Парламенттің қалыптасу тарихы
Парламенттің қалыптасу тарихы
Қазақстанда Омбудсмен институтының құрылуы - осы бағытта үздіксіз
атқарылған қыруар жұмыстың жемісі. Талай жылдар бойы мамандар осы
құрылымның адам құқықтарын қорғаудағы маңызын анықтап, оны құрудағы әлемдік
тәжірибені жинақтауға бар күшін салған. Әсіресе, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы,
БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы, Еуропадағы
Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі ұйым секілді халықаралық
органдарды ерекше атап өткен жөн. Осы және басқа да құрылымдардың барлығы
Омбудсменнің халықаралық стандарттарға, әсіресе, Париж қағидаларына сай
заңнамасын жасауға қажетті шараларды жүзеге асырды.
Жаңа институтты құру идеясы 1995 жылы ұсынылды. Сол жылдың
қаңтарында бір топ қазақстандық ресми тұлғалар Женева қаласына барып, онда
БҰҰ Даму Бағдарламасының ҚР-дағы тұрақты өкілі Найджел Рингроуз және БҰҰ ДБ
бағдарламаларының реттеушісі Е. Тищенкомен бірге арнайы семинарға қатысты.
Қазақстандықтардың ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінің халықаралық бөлімінің
меңгерушісі Ыдрысов Е. А., ҚР Жоғарғы Кеңесі Төрағасы хатшылығының
меңгерушісі Колпаков К. А. және ҚР Президенті жанындағы адам құқықтарын
қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Байқадамов Б. К. болды.
Бұл топ БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының
басқармасында болған келіссөзде Қазақстан Республикасында Омбудсмен
институтын құру туралы тұңғыш рет ұсыныс жасаған болатын.
Бірақ, ол кездегі басты мақсат – бұл идеяны нақтылап, оны толықтыру еді.
Осы орайда, 1997 жылды ерекше айтып өту керек. Сол жылы Омбудсмен
институтын құру жөніндегі іс-шаралардың нақты шеңбері анықтала бастады.
Оған өз үлесін қосқан – негізінен, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары
жөніндегі Комиссия және БҰҰ Даму Бағдарламасы. Істі алға жылжытқан да осы
екі ұйым. 1997 жылы Қазақстанда адам құқықтарын қорғау жөніндегі құрылымның
пайда болуын насихаттайтын дөңгелек үстелдер мен пікірталас өткізілді. Сол
жылы БҰҰ Даму Бағдарламасы мен ҚР Президенті жанындағы адам құқықтарын
қорғау жөніндегі Комиссияның біріккен жобасы дайын болды. Бұл құжат
Комиссияның потенциалын күшейтіп, аталмыш құрылымды тезірек қалыптастыруға
бағытталған. Бұл жоба жан-жақты зерттеліп, кейін 1998 жылы ҚР Үкіметі, БҰҰ
ДБ мен Комиссияның тарапынан оған қол қойылды.
1998 жылдан бастап осы жобаның аясында бірнеше халықаралық
конференциялар мен семинарлар, халықаралық сарапшылар мен байқаушылармен
кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдардың
өкілдерінің және Қазақстанның Үкіметі мен Парламенті мүшелерінің, сондай-ақ
үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен біріккен жұмыс топтары құрылды.
Мәселен, 1998 жылдың маусымында Астана қаласында адам құқықтары
жөнінде халықаралық конференция болып өтті. Ал, 1999 жылдың қыркүйегінде
дәл осындай халықаралық конференция ҚР Парламенті ғимаратында Қазақстанда
жаңа институттың құрылу болашағын талқылап өтті. Мемлекеттің лауазымды
тұлғалары конференцияға қатысушыларға Қазақстанның ұлттық ерекшелігіне
қарай жаңа құрылымның пайда болу мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды.
1999 жылдың қарашасында Алматы қаласында адам құқықтары жөніндегі ұлттық
құрылымдарға арналған тағы бір халықаралық конференция өтті. 1999 жылдың
желтоқсанында ҚР Парламенті Сенатының спикері Адам құқықтары жөніндегі
Декларацияның 50 жылдығына орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелде
Қазақстанда Омбудсмен институтын құруға шақырып, сөз сөйледі.
Мемлекеттің жоғары лауазым иелері, халықаралық ұйымдардың
жетекшілері мен адам құқықтары жөніндегі шетелдік институттардың өкілдері
қатысқан іс-шаралар Қазақстанда Омбудсмен институтының қажеттігін дәлелдеп
берді. Оның үстіне, конференциялар, семинарлар, БҰҰ Даму бағдарламасы мен
ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссияның сарапшылары
мен кеңесшілерінің бірлескен жұмысы өз жемісін берді.
Қазақстанда Омбудсмен институтының құрылуын бірқатар мемлекет және
қоғам қайраткерлері қолдады. Олардың арасында – ҚР Парламенті Сенатының
төрағасы Ө.Байгелді, ҚР Президентінің Кеңесшісі И.И.Рогов, ҚР Жоғарғы
Сотының төрағасы М.С. Нәрікбаев, ҚР Жоғарғы Соты Коллегиясының төрағасы
С.Д. Тасмағамбетов және қоғам қайраткері Е.А. Жовтис бар. Әсіресе, И.И.
Роговтың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ол Қазақстанда осындай институттың
құрылуын жақтап қана қоймай, заң жүйесі жөнінде пайдалы кеңестер беріп,
ұжымның жұмысына бағыт беріп отырды.
Конференция мен семинарлардың жұмысына әлемдік тәжірибеде әбден танылған
халықаралық сарапшылар қатысты. Олардың арасында ОБСЕ ұйымының аға
кеңесшісі Дин Готтерер (бұрын ол АҚШ Омбудсмендер Ассоциациясының
президенті болған), БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының
арнайы кеңесшісі Брайан Бурдекин, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы
комиссары басқармасының аға кеңесшісі Питер Хоскинг (бұрын Жаңа Зеландия
бойынша адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі болған), БҰҰ Даму
бағдарламасы аймақтық бюросының кеңесшісі секілді сарапшылар болды.
Қазақстанда Омбудсмен институтын құру идеясын дамытып, нақты
ұсыныстар мен тұжырымдарды айқындаған азаматтардың қатарында ҚР Президенті
жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Ж.М. Әбділдин, ҚР
Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Б.К.
Байқадамов, БҰҰ жүйесінің үйлестірушісі және ҚР-дағы БҰҰ Даму
Бағдарламасының тұрақты өкілі Герберт Берстокты атап өтуге болады.
2000 жылдың ақпанында ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі С.С.
Қалмырзаевтың бұйрығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл топтың алдында
Қазақстан Республикасында адам құқықтары жөніндегі уәкіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz