Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақстан (1946 - 1950)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақстан (1946-1950)

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің, әсіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшандатуда тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық құрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республикада соғыс қажеттерін өтеуге жұмыс істеген жүздеген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта құрылды.

1945 жылы КСРО Қарулы Күштерінің едәуір бөлігін запасқа шығару есебінен Қазақстанға 104 мың солдат пен офицер, ал 1947 жылдың 1-ші қаңтарына қарай 188, 2 мың адам келді. Өнеркәсіпте 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді. Соғыс кезіндегі мерзімнен тыс жаппай жұмыс істеу және демалыс күндерінде қызмет ету тоқталды. Жұмысшылар мен қызметкерлерге ақы төленетін демалыстары берілді.

1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.

Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай - ақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету кезделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіппен, ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген "күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшінші орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Республикада ол 2, 2 есеге арту көзделді.

Қазақстан халқы соғыстан кейінгі төртінші бесжылдық жоспардың көрсеткіштерін орындауға құлшына кірісті. Бұл кезде, әсіресе ауыр өнеркәсіптің қара металлургия және түсті металлургия саласы ойдағыдай дамыды. Теміртаудағы қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытында үш прокат станы мен екі мартен пеші, Ақтөбе ферросплав зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1950 жылы металлургиялық процестердің тұйық цикілімен жұмыс істейтін Қарағанды металлургия зауытының құрылысына арналған дайындық жұмыстары басталды. Өскеменде қорғасын-мырыш комбинатының құрылысы одан ары жалғасты, 1947 жылы ол алғаш рет мырыш берді. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар одан ары жүргізілді. Жезқазғанда аса ірі мыс балқыту комбинатының обьектілерінің кешенін салу жалғастырылды. Текелі қорғасын-мырыш комбинатының екінші кезегін іске қосуға әзірлік бас-талды. Шымкент, Риддер қорғасын зауыттары мен жұмыс істеп тұрған басқа да кәсіпорындар қайта құрылып кеңейтілді.

Төртінші бесжылдық тапсырмаларын орындау барысында өнеркәсіп салаларында жаңа техника түрлері енгізіліп отырды. Қарағанды көмір бассейнінде жұмыс істейтін алты жаңа шахта іске қосылды. Саран учаскесі пайдалануға берілді. Көмір ашық әдіспен қазылатын Екібастұз кен орны пайдалана бастады. Бесжылдық аяғына таман көмірді шабу мен қопару және оны темір вогондарына тиеу толық механикаландырылды.

Радиоқабылдағыш пен радио нүктелерінің саны 1940 жылмен салыстырғанда 2 есе дерлік көбейді.

Өнеркәсіп, жол қатынасы салаларындағы зор көлемді жұмыстарды ойдағыдай жүзеге асыруда маман жұмысшы кадрлар шешуші рөл атқарды, олардың саны есті. Егер 1945 жылы өнеркәсіпте 304 мың адам жұмыс істесе, 1950 жылы ол 366 мыңға жетті. Өнеркәсіп жұмысшыларының көбі негізінен машина жасау мен металл өңдеу салаларында еңбек етті. Соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығында істейтін әйелдер саны азая түсті: 1945 жылғы 51 пайыздан 1950 жылы 40 пайызға дейін кеміді. Бұл республика әлеуметтік саласындағы едәуір жетістік еді.

Соғыстан кейінгі 1946 жыл елдің ауыл шаруашылығы үшін ауыр жыл болды. Сол жылғы қуаншылық ауыл шаруашылығының онсыз да күрделі жағдайын ауырлатты. Кеңестер Одағының еуропалық бөлігінде жарты ғасыр болып көрмеген қуаңшылық соғыстан зардап шеккен аудандардың ауыл шаруашылығына қиын тиді. Оған байланысты Одақты астықпен және етпен қамтамасыз етуде шығыстағы аудандардың, соның ішінде Қазақстанның рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Жұмыс қолының азайып, ескі ауылшаруашылық техиикасының істен шығып қалғанына, ал жаңаларының жетіспеуіне қарамастан, республика ауыл-село еңбеккерлері өздерінің мемлекет алдын-дағы өнім тапсыру жөніндегі міндеттемелерін ойдағыдай орындап отырды.

Сонымен қатар соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдарда совхоз және колхоз өндірісін ұйымдастыруда көптеген кемшіліктердің орын алғаны анықталды. Колхоз өмірінің демократиялық негізгі заңы - ауыл шаруашылық артелінің Жарғысы өрескел бұрмаланды. Колхоздарды әкімшілдікпен басқару күшейіп, колхоз бастықтары оның мүшелерінің жалпы жиналысында сайланбай, жоғарыдағылардың нұсқауымен тағайындалды. Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге өнім бөлінбеді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы төлеуде теңгермешілік орын алды. Колхоздарда, совхоздарда өндірілген астықтың тұқымдық кордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз жұмысшыларының жеке шаруашылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді.

Сондықтан мұндай өрескел кемшіліктер мен бұрмалаушылықтарды жою үшін нақты шаралар жүзеге асырылды. Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер мен ұйымдардан 214 млн. сом ақша, 540 мың гектар заңсыз, алынған жер қайтарылды.

Колхоздарды басқаратын білікті маман кадрлар жетіспеді. Оларды тек екі жоғары оқу орны - Қазақ ауылшаруашылық және Алматы зоотехникалық малдәрігер институттары және 18 ауыл шаруашылық техникумы даярлады. 1947 жылы колхоздардың басшы кадрларын даярлайтын екі жылдық алты мектеп ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылық өндірісін көтеру үшін және оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда республикадағы ұсақ колхоздар қабілетсіз болды. Бұл колхоздарды ірілендіру жөнінде мәселені алға қойды. 1949 жылдан бастап ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада соғысқа дейінгі 6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды. Колхоздағы шаруа қожалықтардың саны 92-ден 160-қа дейін, егіс көлемі - 862- гектардан 1657 гектарға, ірі қара саны 360-тан 670-ке, қой мен ешкі -1969-дан 3915-ке дейін көбейді. Колхоз өндірісін шоғырландыру колхоздардың бүкіл қызметіне игі әсер етті. МТС-тар техникасы неғұрлым өнімді пайдаланыла бастады.

Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мың-нан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар істеді. Алайда бұлардың басым көпшілігі ескі, моральдық жағынаи да тозып, ескірген тех-ника болатын. Ауыл-селода механизаторлар қатары өсіп, МТС қызметкерлерініғі жыл сайынғы орташа саны 10 мың адамға көбейді.

1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электрлендіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталықтары электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2, 8 есе өсті.

Республикада төртінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47 654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89 пайыз асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Атап айтқанда, қазақтың ақ бас сиыры, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Малдың жалпы саны өсті: ірі қара-27, қой мен ешкі - 70, жылқы - 71 пайыз көбейіп, шошқа - 2, 7 есе артты. Дегенмен ауыл шарушылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар мен кемшіліктер болғанын да айтуымыз керек. Бұл кезде республиканың мал шаруашылығы мейілінше ауыр жағдайда еді. 1951 жылы бар болғаны 4, 5 миллион ірі қара (1928 ж. 6, 5 млн. болған), 1, 5 млн. жылқы (3, 5 млн. ), 127 мың түйе (1 млн. ) болды. Тек қой саны бойынша, олардың тез өсетіндігі есебінен, 1928 жылдың дәрежесіне жақындады. 1928 жылы 18566 мың қой болса, 1951 жылы қой мен ешкінің саны 18036 мың басқа жетті.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамуы еңбекшілердің тұрмыс дәрежесінің біршама артуына көмектесті. 1947 жылы желтоқсанда ақша реформасы жүргізілді, карточка жүйесі жойылды. Республикада халықты азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз етуде бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. 1946 жылы 1 қаңтардан бастап соғыс салығының жойылуы және халықтан табыс салығын жинаудың жаңа сараланған түрін енгізу жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын арттыруға жағдай жасады. Олардың айлық орташа еңбек ақысы 1940 жылғы 29, 8 сомнан 1950 жылы 62 сомға дейін кетерілді.

Қоғамдық шаруашылықтың өсуі нәтижесінде колхозшылардың кірістері көбейді. 1950 жылы колхоздардың 60 пайызға жуығы әр еңбек күпге 1 килограмнан астық берді. Дегепмен ауыл-селоның тұрмыс дәрежесі қалаға қарағанда едәуір төмен болды. Ауыл-селодағы ауыр жағдайды өзгерту мәселесіне 1950-жылдардың орта шеніне дейін көңіл бөлінген жоқ. Сайып келгенде, өнеркәсіпті қалпына келтіру, оны жаңа деңгейге көтеру ауыл-селоны қанау есебінен іске асты.

І Қзақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары

50-ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың дәрежесі біршама төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шығынын әрдайым етей бермеді. Ауыл ша-руашылық өнідірісінің артта қалуының бір себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың өзінде республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1, 6-2, 4 млн тонна) ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер бос жатты.

Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылғы қыркүйекте өткен пленумында барынша айқын айтылды. Ірі-ірі әлеуметтік-экономикалық шаралар белгіленді.

Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары - ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға материалдық ынталылығы қағидасын қалпына келтіру, колхоздарды, МТС-тер мен совхоздарды ауыл шаруашылығының білікті маман, механизатор кадрлармен нығайту, барлық ауыл шаруашылық процестерін механикаландыру дәрежесін көтеру, ауыл шаруашылығына жұмсалатын күрделі қаржыны көбейту, ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлауда колхоздар мен совхоздардың құқықтары мен ынта-ықыласын арттыру. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және оны сатып алу бағалары қайта қаралып, едәуір көтерілді. Осы тұста көптеген қала тұрғындары, әсіресе бұрынғы ауыл шаруашылық қызметкерлері, әр түрлі себептермен өнеркәсіпке, транспортқа, құрылысқа жұмысқа ауысқан мамандар мен механизаторлар селоға оралуға тілек білдірді. 1953 жылдың аяғында өнеркөсіп пен халық шаруашылығының басқа да салаларынан 2536 механизатор-тракторшылар мен комбайншылар, 4905 маман-агрономдар, инженерлер, зоотехниктер, мал дәрігерлері және басқалар республиканың МТС-тері мен МЖС-теріне жұмысқа ауысты. Сонымен бірге РСФСР-ден Қазақстанға бірнеше жүздеген инженерлер мен техниктер келді. Өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылық техникасын шығаруды ұлғай-тты. 1953 жылдың аяғында республиканың 1096 кәсіпорыны мен мекемесі 928 колхозды, 185 МТС пен МЖС-ті қамқорлыққа алды.

1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстап кеңінен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерізімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35 млн. гектарға дейін жеткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың өңіріне жүздеген мың қоныстанушылар келіп, оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты республика партия және кеңес органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура келді.

Қазақстанға Ресей мен Украина, Белоруссиядан және басқа да одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде /1954-1956 жж. / 640 мың адам келді, бұлардың ішінде 391, 5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қыз-меткерлері, 1, 5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкерлері және басқалар бар еді. Бұлардан басқа республикалардан механизация училищелерін бітіріп келген 66, 7 мың адам және Қазақстанның училищелерінен келген 19, 8 мың адамға республика совхоздарында жұмыс істеуге жолдама берілді. Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта білімі бар 2088 адам директор, бас агроном, бухгалтер, инженер-техник, құрылысшы сияқты жұмыстарға жіберілді.

50-ші жылдардың аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды.

1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн. тоннаға жетті, осы жылдар ішінде астықтың жылдық орташа өнімі - 1949-1953 жылдардың көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 3, 8 есе-дей артты, Қазақстан бұл жылдардың ішінде мемлекетке 63, 4 млн. тонна астық тапсырды.

Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда екі мың кило астық өндіретін дәрежеге жетті. Азық-түлік мәселесін түбегейлі шешу үшін әр адамға шаққанда бір мың кило астық өндіру жеткілікті деп есептеледі/. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды. Жаңа темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен көлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның өзі, бір жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-су аттары орыс тіліне көшірілді. Мұндай орыстану процесінен халықты республиканың тәуелсіздігі ғана құтқарды. Бірақ бұл процесс соның өзінде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулі бөлігін өз ұлтының тілін білмейтін шала қазақ күйінде қалдырды.

Тың эпопеясы экологиялық мәселеде өзінің теріс жағын көрсетті. Бұрын болып көрмеген көлемде жерді жыртып тастау салдарынан 1957-1958 жж. Павлодар облысының жеңіл топырақты жерлерінде шаң бораны тұра бастады, ал 60-жылдардың басында жер қыртысын ұшырып кету тек жеңіл топырақты аймақты ғана емес, ауыр топырақты жерлерді де қамтыды. 1960 жылға дейін Солтүстік Қазақстанда 9 млн. гектардан астам жер жел эрозиясына ұшырады, бұл сол кездегі Франция сияқты елдің бүкіл ауыл шаруашылық жер көлеміне тең еді. Рас, мұнан кейін егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі жерді қайырмасыз түренмен жырту тәсілі енгізілді. Алайда, эколог мамандар атап көрсеткендей, қазіргі заманғы шаралардың барлық түрі де, қоршаған ортаны қажетті экологиялық қорғауды қамтамасыз ете алмады. Ол тек экологиялық зардаптарды жеңілдетеді. Бұл қазіргі экологиялық мәселеде, әрине жеткіліксіз.

ІІ 50 - 60 ж. ж. шарушылық реформалар

Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып, малдың саны кеміді, әсіресе, түйе, жылқы орны толмайтын шығынға ұшырады. Тың игеру барысында ауыл-село тұрғындарының қосалқы шаруашылығына, үй іргесінде көкөніс егуге тыйым салынып, елде азық-түлік мәселесін шиеленістірді.

Тың игеру қарабайыр /экстенсивті/ әдіспен жүргізілді. Мұның өзі әр гектарға шаққанда өнімді аз алуға соқтырды. Бұл жерлерде өндірілген астықтың бағасы өте қымбатқа түсті. Оны жинауға бүкіл елдің комбайншылары, әскери бөлімдер, қала тұрғындары, оқу орындарының студенттері қатыстырылды.

50-ші жылдардың басында колхоздарды күштеп ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды, оның есесіне колхоз өндірісінің шоғырлануы күшейді. Осы жылдарда біраз колхоздар, олардың ішінде Қазақстанның колхоздары да ірі, экономикалық жағынан жақсы жарақтанған шаруашылықтарға айналды. Қазақстан колхоздарының ақшалай табысы өсіп, бөлінбейтін қорлары көбейді. Еңбек күннің кұны екі еседен астам өсіп және ақшалай орташа бағасы 1958 жылы 10 сом 54 тиынға жетті.

Сол жылы республика колхоздарында 63 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар жұмыс істеді. Бұларда 18 мыңнан астам диқан мен малшы, 17, 2 мың жүргізуші, 13, 2 мың ауыл шаруашылығы механизаторлары еңбек етті. Олардың арасынан зор қабілетті ұйымдастырушылар шықты.

Социалистік Еңбек Ерлері Алматы облысындағы "Алматы" колхозының бастығы Л. С. Манько, "Мичурин" атын дағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов, Батыс Қазақстан облысындағы "Бірлік" колхозының бастығы М. Мейірманов, Шығыс Қазақстан облысындағы Калинин атындағы

колхоздың бастығы Н. И. Лозовой, Талдықорған облысындағы "Жаңа талап" колхозының бастығы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н. Алдабергенов, т. б. солардың қатарына жатқызуға болады.

50-ші жылдардың екінші жартысында МТС-тар таратылып, олардың қарамағында болып келген ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға сатылды, бұл процесс 1959 жылы наурызда, яғни бір жылдың ішінде аяқталды. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы /МЖС/ мен оның бөлімшесі құрылды. МТС-тердің техникасының бір бөлігі совхоздар мен ауыл шаруашылығын механикаландыру училищелеріне берілді.

МТС-тарды тарату колхоздар экономикасын нашарлатты. Оларды МТС-тардан ескі техникаларды жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр етті. Бұл әсіресе әлсіз колхоздарды үлкен қиындықтарға душар етті. Сонымен қатар техниканың жөнделуін, колхоздар мен совхоздарға жаңа техниканың запас бөлшектердің сатылуын және материалдық-техникалық жабдықтау мен колхоздарға өндірістік қызмет көрсететін басқа да түрлерін қамтамасыз етуде өте бір ыңғайсыз жағдайлар қалыптасты. МТС-тардың орнына машина-жөндеу станциялары құрылып, кейін олар "Казсель-хозтехника" өндірістік-техникалық және жабдықтау бірлестіктерімен алмастырылды. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық-техникалық жағдайы құлдырай түсті.

ІІІ Қазақстандағы «Тоықрау» оның себептері

"Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40, 8 млрд. сом немесе халық "шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3, 1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында 6, 5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3, 8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда" үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан ары шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген, дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару тоғызыншы бесжылдықта 1, 8 есе, сары фосфор өндіру 2, 5 есе көбейді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 пайызға жетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 - 1980 жж. )
Шығыс Қазақстанның 1940 - 1950 жылдардағы экономикалық дамуы
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)
Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда білімнің, ғылымның мәдениеттің қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Тарихшы Е. Бекмахановтың ісі
Қазақ КСР
Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz