Сақтардың археологиялық ескерткіштері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Сақтардың саяси тарихы.

Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар
деректерде Кирдің сақ- патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған.Сақтармен
Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрынғы 519-518 ж.ж
сақтарға қарсы I – Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер
қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі
жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий әскерін аппаттан
құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында
Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым- салық төлеуге, өз жауынгерлерін
парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына
кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы
айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір
үлгісін көрсетеді. Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің
жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін
талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б. з.
Дейінгі 330-327ж. Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып
алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен
көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін. Александр
басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның
сол жағалауына ірге тепкен еді. Өзеннің қарсы бетінде, гректермен ақаса
кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария
қалаларын алған кезде, еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер
мен балаларды, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен грек-македон
әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерелісін туғызады бірақ
ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып тасталған Александрдың бұйрығы бойынша
Сырдария жағасынан Александрия Асхата деген қала салынады. Бұл қала жаңа
мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі трек-пункті ретінде саналады оны салу
сақтарды көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ оғын
жаудырады. Александр өз тарапынан көшпелілердің катапульттерімен атқылап,
оларды шегінуге мәжбүр етеді де, өзі әскермен өзеннен өтіп, сақтарды
қуалайды. Бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала жаздайды, грек әскері
қалаға қайта оралады. Александрдың өз басы осы жортуда жараланғанға
ұқсайды, сөйтіп қалады. Александр Яксард сыртындағы сақтар тайпаларын
қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс – талабы сәтсіз аяқталады. Орта Азия мен
Орта Шығыстың тағдыр талайында сақтар бұдан былай да маңызды рөл атқарады.
Мәселен, б.з.б. ІІІ ғ.-б.з.д. ІІІғ. Аралық тарихына ықпал жасап отырған
Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-Бактрия патшалығының талқандалуына және
Кушан империясының құрылуына ат салысады.

Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Сақ тайпалары тарихы мен
олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері-
қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар
зерттеулері Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы
мәдениетін ашуға мүмкіндік береді.
Орталық Қазақстан. Біркездері қола дәуіріндегі андронов мәдениеті
қамтыған орталық Қазақстан жерінде б.з. дейінгі VII-ІІІғғ. Тасмола
мәдениеті қалыптасқан, мұның аты Тасмола алқабының байыпты зерттелген
қорымдарына байланысты қойылған. Зерттеулерді Ә.Х. Марғұлан мен М. Қ.
Қадырбаев жүргізген.
Тасмола мәдениетінің дамуында үш кезең айрықша көзге түседі.
1) б.з.д. VІІ-VІғғ. қамтиды. Оған Тасмола, Қарамұрын, Нұрмамбет қорымдары
жатады. Қорғандардың үйіндісі топырақ не тас аралас топырақ болып келеді.
2) б.з.д. V-ІІІғғ. өлікті қою салты сақталған, атты қоса жерлеу ғұрпы
жоғалып кетті. 3)б.з.д. ІІІ-Іғғ. Обалардың бұрынғы құрылымы, түрі
сақталады, бірақ мола ішінде түбі тегіс домалақ ыдыстар пайда болады.
Батыс және солтүстік Қазақстан. Дала және орманды дала жазықтарының
ондаған қорымдар кездеседі. Біруелер оны савроматтардың а орыстармен
роксаландар тайпаларының қорымдары десе, біреулер –исседондардың қорымдары
деседі. Еділ мен Жайық арасындағы мол аймақтан қорымдардың ең көп
шоғырланған жерлері-Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің
өңірі, Елек, Шаған, Отуа, Ембі, жағалаулары.Қазақстанның солтүстік
аудандарында қорымдар Тобыл мен Есіл алқаптарынан көбірек кездеседі.
Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен
қоршалған. Тас үйінділері топырақ уақ тастар араластырылған үйінділері бар
обалар сирек кездеседі. Бай обалар өздерініңкөлемдерімен көзге түседі және
олардың үйінділерінің диаметрі 50-60 метр, биіктігі 3-4м. Болып келеді.
Күллі ескерткіштер екі хронологиялық кезеңге жатады. Оның 1)б.з.д. VІІ-
Vғғ. Кезеңі деп есептеледі және ол савромат мәдениеті өмір сүрген уақытты
қамтиды. 2)б.з.д. ІV-ІІғғ. болып мерзімделеді және сарматтар кезеңіне сай
келеді.
Батыс және солтүстік Қазақстан ескерткіштерінің бәріне ортақ бір
белгі-қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер
молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға
қойылады. Археологтар әйелдер қабырынан ою-нақыштармен безендіріліп, тыстан
қашалған құрбандық шалатын столшаларын жиі кездестіреді. Олар алып жүруге
ыңғайлы өзіндік бір от сөресі сияқты...
Шығыс Қазақстан. Сақтардың қыруар қорымдары Алтай аясынан,әсіресе
Ертіс пен оның салалары алқаптарынан,Қалба қыратының теріскей және түскей
жоталарынан,Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерінен кездеседі, үлкен яғни
патша обалар Шілікті алқабында шоғырланған. Тастары жер бетіне шығып
жатыр. Ертістің жоғары өңірінде үйінділерге топырақпен малтатас
пайдаланылған, отра Ертістің жазық аудандарында обалар үйіндісі топырақтан
тұрғызылған. Шығыс Қазақстанда грифтер алтынын күзететін аримасптар
тайпасы тұрған.
Шығыс Қазақстан сақ тайпаларының мәдениеті үш кезеңді басып өткен:
майәмир кезеңі б.з.д. VІІ-VІғғ., берел кезеңі б.з.д. V-ІVғғ. және
құлажүргін кезеңі б.з.д. ІІІ-Іғғ.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Бұл-сақ тайпалары мекендеген аса
көлемді аймақ: тиграхаудтар-жетісуда, массагеттер Арал өңірі мен Сырдария
бойында өмір сүрген. Сақ тайпалары көп қоныстанған орталықтардың бірі-Іле
алқабы болған. Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев оба-мазарлары тап
осы алқаптан табан тепкен. Жетісудағы сақ мәдениеті өз дамуында екі кезеңді
басынан өткерген: ерте кезең б.з.д. VІІ-VІғғ. Және кейінгі кезең б.з.д. V-
ІІІғғ. Соңғы кезеңнің патша обалары ескерткіштері жөніндегі толық мәліметті
б.з.д. бір мың жылдықтың орта кезеңіне жататын Бесшатыр қорымы және Есік
обасы береді. Жетісу сақтарының тамаша ескерткіштерінің бірі Есік обасы
болып табылады, ол Алматының шығысында елу шақырымдай жерде Іле Алатауының
баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6м. топырақ үйіндісінің астында
екі қабыр-орталықтағы және бүйірдегісі бар, отралық қабыр тоналған, ал
бүйіріндегі аман қалған. Моланың ішіне жонылып тегістелген тән-шән
шыршасының көлемі 2,9х1,5м., тереңдігі 1,5м. Ғалымдар еденнің өлік жатқан
бөлегіне уақ алтын таналар мен әсемделген мата төсеніштің жайылғанын
анықтады. Бір кездері сол төсеніш үстінде басы құбылаға қаратылып, мұздай
киіндіріліп, қару жарағын таққан күйінде мола иесі жатқан. Антропологтардың
анықтауына жүгінсек, марқым болған кісі 17-18 жастар шамасында, бойы 165см
болған.
Арал өңірі сақтары мәдениетінің бастау-бұлағы-Тегіскен қорымын қазып
аршудан бері белгілі болған кейінгі қола дәуірінің мәдениетінде жатыр.
Сақтардың Ұйғарақпен Оңтүстік Тегіскен сияқты қорымдардың қазу нәтижесінде
олардың б.з.д. VІІ-Vғғ. салынғаны белгілі болды. Обалардың үйінділері
құмдауыт, олардың астынан қабырлық құрылыстың екі түрі шықты. өлік жер
бетіне салынған қамыс төсеніш үстіне, жеңіл ағаш там күрке ішіне
қойылғандағы, оны сол арада өртеу рәсімі жасалған. Екінші түрі-өлік
қазылған мола ішіне жерленген. Ұйғарақ қорымына қойылғандардың бәрі сақ
–массагеттердің қауымына жатады.
Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы.
Байтақ дала мен тау алқаптарын игеру дәуірі, мал шаруашылығының сан
алуан түрлерінің жаппай дамып, жетекші салаға айналуы және оның
егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Бағы заман
авторлары сақтар туралы: олар әсте егіншілер емес, көшпеліліер деп
жазғанда немесе солардың тіршілігіне: Еркін кеңістікке, от пен судың
молдығына қарай, бір жерден екінші жерге көше береді- деп анықтама
бергенде сынаржақ пікір айтқан. Шын мәнінде сақтар шаруашылығының түр түрі
табиғи жағдайға, қала орталықтары мен сауда жолдарына алыс-жақындығына
байланысты анықтап отырған. Қысқы мекен жайлар ұзақ тұруға арналмайтын.
Көшпелілердің негізгі малы алыс жүріске бейімделген жылқы, түйе, қой
болатын. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы тұрақты қысқы және жазғы мекен
жайлары болуын күн ілгері ойластырып отырған. Қысқы тұрақтар үшін
жертөлелермен жартылай жертөлелер салынған. Мұндағы жұрттың бір бөлегі жаз
шыға, келер қысқа азық-түлік дайындау үшін қыстауда қалып егіншілікпен
айналысқан. Мал шаруашылығының осы түрі Шығыс Қазақстан мен Жетісуда,
Орталық және Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында етек алған еді. Мал
шаруашылығының үшінші түрі- отырықшы шаруашылық болатын. Мұнда халықтың бір
бөлегі ұдайы егіншілікпен шұғылданып, отырықшы болып қалатын. Оның екінші
бөлегі жақын-жуық жерлердегі жазғы жайлаумен қысқы өрістерге көшіп кетіп,
қайтып келіп отырған. Қазақстанның Оңтүстігінде-Сырдария мен Арыс, Келес
алқаптарында хал-жағдай тап осындай еді.әсіресе ірі қара мал басым болған.
әлбетте, тіршілікте қиаметтей қиын, күрделі жәйттер көп кездеседі, мал
шаруашылығының осынау түрлерінен ауытқушылықтар болып жатады, мұның бәрі
Қазақстанның әртүрлі аймақтары мен аудандарының қалын жұртының өміріне
өшпестей ізін қалдырады. Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды
бағытының бірі болған. Орталық Қазақстанда жүргізілген қазу жұмыстарының
бірі болған.орталық Қазақстанда жүргізілген қазу жұмыстарының
материалдарынан жылқының екі тұқымы болғаны анықталды.Оның біреуі басы
үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі – шоқтығы биік
бойшан, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.
Алтайдағы Пазырық обаларын қазған кезде табылған 80 ат қалдығының
материалдары бойынша жылқынығ 4 тұқымы бөлініп шығарылды. Ірі денелі жүрдек
аттар селекция нәтижесінде пайда болған. Оларды көсемдермен текті батырлар
мінген. Жылқының жаңа тұқымын шығару ісіне желдей жүйрік сәйгүліктерімен
аты шыққан Ферғана, Бактрия, Парфия сияқты көрші елдердің асыл тұқымды
жылқылары пайдаланылған. Таңдаулы ереуіл аттарды көшпелілер жоғары
бағалаған.
Көшпелілердің үйге үйренген малының ең маңызды түлігінің бірі ет пен
сүт, жүн мен тері беретін қой еді. Қазбаларға қарағанда, сақтарда маңдай
алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың қазіргі құйрықты
қойлары тұқымына жақын болған.
Сақтар арасында қой мен бірге түйе шаруашылығыда кең дамиды, ол
әсіресе Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық және шөлейт аудандарында
өркен жаяды. Түйе мініс және жүк көлігі есебінде пайдаланылады, оның жүні,
еті мен сүті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары
Солтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Сақтардың ескерткіштері. Тасмола мәдениеті, Бесшатыр обасы, Есік қорғаны
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Сақ ескерткіші
Ғұндар Саяси тарихы
Сақтар (скифтер) массагеттер, дактар (дайлар) аримаспылар
Тасмола мәдениеті
Батыс Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Пәндер