Ситилистика және жалпы халықтық тіл
Ситилистика және жалпы халықтық тіл
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде
Қазақстанның оқу-тәрбие саласында білімнің жаңа жүйесі қалыптасуда. Ол
әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі.
Мемлекеттік әлем кеңістігінде басқа елдермен тең тұрып, өркениетті ел
ретінде танымал болып, халықтың әлеуметтік жағдайы, білімі мен ғылымы,
өнері, мәдениеті дүниежүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында
мағыналы да маңызды жұмыстар атқару - әрбір педагогқа үлкен сын және парыз.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам
талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-
педагогикалық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету. Сондықтан болашақ
ұрпақ қазіргі ғылым мен білімнің тұтқасын ұстап отырған ғалымдар мен
ұстаздарға ерекше жауапкершілік артады. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе”,
- деп ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жаңа қоғамдық формацияның
болашақ маманы ғылымның өзекті мәселелерге сай зерттелуіне, білімнің сапасы
мен тиімділігіне, практикалық тәжірибенің нәтижелігіне байланысты
қалыптасады және тәрбиеленеді. Жаңа қоғам жаңа маманды қажет етеді.
Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас
дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сана деңгейіндегі білім, білік
негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім
беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Тарихи кезең жүктеген зор
міндеттерді ойдағыдай орындау әрбір пән иесінің азаматтық санасы мен
жауапкершілік сезіміне, қызметін сүюі мен қажырлы ізденісіне, оқу-
әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігіне, жеке басының ой-өрісі мен
мәдениетіне тікелей тәуелді. Білім беру саясатының тұжырымдамасына сай,
шығармашылық тұрғыда ойлай алатын танымдық мәдениеті биік, ұлттық
мәдениетті жете меңгерген, интеллектуалдық өрісі жоғары, өзін-өзі үнемі
дамыта алатын белсенді, қабілетті жастарды тәрбиелеуде стилистика пәнінің,
соның ішінде көркем әдебиет стилистикасының рөлі ерекше екені сөзсіз.
Әдеби көркем туындыда халықтың өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері,
тұрмыс- салты, әдеп-ғұрпы, психологиясы, менталитеті, адамгершілік-
эстетикалық-философиялық ұғым-түсінігі, арман-мұраты – баршасы көрініс
тапқан, тілдік бай қазынасы жинақталған.
Көркем шығарманың табиғатын тану үшін оқулықпен ғана шектеліп қалу
жеткіліксіз. Оқырмандардың тәжірибе жинақтау кезінде көркем әдебиет
туындыларын үзбей оқудың маңызы ерекше екенін ескеру керек.
Бүгінгі дамыған техника заманында ақпарат құралдары арқылы берілетін
информациялардың көптігі оқушыны көркем әдебиетті оқуға деген құлшынысын
да, қызығушылығын да шектеп тастаған сияқты.
Көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер
ету үшін, алдымен оқушылардың өнер шығармасына деген қызығушылығын оятып,
оны көре, әсерлі тыңдап қабылдай білуге, тыңдаған, көрген, естіген көркем
шығармаларын терең талдай білуге, оның қайталанбас әсемдігін сезініп
қабылдай білуге, әдемілікті сезіне білуге баулу қажет.
Нағыз көркем әдебиетті нағыз тума талант, қас шебер, сөз зергері
туғызады. Көркем дүниені туғызудағы негізгі құрал тіл болғандықтан, ондағы
образдар жүйесі мен оқиға тіл арқылы көрініс табады. Ең бастысы, көркем
шығарманың тууы, көркемдік деңгейге жетуі ең алдымен авторға, оның таланты
мен авторлық шеберлігіне, таланттық қуатына тікелей байланысты.
Қазіргі уақыт сұранысына орай күн тәртібінде тұрған мәселе – ғылымдар
мен пәндердің тоғысуы нәтижесінде оқушыға ең қажет те пайдалы білім беру.
Осы тұрғыдан келгенде “автор бейнесі” мәселесінің маңызы ерекше.
Стилистика тілдік құралдардың қызметін, қолданыс аймағын қарастырады.
Бұл жас ғылым саласы соңғы кездердегі зерттеуде іштей жіктелістерге ұшырап,
тіл стилистикасы, тілдік қолданыс (тіл) стилистикасы, көркем әдебиет
стилистикасы деген салаларға бөлініп қаралып жүр.
Көркем әдебиет стилистикасы әдебиеттану ғылымынан да, тіл ғылымынан да
тыс жатқан аралық ғылым екенін байқау қиын емес. Мұның өзі, ең алдымен,
көркем әдеби туындының күрделі табиғатымен байланысты. Көркем әдебиеттің
негізгі құралы тіл болғандықтан лингвистикадан да бөлек тұра алмайды.
Қазақ тіл білімінде көркем әдебиет стилистикасы мен көркем шығарманың
тілі туралы алғашқы ғылыми-теориялық тұжырым айтқан ғалымдардың бірі –
М.Балақаев екені белгілі. Ғалым: “Жеке жазушының тіл өрнегінің толып жатқан
бояу-бедері, өзіндік өсу, жетілу жолдары болады. Көркем әдебиет тілінің
нәзіктігі көп жағдайда жазушының белгілі бір сөздерді “мағыналық топқа
иіру” яғни сөздерді өзара мағыналық байланысқа түсіру шеберлігімен
байланысты”, - деп жазады.
Көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасау жазушының ойын танытуда,
идеясын жеткізуде аса қажет.
Көркем шығарманың діттеген мәселелері әр алуан, сан қырлы болуы ықтимал.
Онда көтерілген ойларды талдау, автордың бейнесін анықтау, сөздердің
мағынасын түсіндіру, әсіресе түсініксіз көне сөздер мен перифраздардың
мағынасын ашу – лингвистикалық талдаудың негізгі міндетіне саналады.
Көркем мәтінді талдаудың негізгі жолдары мен бағыттары Р.Сыздықова мен
Б.Шалабай еңбектерінде жақсы сараланады. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың
өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, тілдік талдаудың жолы мен жүйесін
айқындайды. Көркем мәтінді тілдік талдаудың грамматикалық талдаудан өзгеше
екеніне басты мән береді. Шығармадағы экспрессивтік-эмоционалдық жүк
көтеріп тұрған сөздер, сөз оралымдардың мағынасы, интонациясы, автордың сөз
қолдану ерекшелігі ерекше ескерілуі қажет екеніне назар аударады.
Көркем әдебиет стилистикасы пәнінің пән ретінде қалыптасуына үлес қосып
жүрген ғалымдардың бірі Б.Шалабайдың “Көркем әдебиет стилистикасы” деп
аталатын оқу құралында көркем шығарманың стилистикасы, тілдік талдау
мәселелері кеңінен әңгіме болады. Зерттеуші көркем шығарма тілін зерттеудің
негізгі теориялық негіздерін белгілейді .
“Автор бейнесі” ұғымы біршама күрделі. Оны алғаш В.В.Виноградов ұсынып
әрі дамытқаны белгілі. Автор мәселесі М.М.Бахтиннің біраз еңбектерінде де
зерттелген.
Сонымен бірге автор мәселесі мен жазушы жолы В.В.Кожиновтың еңбегінде де
терең талданған. Зерттеушілер “автор бейнесінің” жазушы жасаған басқа да
бейнелер сияқты шығарма бейнелерінің бірі екенін ашып айтады. Автор
бейнесін В.В.Виноградов ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz