіршек құрамымен жүріп отырып, жұлын нервісімен симпатикалық ствол түйіндеріне дейін жетеді.

Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлігі ортаңғы ми, көпір және сопақша ми бөліктерімен жұлынның сегізкөз сегменттерінде жатады. Осы ми бөліктерінен шыққан парасимпатикалық талшықтар ми нервтерінің құрамында түйіндерге дейін жетеді. Ол түйіндерден шыққан парасимпатикалық нерв талшықтары көз-қимыл, бет, тіл-жұтқыншақ және кезеген нервтер (III-VII-IX-X) құрамында жүріп отырып оргондарға барады. Ми бөліктерінен шыққан парасимпатикалық енрвтер ішкі оргондары, қан қысымын, тыныс алуы, асқазан, ішек жұмыстарын, организмдегі зат алмасу процестерін реттеп тұрса, сегізкөз сегметтерінен шығатын парасимпатикалық талшықтар жамбас нервтерінің құрамымен жүріп отырып, жамбас ішіндегі огргандарды нервтендіреді.

Вегетативті нерв системасының симпатикалық бөлімі.

Симпатикалық нейрондар жұлынның көкірек сегменттері мен бел сегменттерінің бүйір мүйізінде жатады. Ол клеткалардан шыққан ұзын талшықтар ақ дәнекер бұтағы арқылы түйінге дейінгі жол түзіп симпатикалық стволдың түйіндеріне жетеді. Бұл түйіндер ұзына бой өзара қосылыстар жасап омыртқа жотасының екі жағындағы симпатикалық тізбектер түзеді. Бұл симпатикалық тізбектер ми сауытының астыңғы жағынан басталып омыртқа жотасының екі жағымен құйымшақ сүйегіне дейін жетеді.

Симпатикалық ствол жатқан жағдайына қарай мойын, көкірек бел, сегізкөз және құйымшақ бөліктеріне бөлінеді. Симпатикалық стволдың мойын бөлігі мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің алдында, бұышық еттерінің астында жатады. Бұл бөлігі бір-бірімен қосылыста жатқан үш жұп симпатикалық түіндерден түзілген. Оларға жоғарғы, ортаңғы және төменгі мойын түйінділері жатады.

Жоғарғы мойын түйіні түйіндердің ішіндегі ең ірісі, ол жоғарғы ІІ-ІІІ мойын омыртқаларының тұсында жатады. Бұл түйіннен шыққан нерв талшықтары, көрші жатқан түйіндермен, оргондармен және тамырлармен, сонымен қатар, жоғарғы төрт жұлын нервтерімен, тіл асты мойындырық кезегін диафрагмалы нервтерімен және ішкі сыртқы ұйқы артерияларымен жалғасып жатады. Бұл түйіннен шыққан жоғарғы жүрек нервісі, көкірек қуысындағы жүрек нерв өріміне жалғасады. Қорытып айтқанда, мойын бөлігінің түйіндерінен шыққан симпатикалық нервтер мойынмен бастың қан тамырларына, бездерін, жұтқыншақ пен көмейді нервтендіріп жүрек, мойын, иық нерв өрімдерін түзуге қатысады. Сонымен қатар көздің қарашығын кеңейтетін етті де нервтендіреді.

Парасимпатикалық нерв бөлігі симпатикалық нерв бөлігіне ұқсақ, орталық және шет бөлімдерімен түзілген. Оның орталық бөлігіне парасимпатикалық нерв клеткаларымен шоғырланған жерлері ортаңғы ми, көпір және сопақша ми бөліктерімен сегізкөз сегменттері жатады. Осыған байланысты, парасимпатикалық нерв системасының орталығын ми және жұлын бөліктеріне бөлеміз.

Парасимпатикалық нерв системасының шет бөлігінде осы айтқан орталықтардан шыққан нервтер мен түйіндер кіреді. Нерв талшықтары «түйінге дейінгі» және «түіннен кейінгі» жолдар түзеді. «Түйінге дейінгі» нерв талшықтары парасимпатикалық орталықтардан (ми және жұлыннан) басталса, «түіннен кейінгі» нерв талшықтары парасимпатикалық түйіндерден басталып нервтендіретін оргондарына дейін жетеді.

Түйіндердің кейбіреулері оргондардың қабырғасында орналасса кейбіреулері оргондардың қасында орналасады. Ортаңғы ми, көпір және сопақша ми бөліктерінен (орталықтарынан) шыққан парасимпатикалық нерв талшықтары ми нервтері құрамында шығады. Ол нервтерге көз қимыл, бет, тіл-жұтқыншақтардың және кезеген (ІІІ-VII-IX-X) нервтер жатады. Осы ми нервтерінің құрамында парасимпатикалық талшықтар түйіндерге келіп аяқталады. Сол себептен оларды «түйінге дейінгі» талшықтар дейді. Осы талшықтардың аяқталған түйіндерінен екінші нейрондар басталып, олардың талшықтары (нейтриттері) «түіннен кейінгі» жол түзіп, невтендіретін оргондарына жетеді.

Парасимпатикалық түйіндерге, кірпікті, қанат-таңдай, құлақ, жақ асты түйіндерімен көкірек және құрсақ қуысындағы оргондар түйіндері жатады. Осы түйіндерден шыққан парасимпатикалық талшықтар өздеріне тән оргондарын невтендіреді.

Ортаңғы ми бөлігінен шыққан көз-қимыл (ІІІ) нервісінің құрамындағы парасимпатикалық талшықтар көз алмасының нұрлы қабықшасының ет талшықтарын нервтендіреді. Егер бұл нерв талшықтарын тітіркендірсе көз қарашығы кеңейеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
Нерв системасының физиодогиясы
АДАМ АНАТОМИЯСЫ пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
Тұқым қуалаушылық
Жертану пәнінен дәрістер кешені
Адамның жыныс генетикасы
Зоология пәні мен оның міндеттері
Биохимиялық әдіс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz