Хз. Мұхамедтің (с. ғ. с. ) пайғамбар болуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
а) Пайғамбарлардың саны
ә) Соңғы пайғамбар Хз. Мұхаммед (с. ғ. с.) ба. Өмірі
б) Хз. Мұхамедтің (с. ғ. с.) пайғамбар болуы

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пайғамбарлардың саны
Алғашқы пайғамбар - Хз. Адам, соңғы пайғамбар Хз. Мұхаммед. Бұл
екеуінің арасыннда көптеген пайғамбарлар жіберілген. Ұлы Алла әрбір үмбетке
бір пайғамбар жіберген. Бірақ жіберілген пайғамбарлардың саны белгісіз.
Бұрынғы қасиетті кітаптарда және соңғы илаһи кітап Құран Кәрімде бұл туралы
анықтама берілмеген. Пайғамбарлардың бір бөлігі Құранда атымен аталған, ал
біразы аталмаған.
Құран Кәрімде аттары аталған 25 пайғамбар бар. Аталған пайғамбарлар
мыналар: Адам, Идрис, Нұх, Хұд, Салих, Лұг, Ибраһим, Исмаил, Ысхақ, Яқұп,
Юсуф, Шұғайып, Харун, Мұса, Дауыт, Сүлеймен, Әйуп, Зүлкәфил, Юнус, Ілияс,
Елясе, Зикрия, Яхя, Иса және Мұхаммед.
Мұсылман адам осы пайғайбарлардың бәріне, әкелген діндерінің хақ
екеніне иман етеді. Бірақ олардың арасында дәреже айырмашьшығы бар екенін
қабылдайды. Өйткені олардың бір бөлігі — хабарлаушы. Бұларды "небилер"
(енбкя) деп атайды. Оларға бет немесе кітап берілмеген. Алдыңғы
пайғамбарларға уахи етілген дінді адамдарға баяндаған. Ал, небилердің бір
бөлігіне бет немесе кітап берілген. Бұларды "неби-ресул" деп аталды. Әрбір
расул - неби, бірақ әрбір неби расул емес.
Пайғамбарлардың бесеуі жаңа шариғатты уағыздағандықтан "үлкен
пайғамбарлар" (улу'л-азм) деп аталған. Бұлар Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса және
Мұхаммед пайғамбар.

Соңғы пайғамбар Хз. Мұхаммед (с. ғ. с.) ба. Өмірі
Хз. Мұхаммед Ислам пайғамбары болып табылады. Ибраһим пайғамбардың
тегінен шыққан. Үлкен атасы Хз. Исмаил-Ибраһим пайғамбардың баласы.
Шежіресі Аднанұлдарынан Құрайыш тайпасының Хашимұлдарына дейін келеді. Ал
Құрайыш болса, Исмаил пайғамбардың Қайдар деген ұрпағы уақыт өте келе
көбейіп, көптеген ұрпақтарға бөлінген.
Хз. Мұхаммедтің атасы Абдулмүттәліп пен ағасы Әбу Тәліп Мекке қаласын
басқарады. Абдулмүттәліптің кіші баласы Абдуллах еді. Хз. Мұхаммедтің әкесі
Абдуллах үйленгеннен соң бір жылдан кейін қайтыс болды. Әйелі Әмина жастай
жесір қалып, Абдулмүттәліптің үйінде өмір сүрді.
Абдуллах пен Әминаның баласы Хз. Мұхаммед Піл оқиғасынан 50-55 күннен
кейін, 571 жылы рабиул-әууел айының 12-сінде, дүйсенбі күні кешке Меккеде
туылды. Оның дүниеге келуімен бірге адамзат жаңа бір кезеңге кірді.
Бір күн артық, бір күн кеш емес, бұдан дәл 100 жыл бұрын, кейін ол
қара шаңырақ мешітке айналды.
Мұхаммедтің туғанына 7 күн толғанда Әбді әл – Мүтәліп дәулетті
құрайыштарды шақырып, шілдехана жасады. Осы той үстінде азан шақырып,
нәрестеге Мұхаммед деп ат қойды. Қонақтар сәбиге көлденеңнің тілінен,
сұғанақтың көзінен қағыс бол, әке – шешеңе жасында жұбаныш, есейгенде
сүйеніш бол, құрайыш тайпасының бетке ұстар мақтанышы бол, алдыңнан әрдайым
ақ күн тусын деп, бет сипасып баталарын берді.
Хз. Мұхаммед жетім болғандықтан, оны анасы мен Меккенің басшысы
болған атасы Абдулмүттәліп бағып қақты.
Жылына екі мәрте – көктем мен күзде жақын маңдағы көшпелі 25
тайпаның әйелдері Меккенің жас балаларын уақытша тәрбиеге алатын. Меккенің
аптап қапырығы, шаң мен маса – шыбын сәбилердің денсаулығына зиян екеніне
көздері жеткен дәулетті адамдар балаларын қарақұлақтанып, қабырғасы қатып,
бұғанасы бекігенше таза ауада, табиғат аясында көшіп – қонып жүретін
көшпенді тайпаларға тәрбиеге беру дәстүрі бар-ды.
Немересіне Мұхаммед атын қойған Абдулмүттәліп, оны біраз уақыт Халима
деген әйелге сүт бала етіп береді. Сүт – анасы Халиманың, өкіл әкесі әл –
Харистің екі қызы, бір баласы бар екен. Мұхаммед солармен бірге көшпенді
тайпаның бір мүшесіне айнаоып, ен далада өмір кешті. Мұхаммед үшін
шешесінен азды – көпті қаражат алған өкіл шешесінің жағдайлары жаман емес-
ті, шаруалары оңға басып асыра тоқтық көрмегенмен, аш – жалаңаштыққа
ұшырамады.
Алты жасында үйіне қайтқан кішкентай Мұхаммед 8 жасына дейін атасының
қасында болды. Атасы қайтыс болғаннан кейін Мұхаммедті ағасы Әбу Тәліп
қолына алды, Үйленгенге дейін ағасымен бірге тұрған Хз. Мұхаммедті осы
жанұяның мүшелері өте жақсы көрді.
Балалық және жастық шақтарында түрлі жұмыстар істеген және көбінесе
саудамен айналысқан Хз. Мұхаммед Араб түбегінен тысқары жерлерге сапар
шекті. Бүгінгі Палестина мен Сирия аймақтарына баратын сауда керуендеріне
басшылық етті. Міне осы сауда сапарлары оның Меккенің ең бай және атақты
адамдарының бірі Хадишамен танысып, үйленуіне себеп болды.
Хз. Мұхаммед 25 жасында Хадишаға үйленді. 25 жылға созылған осы жанұя
өмірінде Қасым, Зейнеп. Үммү Күлсім, Руқия және Фатима деген балалар
дүниеге келді. Ол Хз. Хадишаның өлімінен кейін басқа әйелдерге үйленсе де,
олардан балалары болған жок, Хз. Мұхаммедтің жанұясына "Ехл-и Бейт" деген
ат берілген.
Хз. Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін тірі қалғаны — тек қызы Фатима
ғана. Оның ұлдары Хасан мен Хүсейін Пайғамбардың немерелері болып,
мұсылмандар арасында сейид немесе шериф деп аталған.
Хз. Мұхаммедтің жастық шағы бірқалыпты және тыныштықта өтті.
Жақындары мен Меккеліктердің жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Йасауи жолының істері туралы
Ең жас дін - Ислам діні
Хз. Мұхаммедттің адамдармен қарым - қатынасы
Қайта өркендеу дәуіріндегі білім
Ислам дінінің бастауы
Дін және адам
Ислам жайлы
Дін және адам туралы түсінік
Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы
Араб шапқыншылықтарының мәні
Пәндер