Сөз таптары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Сөз таптары
Сөз тiркестерiнiң бағыныңқы, басыңқы сыңарының атауы сөз
тiркестерiнiң  басқа категорияларына қарағанда кейiн қалыптасты.
С.Аманжоловтың грамматикасында сөз          тiркестерiнiң бағыныңқы,
басыңқы сыңарлары деген атау жоқ. Автор көбiне ондай терминнiң
орнына: бастауыш пен баяндауыштың байланысы, толықтауыш пен баяндауыштың
байланысы, анықтауыштың анықталатын сөзiмен байланысы, пысықтауыштың
пысықталатын сөзiмен байланысы, деп, олардың сыңарларын сөйлем мүшелерiнiң
байланысы тұрғысынан баяндап, сөз тiркесiнiң өзiн сөз таптары мен сөз
таптарының тiркесi тұрғысынан емес, сөйлем   мүшелерiнiң тұрғысынан
қарастырады  Автордың еңбектерiнде сөз тiркестерi мен сөйлем мүшелерiнiң
жiгiнiң ажыратылмауынан, түптеп келгенде, сөз тiркесiне     тiкелей қатысты
басыңқы, бағыныңқы сыңарлар    елеусiз қалған. Негiзiнде сөз тiркесiне
қатысты әрбiр  термин, оның негiзгi қасиеттерi қай уақытта болса    да
арнайы зерттеудiң объектiсi болуы керек.
    Сөз тiркесiнен негiзгi мағлұматты 1939 жылдан бастап С.Аманжолов
және оның шәкiрттерi жазған қазақ  тiлiнiң синтаксисi кiтабынан ала аламыз
және ол үлкен роль атқарады, сонымен бiрге, мұнда авторлардың сөз  
тiркестерiнiң басыңқы сыңары туралы пiкiрлерi толық келтiрiледi. “Басыңқы
сөзiнiң қай сөз табынан болғанына қарай  сөз тiркесi екiге бөлiнедi: есiмдi
тiркес және етiстiктi тiркес. Басыңқы сөз зат есiмнен, сын есiмнен, кейде
үстеуден болған тiркестi есiмдi деймiз. Мұндай тiркестiң   бағыныңқы сөзi
зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiк, етiстiктiң есiмше, тұйық етiстiк, -
мақ,  -мек жұрнақты түрi болады”- деп, әсiресе, есiмдiк басыңқы сыңарлардың
қай сөзтаптарынан болатынын және бағыныңқы сыңарда            жұмсалатын 
сөз   таптарын   көрсеткен   [1. 60б].
    Осы пiкiрлердегi мына мәселелерге назар аудару қажет сияқты.
    Бiрiншiден, сөз тiркестерiнiң түрлерi тек есiмдi, етiстiктi деп
берiлуi оның табиғатын аша алмаса керек. Бiрақ бұл жерде бұл пiкiрмен
келiсуге де болады.               Өйткенi, бұл ғылыми дәрежедегi пiкiр
болмағандықтан, мектеп үшiн жеткiлiктi деп ойлау да дұрыс. Ғылыми 
еңбектердiң өзi де осы пiкiрден әзiрше алшақ кетпегенi байқалады.
    Екiншiден, есiмдi сөз тiркесi дейтiн сөз тiркесiн құрайтын сөз
таптары туралы пiкiрлерiне келiсуге бола қоймас. Осы уақытқа дейiн есiмдi
сөз таптарына зат есiм,           сын есiм, сан есiм, есiмдiктердi жатқызып
келсе, бұл жерде есiмдер тобына үстеудi де қосуына келiсе алмаймыз. Есiмдер
тобына ғылыми тұрғыда үстеудi қосу сирек жағдай. Оның үстiне басыңқы сыңар
құрауда тек зат есiм, сын есiмдер ғана қатысты сияқты. Бұл пiкiрге
қарағанда сан есiм, есiмдiктер ешқандай басыңқы сыңарда жұмсала алмайтын 
сөз табы ретiнде берiлуi де көңiлге қонымсыз. Бiз бұл жерде есiмдi сөз
тiркесiне басыңқы   сыңарды төрт сөз табы да қатысты дей келiп, бiрақ
әрқайсысының қатысы әртүрлi демекпіз. Сөз тiркестерiн сөйлем мүшелерiнiң
байланысы   тұрғысынан талдай келiп, Н.Сауранбаев бұл терминге бағынушы,
бағындырушы деген сөздермен баламасын беруге тырысады, бiрақ олардың
әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерiне тоқталмайды. Бiрақ бұл автор
С.Аманжоловтың iзiмен бағыныңқы, басыңқы сыңарларды көбiне сөйлем мүшелерi,
олардың байланысы тұрғысынан баяндайды. Бағыныңқы, басыңқы терминдерiнiң
қалыптасуы сөз тiркестерiнiң негiзiн қалаған М.Балақаев алғашқы
еңбектерiнде бағыныңқы, басыңқы терминдердi алғаш қолданғанымен, оған онша
мән бермегенiн көремiз. Ал автор одан кейiнгi еңбектерiнде сөз тiркесiнiң
басқа категорияларымен тең дәрежеде және оның негiзгi заңдылықтарынан бұрын
сөз тiркестерi болуы үшiн онда ең алдымен бағыныңқы, басыңқы сыңарлары
болатынын нақты көрсетедi, сөйтiп олардың схемалық түрiн де сызып
айқындайды. Алғашқыда сөз тiркесi үшiн онша елеңбейтiн сияқты болғанымен,
сөз тiркесi үшiн басты нәрсе кемiнде екi сөзден болу, ондай сөздердiң
(сыңарлардың) дербес мағынасы бар ма, жоқ па, олар қай сөз таптары т.б.
толып жатқан мәселелерi айқындалады. Сондықтан да сөз тiркесi үшiн
бағыныңқы, басыңқы сыңар терминiнiң айрықша қызметi бар. Ал онан кейiнгi
еңбек Берген  Р.Әмiров, Т.Сайранбаев, М.Серғалиев, Ә.Әблақов сынды
зерттеушiлерiмiз бұл терминдердi негiзге алады, солардың негiзiнде басқа-
басқа мәселелердiң шешiмi табылуда.
    Сонымен, сөз тiркесiнiң бағыныңқы сыңары деп, басыңқы сыңардың
байланысу формалары, қатынастары, амалдары мен семантикалық сөз таптарының
негiзiнде         айқындалып, басыңқы сыңардың алдына орналасқан   
синтаксистiк категорияны айтамыз.
    Осының негiзiнде басыңқы сыңардың да мынадай ерекшелiктерiн
көрсетуге болады :
    1) Негiзiнде басыңқы сыңар - сөз тiркесiн құрауға тiрек сөз.
    2) Басыңқы сыңар көбiне бағыныңқы сыңарға қарағанда (онда жалғау,
жұрнақ болғанымен) жалғаусыз алынады да, ал ондағы жалғау ол сөздiң екiншi
бiр сөзге бағыныңқылығын көрсетедi.
    3) Басыңқы сыңарда бiрде басыңқы, бiрде бағыныңқы болып
алмасушылық болады.
    4) Сөз таптары жағынан бұрын тек есiмдер мен етiстiк кейде үстеу
сөз таптары тiрек сөз делiнiп келсе, ал қазiр барлық сөз табы да қатыса
алады деп бiлемiз.
    Осы сияқты ерекшелiктерiне қарай басыңқы сыңар деп, бағыныңқы
сыңар арқылы жан-жақты айқындалып, нольдiк тұлғада бiрде басыңқы, бiрде
бағыныңқы               тұрғыда келетiн тiрек сөздi айтамыз. Сөз
тiркестерiне қатысты мәселенiң бiрi - олардың сыңарларының орын тәртiбi.
Сөз тiркесiнiң бағыныңқы, басыңқы сыңарларының әрқайсысының сөйлем iшiнде 
орын тәртiбi бар. Ол - оның негiзгi бiр заңдылығы.
    Бағыныңқы сыңар дегеннiң өзi келесi бiр сөзге бағынатын болғаннан
кейiн, қалайда ол өзi қатысты сөздiң алдында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
Модаль сөздер
Сөз таптарының шығуы мен дамуы және олардың топтастырылуы
Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы
Сөз таптарының қасиеттері
Орыс түркологтарының еңбектеріндегі қазақ тілі сөздерінің тапқа жіктелуі
Қытай тілі грамматикасындағы (介词) сөз алды қосымшаларының ерекшелігі
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары: субстантивтену
Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері туралы
Пәндер