НОРМАТИВТІК - ҚҰҚЬІҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЬІҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ

1. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің түсінігі мен мазмұны
Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық
актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын
нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері
(әдет-ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды
реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде
жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске
асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды
реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың
мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи
диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық
жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде
нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқарып отырды.
Қоғамның басқа салаларындағы қатынастарды әлеуметтік нормалардың басқа
түрлері (мораль, әдет-ғұрып, дәстүр, діни т.б.) реттеп, басқарып отырды.
Кейін нормативтік актілер сол салалардағы қатынастарды бірте-бірте өзі
реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде
құқықтық нормалар қатынастарды реттеп, басқарудың басым түріне айналып
отыр.
Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны
дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші
рөл атқарады.
Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1) Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды.
Қабылдаудың заңды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2) Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның
маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.
3) Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-
дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар акті – деген атпен
әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
4) Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында
шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы
объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық,
базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық
мүдде-мақсаттарының өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік өзгерістерді
қалыптастырады:
- мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
- мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді
дамытады;
- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
- рухани сана-сезім, білім дамиды.
Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп,
басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады.
Бұл процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:
- құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;
- лауазымды тұлғалардың кәсіпқойлығын, білімін, тәжірибесін көтеру;
- мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жақсарту.
Сонымен, нормативтік-құқықтық актілер – ресми заңды нормативті
мемлекетгік күші бар нормалар.
Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғамның
халықтық мүдде-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші құрал. Оның
құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі-нышандары:
- нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен немесе
жалпы халықгық референдумда қабылданған нормалар;
- нормативтік актілердің мемлекеттік күші бар құжаттары ерікті
орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;
- нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т.б. болып
шығады, олардың заңды нысандары болады;
- нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды реттеп,
басқарады.
Нормативтік актілердің түрлері:
- заңды күшіне қарай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді: заңдар
және заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің дәрежесі жоғарылаған сайын
нормативтік актілердің де заңды күші жоғарылай береді.
- нормативтік актілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т.б. қоғамның салаларына сәйкес;
- нормативтік актілердің іс-әрекетінің шеңберіне қарай үш түрі болады:
қоғамдық іс-әрекеттер, шектеулі іс-әрекеттер, төтенше іс-әрекеттер;
- субъектілеріне қарай (нормаларды қабылдаған мемлекеттік органдар)
нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: заңды шығарушы органдардың актісі;
заңды орындайтын органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.
Заң – қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол
қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң
қоғамдағы барлық нормалардың Атасы – деуге болады. Заңның белгі-
нышандары:
- заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
- заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
- заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге
тиісті);
- заңды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;
- заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.
Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, төртіп қамтамасыз етіледі.
Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіне
асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократияның басқа
да талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғарғы өкілді органы (49-6. 1-т.). Парламент аса маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заңға тәуелді нормативтік актілер – бұл актілер төрт түрге бөлінеді:
жалпы қоғамдық, жергілікті, ведомствалық және мекемелік актілер. Жалпы
қоғамдық актілер – мемлекеттік әкімшілік-территориясына толық заңды күші
бар актілер (Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары). Жергілікті
басқару органының актілері – маслихаттың шешімдері, әкімдердің бұйрықтары.
Ведомстволық актілер министрліктердің бұйрықтары, шешімдері,
инструкциялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін
актілер.
Сот билігінің актілері – Конституцияның 75-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге
асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік актілерінің және
халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға
қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және
заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Соттың
шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сондай-ақ олардың заңды өкімдері,
талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың бүкіл аумағында
барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен
азаматтардың орындауы үшін міндеті болып табылады.
Сот төрелігінің қағидалары:
- адамдардың кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен
танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыптаушының
пайдасына қарастырылады.
- Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді
(Конституцияның 77-бабы).
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты – жалпы юрисдикция соттарының
қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі
мемлекеттегі сот билігінің жоғарғы органы. Занда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
НΟРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗІ РЕТІНДЕ
Құқықтық норма
Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны
Маркетингтік орта жүйесі
Нормативтік - құқықтық актілер түсінігі
Нормативтік актілерді жіктеу туралы жалпы түсінік
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Жүйелеу және оның түрлері
Пәндер