Өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары
Өтпелі кезеңде жорғары психикалық функциялардың дамуы жүйке
жүйесі мен мінез-құлық дамуының процестерін анық және нақты сипаттайтын
негізгі заңдылықтарды анықтайды.
Жүйке жүйесі мен мінез құлық дамуының негізгі заңдылықтарының
бірі-жоғары орталықтар немесе жоғары құрылымдар дамыған сайын, төменгі
орталықтар немесе төменгі құрылымдар өзінің маңызды қызметтерінің біраз
бөлігін жоғары құрылымға алмастырып, осы функцияларды жоғарыға береді,
дамудың неғұрлым төменгі сатыларында, төменгі орталықтар немесе төменгі
функциялармен жүзеге асырылатын бейімделу міндеттері жоғары сатыда жоғары
функциялармен оррындала бастайды. Соның ішіндегі қабылдауға тоқталамыз.
Қабылдау функциясы баланың психикалық даму тарихында ең
ежелгісі деп қарастырылады. Бала зейін қойып, есте сақтап, ойлаудан бұрын
қабылдай бастайды. Сондықтан бұ л өте ерте функция қарапайым функция
ретінде қарастырылады, оның эволюциялық процес тері, әдетте, тікелей
бақылаудан жасырын қалады. Сонымен бірге жаңа психологияда қабылдау мүлдем
дамымайды, ол басынан бастап нәрестенің өзінде ересек адамдағыдай қызмет
етеді, барлық психикалық функциялардың жалпылай өзгеру процесінде қабылдау
дамымайды, өзгермейді, өз бетінше қалу артықшылығына ие деген аңыз бірте-
бірте жойылуда. Шын мәнінде естің немесе ойлаудың дамудың осы екі
сатысында ұқсастығы қалай за болса, нәрестенің қабылдауымен ересек адамның
қабылдауының да ұқсастығы сондай аз болады.
В. Элясберк пен басқалардың арнайы зерттеулері баланың нәресте
кезінде байланыстар, тәуелділіктер мен қатынастарлың бірқатарын жасауға
қабілетті екендігін көрсетті. Бала ойлауындағы синкретизмді зерттеуде
элементтердің бытыраңқылығы емес, ойлардың мағынасыз байланыстылығы ,
әсерлердің шумақ тәріздес тұтасу, құрамы жағынан күрделі синкретті
бейнелері баланың нәресте кезіндегі ойлаун сипаттайтындығын көрсетті.
Осының барлығы дәстүрлі психологияда бекітілген бала қабылдауының даму
барысы ақиқатқа сәйкес келетініне күмән туғызады.
Осы схеманы біз тәжірибе жүзінде төмендегідей тексеруге
тырыстық. Біз экспериментте балаларға алғашында суретте бейнелегенді
әңгімелеп беруін, ал келесі жолы ештеңені айтпастан, салынған нәрсені ойнап
көрсетуін ұсындық. Бір ғана баланың суреттің мазмұнын сөзбен және ойын
түрінде жеткізуін салыстыру нәтижесінде қабылдаудың
Заттық сатысындағы суреттің тек жеке бөліктерін атап өтетін
Балалардың суреттің мазмұнын ойын түрінде тұтастай жеткізетіндігін
анықтадық. Осылайша, біз суретті қабылдауда
да бүтіннен бөлшекке қарай дамиды деген жалпы ережені бекіте алдық.
Сонымен бірге мүлдем өзге тым қызықты және күрделі мәселе
туындап отыр. Жасөспірім қабылдауындағы өзгерістерді ұғыну соны орынды
шешумен байлйнысты. Бұл мәселе төмендегідей: суретті тұтастай қабылдаған
және осы бүтінді ойын түрінде жеткізе алатын бала неліетен суретті
қабылдауға сөйлеу қосылған кезде талдау жолына түсіп, бөлшектерді атай
бастайды? Осы сұрақтың жауабы сөйлеу баланың көрнекі қабылдау процестеріне
ене отырып, реакциялардың қосымша қатары ретінле, негізгі әуенді
сүйемелдейтін аккомпанемент ретінде қатар жүрмейді дегенге саяды.
Керісінше, сөйлеу көрнекі қабылдау процестерімен тұтасып, осы процестерде
жаңа негізде қайта құрып, жаңа және күрделі синтездерді құрайды.
Бюлерлің ойынша, қазіргі заман логиктері мен психологтары иттің
өз қожайынын әр қилы киімде және әр түрлі жағдайларда танып, кез келген
қоянды оның сыртқы бейнесіне қарамастан, қоян ретінде қуатынын мысалға ала
отырып, жоғары омыртқалы жануарлар ұғымға ие есептеуге бейім. Бұл жерде ең
әрі кеткенде,- Бюлер,- біздің ұғымдарымыздың бастаулары туралы ғана сөз ете
аламыз, өйткені ең маңыздысы, яғни атаулардыңжануарларда болмауы.
Осылайша, біз баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердегі өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
Жасөспірім ойлауының дамуының теориялық мәні
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРЫ
Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің дамуы
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі
Балалардың психикалық процесінің деңгейін анықтау
Пәндер